Табиғи монополиялар саласынажататын, сапалық сипаттамаларды ескере отырып, әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі



жүктеу 288.28 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі288.28 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2016 жылғы ____ _______№ ___

1-қосымша






Табиғи монополиялар саласынажататын, сапалық сипаттамаларды ескере отырып, әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі
1.Осы табиғи монополиялар саласына жататын сапалық сипаттамаларды ескере отырып әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесі (бұдан әрі –Әдістеме) 2010жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы ҚР Заңының 16-17бабы, 2 тармағы және 14 бабының 1 тармағы 41-47 тармақшаларына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8480 тіркелген, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының2013жылғы 25 сәуірдегі № 130-НК бұйрығысен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді бағаларды, алымдар мөлшерлемелеріне бекіту кезіндеқолданылатын ерекше тәртібіне, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8716 тіркелген, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013жылғы 31 шілдедегі №239-НК бұйрығымен бекітілген әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебі жүргізу қағидаларына сәйкес дайындалған және табиғи монополиялар саласына жататын әуежайлардың реттелетін қызметтерге (тауарлар, жұмыстар) тарифтерді еептеу әдістемесінің механизмін анықтау үшін арналған.

2.Осы әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1) активтердің қолданылуға енгізу коэффиценті –табиғи монополия саласына жатқызылған көрсетілетін қызметтерді тауарларды, жұмыстарды өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын олардың технологиялық қуатына қарай нақты пайдалануды қолданысқа енгізілетін сипаттайтын пайыздық мәндегі көрсеткіш.

2) қолданыстағы активтер- әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді тауарлар, жұмыстарды ұсыну үшін пайдаланылатын әуежайдың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері.

3) көрсетілетін қызметтер –табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын әуежайлар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

4) көрсетілетін қызметтерге арналған тікелей шығындар –белгілі бір көрсетілетін қызметпен тікелей себеп-салдары бар шығындарғ сондықтан белгілі бір көрсетілетін қызметке тікелей және бір мәнді жатады;

5) көрсетілетін қызмет бағыты- бір-бірімен дербес , сол сияқты өзара іс –қимыл жасап қызметтер көрсетуге қатысатын белгілі бір қызмет көрсету процестерінің жиынтығы;

6) көрсетілетін қызмет сапасы –мемлекеттік органдар өз құзіреті шегінде белгіленген қызметтің техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамаларының жиынтығы, олар арқылы ұсынылатын көрсетілетін қызмет тұтынушы талаптарына жауап береді;

Осы әдістемеде пайдалаынатын өзге де ұғымдар мен термндер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады;
2 Тарау. Табиғи монополиялар саласына жататын, сапалық сипаттамаларды ескере отырып, әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу тетігінің негізгі қағидататры
3. Осы Әдістемеге сәйкес тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігінің негізгі қағидаттары мыналар:

1) құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген талаптарға көрсетілетін қызметтер сапасының сәйкестігі;

2) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың ашықтығы;

3) табиғи монополия субъектісін қалыптастыру және дамыту үшін жеткілікті рентабельділік деңгейін тарифпен (бағамен, алым мөлшерлемесімен) қамтамасыз ету;

4) қолданыстағы активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде көрсетілетін қызметтерге тарифтердегі (бағалардағы, алымдар мөлшерлемелеріндегі) пайданың жол берілетін деңгейін нормалау;

5) көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеген кезде пайдаланылатын өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің шынайылығы болып табылады.

 

3 Тарау. Табиғи монополиялар саласынажататын, сапалық сипаттамаларды ескере отырып, әуежайлардың қызметтеріне тарифтерді есептеу қағидаты


4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшып –қонуын қамтамасыз ететін,авиа тасымалдауға қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсатта техникалық қонуды жүзеге асыратын, (бұдан әрі - әуе кемесінің ұшып –қонуын қамтамасыз ететін) қызметтерге тариф келесі шығын операциялары енгізіледі:

1) ұшу-қону жолағын, рульдеу жолын, перронды ұсыну;

2) әуеайлақты ұстау және пайдалануды қамтамасыз ету;

3) әуеайлақты жарықтехникалық қамтамасыз ету;

4) әуежай ауданында ұшулардың қауіпсіздігін орнитологиялық қамтамасыз ету;

5) әуежайдан әуе кемелері ұшуларының негізгі бағыттары бойынша (әуежай орындаған жағдайларда ғана) аэронавигациялық ақпаратқа және аэронавигациялық жағдайға жедел өзгерістер ұсыну;

6) ұшу маршруты бойынша жел режимін ескере отырып авиациялық жанар-жағар май материалын тұтыну санын есбінің дұрыстығын тексеру;

7) радиотехникалық қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);

8) метеорологиялық қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);
9) таяукелтіруге диспетерлік қызмет көрсету және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету (әуежай орындаған жағдайларда ғана);

10) әуежай аймағында авариялық –құтқару және ұшуларды өртке қарсы қамтамасыз ету;

11) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңестігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру.

12)қонатын әуежайда өңдеуге тиісті жүктер болмаған жағдайда, жүк және жолаушы тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін қонғаннан кейін үш сағаттай тұрақ орны ұсынылады;

Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу массасы 1 тонна болып табылады.

5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын әуе кемелерінің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, авиа тасымалдауға қызмет көрсететін қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсатта техникалық қонуды жүзеге асыратын қызметке арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) (бұдан әрі –авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметі) мына операциялар бойынша шығындар есебін қамтиды:

1) жолаушыларды, қол жүгін, багажды, азаматтық авиацияның әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды және кіру шектелген аймақтарға кірген өзге ұйымдардың қызметкерлерін тексеру;

2)әуежайда өткізу және объектіішілік режимді қамтамасыз ету;

3) әуе кемелерін,қол жүгін, жүкті, поштаны және борттық тағамды алдын-ала тексеру;

4) әуежайдың кіруі шектелген аймақтарында орналасқан жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) тұрқатағы әуе кемелерін күзету, әуе кемесіне бөтен тұлғалардың өтіп кетпеуіне мүмкіндік бермеу;

6) әуе көлігімен тыйым салынатын қару, жарылғыш, радиоактивті, уландырғыш, тез жанатын заттарды заңсыз алып жүруге жол бермеуге;

7) қаруды алып жүргенде багажда жай жағдайда, жолаушылардан қашықта ұстауға, шара қолдану;

8) авиаотындаробъектілерін күзету

9) әуежайдың заңсыз араласу актілерінің жолын кесу іс-қимылдарына күші мен құралдарының дайындығын сақтау.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 1 тоннасы болып табылады.

6.Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтулерді жүзеге асыратын әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуежайларында техникалық қонуды жүзеге асыратын коммерциялық емес мақсатта қызметке тариф (баға, алым мөлшерлемесі) (бұдан әрі – әуе кемесіне тұрақты орын ұсыну бойыншақызмет) Қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) тиіс жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметі үшін алым мөлшерлемесі әуе кемесінің тұрақты нақты болған әрбір сағаты үшін есептеледі.

7.Базалық әуеайлақтан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет үшін тариф (баға алым мөлшерлемесі) бір тәулікке белгіленеді.

Толық емес тәулік бір тәулік болып есептеледі.

Базалық әуежайдан әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің өлшем бірлігі ең жоғары ұшу салмағының 1 тонна-тәулік болып табылады.

Базалық әуежайда әуе кемесіне тұрақ орнын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ішкі рейстерді жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге және халықаралық рейстерді жүзеге асыру кезінде ұсынылатын қызметтерге бөлу жағдайында, соңғысын үш сағаттан астам жүзеге асырған кезде ішкі тарифтерге белгіленген тариф қолданылады. Бұл ретте ұшу күніне халықаралық рейстерге қатысты тарифтер қолданылады.

Бұл ретте ұшу күні халықаралық рейстер үшін қолданылатын тариф қолданылады.

8.Әуеайлақтардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің бірлігіне арналған экономикалық жағынан негізделген тарифті (бағамы, алым мөлшерлемесін) есептеу мыналардан:

1) көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесі) шығынды бөлігін есептеуден;

2) көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін есептеуден тұрады және мынадай формула бойынша есептеледі:

Д = Тз + Р,

мұндағы:

Д - реттеліп көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі);

Тз - тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі (көрсетілетін қызметтің бірлігіне келетін нормативтік нақты шығындар);

Р - тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі (көрсетілетін қызметтің бірлігіне келетін пайданың жол берілген деңгейі).



4-бөлім. Табиғи монополиялар саласына жатқызылған әуежайлар қызметі тарифтерінің шығынды бөлігін сапалық сипаттамалар есебімен қалыптастыру
9. Көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар Ерекше тәртіпке сәйкес тарифтердің шығынды бөлігіне (бағалар, алым мөлшерлемесі) енгізіледі.

Тарифтердің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады: :

1) жалпы кәсіпорын бойынша және барлық құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде әуежайдың өндірістік шығындарын айқындау;

2) әуежайдың көмекші қызметтерінің шығындарын бөлу;

3) кезең шығындарын бөлу;

4) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін айқындау.

10. Бірінші кезеңде әуежайдың әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штатты ұстау шығыстарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, материалдарға жұмсалатын шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жүргізу шығыстарынан, арнаулы автокөлік техникасын ұстау және қызмет көрсету шығыстарынан, амортизация шығыстарынан, негізгі өндірістік қорларды ұстау мен пайдалану шығыстарынан, материалдар, энергия және отын шығындарынан тұрады.

11. Тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастырудың екінші кезеңінде әуежайдың көмекші қызметтерінің шығыстарын бөлу жүргізіледі. Соңғы өнімді шығармайтын құрылымдық бөлімшелердің өндірістік шығындарын соңғы өнім шығаратын бөлімшелерге көмекші қызметтер тұтынған қызметтердің санына тепе-тең қайта бөлінеді.

Көмекші қызметтердің шығындарын қайта бөлу көзі әрбір құрылымдық бөлімшеге әуежайдың көмекші қызметінің басшысы қалыптастырған көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпарат (тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу үшін базаға алынған кезең ішіндегі) болады.

Көрсетілген ақпарат әрбір құрылымдық бөлімшеге орнатылған есепке алу аспаптарынан алынған көрсеткіштердің негізінде толтырылады және көмекші қызметтердің шығыстарын бөлу үшін бастапқы құжат болып табылады.

Көмекші қызметтердің ішкі көрсететін қызметтерінің шығыстарын бөлу:

1) жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету қызметі, қызмет жұмысының бағыттары:

әуе кемелерін авиациялық жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі – авиа ЖЖМ) және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету әуежайдың сыртқы тұтынушыларына көрсетілетін қызмет болып табылады;

2) әуежайды автомобильдік жанар-жағар май материалдарымен (бұдан әрі - авто ЖЖМ) қамтамасыз ету әуежайдың құрылымдық бөлімшелеріне көрсетілетін ішкі қызмет болып табылады.

Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар авто ЖЖМ-ды жеткізуге, сақтауға және сатып алуға арналған шығындарды, авто ЖЖМ-мен әуежайдың қызметтерін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік штаттың жалақысын, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарын, авто ЖЖМ-ды сақтау және бөлу үшін қажетті негізгі өндірістік қорлардың материалдық шығындарын, амортизациялық аударымдарын қамтиды.

Қызметтердің көрсетілген бағыттар арасындағы шығыстары қосымша шығысдар болып жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының арасында тепе-тең бөлінеді

Әуежайды авто ЖЖМ-мен қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметтерінің арасында әрбір құрылымдық бөлімше тұтынатын авто ЖЖМ-ның мөлшеріне тепе-тең бөлінеді.

Авто ЖЖМ-ның жұмсалуы туралы ақпараттың толықтығы мен шынайылығы үшін жанар-жағар май материалдары қызметінің басшысы әуежайдың құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде авто ЖЖМ-ды тұтыну есебін жүргізеді, бұл көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстарды әуежай қызметтерінің арасында қайта бөлу есебін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

2) Жылумен техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі - ЖжСТҚ), қызмет бағыттары:

әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету;

әуежайды жылумен қамтамасыз ету.

Әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету қызмет бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметтерін сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты қызметтің өндірістік персоналына еңбек ақы төлеу шығындарынан, еңбекке ақы төлеу қорының аударымдарынан, материалдық шығындардан, әуежайды сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге тікелей байланысты қызметтің негізгі өндірістік қорларының амортизациялық аударымдарынан, басқа шығындардан тұрады.

Осы бағыт бойынша қалыптастырылған шығыстар тұтынылған судың көлеміне тепе-тең бөлінеді.

Әуежайдың жылумен жабдықтау қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежайды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстарды, еңбекақы қорынан аударымдарды, материалдық шығындарды, әуежайдың жылумен қамтамасыз ету процесіне тікелей қатысатын негізгі өндірістік қорлардың амортизациялық аударымдарын қамтиды.

Көрсетілген бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар жылытылатын ғимараттың алаңына тепе-тең бөлінеді.

Көрсетілген қызмет бағыттарының арасындағы бөлінбеген ЖжСТҚ қызметінің шығыстары қосымша шығыстар ретінде қалыптасады және қызмет бағыттарының арасында қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

ЖжСТҚ қызметі басшысының тұтынылған судың және кәріздік сарқынды сулардың, жылудың саны туралы ақпараты шығыстарды бөлу жөнінде есеп айырысу үшін негіз болып табылады.

Ұшуларды энергиямен-жарықпен техникалық қамтамасыз ету (ҰЭЖТҚ) қызметі, қызмет бағыттары:



  1. ұшу-қону жолақтарын энергиямен-жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

  2. әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету.

Әуежайды энергетикалық қамтамасыз ету қызметінің бағыты бойынша шығыстар әуежай қызметін қамтамасыз етуге тікелей байланысты өндірістік персоналдың еңбекақысына жұмсалған шығыстардан, еңбекақы қорының аударымдарынан, әуежайды электр энергиясымен қамтамасыз етуге тікелей байланысты материалдық шығындардан амортизациямен және өзге де шығыстардан тұрады.

Шығыстар тұтынылған электр энергиясы санының көлеміне тепе-тең бөлінеді. Шынайы ақпараттың көзі қызмет басшысының ай сайынғы есептері болып табылады.

Көрсетілген бағыттардың арасындағы бөлінбеген шығыстар қосымша шығыстар ретінде жинақталады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан тікелей шығындар қызмет бағыттарының арасында тепе-тең бөлінеді.

Арнайы автокөлік қызметінің шығыстары (бұдан әрі - АКҚ) мынадай қызмет бағыттары бойынша бөлінеді:



  1. әуеайлақ қызметін көлікпен сүйемелдеу. Қызметі ұшу-қону жолақтарын,

жерде жүру жолдары мен перрондарды ұстаумен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстарды қамтиды.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде әуеайлақ қызметіне жатады;



  1. авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметті (бұдан әрі - АҚӨҚҚ)

көліктік сүйемелдеу.

Қызметі авариялық-құтқару жұмыстарымен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемінде АҚӨҚҚ қызметіне бөлінеді;

әуеайлақ диспетчерлік қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ӘДҚ) көліктік сүйемелдеу.

Қызметі әуеайлақ диспетчерлік қызметпен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ӘДҚ қызметіне бөлінеді;



  1. жолаушыларға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖҚҚ) көліктік

сүйемелдеу.

Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына(нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖҚҚ қызметіне бөлінеді;

жүктерге, поштаға қызмет көрсету қызметін (бұдан әрі - ЖПҚҚ) көліктік сүйемелдеу.

Қызметі жүктерді, қол жүктерін ӘК бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖПҚҚ қызметіне бөлінеді;

6) жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті (бұдан әрі - ЖЖМҚ) көліктік сүйемелдеу.

Қызметі әуе кемесін авиа ЖЖМ және басқа сұйықтықтар құюға тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде авиа ЖЖМ-мен қамтамасыз ету ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді.

Қызметі авто ЖЖМ жеткізу мен бөлуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар толық көлемде авто ЖЖМ-мен қамтамасыз етудің ЖЖМҚ қызметінің бағытына бөлінеді.

7) авиациялық қауіпсіздік қызметін (бұдан әрі - АҚҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі жолаушыларды әуе кемесінің бортына (нан) жеткізуге тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Қызметі әуежай аумағын патрульдеуге тікелей қатысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар толық көлемде АҚҚ қызметіне бөлінеді;

8) ҰЭЖТҚ көліктік сүйемелдеу.

Қызметі ҰЭЖТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ҰЭЖТҚ қызметіне бөлінеді;

9) жылу техникалық және сантехникалық қамтамасыз ету қызметін (бұдан әрі - ЖжСТҚ) көліктік сүйемелдеу.

Қызметі ЖжСТҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ЖжСТҚ қызметіне бөлінеді;

10) инженерлік-авиациялық қызметті (бұдан әрі - ИАҚ) көліктік сүйемелдеу. Қызметі ИАҚ қызметінің өндірістік қызметімен тікелей байланысты

автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде ИАҚ қызметіне бөлінеді;

11) әкімшілік-басқару персоналын көліктік сүйемелдеу. Әкімшіліктің автокөлігін пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша қалыптасқан шығыстар толық көлемде әкімшілік шығыстарға жатады;

12) жалпы пайдаланудағы көліктер.

Жалпы мақсаттағы автокөлікті пайдалану және ұстау жөніндегі шығыстар.

Осы бағыт бойынша шығыстар қызметтердің тікелей шығындарына тепе-тең бөлінеді.

Арнайы автокөлік қызметтің көрсетілген бағыттары арасында бөлінбеген шығыстары қосымша шығыстар ретінде қалыптасады және қызмет бағыттары бойынша қалыптасқан қызмет бағыттарының арасында тікелей шығындарға тепе-тең бөлінеді.

12. Қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастырудың үшінші кезеңінде табиғи монополия субъектісінің кезең шығыстары бөлінеді.

Кезең шығыстары мынадай көрсеткіштерге тепе-тең бөлінеді:

жалпы шаруашылық шығыстар - табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша өндірістік шығындарға тепе-тең;

салықтар мен алымдар (негізгі құралдарға байланысты) табиғи монополия субъектісі көрсететін қызметтердің әрбір түріне жатқызылатын активтердің қалдық құнына тепе-тең;

банктерге сыйақы төлеуге арналған шығыстар - қызметтерді көрсету үшін кредит алынған ақша қаражатының оларға қатысу дәрежесі бойынша бөлінеді.

13. Төртінші кезеңде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі анықталады.

Әуеайлақ қызметінің шығыстары қызметтің екі бағытының арасында - ұшу-қону жолақтарын ұстауға және әуе кемелеріне арналған тұрақтар алаңдарын ұстауға - тепе-тең бөлінеді.

Әуе кемесінің ұшуын-қонуын қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметке арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі осы қызметті көрсетуге арналған шығындарды көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар - бұл мынадай шығыстар жиынтығы:

Қосымша ваиациялық қызметтер табиғи монополиялар субъектісі болған жағдайда, шектеулі рұқсат аймағына өтетін басқа ұйымдардың қызметкерлері мен көлік құралдарын тексеруге қатысты шығыстарды есепке алмай, АҚҚ, ДҚ негізгі құрылымдық бөлімшелері;

көрсетілген негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары. Осы көрсетілетін қызметке арналған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі - авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге арналған шығындарды қызметтің нақты көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Осы қызметті көрсету жөніндегі шығындар - бұл шығыстар жиынтығы:

АҚҚ, ДҚ негізгі құрылымдық бөлімшелері;

аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

осы көрсетілетін қызметке жатқызылған кезең шығыстары.

әуе кемелері үшін тұрақ орнын ұстау қызметінің бағыты бойынша қалыптасқан әуеайлақ қызметінің шығыстары екі көрсетілетін қызмет арасындағы бағыт бойынша - қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және (немесе) түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 6 жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 3 сағат бойы тұрақ орнын беру жөнінде және базалық әуеайлақта әуе кемесіне тұрақ орын беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге осы көрсетілетін қызметтердің нақты көлеміне тепе-тең бөлінеді;

аталған негізгі қызметтерге бөлінген көмекші қызметтердің шығыстары;

осы қызметтерге жатқызылатын кезең шығыстары.



5. Табиғи монополиялар саласына жататын әуежайлардың қызметтеріне сапалы сипаттамасын есепке ала отырып, көрсетілетін қызметтерге тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру

 

16. Көрсетілетін қызметтердің тарифіне (бағасына, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайда қолданыстағы активтер кұнының және қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде айқындалады:

 

Р=А*СП,

мұндағы:

Р - реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша пайда, (теңге).

А - көрсетілетін қызметтердің біреуін көрсетуге қолданыстағы активтердің реттелетін базасы, (теңге),

СП - пайда мөлшерлемесі (%).

Әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша реттелетін базасы қызметті көрсетуге қолданысқа енгізілген активтерді нақты құнының активтердің қолданысқа енгізілу кооффициентіне көбейтіндісі ретінде, мынадай формула бойынша анықталады:

 

А = С А * Кза,

мұндағы:

СА - реттеліп көрсетілетін қызметтерді (операцияларды) көрсетуге қолданыстағы активтердің нақты кұны, (теңге),

Кза - қолданысқа енгізілген активтердің коэффициенті.

Қолданыстағы активтердің коэффициенті олардың өндірістік қуаттылығына әуежайдың негізгі кұралдары көрсететін қызметтердің нақты көлемінің (өткен төрт тоқсанның ішінде немесе осының алдындағы күнтізбелік жыл үшін) арасалмағы ретінде айқындалады.

Активтердің нақты құны қызметтерді өндіру мен ұсыну кезінде пайдаланылатын, конкурстық негізде іріктелген тәуелсіз бағалаушылар қайта бағалау нәтижесінде алынған табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің қалдық кұнының негізінде айқындалады.

17. Әуежайлар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі орташа өлшенген капитал кұны әдісі (бұдан әрі - ОӨКҚ) арқылы есептеледі және мынадай формула бойынша анықталады:

 

СП (СВСК) = ((1 - g) * re) + (g * rd),

мұндағы:

g - леверидж, жалпы қаржыландыру құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз және өзінің капиталын сипаттайтын шама, яғни негізгі кұралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескере отырып, бүкіл капиталдың кұрылымындағы нақты қарыз алынған каражаттың үлесі (өзінің және қарыз қаражатының қосындысы). Леверидждің деңгейі кемінде нөл шамасы болып табылады. Субъектінің өз капиталының теріс нысаны болған жағдайда леверидждің деңгейі 1 тең шамада кабылданады;

re - өз капиталына сыйақы мөлшерлемесі (%);

rd - қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі (%).

Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады.

 

Rd = rf + ДП,

мұндағы,

rf - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданатын тәуекелсіз мөлшерлеме.

ДП - егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, борыштық міндеттемелерге арналған сыйақының негізінде анықталған, мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты оларға шығарылған және айналымның сол мерзімінде айналымда жатқан табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекел үшін борыштық сыйақы. Өзге жағдайда, ол қызметтің ұқсас түрімен айнылысатын және Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас кредиттік рейтингі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекеліне арналған борыштық сыйақылар ескеріле отырып, айқындалады.

Меншік капиталына арналған сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша анықталады:

 

Re = rf + ra,

мұндағы,

ra - тәуекел үшін сыйақы. Тәуекелге арналған сыйақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.

Әуежайдың өндірістік құзыреттілігіне байланысы жоқ себептермен болған технологиялық авариялардан болған табыстың ысырабын жабуға арналған өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел саланың, олар көзделген табыстың, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қордың ысырабына алып келуі мүмкін тәуекелдерге ұшырау дәрежесін көрсетеді.

Осы көрсеткішті есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленген меншік капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:

 

rmex = Za/Ce,

мұндағы,

Za - бір жыл ішінде орта есеппен авариялар мен зілзала салдарларын жоюға арналған шығындар.

Авариялардың саны бойынша деректер болмаған және авариялардың болу ықтималдығын анықтау мүмкін болмаған кезде негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін ранжирлеу шәкілін пайдалану ұсынылады:

Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай технологиялық тәуекелді айқындау шәкілін:

 

 

Тозу дәрежесі %

30% дейін

30 - 40%

40 - 50%

50% жоғары

Өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні (rmex)

0,3

0,5

0,75

1

 

 (rop) Жұмыстардың көлемін төмендетуден алынған табыстың ысырабын жабуға арналған операциялық тәуекелдер (жұмыстардың көлемдері ұлғайған жағдайда осы тәуекел қолданылмайды) мынадай формула бойынша анықталады:

 

rop = 0.5*(V - Znep)*rop = 0.5(V-Znep)*Δ V/V,

мұндағы,

V - есепті кезең ішіндегі осы көрсетілетін қызметтерден алынған пайда (табыс),

Znep - есепті кезең ішіндегі ауыспалы (қызметтердің көлеміне қарай) шығындар немесе і-й көрсетілетін қызметіне болжамдалған мән,

ΔV - болжамдалған жыл ішінде і-қызметінен алынған табыстың өзгеруі,

Δ|π - қызмет көрсетілетін пайдасының түсу деңгейі,

Ce - көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдардың теңгерімдік құны.

Операциялық тәуекелдің нысаны тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарының ысырабы ықтималдығына байланысты қаржылық тәуекел (rfin), мынадай формула бойынша анықталады:

 

Δ|π = 0.5*ΔV/V*(V - Znep)π баз,

мұндағы,

Н - пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;

 

rfin= πбаз*(1-H)* Δ|π /Ce,

мұндағы,

πбаз - кәсіпорынның есепті жыл ішіндегі жалпы табысы.

Қаржылық тәуекелдің нысаны тәуекел түрлерінің көпшілігі үшін қабылданғанындай, 0-ден 5% дейінгі шектерде шектелген.

Акционерлік капиталға арналған сыйақының құны борыштық қаражатқа арналған сыйақы құнынан кем емес шама болып табылады.

 

 



6. Табиғи монополиялар саласына жататын әуежайлардың қызметтеріне сапалы сипаттамасын есепке ала отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің
деңгейіне әсер ететін қосымша коэффициенттер

 

16. Әуежайларда сапа жүйесінің қызмет етуі кәсіпорынның әуежайлық көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру саласындағы саясатын іске асыруға бағыталған.

Әуежай реттеліп көрсетілетін қызметтерге сапа жүйесі (ИСО 9000-2001) бойынша алған сапа сертификаты реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін 10%-ға арттыруға көтермелейді.



17. Көрсетілетін қызметтердің сапалық көрсеткіштері ұлғайған жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін ұлғайту жүргізіледі:

1) табиғи монополия субъектісінің еңбек өнімділігі коэффициентін 10%-ға ұлғайтқан сайын көрсетілетін қызмет тарифінің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін 1%-ға ұлғайту жүргізіледі;

2) қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын негізгі кұралдар мен материалдық емес активтерді жаңарту коэффициенті 10%-ға ұлғайтылған сайын көрсетілетін қызмет тарифінің (бағанын, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін 1%-ға ұлғаяды;.

18. Көрсетілетін қызметтердің сапалык көрсеткіштері төмендеген жағдайда тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін бір көрсетілетін қызмет бірлігіне төмендету жүргізіледі:

 

Әуежайдың сапалық көрсеткіштері

Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігінің төмендеу пайызы

Еңбек өнімділігі коэффициентінің әрбір 10%-дық төмендеуі

1%

Негізгі кұралдарды жаңарту коэффициентінің әрбір 10%-дық төмендеуі

1%

Әуежайдың кінәсі бойынша рейстің біржолғы кідірісі

2%

Әуежайдың кінәсі бойынша рейстің қайталанған кідірісі

5%

Әуежайдың кінәсі бойынша авиациялық оқиғаға алғышарт

7%



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет