«Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі



жүктеу 1.2 Mb.
бет2/7
Дата09.09.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі




Тақырыбы

Тапсырманың мазмұны мен мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер негізгі\қосымша

Ұпай

Жұмыстарды тапсыру уақыты

Бақылау түрі

1

Шабуылдағы ойынның техникасы (баскетбол)

Таңдалған спорт түрінің негізгі түсініктері. Техника, тактика, тактикалық тәсілдер

1,3,6\ 7,9

5

1 аттестацияға дейін

Жазбаша

2

Қорғаныстағы ойынның техникасы

Таңдалған спорт түріндегі қорғаныс техникасы

1,4,5\7,8,

5

1 аттестацияға дейін

ауызша

3

Шабуылдағы топтық әрекеттер

Таңдалған спорт түріндегі топтық әрекеттер

1,4,5\7,8,

5

1 аттестацияға дейін

Жазбаша




Қорғаныстағы ойынның тактикасы

Таңдалған спорт түріндегі қорғаныс тактикасы

1,2,4,\ 7

5

2 аттестацияға дейін

ауызша




Әр түрлі қорғаныстағы әдістермен ойынды өткізу

Таңдалған спорт түрі бойынша ойын өткізу

2,4,6\ 8,9

5

2 аттестацияға дейін

Тәжірибе


Негізгі әдебиеттер

  1. Матвеев А.Т., Мельников С.Г. «Теория негіздерімен дене шынықтыру әдістемесі» 1981.

  2. Железняк Д.Д., Петров П.К. «Дене мәдениеті мен спортта ғылыми- әдістемелік іс- әрекеттің негіздері» 2002

  3. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

  4. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

  5. Кенеман А.В. Хухлаев Д.В. «Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әдістемесі мен теориясы» 1985

  6. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 1988

Қосымша әдебиеттер:

  1. Спорттық ойындар. Москва, 2001 Железняк Ю.Д.

  2. Учебник тренера по гандболу Москва, 1996 Игнатева В.Я.

  3. Уроки по баскетболу Башкин С.Г. 1966

  4. Жарыс ережелері:Волейболдан, баскетболдан, футболдан, жеңіл атлетикадан


Білімді бағалау туралы мәлімет
«Таңдалған спорт түрінің технико-тактикалық дайындық негіздері» теориялық курс болып есептеледі.

Сондықтан, бақылаудың негізгі түрі болып саналатын барлық жеке тапсырмаларды орындау міндетті шарт.

Студент сабаққа қатысуы міндетті. Ешқандай сабақты себепті босату студентті тәжірибелік және жеке тапсырмалар кешенінен босатпайды.

Ағымды, аралық және қорытынды бақылау түрлері арқылы студенттің білімі бағаланады.

Оқу курсы соңында қорытынды бақылау-емтихан.

Бағалау жүйесі:



Тәжірибе
3

5 35х3=105

6
СОБӨЖ

4

6 10х3=30

7
СӨЖ

3

5 25х3=75

6
А/Б

7 =60


Тәжірибе
10

12 35х3=105

14
СОБӨЖ

11

13 10х3=30

15
СӨЖ

10

12 25х3=75

14
А/Б

15 =60

Уақытынды орындамаған немесе тәртіп бұзғаны үшін штраф салынады.


  • Сабаққа кешігу-0,5 ұпай алынады.

  • Дәріс сабағына келмеу-1,5 ұпай алынады.

  • Уақытында жұмысын тапсырмаса- бағасы 1 ұпайға кемітіледі.

1 аралық бақылау жүргізгенде 7 оқу аптасында жинаған ұпай санын қосып бағалайды.

2 (қорытынды) аралық бақылау жүргізгенде студенттің 15 оқу аптасында жинаған ұпай саны есептеледі.

Егер 2 аралық бақылау бағасы 50 % және жоғары болса, рейтінгтің жоғарлауына рұқсат етілмейді. Бұл арада 2 АБ бағасы қорытынды баға болып есептеледі.

Қорытынды аралық бақылау нәтижесі 50 %-ден кем болмаса ғана студент емтиханға рұқсатнама алады.





Қорытынды баға:

Аралық бақылау-60 %

Емтихан- 40%



Аттестациялық бағаның көрсеткіші (0-30 балл)


Аттестация

0-14

15-22

23-26

27-30

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

Емтиханға рұқсат рейтингісі:


15-тен- 29-ға дейнгі балл емтиханға жіберілмейді

30- дан- 60-қа дейнгі балл емтиханға жіберіледі


Емтихан бағасының көрсеткіші (0-40 балл) Емтихан- 40 балл (40 %)



Балл

0-19

20-29

30-36

37-40

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

Пәнді оқу үрдісінде студентке келесі әкімшілік талаптар саясаты белгіленеді:



  1. Пәннің бөлімдері мен оны оқуға қойылатын негізгі талаптар:

    • Студент барлық сабақтарға қатысып, СОӨЖ мен дәріс сабақтарында белсенділік көрсету керек.

    • Дәріс сабақтарында конспект жазып, тиянақты тыңдап, тәртіп бұзбау керек.

  1. Сабақтағы тәртіп ережесі:

  • Қоңырауға дейін сабаққа кіру, кешікпеу;

  • Сырт киіміндерін гардеробқа тапсыру;

  • Сабақ үстінде мобильді телефондарын сөндіру;

  • Оқытушының көмегі керек кезде қолын көтеріп сұрау;

  • Сабақ барысында сұрану немесе аудиториядан шығу рұқсат етілмейді.


Дәрістер бойынша қысқаша конспект

Дәріс №1
Тақырыбы: Таңдалған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы пәніне кіріспе. Пәннің мақсат, міндеттері. Білім жүйесінде пәннің орны.

Мақсаты: Студенттерді пәннің негізгі мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру. Білім жүйесіндегі орнының маңыздылығын көрсету.


  1. Таңдалған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы пәні жоғарғы денешынықтыру білімі бойынша кәсіптік білім беру жүйесінде негізгі кәсіби пәндердің бірі. Мазмұны арқылы студенттерге тиісті теориялық, әдістемелік білім мен қатар денешынықтыруды оқытудың әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз ету мен осы жұмыстың құрылымы мен мазмұнын және білім беру, тәрбиелік және денешынықтыру міндеттерін іске асыру жолдарын үйрету.

Тәрбиенің әдістер жүйесінде әр әдісті басқалардан бөліп жеке қарауға болмайды. Барлық әдістерді бірге бір мақсатта қолданса ғана арнайы бір тәрбиелік мақсақа жетуге болады. Жеке бір алынған тәрбиелік әдіс еш уақытта адам баласына жоғарғы саналық, моральдық сапаларды қалыптастыра алмайды. Сонымен, жеке әдіс жалғыз өзі тәрбиенің ешбір міндетін шеше алмайды.
Ең жиі әрі тиімді тәрбиелік әдістер:

  • Жаттығу, мадақтау, күштеу, үлгі, үгіттеу;

  • Жаңашылдық- шаралық (жаңа тәрбиелік технологияларды енгізуге негізделген ) – модельді- мақсатты қатынас, жоспарлау, алгоритмизация, шығармашылық жұмыстар т.б.;

  • Тұлғааралық- формалды емес ( белгілі тұлғалар арқылы іске асырылады, достары немесе таныс адамдар):

  • тренинг-ойындар ( жеке және топтық тәжірибені м еңгеруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар арнайы берілген жағдайлардағы әрекеттері мен тәртібін түзету ) – әлеуметтік-психологиялық тренингтер, іскер ойындар т.б.

  • рефлексивтік ( жеке уайымдарға негізделген, өзіндік талдау және нақты өмірде өзіндік бағаны сезіну).

2. Берілген пән денешынықтыру және спорт жүйесінде маман даярлауда маңызды орны бар. Өйткені таңдап алған спорт түрінің оқыту әдістемесі бойынша жас маман меңгерген білімдері, біліктіліктері және дағдылары арқылы арқылы оқу- жатттықтыру сабақтарын жүргізе алады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді.

Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.

Демек, денсаулығы мықты, жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін тәрбиелеуге қабілетті ұрпақты дайындау жөніндегі мемлекеттік қажеттілік талаптарына байланысты жүргізілетін іс. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының алға қойып отырған басты міндеттерінің бірі – халықаралық білім жүйесіне ену.

Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене-қозғалыс қабілеті мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін-өзі үнемі дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды.

Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай, оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.

Қазіргі кезде дене тәрбиесі мұғалімі биологиялық (физиология, анатомия, биохимия, спорттық метрология т.б.), педагогикалық (педагогика, психология, дене мәдениетінің ілімін, спорттық жаттығу негіздері, дидактика т.б.) пәндерді философия, әлеуметтану, медицина, математика ғылымдарын және басқару мен ұйымдастыруды жете меңгеруі қажеттігін ескерсек, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда педагог кадрлар дайындау мәселесінің өзектілігі айқындалып, оның түрлі бағыттары бойынша ауқымды жұмыстардың қажеттілігі байқалады.

Әдебиеттер:


  1. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

  2. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.

Дәріс №2
Тақырыбы: Пәннің негізгі түсініктері. Техника, тактика, тактикалық тәсілдер

Мақсаты: Студенттерді пәннің негізгі түсініктерімен, техника, тактика, тактикалық тәслдермен таныстыру.

Белсенділік ұғымы оқушының интелектуалдылығын, күш – жігерін және дене бітім – болмысын дамытуға бағытталған, осы мақсатқа оқытушы оқыту барысында қол жеткізеді.

Дене шынықтыру жаттығулары кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру негізгі үш бағытта жүргізіледі:

Біріншіден, оқытушы оқушылардың сабаққа деген қызығушыылығын оятуы керек.

Ол үшін оқу мақсатының алғашқы мотивін зерттеп, оқушылардың белсенділігін арттыру керек. Нәтижесінде қозғаушы мотив өзін -өзі жетілдіру болуы керек. Оқушылар не нәрсеге керектігін анық білуі қажет, сонымен қатар оны қалай істеу керектігін де нақты білуі керек.Ол, әсіресе, оқушылар ынтасыз орындайтын дайындық жаттығуларына қатысты.Мысалы, ұлдардың барлығы дерлік футбол ойынын қызығып ойнайды, бірақ осы ойынның ережелері мен заңдылықтарын үйренуге ұмтылмайды, өйткені ол эмоционалды заряд бермейді.

Саналылық пен белсенділік принципінің екінші бағыты әр оқушыға өз әрекетін саналы түрде бақылауға және сараптауға көмектеседі.

Оқу бағдарламасындағы жаттығуларды үйрету барысында оқытушы олардың автоматты түрде орналасуына жағдай жасайды. Ол үшін оқылған материалды механикалық түрде қайталамай, саналы мобилизациялауға жұмылдырады. Олай болмаған жағдайда алынған машықтар қолданысқа жарамсыз болып, бала түрлі ойламаған ситуацияларға ұшырауы мүмкін.

Өз әрекеттерін саналы бақылаудың сабақтарда қолданылатын бірнеше әдістері бар, олардың ішінде рационалды әдістемелік амалдары келесі:



  1. Алдын – ала көрсеткен оқыту. Оқу барысында бастауыш сыныптардан бастап қарапайым жаттығулар жасау.

  2. Арнайы тренажерларды қолдану, сол арқылы қозғалыс ритмін, қозғалыс қарқындылығын байқау.

  3. Идеомоторлы жаттығу әдістерін қолдану ол жаттығу жайлы түсінік беріп қана қоймай, оқушылардың қозғалыс әрекеттерінің мәнін терең сезінуге көмектеседі.

  4. Өз әрекеттерін бақылау және өздеріне сараптама жасау, ол үшін оқытушы тапсырмасымен өз бетінше жаттығулар таңдалып алынады, жаттығудың орындалу сапасы, топпен қатаеліктердіанықтау, жаттығудың орындалу техникасына баға беру.

  5. Тапсырманың орындалу сапасы жайлы жайлы ақпарат алу, сол арқылы оқушылар өздерінің қозғалыс әрекеттерін сараптап, жаттығуды меңгеру дәрежесін анықтайды.

  6. Арнайы қозғалысты дайындық. Мәселен, жаттығуды үйренуге кіріспес бұрын бірқатар қыздыру жаттығулары орындалады. Бұл әдіс көбінесе ұшқыштар мен космонавтарда дайындау кезінде қолданылады.

  7. Балаларды күші мен жылдамдығын басқара білуге үйрету. Оқушыға тапсырма берген кезде оның сол жаттығуды орындау барысында жұмсайтын күшін, сол жаттығуды орындау барысында күшін салмағандағы мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі. Мәселен, белгілі бір қашықтықты белгілі бір адамдармен өтуін тексеру.

  8. Музыкамен сүйемелдеу, ол дене шынықтыру жаттығуларының мәнін түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, жаттығудың сапалы орындалуын бақылап, әрекеттерін саралауға көмектеседі.

Оқушылардың шығармашылығы мен белсенділігін арттыруға өзіндік дене шынықтыру жаттығулары әсер етеді, олар мұғалімнің қатысынсыз өтеді:

Тәжірибеде қолданылатын белсенділікті арттыру әдістерінің ешқайсысын аталған бөлімдерге жатқызуға келмейді. Олар сабақтың міндеттерін ескеріп, өзіндік әрекеттерді сараптауға көмектесіп, дене шынықтыру сабақтарына шығармашылықпен қорғауға бағытталады. Белсенділік әрекеттеріне жататындар: жеткілікті мөлшердегі заттарды қолдану, жаңа материал мен бұрын өткен материалмен байланысын оқу еңбегін пайдалануда, оқушы қызметін уақтылы бақылау мен бағалау.

Оқушы белсендіоігін арттыратын амалдар мен құралдар сабақтың міндетін оқу кезеңінде оқу материалының сипатына, оқушысының дайындық дәрежесіне, олардың барынша оқу бағдарламасының игеруге жағдай жасауы керек, сонымен қатар олардың оқу қызметін басқаратын рационалды формаларды қарастыру.


  1. Оқытушының оқушылармен тіл табыса алуы өте маңызды, оқытушы мен оқушы арасында өзара тұрақты байланыс орнаса, оқытушы оқушылардың уақытша қиындықтарды жеңе білуге үйретуге, сонымен қатар, оқушының бойында ашылмаған қасиеттерді ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар, индивидуалияцияға қатысты мәселе көтерген жағдайда оқытушы көбінесе нашар оқитын, қалып қойған оқушыларға көп көңіл бөлінетіні анық, алайда оқытушы басқа әріптестерімен білімі алда келе жатқан оқушылармен де жұмыс істеу керек. Өйткені ондай оқушылардың алдына үнемі жаңа міндеттер қойып отырмаса, олардың сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетуі мүмкін.

Әдебиеттер:

1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001

2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.


  1. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.

Дәріс №3

Тақырыбы: Таңдалған спорт түрінің техникалық дайындығының құрылымдары

Мақсаты: Таңдалған спорт түрінің техникалық дайындығының құрылымымен таныстыру. Кезеңдеріне түсінік беру.


Таңдалған спорт түрінің, яғни волейбол спорт түрінің қимыл-әрекеттерін тиімді жолмен орындау-ойынның тәсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік дегеніміз- жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықьыру) және әрекеттің нәтижелілігі (допты дұрыс беру т.б. жаттығулардың техникасын дұрыс, тиімді орындау)

Ойынның техникасы әрқашанда дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді.

Техникалық дайындықтың үш кезеңге бөлінеді:

Дайындық кезеңі- негізгі қозғалыс әрекеттеріне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл қозғалыс.

Негізгі кезең- негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл қозғалыс.

Қорытынды кезеңі- қозғалыстың аяқталу кезі.

Ойынның қай жаттығуының орындалу техникасын алсақ та олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін- тік тұру, ілініп тұру, тіреліп тұру және сүйену түрінде кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рө атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:


  • жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі.

  • Қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі.

  • Жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтау.

Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз-кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі.

Волейбол техникасы шабуыл технкасы мен қорғаныс техникасына бөлінеді.



Әдебиеттер:

1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001

2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.


  1. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.

Дәріс № 4

Тақырыбы: Таңдап алған спорт түрінің тактикалық дайындығының құрылымдары

Тактикалық дайындық дегеніміз-жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс-амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:



  • спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігінше, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;

  • осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:

  • қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;

  • мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;

  • өтетін жарыстардың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншілктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.)

  • жарыстың тактикалық жоспарн жасау;

  • тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;

  • қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету;

  • өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.

Тактикалық дайындық кезінде мынадай әртүрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кіиапиар оқу, әңгіме өткізу; бейнежазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен» 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет