Табыстар мен тұтынулардағы теңсіздік – кедейшіліктің алғышарты ретінде



жүктеу 241.72 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі241.72 Kb.

ЖОК: 330.59
ТАБЫСТАР МЕН ТҰТЫНУЛАРДАҒЫ ТЕҢСІЗДІК – КЕДЕЙШІЛІКТІҢ

АЛҒЫШАРТЫ РЕТІНДЕ
Экон.ғыл.канд. К.Р.Смагулова

Г.С.Алтаева



Жұмыста, халықтың тұрмыс тіршілігінің басты мәселесі болып табылатын – халықтың табысы мен кедейшілік деңгейі қарастыры-лады. Аймақтар бойынша халықтың тұрмыс деңгейі мен кедейшілік деңгейі көрстекіштеріне талдау жүргізілді. Аймақ бойынша халықтар-дың табыстарындағы теңсіздіктерді анықтау үшін қорлар коэф-фициенттері және Джинни коэффициенттері есептелінді.

Халықтың табыс деңгейін арттыру және кедейшілік деңгейін төмендету бойынша бағыттар ұсынылды.

Табыс адам мүмкіндіктерін ұлғайту үшін маңызды алғышарт болып табылады, оның көрсеткіші лайықты тұрмыс деңгейін анықтайтын компоненттердің бірі ретінде адам дамуының индексін есептеу кезінде пайдаланылады. Табыстардағы теңсіздік экономикалық өсуге нарықтық және саяси дағдарыстардың келеңсіз әсер етулерін тереңдетеді.

Табыстың мемлекеттік саясаты – табысты алушы түрлі топтарға мемлекеттік бюджет арқылы саралап салық салу жолымен қайта бөлу болып табылады. Мұнда ұлттық табыстың айтарлықтай бөлігі жоғары табысты халық тобынан төменгі табыстыларға ауысады. Қазіргі кезде барлық дамыған мемлекеттерде тұрмысы төмендерді әлеуметтік қолдау жүйесі құралған. Әлеуметтік трансферттер бұл – шаруашылықтың іс- әрекетке араласуына байланысы жоқ, тұрмысы төмендерге ақшалай немесе заттай көмек көрсету жүйесі. Халыққа төлем – жергілікті бюджеттен, бюджеттен тыс мемлекеттік әлеуметтік фондтардан, сондай – ақ қоғамдық ұйымдардан алынады. /1/

Теңсіздік күрделі көп өлшемді санат ретінде табыстар мен әл – ауқаттағы да, сондай – ақ алынатын пайдалылықтағы, саяси еркіндіктер мен құқықтардағы да теңсіздікті көрсетеді. Алуан түрлі теңсіздіктер арасында өлшеуге көбірек көнетін негізгі теңсіздік экономикалық теңсіздік болып саналады, ол адамдар мен халықтың жеке топтары арасындағы табыстары мен жинаған байлықтарының шамасы бойынша айырмашылықтарды көрсетеді. Табыстардағы теңсіздік, өз кезегінде, шығындар мен тұтынудағы теңсіздіктерді де анықтайды, сондай- ақ ол ресурстарға қол жеткізу теңсіздігіне ұшыратады, яғни халықтың түрлі топтарына адам дамуы үшін әркелкі мүмкіндіктер жасайды. Табыстардағы теңсіздік түпкі нәтижеде осы замандағы ең өткір проблема – кедейшілікке әкеліп соқтырады.

Жалпы кедейшілік деңгейін төмендету үшін елдердің дамуына жағдай жасау арқылы қол жеткізуге болады. Ол үшін табыстардағы теңсіздіктерді мүмкіндігінше төмендету керек.

Табысты өлшеу теңсіздікті бағалаудың проблемалы мәселесіне жиі айналып отыр. Бірқатар елдердің экономикасында «ресми емес» сектор мен сонда алынатын табыс едәуір маңызды орын алады, ол үй шаруашылықтары хабарлайтын табыстарда барабар көрсетілмейді де, теңсіздікке баға беруді бұрмаламайды. Бұл жағдайда табыстардың орнына тұтыну немесе шығындар бойынша есептелген теңсіздік көрсеткіштерін қолданған жөн.

Тұтынуға негізделген көрсеткіштер мына себептен де артықшылықты болулары мүмкін, ол табысқа қарағанда едәуір тұрақты және тұрақты табысты анағұрлым дәл көрсетеді. Тұтыну және табыс бойынша теңсіздік арасындағы елеулі алшақтық теңсіздіктің жалпы деңгейі жөнінде алынған саралаумен өзара байланысады. Табыстар бойынша теңсіздіктің ең жоғары деңгейларі байқалатын елдер үшін сондай – ақ тұтынуды талдау мен табыстарды талдау нәтижесінде алынған көрсеткіштер арасындағы ең көп айырмашылықтар тән.

Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы табыстар теңсіздігінің өсуі бірдей жағдайлардан туындады, олар әр елдерде әркелкі дәрежеде көрініп, мемлекет пен өзге де экономикалық субъектілер саясатының салдарын анықтады. Теңсіздіктің өсуіне түрткі болатын аса маңызды фактор табыстағы өскелең теңсіздік болды, ол өздігінен жұмыспен қамтылу мен кәсіпкерлік қызметке байланысты жалақының және қосымша табыстың ұлғаюындағы айырмашылықтан туындады. Көптеген елдерде мемлекеттік трансферттер мен салықтар табыстағы теңсіздіктің өсу салдарын жұмсарта және орнын толтыра отырып, теңгеруші роль атқарды, ал кейбір елдерде мемлекет саясатының осы құралдары бейтарап күйде қалса, енді бір жағдайларда (әсіресе Ресейде) олар теңсіздіктің өсуіне тіпті жағдай да жасады. /2/

Осы көрсеткіштерді және басқа да халық табыстары бойынша тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторларын келесі кесте түрінде келтіруге болады.
Кесте 1 – ҚР халық табыстары бойынша тұрмыс деңгейінің негізгі индикаторлары

теңгемен


Көрсеткіштер

2004ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

1

2

3

4

5

6

Орташа айлық атаулы жалақы

19131

22542

26750

33996

37546

Халықтың орташа айлық ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы

4694

5217

7276

8506

10903

Тағайындалған айлық зейнетақысынын орташа мөлшері (жылдың соңына)

7736

8197

8760

9374

11326

Халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау, айына орташа жан басына шаққанда

6917

9101

11885

16669

21623

Халықтың ақшалай табысындағы еңбек табысының үлес салмағы, пайызбен

78,9

77,5

79,5

83,2

81,5

Азық-түлік қоржынының құны

3 799

4 210

5 046

5 792

6282

Жалақының ең аз мөлшері

6600

9200

9200

9752

10515

өткен жылға пайызбен

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы

129,4

117,8

118,7

127,1

110,4

Нақты есептелген жалақы

122,1

109,9

111,0

115,2

94,1

Халықтың нақты ақшалай табысын бағалау

117,3

122,7

105,4

127,2

110,6

Тұтыну бағаларының индексі

106,0

107,2

106,9

110,3

117,4

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі

73,6

74,9

70,9

69,6

66,2

Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі

86,3

88,9

86,4

75,0

70,7

Тұтыну шығыстары

65382

71465

103082

141575

154394

Ескерту – Қазақстан Республикасы Агенттігінің Статистикалық мәліметтері бойынша автор құрастырған

1 – кесте мәліметтерінен байқағанымыздай 1айдағы халықтың жан басына шаққанда атаулы ақшалай табыстары 2004 жылы 19131 теңгені құраса, жыл сайын көтеріліп 2008 жылы бұл көрсеткіш 37546 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2004 жылмен салыстырғанда 196,2 % - ды құрады, яғни 96,2 % - ға жоғарылады. Халықтың нақты ақшалай табыстарын бағалау өткен жылға пайызбен есептегенде 2004 жылғы 117,3 % - дан 2007 жылы 127,2 % - ға дейін көтеріліп 2008 жылы 110,6 % - ға қайта төмендеді.

Халықтың тұтыну шығыстары (айына жан басына шаққанда орта есеппен) да жылдан жылға жоғарылағандығын байқаймыз. Халықтың ақшалай шығыстары 2004 жылғы 65382 теңгеден 2007 жылы 154394 теңгеге, яғни 2,3 есеге дейін көтерілген. Барлық тұтыну заттарының бағасының көтерілуі халықтың ақшалай шығыстарының жоғарылауыны әкелді.

Халықтың ақшалай шығыстарының артуына сәйкес халықтың атаулы ақшалай табысы жыл сайын жоғарылап 2004 жылғы 6917 теңгеден 2008 жылы бұл сома 21623 теңгеге жеткен, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 3 есеге дейін жоғарылаған. Бұл көрсеткіштен біз жұмысы бар халықтың жағдайы жылдан жылға жақсарып отырғандығын байқаймыз.

Тұтыну бағаларының индексі өткен жылға %-бен есептегенде 2005 (107,2%), 2007 (110,3%) және 2008 (117,4%) жылдары жоғары, 2004 (106,0%) және 2006 (106,9%) жылдары төмен көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Бұл, есептеуден 2005, 2007 және 2008 жылдарға қарағанда 2004 және 2006 жылдары тұтыну бағаларының аса қатты көтерілмегенін байқаймыз.

Тағайындалған айлық зейнетақысының орташа мөлшері (жылдың соңына) де жылдан жылға жоғарылағандығы байқалады. Тағайындалған айлық зейнетақысының нақты мөлшері 2004 жылғы 7736 теңгеден 2008 жылы 11326 теңгеге, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 146,4 %- ға көтерілгенін байқаймыз. Тағайындалған айлық зейнетақысының орташа мөлшерінің жылдан жылға көтерілуі, жоғарыда айтып кеткеніміздей тұтыну бағаларының көтерілуімен байланысты.

Сонымен қатар халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы (орта есеппен) да жылдан жылға жоғарылағандығын көруге болады. 2004 жылы 4694 теңге болса, 2008 жылы оның шамасы 10903 теңгеге жетті. Пайызбен есептегенде 2,3 есеге жоғарылағандығын көруге болады. Бұл өзгерісті де тұтыну бағаларының артумен түсіндіруге болады. Ал, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесі 2005 жылы жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр, ал 2006 жылдан бастап төмендей бастаған. 2005 жылғы 74,9 %-дан 2008 жылы 66,2 %- ға, яғни 11,6 пайызға дейін төмендеген. Бұған себеп халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалынған кедейшілікпен күрес бағдарламасының ойдағыдай іске асырылуы.

Азық-түлік қоржынының құны да тұтыну бағаларының байланысты жыл сайын 2004 жылғы 3799 теңгеден 2008 жылы 6282 теңгеге дейін жоғарылаған. Табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі сәйкесінше жыл сайын 2005 жылы 88,9 %-дан 2008 жылы 70,7 %- ға дейін төмендеп отыр. Бұл жылдан жылға халықтың табыс деңгейінің көтеріліп, сәйкесінше жағдайының жақсарып келе жатқандаған көрсетеді.

Жалақының орташа жылдық ең төменгі мөлшері де басқа көрсеткіштер сияқты жылдан жылға жоғарылағандығын байқаймыз. 2004 жылы жалақының орташа жылдық ең төменгі мөлшері 6600 теңгені құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 59 %- ға көтеріліп 10515 теңгені құраған.

Кесте мәліметтерінен байқағанымыздай халықтардың табысын қалыптастыратын көрсеткіштердің барлығы жылдан жылға жоғарылағандығы көрінеді. Бұл халқымыздың табысының аса төмен емес, керісінше жағдайының жақсы екендігін көрсетеді. Өйткені, тауарлы рыноктың үйлесімділігін қамтамасыз етуде ішкі рынокқа тауар ин­тервенциясын жүргізу мақсатында ауыл­шаруашылық өнімдерінің қорын құру бойынша жұмыс атқарылуда, отандық ауылшаруашылық өнімдерінің өсімі ынталандырылуда. Нарық субъектілері­нің тауар рыногында монополиялық дәрежеде қалуының алдын алу және жою, алақол бәсекелестікке, бәсекелес­тікке қарсы келісімдерге жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Бірақ, еліміздің статистиктерінің кемшілігі айлық тамақтану қоржынына кіретін азық түліктің құнын көтерме сауда бағасымен орташа түрде есептейді. Ал ол азық түліктің нарықтағы құны олар есептейтін сомадан едәуір жоғары, яғни үш есеге көп. Осыған сәйкес елімізде кедей адамдар мүлдем аз деп айта алмаймыз. Аталған көрсеткіштер нақтырақ есептелінсе халықтың жағдайы бұдан да жақсырақ болар еді.

Сондықтан да, келесі 2-кесте мәліметтері бойынша кедейшілік көрсеткіштеріне талдау жүргіземіз.


Кесте 2 - Кедейшілік көрсеткіштерін талдау


 

Кедейліктің тереңдегі

Кедейліктің өткірлігі

2005

2006

2007

2008

2005

2006

2007

2008

Қазақстан Респ

8,3

7,5

3,9

2,4

2,9

2,5

1,3

0,8

Ақмола

9,7

8,5

7

4,5

4

3,2

2,7

1,7

Ақтөбе

7,8

8

2,9

2,4

3

3

1

0,9

Алматы

5,6

6,7

5

4,1

1,7

2,1

1,7

1,4

Атырау

16,1

14,7

5,1

1,9

6,8

5,4

1,6

0,5

Шығыс Қазақстан

8,6

6,6

2,3

1,9

3,2

2,4

0,7

0,6

Жамбыл

6,8

9,4

4,7

1,6

2,2

3

1,5

0,4

Батыс Қаз

7,3

8,3

3,3

2,2

2,4

2,9

1,1

0,7

Қарағанды

6,4

5

5

1,7

2,2

1,8

1,9

0,5

Қостанай

12

9,7

3,5

1,4

5

3,8

1,2

0,3

Қызылорд

16,8

10,5

7,8

4,6

6,4

3,2

2,5

1,4

Маңғыстау

9,6

7,5

4,8

5

3

2,2

1,2

1,3

Павлодар

6,3

4,5

1,8

1,6

2,3

1,5

0,5

0,5

Солтүстік Қазақстан

8,7

7,1

5,6

3

3,2

2,5

2,1

0,9

Оңтүстік Қазақстан

10,4

10

2,6

2,3

3,1

3

0,8

0,6

Астана қ.

0,8

0,8

1

0,3

0,3

0,3

0,3

0,1

Алматы қ.

2,1

1,4

2,2

1,4

0,5

0,3

0,6

0,4

Ескерту – Қазақстан Республикасы Агенттігінің Статистикалық мәліметтері бойынша автор құрастырған

Кесте мәліметтерінен байқағанымыз барлық облыстар бойынша кедейлік тереңдігініңде, кедейлік өткірлігінің де бірқалыпты болмаса да төмендегендігі. 2005 жылғы мәліметтер бойынша кедейліктің тереңдігі бойынша да, өткірлігі бойынша да жоғары көрсеткішке ие болып отырған облыстар Қызылорда (кедейлік тереңдігі - 16,8, өткірлігі – 6,4) мен Атырау (кедейлік тереңдігі - 16,1, өткірлігі – 6,8), ал 2008 жылғы мәліметтер бойынша ең жоғары көрсеткіш тағы да Қызылорда (кедейлік тереңдігі – 4,6 , өткірлігі – 1,4). Ал ең төмен көрсеткішке 2005 жылғы мәлімет бойынша да Астана қаласы (кедейлік тереңдігі – 0,8, өткірлігі – 0,3), сондай – ақ 2008 жылғы мәлімет бойынша да Астана қаласы (кедейлік тереңдігі – 0,3, өткірлігі – 0,1) ие болып отыр.Біз қарастыратын Жамбыл облысының кедейшілік тереңдігі де өткірлігі де орташа көрсеткішті көрсететіндігін кесте мәліметтерінен байқауға болады.

Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау коэффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті ең көп және ең аз қамттамасыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең жоғары және ең төмен тұрмыс халықтың 10% (20%) ақшалай табыстарының жалпы белгілерінің арақатынасын көрсетеді. /3/

Джини индексі (табыстарды шоғырландыру коэффициенті) қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың (тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызады.



Сондықтан, келесі кесте мәліметтері бойынша Джини коэффициенті мен қорлар коэффициентін қарастырып өтеміз.
Кесте 3 - Джини коэффициенті және қорлар коэффициенті


Көрсеткіштер 

халықтың 10 пайыздық (децильдік) топтары бойынша Джини коэффициенті, индексі

қорлар коэфф.(халықтың неғұрл ауқатты және неғұрлым ауқатсыз 10% -ының аракатынасы), есе

2005

2006

2007

2008

2005

2006

2007

2008

Қазақстан Республикасы

0,305

0,304

0,312

0,309

6,81

6,75

7,38

7,17

Ақмола

0,302

0,297

0,325

0,338

7,45

6,84

8,35

9,43

Ақтөбе

0,3

0,296

0,325

0,342

7,23

6,62

7,55

8,58

Алматы

0,256

0,267

0,28

0,297

5,11

5,46

6,33

6,79

Атырау

0,313

0,309

0,309

0,235

7,71

6,53

6,86

4,87

ШығҚазақстан

0,307

0,296

0,3

0,308

7,1

6,92

6,75

7,11

3- кестенің жалғасы


Жамбыл

0,229

0,222

0,256

0,251

4,41

4,15

5,21

5,05

БатҚазақстан

0,28

0,276

0,262

0,286

5,87

5,93

5,62

5,79

Қарағанды

0,294

0,303

0,337

0,307

6,7

7,18

9,08

7,02

Қостанай

0,313

0,31

0,299

0,31

7,5

7,28

6,92

6,86

Қызылорда

0,292

0,248

0,276

0,278

6,07

4,57

6,01

5,76

Маңғыстау

0,27

0,284

0,27

0,251

5,16

5,43

5,07

4,95

Павлодар

0,262

0,263

0,284

0,287

5,96

5,82

6,45

6,74

Солтүстік Қазақстан

0,275

0,271

0,287

0,284

5,83

5,76

6,53

6,16

ОңтҚазақстан

0,227

0,242

0,247

0,24

4,21

4,5

4,83

4,65

Астана қ.

0,316

0,306

0,36

0,326

6,76

7,32

9,23

7,47

Алматы қ.

0,244

0,233

0,294

0,308

4,83

4,32

6,57

6,83

Ескерту – Қазақстан Республикасы Агенттігінің Статистикалық мәліметтері бойынша автор құрастырған

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай халықтың 10 пайыздық (децильдік) топтары бойынша Джини коэффициенті немесе индексінің ең төмен көрсеткіші 2005 жылғы мәліметтерге сүйенсек Оңтүстік Қазақстан (0,227) мен Жамбыл (0,229) облыстарының үлесіне тиіп отыр, ал 2008 жылғы мәліметтер бойынша да Оңтүстік Қазақстан (0,24) мен Жамбыл (0,251) облыстарының үлесінде, бірақ бұл жылы бұлардың қатарына Маңғыстау (0,251) мен Қостанай (0,31) да қосылып отыр.

Қорлар коэффициенті (халықтың неғұрлым ауқатты 10%-ының және неғұрлым ауқатсыз 10%-ының аракатынасы) 2005 жылғы мәліметтер мәні бойынша Атырау (7,71 есе) жоғары мәнге ие, ең төменгі мәнге тағы да Оңтүстік Қазақстан (4,21) облысы ие болып отыр. 2008 жылғы мәліметтер бойынша Ақтөбе (9,43) ең жоғарғы мәнге иемденсе, ең төменгі мәнге тағы да Оңтүстік Қазақстан (4,65) облысы иемденген.

Бұл мәліметтерден біз Джини коэффициенті және қорлар коэффициентінің шамалары бойынша жоғары көрсеткіштерге Солтүстік облыстар, ал төменгі шамаларға Оңтүстік облыстар ие екендігі анықталды.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2009 жылы да негізгі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері көбейді. Әйтсе де жоғарыдағы талдаулар нәтижелерінен ел жағдайының жақсаруы баяу екенін байқаймыз.

Бірақ, ел дамуының жаңа кезеңінің табыс­тары көп ретте біздің іс-қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады. Бізде қажетті ресурстар, әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе бар. Бізде айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге болады.

Алайда, кедейлік пен теңсіздікті азайту мақсатында әлеуметтік көмек және халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау жүйесін жаңғырту қажет.

Бірінші – әлеуметтік төлемдер жүйесін реттеу және жеңілдету.

Екінші – тыныс-тіршілігі шектелуін айқындаудың, мұқтаждық деңгейінің, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің заманауи стандарттарын әзірлеу және енгізу.

Үшінші – орта мерзімді болашақта әлеуметтік көмектің негізгі басымдықтарына әлеуметтік қатер жағдайының алдын алу, ауылдық жерде кедейлік деңгейін төмендету, отбасы мен баланы қолдау, мүгедектер мен қарттарға қызмет көрсетудің жаңа нысандарын енгізу сияқты параметрлерді енгізу қажет. /4/

Жағарыда аталған іс – шараларды жақсылап жолға қоймайынша әлем алдында тұрған кедейшілік мәселелерін шешу мүмкіндігін жоғарылату қиынға соғары сөзсіз.

Әдебиет


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» // 2009 жыл 6 наурыз.

  2. Қазақстандағы адам дамуы: Оқулық/ Жалпы редакциясын басқарған Н.Қ. Мамыров және Ф. Акчура. – Алматы: «Taimas Printhouse», 2004. – 412 б.

  3. Бекболатов Қ «Азаматтардың әлеуметтік қорғауын жақсарту» // Ақжол 23 қазан 2007 ж.

  4. Статежегодник 2008 Агенство РК по статистике.

  5. Ковалев В.В.,Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельности предприятия – М.: ПБОЮЛ, 2001г.-424с.

  6. Мыңжылдық табалдырығында Даму Мақсаттарын қолдау ретінде басылым «кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары» // Алматы 2004 ж.

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті, Тараз



НЕРАВЕНСТВО В ДОХОДАХ И ПОТРЕБЛЕНИЯХ – КАК ГЛАВНОЕ УСЛОВИЕ БЕДНОСТИ
Канд.экон.наук К.Р.Смагулова

Г.С.Алтаева


В работе, рассматриваются уровень дохода и бедности населения, которые являются основными проблемами жизнедятельности людей. Проведен анализ показателей уровня жизни и уровня бедности населения по регионам. Для выявления неравенства в доходах населения по регионам рассчитаны коэффициенты фондов и коэффициенты Джинни.

Предложены направления по повышению уровня дохода и снижению бедности населения.



INEQUALITY IN INCOMES AND CONSUMPTIONS AS THE MAIN

CONDITION OF POVERTY.
Cand.еcon.sci. K.R.Smagulova

G.S.Altaeva


In work, the level of income of population and problem of poverty are considered- which are the basic problems in ability to live the population. It is conducted analysis index of the level income of population and poverty according to region. It is calculated coefficients of fundes and Jinny for reveal inequality in incomes of population about regions.

It is made directions for increase level income and deterioration poverty of population.
Каталог: rus -> all.doc -> Vest-10-2 -> 1 2010 -> 1.1
1.1 -> Ауыл шаруашылық Өнімдерін өткізуде стратегиялық маркетингті қалыптастыру
1.1 -> Адамзат дамуының гендерлік аспектілері және гендерлік қатынастар
1.1 -> Азыќ-тїлік ќауіпсіздігі — заман талабына сай
1.1 -> Ќазаќтсан Республикасында шаєын жјне орта кјсіпорындарды дамытудыѕ индустриалды-инновациялыќ негіздері
1.1 -> Облыстаєы мал тўќымын асылдандыру жаєдайы мен перспективалары туралы
1.1 -> Жамбыл облысының индустриялды – инновациялық дамуының Қазіргі жағдайы және оны жетілдіру жолдары
1.1 -> Методолгиялыќ экономикалыќ єылымныѕ
1.1 -> Агроґнеркјсіптік кешенніѕ елдіѕ азыќ-тїлік ќауіпсіздігін ќамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешетінін ескере отырып, ќазір ќолымызда бар отандыќ ауылшаруашылыќ ґндірісін ќолдау аса ґзекті мјселеге айналып отыр
1.1 -> Басқару есебінің негізгі теориялық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет