Табыс, ЖЎмыспен ќамтылу деѕгейініѕ ЫЌпалы туралы



жүктеу 22.42 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі22.42 Kb.

ТАБЫС, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ЫҚПАЛЫ ТУРАЛЫ

ЖӘНЕ КЕДЕЙЛІККЕ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК

2000 жылдан бастап, елдегі кедейліктің ауқымын қысқартуға көп көңіл бөлініп келеді. Егер 2000-2002 жылдардағы кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бойынша Бағдарламада негізгі күш жұмыс орындарын құру арқылы кедейлікті қысқарту болса, оны өткізгеннен кейін 2003-2005 жылдардағы кедейлікті төмендету бойынша Бағдарламада кедейлікті төмендетудің негізгі айғағы болып жалақы мен зейнетақының өсуі, сондай-ақ табысы төмен халықтың бөлігіне атаулы әлеуметтік көмек көрсету болып табылып отыр.



Елімізде кедейліктің ауқымы елеулі түрде қысқаруда. Егер 1998 жылы халықтың 39% күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен табысы болса, онда 2003 жылы тек қана 19,8% болды. 2004 жылғы 1 тоқсанда елдегі кедейлердің үлесі 19,1% құрады, сол кезде өткен жылдың 1 тоқсанында осы көрсеткіш 25,3% деңгейде болған. Бірақ осы процессті басқаруды қамтамасыз ету үшін кедейліктің себептерін анықтап табу және айғақтарын қысқарту қажет.

Есептің көрсетуі бойынша, халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейі шамасынан 2,5 есеге жоғары болса, онда елдегі кедейліктің жойылуы мүмкін. 2004 жылғы 1 тоқсандағы табыс күнкөрістің ең төменгі деңгейінен орташа 1,5 есеге асып түсті. Республика бойынша халықтың табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 5,3%-ға өсу қарқынымен (2004 жылғы 1 тоқсанда солай болған) тұтынуға пайдаланатын табыстың жыл сайынғы өсу қарқыны 10 жылдан кейін күнкөрістің ең төменгі деңгейінен 2,5 есеге көтеріледі. Бірақ, бұл кедейлік барлық жерде бірдей жойылады деген сөз емес, себебі өңірлер бойынша қатынаста айырмашылық сақталуы мүмкін (олар қазір 2,6 есені құрайды).

Халықтың еңбек табысы барлық ақшалай табыстың төрттің үш бөлігін құрайды, ал олардың санындағы үштің екі бөлігінен көбі – жалдамалы қызметкерлердің табысы. Сондықтан осы кезде жұмыссыздықтың салдары кедейліктің болуына ерекше рөл атқарады. Есеп 2004 жылғы 1 тоқсандағы деректер бойынша, яғни жұмыссыздықтың 1 пайыздық пунктке қысқаруы кедейліктің 3,2 пайыздық пунктке қысқарғандығын көрсетеді.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі элементтері болып, үй шаруашылығында көмектесетін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) табылады, ондағы жан басына шаққандағы халықтың табысы кедейліктің шегінен аспайды (40% күнкөрістің деңгейінен). Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, үстіміздегі жылғы АӘК алатындардың саны 2003 жылдың 1 тоқсанына қарағанда үш есеге – 705,2 мың адамнан АӘК орташа мөлшерімен бір адамға 903 теңге айына, 479 мың адамға дейін АӘК орташа мөлшерімен бір адамға айына 959 тенгеге қысқарған.



Есеп бойынша, халықтың ең кедей бөлігіндегі пайызбен АӘК алатындардың саны (азық-түлік қоржынының құнынан төмен, тұтынуға пайдаланатын табыстармен) тиісінше 2003 және 2004 жылдың 1 тоқсанында 49 және 42% төңірегінде болды. Кейбір өңірлерде бұл қатынас өте жоғары, ал басқаларда - төмен болды.

Елдегі кедейліктің төмендеуіне төленетін АӘК көрсеткіштерінің арасындағы байланыс өте тығыз. Барлық өңірлерде 2004 жылғы 1 тоқсанда АӘК төлеу, орташа республикалық деңгейден жоғары болды, онда кедейлік шегінің қысқаруы 2003 жылдың 1 тоқсанына қарағанда қысқарғаны байқалған, және керісінше 2004 жыл үшін АӘК бойынша көрсеткіштің төмендеуі кедейлік шегінің өсуіне сәйкес болды. АӘК төлемін екі есе өсіру кедейлік шегін бүтіндей ел бойынша үш есеге (33,8%-ға) қысқартады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет