Табиєи монополиялар субъектілері тарифтерініѕ (баєалар, алымдар ставкалары) жјне байланыстырылатын салалар баєаларыныѕ ґзара ы



жүктеу 176.35 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі176.35 Kb.




Қазақстан Республикасы монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы «_20_»_____12____ № 305-ҢК бұйрығымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және байланысқан салалары бағаларының өзара ықпалын анықтау әдістемесі





  1. Жалпы ережелер

1. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және байланысқан салалары бағаларының өзара ықпалын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) “Табиғи монополиялар салаларында тарифтік саясатты дамыту тұжырымдамасы туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы № 455 қаулысына сәйкес жасалды.

2. Әдістеме Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының ережелеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ экономика саласын мемлекеттік реттеу шешімдерін бағалаудың әлемдік тәжірибесіне негізделді.

3. Әдістеменің мәні реттеліп көрсетілетін салалардағы табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және байланысқан салаларға тіке және кері байланыстарын ескере отырып, ықпал етуін бағалау болып табылады.

4. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өзгеруінің байланысқан салаларға тиімділігін есептеудің қолданбалы иммитациялық үлгісі түрінде іске асырылған Әдістеме Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің шешімдер қабылдауын қолдау құралы болып табылады.

5. Осы Әдістеменің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) математикалық әдістің барабарлығы - формальды моделдің болжамды әдіске, оның көмегімен зерттеліп отырған құбылыстың сипатына сәйкес келу дәрежесі;

2) байланысқан салалар – тауарлар, жұмыстар, қызметтер ағынына қарсы өзара тұрақты ақша ағыны бар салалар;

3) макроэкономикалық көрсеткіштер - тұтастай алғанда өндіріс пен тұтыну көлемдерінің, табыстар мен шығыстардың, құрылымдардың, тиімділіктің, әл-ауқат деңгейінің, экспорт пен импорттың, экономикалық өсу қарқынының экономика бойынша жиынтық, орташа көрсеткіштері;

4) салааралық баланс – бір салада (құндық өлшемде) шығарылған өнімдер мен осы шығарылған өнімді қамтамасыз етуге қажетті барлық қатысушы салалар өнімдерінің шығындары арасындағы байланысты сипаттайтын желілік теңеу жүйесі түріндегі экономикалық-математикалық баланс үлгісі;

5) үлгілеу – зерттеудің нақты объектісі онын үлгісін алмастыратын жүйелерді зерттеу әдісі (тәсілі);

6) реттелетін сала – қызметі мемлекеттік реттеуге жататын, өндіретін өнімдердің, технологиялардың және қанағаттандырылатын қажеттіліктердің ортақтығына, иеленетін кәсіпорындар мен өндірістердің жиынтығы;

7) салааралық баланс кестесі - кестеде өнеркәсіптік табиғи монополия субъектісінің нақты саласына, оның жеке өнімін өндіруге құндық, нақты көріністе немесе коэффициенттер қолдана отырып, әрбір саланың қанша өнімі қажет екендігі көрсетіледі;

8) эндогендік (тәуелді) айнымалылар – үлгінің іздеп отырған шығатын айнымалылары;

9) экономикалық-математикалық үлгілеу - өзара байланыстың математикалық аппаратының көмегімен экономикалық жүйе элементтері мен оның жұмыс істеу серпінінің арасын формалды сипаттау;

10) табиғи монополиялардың жұмыс жасауының экономикалық-математикалық үлгісі (бұдан әрі - Үлгі) - табиғи монополиялар субъектілері мен байланысқан салалар қызметінің экономикалық процесін интегралды сипаттайтын математикалық көрініс және жоспарлау немесе болжамдау мақсатында оның дамуын бақылауға мүмкіндік беретін олардағы байланыс;

11) экзогендік айнымалылар – өзгеруі модельдің экзогендік айнымалыларының өзгеруіне әкеп соғатын, үлгіден тыс анықталатын, кіретін айнымалылар; экзогендік айнымалылар басқарушы және тәуелсіз айнымалылар болып бөлінеді.

Осы Әдістемеде пайдаланылған өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағалардың, алым ставкаларының) және байланысқан салалар бағаларының өзара ықпал етуін анықтаудың негізгі қағидаттары мен әдіснамалық көзқарастары

6. Өндірістік салалардың өзара байланыс жүйесін қалыпты сипаттау Қоғамдық өнімнің салааралық балансы (бұдан әрі - ҚСБ) теңдігінде көрінеді:






Хi = aij х Хj + Yi, (1)
мұндағы

Хi - і-ші саланың жалпы шығарылымы:

aij = Хij/ Хi – j-ші саланың жалпы шығарылымының көлеміне тікелей шығындардың коэффициенті:

Yi - і-ші саланың соңғы өнімі, i=1,... n.

7. Салааралық баланстағы ұлттық экономика өнімдерді, жұмыстар мен қызмет көрсетулерін сатудан түскен қаржы ағыстарымен өзара байланысқан таза салалардың қатарында беріліп отыр. Таза салалар – бұл бір немесе бірнеше біртекті өнімдердің өндірісін білдіретін шартты салалар.

Өнімді, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және тарату кезінде таза салалар, өндірістік емес сала мен сыртқы әлем арасындағы экономикалық байланыстар үш квадрантқа бөлінетін ҚСБ кестесі арқылы құн тұрғысы бойынша нақты көріністе беріледі.



Өндіруші салалар


Тұтынушы салалар

Соңғы өнім, Y


Жалпы өнім, X

1 2 3 … j n




Өндіруші салалар




↓ 1

2

3



.

.

.



j

.

.



.

n


X11 … X1n

X21 … X2n

X31 … X3n

.

1


Xi1 Xij Xin

:

.


Xn1 … Xnn

Y1

Y2

Y3

.

2

.

.


Yn

X1

X2

X3

.

.

.

Xn

Амортизация





C1 C2 Cn

V1 V2 3 Vn

М1 М2 Мn





Еңбекақы төлеу



Таза табыс


Жалпы өнім




X1 X2 Xn






8. Кестенің бірінші квадрантында салалар арасында өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өзара жеткізу туралы деректер көрсетіледі. Бірінші квадрант аралық тұтыну квадранты деп аталады және салалардың өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді өндіру кезінде аралық тұтынуларын (шығындарды) немесе аралық сұраныстарын сипаттайды;



Хij –j –ші салаға жыл ішінде жеткізілген i-ші сала өнімінің құны немесе j – ші саланың жыл ішінде тұтынылған i-ші сала өнімінің құны;

i-ші жол – барлық саланың i-ші сала өнімін аралық тұтынуы;

j –ші бағана – j-ші –саланың өз өнімін шығарған кезде барлық саланың өнімдерін тұтынуы (шығыны);

Хi – жыл ішінде i-ші саланың шығарған жалпы өнімінің құны.

9. Екінші квадрант соңғы пайдалану (тұтыну) немесе соңғы сұраныс квадранты деп аталады. Онда соңғы тұтынуға (Сi), инвестицияларға (Ii), экспортқа (Ei) және имопортқа (Mi) бөлінген салалар өнімдерін соңғы пайдалануға берілген, сыртқы саудадағы сальдо (EiMi). Соңғы тұтыну үй шаруашылығының (халықтың) тұтынуын, мемлекеттің және коммерциялық емес ұйымдардың тұтынуын қамтиды.

10. Үшінші квадрант қосылған құн квадранты деп аталады. Онда өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді өндіру кезінде басқа салалар өнімдерінің шығындарына қосылған құн берілген. Халық шаруашылығы салаларында өндірілген қосымша құнға: еңбекақы төлемі (Vj), амортизация (негізгі капиталды тұтыну) (Cj), таза пайда (Мj) жатады.

11. Байланысқан салаларға табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің өзгеру ықпалын бағалауын шешу үшін векторлы-матрицалық түрде жазылатын баға индексі ескеріле отырып ҚСБ теңдеуі пайдаланылады:


p = p A + v немесе p = v (E - A)-1, (2)
мұндағы:

p - n өлшемді вектор-жол, сала өніміне баға индексін білдіреді.

A - тура шығындар коэффициентінің матрицасы;

v – оларды шығарудың жалпы көлеміндегі салалардың “таза” өнімдері үлесінің вектор- жолы;

(E - A) -1 – толық шығындар матрицасы.

12. Әдістеменің мақсаты үшін реттелетін және реттелмейтін салалардың өзара іс-қимылы табиғи монополия салаларын бөле отырып, экономикалық қызмет түрлерінің қолданыстағы жіктегіштер шеңберінде беріледі.

13. Экономика салаларына жекелеген субъектілер бойынша тарифтер өзгерісінің ықпалы реттелетін салалардағы тарифтер өзгерісі шеңберінде олардың меншікті салмақ үлесіне тепе – тең айқындалады. Тарифтер өзгерісінің ықпалын бағалауда пайдаланылатын тетіқ жекелеген табиғи монополиялардың жекелеген субъектілері мен макроэкономикалық деңгейдегі тарифтік саясатқа қатысты микроэкономикалық тәсілдердің байланысын қамтамасыз етеді.

14. Әдістеме шеңберінде мынадай реттелетін салалар атап көрсетіледі:

1) мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтер;

2) газ немесе газ конденсатын магистральдық құбыр жолдары және (немесе) тарататын құбыр жолдары арқылы тасымалдау, сақтау, газ тарату қондырғыларын және солармен байланысты газ тарататын газ құбыр жолдарын пайдалану жөніндегі қызметтер;

3) электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтер;

4) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жабдықтау жөніндегі қызметтер;

5) желіге босатудың техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын тұтыну жөніндегі қызметтері;

6) магистральдық темір жол желілерінің қызметтері;

7) кірме жолдар қызметтері;

8) аэронавигация және әуежайлар қызметтері;

9) порттар қызметтері (кеменің кіруі және тиеу-түсіру жұмыстары);

10) технологиялық жағынан мүмкін болмауы не қызметтердің мұндай түрлерін берудің экономикалық тиімсіздігі себепті бәсекелес байланыс операторы жоқ болған жағдайға, телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін есептемегенде, телекоммуникациялық қызметтер;

11) мүлікті жолдау (жалға беру) немесе кабельді кәріз және телекоммуникацияның желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілеріне қосуға технологиялық жағынан байланысты өзге негізгі құралдарды пайдалану жөніндегі қызметтер;

12) су шаруашылығы жүйелерінің қызметтері (магисральдық құбыр жолдар бөліп көрсетіледі);

13) кәріз жүйелерінің қызметтері;

14) пошта байланысының жалпы қолжетімді қызметтері.

15. Байланысқан салаларға тұрақты және маңызды материалдық және реттелетін қаржы ағыстары бар салалар жатады:


  1. суды жинау, тазалау және тарату;

  2. электр энергиясын, газды, бу мен ыстық суды өндіру және тарату;

  3. көмір, лигнит және шымтезек өндіру;

  4. тамақ өнімдерін, сусындарды қоса, өндіру;

  5. ауыл шаруашылығы, аңшылық және осы салалардағы қызмет көрсетулер;

  6. шикі мұнай мен табиғи газ өндіру және осы салалардағы қызмет көрсетулер;

  7. металл кендерін өндіру;

  8. металлургия өнеркәсібі;

  9. қалдық суларды, қалдықтарды және осыған ұқсас қызметтерді жою;

  10. құрғақтағы көлік қызметтері.

16. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі сызықтық өндірістік функциямен беріледі:
F=Сy+Bx+ε, (3)
мұндағы:

F – зерттеліп отырған саланың өндірістік вектор-функциясы (реттелетін салалар үшін),

y=(y1t,…, ykt)T - тәуелді айнымалылар векторы;

x=(x1t,…,xkt) T – басқарушы айнымалылар векторы,

ε=(ε1t,…εkt) T – кездейсоқ ауытқулар (қалдықтар) векторы;

С – квадрантты матрица;

В – мөлшері өндірушілер және ресурсты тұтынушылардың салаларының құрамымен белгіленген, тік бұрышты матрица;

Т – транспонирлеу символы.

17. Басқарушы және тәуелді айнымалылар жиынтығымен белгіленген (2) және (3) арақатынасы табиғи монополия (реттелетін салалар) салалары субъектілерінің және олармен байланысқан салалардың өзара байланысының экономикалық-математикалық үлгісін береді.

18. Негізгі басқарушы (экзогендік) айнымалыларға жататындар:


  1. салалар бағаларының дефляторы және өндіріс көлемінің болжамды өзгерісі;

  2. табиғи монополиялар салаларының пайдалылық деңгейі (табиғи монополиялар субъектілерінің құрылымы);

3) уақыт бойынша (лагтар) параметрлер ықпалының коэффициенттері және тарифтер өзгерісінің сценарлық күшіне ену уақыты;

4) реттелетін салалардағы бағалардың (тарифтердің) сценарлық айнымалылар өзгерістері.

19. Тәуелді (эндогендік) айнымалылар тобына жататындар:


  1. реттелетін және байланысқан салалардың өнім шығаруы;

  2. табиғи монополиялардың өнім шығару динамикасы;

  3. үлгіленген тұтыну бағаларының индексі:

  4. үлгіленген өнеркәсіп бағаларының индексі;

  5. салалар бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің индексі;

  6. табиғи монополиялар құрылымы (құрылымдар динамикасы);

  7. байланысқан салалардың баға индексі (баға деңгейінің өзгерісі).

20. p бағасы индексінің векторы v салалары бойынша реттелетін салалар бөлінісінде олардың өнімдерінің үлесімен есептеледі. Бұл көлем, өз кезегінде жалпы қосымша құнды құрайтын түрлі үлестер: жалақы, негізгі қорлардың амортизациясы, салықтар мен субсидиялар, салалар өнімінің жалпы көлеміндегі таза пайда туралы ақпараттар негізінде алынуы мүмкін.

21. Тікелей шығындар коэффициенттері матрицасы мен p бағасы индексінің векторы Әдістеменің қосымшасына сай нысандар бойынша салааралық баланс құрылымдарының қағидаттарын сақтай отырып құрылады.

22. Кешігу тиімділігін есепке алу, яғни кейбір айнымалы Yt-ның ағымдағы мәні Xt айнымалысының арттағы кезеңдеріндегі мәніне тәуелді болады, ол Yt=f (Xt-) түріндегі функцияларды қолдану жолымен жүзеге асырылады, мұндағы Xt - лагтық айнымалы, ал кешігу көлемі - берілген f функциясының лагы.

23. Yi соңғы жалпы өнімнің мәнін болжамдауға мүмкіндік бар болғанда, барлық шығарылымдардың көлемдерін берілген түпкілікті өнімдердің берілген көлемдерін алуға қажетті Хi салалары бойынша алынған реттелетін және байланысқан салалар үшін теңдіктер жиынтығы сызықтық теңдеулер жүйесін құрайды.

24. Реттелетін және байланысқан салалар бағаларының (тарифтерінің) өзгерісінің ықпалы бойынша сандық есебі базалық көрсеткіштер мен ықпал етуші айнымалылар өзгерістері кезінде алынған көрсеткіштерді салыстыру жолымен жүзеге асырылады.

3. Үлгінің тұжырымдамалық схемасы және ақапараттық қамтамасыз етілуі


25. Үлгі табиғи монополиялар салаларын бөле отырып, экономикалық жүйенің жалпы тепе-теңдігінің серпінді баланстық үлгісін және жекелеген (бағалық) өлшемдер бойынша оңтайландырылған есептер жүргізу мүмкіндігін көрсетеді.

26. Үлгі атқарымдық және құрылымдық қосалқы жүйелерден тұрады. Атқарымдық қосалқы жүйе сараланған теңдеулер жүйесі мен математикалық тепе-теңдікті білдіреді, олардың әрқайсысы бір зерттеліп отырған көрсеткішті анықтау үшін қолданылады. Құрылымдық қосалқы жүйе үлгіленген жүйенің техникалық-экономикалық ұйымдастырылуын және оның құрамдас бөліктерін көрсетеді, зерттелетін көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысын бейнелейді және сипаттайды.

27. Салалардың өзара ықпалы, реттелетін (немесе байланысқан) салалардың баға өзгерісіне қарай бір салалардағы баға өзгерісінің ауқымын есептеуге мүмкіндік беретін баға теңдеулерінің жүйесімен сипатталады.

28. Тарифтер өзгерісі сценарийінің сандық бағасы нарықтың реттеліп көрсетілетін субъектілері тарифтерінің (бағаларының) өзгерісінен туындайтын үйлесімсіздіктің көлемін есептеу жолымен жүзеге асырылады.

29. Орташа мерзімді кезеңге есептеулер жүргізу және реттелетін салалар шығыстарының құрылымы өзгерісінің ықпалын бағалау жекелеген өлшемдерді қолдануға негізделген, мұндағы өлшемдер теңдеулерде және теңсіздіктерде констант ролінде, ал Үлгі теңдеуін дискрентті (адымдық) қайта есептеуде айнымалылар шамасы ретінде роль атқарады.

30. Үлгілеу саласы табиғи монополиялар салалары кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының басқа да экономика салаларымен өзара іс-қимыл жасау жүйесімен шектелген.

31. Үлгінің мынадай шектеулері (сипаттамалары) бар:

1) Үлгі тепе-тең болып табылады, яғни табыс өндіріс пен бағаның қызметі болып табылады, баға табыстар мен өндірістің қызметі болып табылады, ал өндіріс баға мен табыстың қызметі болып табылады. Бұл ретте бір мезгілде өндірістің теңдігін, табыс пен баға теңдігін қанағаттандыратын үлгінің осындай шешімі тепе-тең болып табылады.

2) реттелетін салалар шеңберінде біріктірмелі деректерді қолдану; бөлшектеу деңгейі үлгілеу мәселелерімен және Қазақстан Республикасының тауарлар мен қызметтердің «ресурстар-пайдалану» кестесі жүйесіндегі бар статистикалық деректермен анықталады.

3) Үлгі тұйық болып табылады, ол эндогенді айнымалылардың барлық экзогенді айнымалыларға тәуелділігін және эндогендік айнымалылардың нақты өзара тәуелділігін сақтауды қамтамсыз етеді.

4) Үлгі өндірістің технологиялық құрылымның салыстырмалы тұрақтылығын (орнықтылығын) болжайды.

5) Үлгі реттелетін салалар бөлігіндегі үлгіленген экономиканың ресурстық шектеулерін есепке алады, сонымен бірге монополияға қарсы реттеу шеңберінде оның ішінде өндіріс факторлары бойынша шектеулер ескеріледі. Бұл ретте Үлгіде осы ресурстық шектеулердің қатаңдығына (реттеу дәрежесіне) кері ықпалды есепке алу мүмкіндігінің шарттары орындалады.

6) байланысқан және реттелетін салалар баға өсімінің жағдайында рентабелділік пайдасының және/немесе нормасының нақты деңгейін сақтап қалуға тырысады.

7) Тарифтік саясат нұсқаларын бағалау дискрентті кешенді сипатта болады, яғни болжамдық қасиетін арттыру үшін және тарифтік саясаттың нұсқаларын салыстыруды қамтамасыз ету үшін, сценарийлық және экзогендік өлшемдер жиынтығы үлгілеуден тыс барабарлыққа /іске асырылуға тексерілуі тиіс.

32. Үлгі шеңберіндегі экономикалық-математикалық үлгілеудің негізін қалайтын қағидаттары мыналар болып табылады:

1) табиғи монополиялар саласындағы нақты экономикалық процестер мен үлгіленетін процестердің барабарлығын қамтамасыз ету;

2) есептеулер жүргізген кезде себеп-салдарлы байланыстар мен баға көрсеткіштері заңдылықтары өзгерістерінің формалданған сипаттарының болуы;

3) басқарушы және тәуелді айнымалыларды қолданудың баланстылығы және келісімділігі;

4) реттелетін және байланысқан салалардағы тарифтер мен бағалардың өзгеру бағасының ықтимал және сандық сипаты;

5) ғылыми-әдістемелік негізділік және практикалық бағыт;

6) орташа мерзімді кезеңге болжамдаудың нұсқалылығы және мүмкіндігі.

33. Үлгілеу үшін бастапқы ақпаратқа мынадай көрсеткіштер жатады;

1) базалық және алдыңғы кезеңдердегі табиғи монополиялар салалары бөлігіндегі табиғи монополиялар субъектілері бойынша деректер;

2) табиғи монополиялар субъектілерінің табыстары мен шығыстарының құрылымдары бойынша деректер;



  1. реттелетін және байланысқан салалардың баға көрсеткіштері;

  2. реттелетін және байланысқан салалардың табиғи көлемінің индексі;

  3. реттелетін және байланысқан салалар арасындағы қызмет көрсетудің тұтыну құрылымдары бойынша деректер, тұтыну қоржынының мөлшері мен құрылымы («ресурс-пайдалану» кестесі, салалардың қолданыстағы жіктелімінің салааралық балансы);

  4. талдау жасалған кезеңге халық шаруашылығының негізгі салаларының көлемдері мен баға деңгейлері өзгерісінің болжамды көрсеткіштері.

4. Үлгіні пайдалана отырып есеп айырысуды жүргізу тәртібі


34. Орташа мерзімді болашақта салалардың тарифтері мен баға өзгерісінің ықпалын ұқсастырып үлгілеу сценарийлық өлшемдерді қоса алғанда, ықпал етуші айнымалылардың дәйекті өзгерістері жолымен жүзеге асырылады.

35. Байланысқан салалардағы баға өзгерісін қосымша талдау реттелетін салалардағы табыстар құрылымдары бойынша қосымша бөлшектеу жолымен жүргізіледі және ол реттелетін салалардың бірі ретінде анықталады.

36. Әдістеме бойынша есептеулер жүргізу үшін негізгі теңдік үлгісінен тұратын және Үлгілердің барлық деңгейін өзара қамтамасыз ететін электрондық кестелерді пайдалана отырып, Үлгі негізінде жасалған компъютерлендірілген есептеу кешені қолданылады.

37. Электрондық кестелер барлық негізгі Үлгі теңдеулерінен, реттелетін шығындардың тікелей шығындар кестесінен, бағалар индексінің кестесінен (вектордан), экзогендік айнымалылар кестесінен, тариф саясатының нұсқасын қалыптастыру кестесінен, субъектілердің табыстарының құрылымынан тұрады.

38. Есептеу кестесінде табиғи монополиялар субъектілерінің табыстар құрылымы қалыптасқан, негізгі баға өлшемдері белгіленеді, баланс теңдігі анықталады, біріктіруші көрсеткіштер негізгі айнымалылар арасындағы тікелей және кері байланыстармен өзара байланысқан.

39. Тарифтер өзгерісі сценарийінің бағасы ықпал ететін айнымалылардың өзгерісі, жекелеген реттелетін салалар бойынша тарифтер құрылымының айнымалылары мен кешігу салдары айнымалыларының арасындағы базалық коэффициенттер мен өзара байланысты автоматты түрде ескеретін, маңызды өлшемдер, тікелей қайта есептеу жолымен тіке жүзеге асырылады.



40. Үлгімен жұмыс мынадай дәйектілікпен жүзеге асырылады:

  1. бастапқы деректерді өңдеу;

  2. тікелей (толық) шығындар коэффициенттерінің матрицасын есептеу;

  3. реттелетін және байланысқан салалар бойынша р бағасы

индексінің векторын есептеу;

  1. экзогендік салалық айнымалылардың берілуі;

  2. тарифтер өзгерісі сценарийлерін тапсыру (тарифтерді көтерудің

бірнеше нұсқасын қалыптастыру);

  1. шығыс құжаттарының (кестелерінің, сызбаларының) есептерін жүргізу және қалыптастыру;

  2. алынған нәтижелерді түсіндіру.







Каталог: kaz -> zakon
kaz -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
zakon -> Методика расчета тарифов
zakon -> Ќазаќстан Республикасы Табиєи
zakon -> Табиєи монополиялар субъектілері тарифтерініѕ (баєалар, алымдар ставкалары) жјне байланыстырылатын салалар баєаларыныѕ ґзара ыќпалын аныќтау јдістемесі
zakon -> «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін ќызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алым ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы»
zakon -> "Табиғи газды магистралдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы"


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет