Табиєи монополиялар субъектілері тарифтерініѕ (баєалар, алымдар ставкалары) жјне байланыстырылатын салалар баєаларыныѕ ґзара ыќпалын аныќтау јдістемесі



жүктеу 169.79 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі169.79 Kb.

Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағалар, алымдар ставкалары) және байланыстырылатын салалар бағаларының өзара ықпалын анықтау әдістемесі



  1. Жалпы ережелер

1. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағалар, алымдар ставкалары) және байланыстырылатын салалар бағаларының өзара ықпалын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) “Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысының негізінде жасалды.

2. Әдістеме қолданыстағы ұлттық заңдарға, табиғи монополияларды реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаға, сондай-ақ экономика салаларын мемлекеттік реттеу шешімдерін бағалаудың әлемдік практикасына негізделді.

3. Әдістеменің пәні салалардың тура және кері байланыстарын есептей отырып байланыстырушы салаларға реттелетін салалардағы табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағалардың, алымдық ставкалардың) өзгеруі ықпалының сандық бағасы болып табылады.

4. Нәтиже есебінің қолданбалы ұқсас үлгі түрінде іске асырылған әдіс байланыстырушы салаларға табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін өзгертуі Қазақстан республикасы табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің шешім қабылдауын қолдау құралы болып табылады.

5. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мына негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) модель – объектінің маңызды өзгешелігін көрсететін материалдық немесе абстрактілі-теориялық нысандағы нақты жүйелердің (объектінің, үдерістің) бейнесі;

2) моделдеу – зерттеудің нақты объектісі оның моделімен ауыстырылатын жүйелерді зерттеу әдісі (тәсілі);

3) экономикалық-математикалық моделдеу - өзара байланыстың математикалық аппаратының көмегімен экономикалық жүйе элементтері мен оның жұмыс істеу динамикасының арасын нысандандырылған сипаттау;

4) табиғи монополиялардың жұмыс жасауының экономикалық-математикалық моделі - табиғи монополиялар салалары субъектілерінің және байланыстырушы салалар мен жоспарлау немесе болжамдау мақсатында оның дамуын бақылауға мүмкіндік беретін байланыстар қызметінің экономикалық үрдістерін интегралды сипаттайтын математикалық таныстыру;

5) математикалық әдістің барабарлығы - құбылыстың көмегімен зерттелу сипатына әдіспен болжамданған зерттелу сипатына қарай болжамданған әдіспен формальды моделінің сәйкес келу дәрежесі;

6) реттелетін сала – қызметі мемлекеттік реттелуге жататын, өндірілетін өнімдерінің, технологиялары мен қанағаттандырылатын тұтынымдарының ортақтығына ие кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жиынтығы;

7) байланыстырушы салалар – тауарлар, жұмыстар қызметтер ағынына қарсы өзара тұрақты ақша ағыны бар салалар;

8) макроэкономикалық көрсеткіштер - экономика бойынша орташа жиынтық көрсеткіштер, тұтас алғанда өндіріс пен тұтыну көлемдерінің, кірістер мен шығыстардың, құрылымдардың, тиімділіктің, әл-ауқат деңгейінің, экспорт пен импорттың, экономикалық өсу қарқынының және т.б. көрсеткіштері;

9) салааралық баланс – бір салада шығарылған өнімдер (құндық өлшемде) мен осы шығарылған өнімді қамтамасыз етуге қажетті барлық қатысушы салалар өнімдерінің шығындары арасындағы байланысты сипаттайтын желілік теңеу жүйесі түріндегі экономикалық-математикалық баланс моделі;

10) салааралық баланс кестесі - кестеде табиғи монополиялар өнеркәсібінің/субъектісінің нақты саласына оның жеке өнімін өндіруге құндық, табиғи тұрғыда немесе коэффициенттер қолданылғанда қанша өнім қажеттігі көрсетіледі;

11) өзгермелі (экзогенді) басқарушы - өзгермелі басқарушының бар болуы немесе өзгерісі басқа өзгермелі (тәуелді өзгермелі) басқарушыға ықпал етеді, өзгермелі басқарушы нақты өзгерістер тудырады немесе оларды түсіндіреді;

12) тәуелді (эндогенді) өзгермелі – тәуелді өзгермелі; басқа бірқатар (тәуелсіз) өзгермелінің өзгерісі нәтижесінде өзгеріп отырады, тәуелді өзгермелілер нәтижені немесе салдарды сипаттайды.

Осы Әдістемеде пайдаланылған өзге түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қолданылады.

2. Байланыстырушы салалардың тарифтері мен бағалардың өзара ықпалын анықтаудың негізгі қағидаттары мен әдістемелік тәсілдері.


6. Өндірістік салалардың өзара байланыс жүйесін қалыпты сипаттау Қоғамдық өнімнің салааралық балансы (бұдан әрі - ҚСБ) теңдігінде көрінеді:




Хi = aij х Хj + Yi, (1)
бұл жерде

Хi - і саланың жалпы шығарылымы:

aij = Хij/ Хi - j саланың жалпы шығарылымының көлеміне тікелей шығындардың коэффициенті:

Yi - і саланың соңғы өнімі, i=1,... n.

7. Салааралық баланста ұлттық экономика өнімдерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан түскен қаржы ағымдарымен өзара байланысқан таза салалардың қатарымен беріліп отыр. Таза салалар – бір немесе бірнеше біртекті өнімдердің өндірісін білдіретін шартты салалар.

Таза салалардың, өндірістік емес сфера және сыртқы әлемнің арасындағы экономикалық байланыстар өнімдерді өндіруде және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді бөлуде үш квадрантқа ыдырайтын МОБ кестесінің көмегімен құн тұрғысында беріледі.


Өндіруші салалар


Тұтынушы салалар

Соңғы өнім, Y


Жалпы өнім, X

1 2 3 … j n




Өндіруші салалар




↓ 1

2

3



.

.

.



j

.

.



.

n


X11 … X1n

X21 … X2n

X31 … X3n

.

1


Xi1 Xij Xin

:

.


Xn1 … Xnn

Y1

Y2

Y3

.

2

.

.


Yn

X1

X2

X3

.

.

.

Xn

Амортизация





C1 C2 Cn

V1 V2 3 Vn

М1 М2 Мn





Еңбекақы төлеу



Таза табыс


Жалпы өнім




X1 X2 Xn






8. Кестенің бірінші квадрантында салалар арасында өнімдерді, жұмыстарды қызмет көрсетулерді өзара жеткізу туралы деректер көрсетіледі. Бірінші квадрант аралық тұтыну квадранты деп аталады және салалардың өнімдер шығарғандағы, жұмыстарды, қызмет көрсетулердегі аралық тұтынуды (шығындарды) немесе аралық сұранысты сипаттайды;



Хij –j – салаға жыл аралығында қойылған i-сала өнімінің құны немесе j – саланың жыл аралығында тұтынған i-сала өнімінің құны;

i-жол – барлық саланың i-сала өнімін аралық тұтынуы;

j – бағана - j –саланың өз өнімін шығарған кезде барлық саланың өнімдерін тұтынуы (шығыны);

Хi – жыл аралығында i-саланың шығарған жалпы өнімінің құны.

9. Екінші квадрант соңғы пайдалану (тұтыну) немесе соңғы сұраныс квадранты деп аталады. Онда соңғы тұтынуға (Сi), инвестицияларға (Ii), экспортқа (Ei) және имопортқа (Mi) бөлінген салалар өнімдерін соңғы пайдалану берілген, сыртқы саудадағы сальдо (EiMi). Соңғы тұтынуға үй шаруашылығындағы (халықтың ) тұтыну, мемлекеттің және коммерциялық емес ұйымдардың тұтынуы жатады.

10. Үшінші квадрант қосылған құн квадранты деп аталады. Онда өнімдер шығарғандағы жұмыстарды, қызмет көрсетулері кезінде басқа салалар өнімдерінің шығындарына қосылған құн берілген. Халық шаруашылығы салаларында өндірілген қосымша құнға: еңбекақы төлемі (Vj), амортизация (негізгі капиталды тұтыну) (Cj), таза пайда (Мj) жатады.

11. Байланыстырушы салаларға табиғи монополиялар субъектілерітарифтерінің өзгеру ықпалынбағалау міндетін шешу үшін векторлы-матрицалық түрде жазылатын баға индексі ескеріле отырып МОБ теңдігі пайдаланылады:


p = p A + v или p = v (E - A)-1, (2)
бұл жерде:

p - n өлшеміндегі вектор жол, сала өніміне баға индексін білдіреді.

A - тура шығындар коэффициентінің матрицасы;

v – оларды шығарудың жалпы көлеміндегі салалардың “таза” өнімдері үлесінің вектор жолы;

(E - A) -1 – толық шығындар матрицасы.

12. Әдіс мақсаты үшін реттелетін және реттелмейтін салалардың өзара іс-қимылы табиғи монополия сфералары бөліп көрсетіле отырып экономикалық қызметтің іс жүзіндегі классификатор шеберінде беріледі.

13. Экономика салаларына жекелеген субъектілер бойынша тарифтер өзгерісінің ықпалы реттелетін салалардағы тарифтер өзгерісі шеңберінде олардың меншікті салмақ үлесіне пропорционалды анықталады. Тарифтер өзгерісінің ықпалын бағалауда пайдаланылатын механизм табиғи монополиялардың жекелеген субъектілері мен макроэкономикалық деңгейдегі тарифтік саясатқа қатысты микроэкономикалық тәсілдердің байланысын қамтамасыз етеді.

14. Әдістеме шеңберінде мынадай реттелетін салалар атап көрсетіледі:

1) мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистралдық құбыр өткізгіштері арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер;

2) газ немесе газ конденсатын магистралдық құбыр өткізгіштері және (немесе) бөлетін құбыр өткізгіштер арқылы тасымалдау, сақтау, газ бөлу қондырғыларын және солармен байланысты газ бөлетін газ құбыр өткізгіштерін пайдалану жөніндегі қызметтер;

3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер;

4) жылу энергиясынөндіру, беру, бөлу және (немесе) жабдықтау жөніндегі қызметтер;

5) торапқа жіберудің техникалық диспетчеризациясы және электр энергиясын тұтыну жөніндегі қызметтер;

6) магистралдық темір жол тораптарының қызметтері;

7) кірме жолдар қызметтері;

8) аэронавигация және әуеайлақтар қызметтері;

9) айлақтардың қызметтері (кеменің кіруі және тиеу-түсіру жұмыстары);

10) телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда қызметтің осы түрлерін көрсетудің экономикалық тиімсіздігі не технологиялық мүмкін еместігі себебі бойынша бәсекелес байланыс операторы болмағандағы телекоммуникациялардың қызметтері;

11) мүлікті жалға беру немесе кабелді арналарды және телекоммуникацияларды жалпы пайдалану желісіне телекоммуникациялар желілерін қосумен технологиялық байланысты өзге негізгі құралдарды пайдалану жөніндегі қызметтер;

12) су шарувашылығы жүйелерінің қызметтері (магисральдық құбыр өткізгіштер бөліп көрсетіледі);

13) арналар жүйелерінің қызметтері;

14) пошта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері.

15. Байланыстырушы салаларға тұрақты және маңызды материалдық және реттелетін қаржы ағымдары бар салалар жатады:


  1. суды жинау, тазалау және бөлу;

  2. электр энергиясын, газды, бу мен ыстық суды өндіру және бөлу;

  3. көмір, лигнит және шымтезек өндіру;

  4. сусындарды қосқанда тамақ өнімдерін өндіру;

  5. ауылшаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызмет көрсетулер;

  6. шикі мұнай мен табиғи газ өндіру және осы салаларда қызмет көрсетулер;

  7. металл кендерін өндіру;

  8. металлургия өнеркәсібі;

  9. қалдық суларды, қалдықтарды және осы сияқтыларды жою;

  10. жаяу көлік қызметтері.

16. Табиғи монополиялардың қызметі желілік өндірістік функциямен

беріледі:


F=Сy+Bx+ε, (3)

Мұнда:


F – зерттеліп отырған саланың өндірістік вектор-функциясы (реттелетін

салалар үшін),



y=(y1t,…, ykt)T - тәуелді өзгермелі вектор;

x=(x1t,…,xkt) T – басқарушы өзгермелі вектор,

ε=(ε1t,…εkt) T – кездейсоқ ауытқулар (қалдықтар) векторы;

С – квадратты матрица;

Втік бұрышты матрица, мөлшері өндірушілерсалаларының және

ресурс тұтынушылардың құрамымен анықталған;



Т – транспонирлеу символы.

17. Басқарушы және тәуелді өзгермелі жиынтықпен анықталған (2)

және (3) ара қатынасы табиғи монополия (реттелетін салалар) салалары субъектілерінің және олармен байланыстырушы салалардың өзара байланысының экономикалы-математикалық үлгісін береді.

18. Негізгі басқарушы (экзогендік) өзгермеліге жататындар:



  1. салалар бағаларының дефляторы және өндіріс көлемінің болжанған

өзгерісі;

  1. табиғи монополиялар салаларының пайдалылық деңгейі (табиғи

монополиялар субъектілерінің құрылымы);

3) уақыт бойынша (лаги) параметрлер ықпалының коэффициенті және тарифтер өзгерісінің сценарлық күшіне ену уақыты;

4) реттелетін салалардағы бағалардың (тарифтердің) сценарлық өзгермелі өзгерістері.

19. Тәуелді (эндогендік) өзгермелі топқа жататындар:



  1. реттелетін және байланыстырушы салалардың өнім шығаруы;

  2. табиғи монополиялардың өнім шығару серпіні;

  3. тұтыну бағаларының үлгі индексі:

  4. өнеркәсіп бағаларының үлгі индексі;

  5. салалар бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне

тарифтердің индексі;

  1. табиғи монополиялар құрылымы (құрылымдар серпіні);

  2. байланыстырушы салардың баға индексі (баға деңгейінің өзгерісі).

20. p бағасы индексінің векторы v салалары бойынша реттелетін

салалар қиындысында олардың өнімдерінің үлесімен есептеледі. Бұл көлем, өз кезегінде жалпы қосымша құнды құрайтын түрлі үлестер: жалақы, негізгі қорлардың амортизациясы, салықтар мен субсидиялар, салалар өнімінің жалпы көлеміндегі таза пайда туралы ақпараттар негізінде алынуы мүмкін.

21. Тікелей шығындар коэффициенттері мен p бағасы индексінің векторының матрицасы Әдістеменің Ережесіне сай нысандар бойыншасалааралық баланс құрылымдарының қағидаттары сақтала отырып құрылады.

22. Кешігу салдарының есебі, яғни кейбір өзгермелі Yt-ның ағымдағы мәні Xt өзгермелінің мәніне тәуелді болады, ол арттағы r кезеңдері болды, ол Yt=f (Xt-) түріндегі функцияларды қолдану жолымен жүзеге асырылады, мұнда Xt - лагтық өзгермелі, ал - кешігу көлемі берілген f функциясының лагы.

23. Реттелетін және байланыстырушы салалары үшін теңдік жиынтығы соңғы өнімнің белгіленген көлемдерін алуға Хi салалары бойынша жалпы шығарылымдардың көлемдерін алуға Yi соңғы өнімнің мәні бар болғанда болжамдауға мүмкіндік беретін желілік теңдіктер жүйесін құрайды.

24. Реттелетін және байланыстырушы салалардың бағаларының (тарифтерінің) өзгерісінің ықпалы бойынша сандық есебі базалық көрсеткіштер мен ықпал етуші өзгермелі өзгерістер кезінде алынған көрсеткіштерді салыстыру жолымен жүзеге асырылады.

3. Үлгінің тұжырымдамалық сызбасы және ақапараттық қаматамасыз ету
25. Табиғи монополиялар саласының экономикалық-математикалық үлгісінің (бұдан әрі - Үлгі) қызмет етуі табиғи монополиялардан салаларды бөле отырып, жекелеген (бағалық) параметрлер бойынша оңтайландыруесептерін жүргізу мүмкіндігімен экономикалық жүйенің жалпы тепе-теңдігінің серпінді баланстық үлгісін білдіреді.

26. Үлгі атқарымдық және құрылымдық қосалқы жүйеден тұрады. Атқарымдық қосалқы жүйе шегерімді теңдік пен математикалық тепе-теңдік жүйесін білдіреді, олардың әрқайсысы бір зерттеліп отырған көрсеткішті анықтау үшін қолданылады. Құрылымдық қосалқы жүйе үлгіленген жүйенің техникалық-экономикалық ұйымдастырылуын және роның құрамдас бөліктерін көрсетеді, зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысын суреттейді және сипаттайды.

27. Салалардың өзара ықпалы реттелетін ( немесе байланыстырушы) салалардың баға өзгерісіне тәуелді бір саладағы баға өзгерісінің ауқымын есептеуге мүмкіндік беретін баға теңдігінің жүйесімен сипатталады.

28. Тарифтер өзгерісі сценарийінің сандық бағасы нарықтың реттелетін субъектілері тарифтерінің (бағаның) пайда болатын үйлесімсіздіктің көлемін есептеу жолымен жүзеге асырылады.

29. Орташа мерзімді кезеңге есептелур жүргізу және реттелетін салалар шығыстары құрылымының өзгерісінің ықпалын бағалау Үлгі теңдігін өзгермелі көлем және дискретті (адымдық) қайта есептеу ретінде теңдіктерде және теңсіздіктерде констант ролін атқаратын жекелеген параметрлерді қолдануға негізделген.

30. Үлгілеу саласы табиғи монополиялар салаларының кәсіпорындарымен Қазақстан Республикасы экономикасының басқа салаларымен өзара іс-әрекеті жүйесімен шектелген.

31. Үлгінің мынадай шектеулері (сипаттамалары) бар:

1) Үлгі тепе-тең болып табылады, яғни кіріс өндіріс пен бағаның қызметі болып табылады, баға кірістер мен өндірістің қызметі болып табылады, ал өндіріс баға мен кірістің қызметі болып табылады. Сонымен бірге бір мезгілде өндірістің теңдігін, кіріс пен баға теңдігін қанағаттандыратын үлгінің осындай шешімі тепе-тең болып табылады.

2) Реттелетін салалар шеңберінде біріктірмелі деректерді қолдану; бөлшектеу деңгейі үлгілеуді міндеттерімен және Қазақстан Республикасының тауарлар мен қызметтерді “ресурстар-пайдалану” кестесі жүйесіндегі бар статистикалық деректермен анықталады.

3) Үлгі тұйық болып табылады, олэндогенді өзгермелілердің барлық экзогенді өзгермелілерге тәуелділігіжәне эндогендік өзгермелілердің нақты өзара тәуелділігін сақтауды қамтамсыз етеді.

4) Үлгі өндірістің технологиялық құрылымның салыстырмалы (тұрақтылық) болжайды.

5) Үлгі реттелетін салалар бөлігіндегі үлгіленген экономиканың ресурстық шектеулерін есепке алады, сонымен бірге монополияға қарсы реттеу шеңберінде өндіріс оның ішінде факторлар бойынша шектеулер ескеріледі. Сонымен бірге үлгі осы ресурстық шектеулердің (реттеу дәрежесі) кері ықпалының қатаңдығына мүмкіндік шарттары орындалады.

6) байланыстырушы және реттеуші салалар баға өсімінің жағдайында рентабелділіктің пайдасының және/немесе нормасының номиналды деңгейін сақтап қалуға тырысады.

7) Тарифтік саясат нұсқаларын бағалау дискретті кешенді сипатта болады, яғни болжамдық қасиетін арттыру үшін және тарифтік саясаттың нұсқаларын салыстыруды қамтамасыз етеді, сценарлық және экзогендік параметрлер жиынтығы үлгіден тыс барабарлыққа /іске асырылуға тексерілуі тиіс.

32. Үлгі шеңберіндегі экономикалық-математикалықүлгілеудің негізін қалайтын қағидаттары мыналар болып табылады:

1) табиғи монополиялар саласындағы нақты экономикалқ процесстермен үлгіленетін процесстердің барабарлығын қамтамасыз ету;

2) есептеулер жүргізген кезде себеп-салдарлы байланыстар мен баға көрсеткіштерінің заңды өзгерістерінің формальданған сипаттарының болуы;

3) басқарушы және тәуелді өзгермелі қолданудың баланстылығы және келісімділігі;

4) реттелетін және байланыстырушы салалардағы тарифтер мен бағалардың өзгеру бағасының ықтимал және сандық сипаты;

5) ғылыми-әдістемелік негізділік және практикалық бағыт;

6) орташа мерзімді кезеңге болжамдаудың нұсқалылығ және мүмкіндігі.

33. Үлгілеу үшін бастапқы ақпаратқа мынадай көрсеткіштер жатады;

1) табиғи монополиялар субъектілері бойынша деректер базалық және өткен кезеңдерг табиғи монополиялар саласындағы бөлігінде;

2) табиғи монополиялар субъектілеріндегі кірістер мен шығыстар құрылымдары бойынша деректер;



  1. реттелетін және байланыстырушы салалардың баға көрсеткіштері;

  2. реттелетін және байланыстырушы салалардың табиғи көлемінің

индексі;

  1. реттелетін және байланыстырушы салалар арасындағы қызмет

көрсетуді тұтыну құрылымдары бойынша деректер, тұтыну корзинасының мөлшері мен құрылымы. (“ресурс-пайдалану” кестесі, салалардың қолданыстағы саларалық балансы);

  1. Талдау жасалған кезеңге халық шаруашылығының негізгі

салаларының болжамды көрсеткіштерінің көлемдері мен баға деңгейінің өзгерісі.

4. Үлгіні пайдалана отырып есеп айырысуды жүргізу тәртібі


34. Орташа мерзімді болашақта салалардың тарифтері мен баға өзгерісінің ықпалын ұқсастырып үлгілеу сценарлық параметрлерді қоса алғанда ықпал етуші өзгермелі дәйекті өзгерістері жолымен жүзеге асырылады.

35. Байланыстырушы салалардағы баға өзгерісін қосымша талдау реттелетін салалардағы кірістер құрылымдары және реттелетін салардың кірістердің құрылымдары бойынша қосымша бөлшектеу жолымен жүргізіледі.

36. Әдістеме бойынша есептеулер жүргізу үшін негізгі теңдік үлгісінен тұратын және Үлгілердің барлық деңгейін өзара қамтамасыз ететін электрондық кестелерді пайдалана отырып, Үлгі негізінде жасалған компъютерлендірілген есептеу кешені қолданылады.

37. Электрондық кестелер Үлгі теңдіктерінен, реттелетін шығындардың тікелей шығындар кестесінен, бағалар индексінің кестесінен (вектор), өзгермелі экзогендік кестеден, тариф саясатының нұсқасын қалыптастыру кестесінен, субъектілердіңкірістерінің құрылымынан тұрады.

38. Есептеу кестесінде табиғи монополиялар субъектілері кірістер құрылымы қалыптасқан, негізгі баға параметрлері белгіленеді, баланс теңдігі анықталады, біріктіруші көрсеткіштер негізгі өзгермелілер арасында тікелей және кері байланыстармен өзара байланысқан.

39. Тарифтер өзгерісі сценарийінің бағасы жекелеген реттелетін салалар бойынша тарифтер құрылымының өзгерістерінің және кешігу салдары өзгермелі арасындағы базалық коэффициенттер мен өзара байланысты автоматты түрде ескеретін, маңызды параметрлерді тура, тікелей қайта есептеу жолымен жүзеге асырылады.



40. Үлгімен жұмыс мынадай дәйектілікпен жүзеге асырылады:

  1. бастапқы деректерді өңдеу;

  2. тікелей (толық) шығындар коэффициентінің матрицасын есептеу;

  3. реттелуші және байланыстырушы салалар бойынша р бағасы

индексінің векторын есептеу;

  1. экзогендік салалық өзгермелі тапсыру;

  2. тарифтер өзгерісі сценарийлерін тапсыру (тарифтерді көтерудің

бірнеше нұсқасын қалыптастыру);

  1. шығыс құжаттарының (кестелер, сызбалар) есептерін жүргізу және

қалыптастыру;

  1. алынған нәтижелерді түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет