«Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша



жүктеу 1.2 Mb.
бет4/7
Дата09.09.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Дайындық кезеңі- негізгі қозғалыс әрекеттеріне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл қозғалыс.

Негізгі кезең- негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл қозғалыс.

Қорытынды кезеңі- қозғалыстың аяқталу кезі.

Ойынның қай жаттығуының орындалу техникасын алсақ та олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін- тік тұру, ілініп тұру, тіреліп тұру және сүйену түрінде кездеседі.

Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рө атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:


  • жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі.

  • Қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі.

  • Жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтау.

Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз-кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі.

Волейбол техникасы шабуыл технкасы мен қорғаныс техникасына бөлінеді.

Тактикалық дайындық дегеніміз-жарыс кезіндегі жеңіске жету үшін пайдаланылатын әдіс-амалдарды, айла-тәсілдерді қолдана білу өнері. Тактикалық дайындық екі кезеңнен тұрады:


  • спорттық күресті жүргізу жолдарын өз мүмкіншілігінше, қарсыластарының ерекшеліктеріне, жарыс жағдайларына байланысты жоспарлау;

  • осы жоспарды спортшының жарыстағы мүмкіншілігіне байланысты амалдар мен жолдар арқылы іске асыру. Тактикалық дайындықты дұрыс іске асыру үшін төмендегідей міндеттерді орындау керек:

  • қазіргі кездегі өзі айналысып жүрген спорт түрінің тактикалық тәсілдер негізін оқу, үйрену, тиімді пайдалана білу;

  • мықты спортшылардың тактикалық тәжірибесімен танысу;

  • өтетін жарыстардың ережелерін, шарттарын, қарсыластарының мүмкіншілктерін зерттеу (уақыты, жарыс өткізілетін орын т.б.)

  • жарыстың тактикалық жоспарн жасау;

  • тактикалық тәсілдерді, оларды орындау жолдарын тәжірибе жүзінде меңгеру;

  • қарсыласына психологиялық басымдылық көрсете алу шеберлігін қалыптастыру, оны ыңғайсыз жағдайда жарысуға мәжбүр ету;

  • өткен жарысты талдау, тиімді тактикалық әрекеттерді жетілдіру.

Тактикалық дайындық кезінде мынадай әртүрлі жолдар қолданылады: алдын ала жасалған тактикалық жоспарды жаттықтыру сабақтарында, жарыс жағдайына ұқсас жағдайларда қайталау; арнайы кіиапиар оқу, әңгіме өткізу; бейнежазумен түсірілген жарыстарды көру, оны жан-жақты талдау

Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

6. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

2. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984



Қосымша әдебиет:

1. Спорттық ойындар. Железняк В.И. М. 2001


Дәріс № 15
Тақырыбы: Техникалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері

Мақсаты: Таңдап алған спорт түрінің техникалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері жөнінде толық мағлұмат беру.


Оқыту- жаттығу кезінде оқушылар ойын-тәсілдерін елеулі қатесіз, дұрыс игеруге тырысады. Мұның өзі көп жағдайда ұштастырушы жаттығуларды дұрыс іріктеп алып, шебер пайдалануға байланысты. Ұштастырушы жаттығуларды жүйелі қолдану – жаңа үйренушлрге волейбол тәсілдерін оқыту- жаттығу сабақтарының негізгі ерекшеліктерінің бірі. Мұндай жаттығулар ойын әдістерінің дұрыс орындауға, түзетуге көп уақыт кететін өрескел қателерді болдырмауға жағдай жасайды.

Волейбол ерекшеліктерінің бірі- барлық әдістердің ұшып келе жатқан допқа байланысты атқарылатынында. Басқаша айтқанда, ойыншының ьарлық қозғалысты доптың ұшу бағыты мен жылдамдығына тәуелді. Сондай-ақ ұшып келе жатқан допқа қол лезде ғана тиеді, өйткені оны кідірту ережені бұзу болып есептеледі. Осыған байланысты айла- тәсілге оқытудың екі жағы бар. Біріншіден, ойыншының бойында ұшып келе жатқан допқа сай өз қимылын үйлестіре білу қабілетін қалыптастыру.

Екіншіден, допқа қолмен әсер ету сәтін (доп беру, шабуылдай соғу т.б.) дәл анықтау. Міне сондықтан да сабақтарда даярлық және ұстастыру жаттығуларын пайдаланып, ойынның өзіне тікелей кірісуге асықпаған жөн.

Әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Дәріс № 16

Тақырыбы: Тактикалық дайындықтың түрлі сатысындағы ерекшеліктері

Мақсаты: Таңдап алған спорт түрінің тактикалық дайындығының түрлі сатысындағы ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.


Волейболшыларды тактикалық жағынан даярлау ойын жағдайын біртіндеп күрделендіруге негізделген. Оның барысында оқушылар жекелей, өзге ойыншылармен бірлесе қимылдап, басында допсыз, кейін бітеу доппен жаттығады.

Тактикалық дайындықтың ойдағыдай болуына қимыл шапшаңдығын дамытып, қозғалмалы ойындарда және жалпы дамыту жаттығуларын орындағанда тез қозғалу өте әсерлі. Өзге оқушылармен бірлесе қозғалу, ойынды жеке бақылап, соған жауап ретінде әрекет жасау жеңіске жетудің негізгі шарттары.

Волейбол үйретуде оқушылардың дене жағынан дамуына ерекше көңіл аударылады. Біріншіден, волейболдың бір өзінің оқушылардың дене жағынан дамуына тигізетін әсерә шамалы. Екіншіден, ойынға дағдылануға әдістік қозғалыстарды игеру волейболға ғана тән. Үшіншіден, жұптасып ойнау әдістерін жақсы игеріп алғанда ғана тиімді. Егер баскетбол мен қол добында екі жақты ойын уақытын ұзарту арқылы организмге түсетін жүктемені арттыратын болсақ, волейболда мұндай мүмкіндік жоқ. Сондақтан, дене тәрбиесінің ролі екі жақты: ойын дағдысын игеру дәрежесіне қарай өткізілетін жаттығулар және жұптасып ойнаған кезде жүктемені қажетті мөлшерде өзі-ақ түсіреді.

Екі қолмен жоғарыдан доп беру дағдысын игеру үшін қол бұлшық еттерінің, әсіресе саусақтарының жеткілікті күші болуы керек. Бұл ең алдымен ІҮ-ҮІ кластардың оқушыларына және ҮІІ-Х кластардың қыздарына қатысты. Егер оқушылардың шапшаңдық күш қабілеті, секіргіштік дәрежесі төмен болса, олар шабуылдай соғу дағдысын тез игере алмайды. Әсіресе бұл ойыншылардың бойына сай биіктікке орнатылған торда қиын болады.

Оқытудың кейінгі кезеңдерінде денені шынықтыру ойын дағдысын жетілдіруге жағдай туғызады.
Әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990




Дәріс № 17

Тақырыбы: Спортшылардың технико-тактикалық дайындығындағы бақылау. Бақылау түрлері

Оқушылардың медициналық бөлімдерге бөлінуі, негізгі оқушылардың және дайындалушы бөлімдермен бірге сабақтың өткізілуі; бапкердің рұқсатымен спортшының дайындыққа дәрігердің рұқсатынсыз; оның алдын ала тексеруінсіз жіберуі (дайындықтың жарақатынан кейін алдын ала басталуы, жарыстарға қатысуы жарақаттың одан әрі асқынуына, халінің ауырлауына алып келуі мүмкін). Спорттың тәртіпсіздігі, зақымдар, негізінен спортшылар тарапынан белгіленген шартты бұзуынан әр түрлі спорт түрлерінде 4% дан 6% ға дейін спорттық зақымдарды алады. Негізінен, олардан кей кезде рұқсат етілмеген әдістер (бокста. Күресте, регбиде, футболда, хаккейде, су добында және т.б. спорттарда) спортшыларға зақымдар келтіруі мүмкін. Анализ көрсеткендей, негізінде көптеген жағдайларда бұл техниканың қолданылуы жоғарғы емес сатыда байқалады (кейбір спортшылар техниканың жетіспеушілігінен дөрекі ойынмен және күшпен, қолдануға болмайтын әдіспен орын толтыруға тырысады), төрешінің жарыстарда жеткіліксіз тәртіпті талап етпеуінен, және бапкердің спортшымен тәрбиелік жұмыстың болмауы. Көбінесе жеңіл спорттық зақымдар кездеседі, олар зақымданушыға көп әсер етпейді. Шартына қарай, бұл жәй зақымдар, олар тек спортшыларға ғана тән. Олар әр түрлі дәрежедегі зақымдар, және де ауыр түрдегі зақымдар, олар дәрігерлердің қатысуын талап етеді.

Негізінен 3 түрлі факторларды бөлуге болады: зақымға әсер ететіндер: дене шынықтырумен индеведуальды ерекшеліктері; жаттығудың белгілі дәрежеде өткізілуі; жабдықтардың барлығы және сапасы, спорт түрлерінің ерекшеліктері және оның физткалық әрекет түрлері адамдардың арасында индивидуальды ерекшеліктері, дене шынықтыру және спортпен айналысушылар, көбінесе жас ерекшеліктері де әсер етеді, нерв жүйелерінің қал жағдайы, темперамент, психологиялық ерекшеліктері және практикалық тәжірибесі. Білім беру мекемесінде зақым алу оқу жылының басында және аяғында байқалады, бұл кезде жарақта алу жоғарылайды, әр түрлі ауыртпашылықтармен өтуі мүмкін.

Негізінен жарақат алу сабақтың өткізілуі дәрежесіне спорттық инвентарь және жабдықтар, қолайсыз ауа-райы, және жеткіліксіз жарықтандырылмау жарақат алуды жоғарылатады.

Жарақаттарға негізінен әр түрлі сапасы төмен спорттық инвентарьлар, өлшемі келмейтін киімдер алып келуі мүмкін және қорғанысқұралдарын қолданбау т.б.

Негізінен әр спорт түрінің ерекшеліктерін есепке алу керек және физикалық түр әрекеттерін де есепке алу керек. Кейбір спорт түрлері жаттығушы спортшыларға өз ерекше талаптарын ұсынады. Олардың ерекшеліктері специфизикалық осы спорт түрінің ерекше жарақаттарына алып келуі мүмкін. Дайындалушыларға бірдей талаптарды әр түрлерде спорт түрлері де ұсынады. Алдын ала жарақатты болдырмау үшін дайындалушыға осы шарттарды бұзбау үшін келесі шарттарды ұсынады: дайындыққа тән киімі болу, аяқ киім, инвентарь және жабдығы: рекордты нәтижеге бірден ұмтылмай,ал оданда өзінің нәтижесін ақырындап көбейтуге ұмтылу, өзінің денсаулығына зиянсыз, әр дайныдық алдында жаттығулар жасау, өзінің денесін алдын ала қыздырту, жарақат алуды төмендетеді. Және де міндетті түрде қорғаныс құралдарын қолдану керек.

2. Қозғалмалы сабақтарға және спортты ойындарға мектеп оқушыларының жіберілуі, медициналық тексеру, және инструкциядан кейін жіберіледі. Олар өзімен спорт киімін, онын шартымен таныс болып, және (шарттарды міндетті түрде сақтауға) өрт қауіпсіздігі талаптарын міндетті түрде сақтауға, өртті өшіру құрылғыларының орналасқан жерін білу, эвукация планын білуге иісті. Сабақты өткізілу талабы жас ерекшеліктеріне және қиындықтарна байланысты өткізілуі тиіс. Онын уақытында қатысушылар құлау кезінде, соғылу кезінде индиведуальды жарақат алулары мүмкін. Сондықтан да сабақтар дәрісханалық заттармен қамтамасыз етіледі. Ол алғашқы көмек көрсету үшін қажет. Алдын ала қауіпсіздік шараларына мыналар кіреді:


  1. Сабақтарда спорт алаңдарында және залдарда стандартты өлшемі бар талаптарға жауап беретін болу керек.

  2. Оның алдында қатысушылар барлық сән бұйымдарын шешу керек, тырнақтары алынған, ал көзілдіріктері резинамен тартылған болу керек.

  3. Сабақта тәртіпті сақтау керек; Қатаң түрде талаптарды және төрешіні, оқытушы, бапкерді, капитанды тыңдау керек.

  4. Ойын құрғақ алаңда өту керек; Егер ол залда өтсе алаң құрғақ әрі таза болу керек.

  5. Барлық үшкір және кедергі заттар матамен жабылған немесе қоршалған болу керек.

  6. Дайындық ойындары барлық талап, тәртіпке сай өту керек.

  7. Сабақ дене шынықтыру мұғалімінің қадағалауымен өту керек.

Әдебиеттер:

    1. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

    2. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.


Дәріс № 18

Тақырыбы: Технико-тактикалық дайындықтың басқа дайындық түрлерімен өзара байланысы

Тау спорты белгілі бір қиындықтармен байланысты болғандықтан арнайы психологиялық дайындықты қажет етеді. Спортшының қауіпті жағдайларда шешім қабылдау үшін жаттықтыру үрдісіне арнайы психологиялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл қауіпті жағдайларда шешім қабылдау, ауыр ауа райында, бірінші медициналық көмек көрсету сияқты жұмыстар. Психологиялық дайындықта басты орын –қажыр- қайраттық дайындық. Ол спортшының шешім қабылдаушылық, жеіске жету, шыдамдылық, табандылық т.б. қажырлы сапаларының қалыптасуына бағытталған. Қажырлық- қайраттық дайындық қиындықты меңгерумен байланысты. Қажыр-қайраттық сапалардың қалыптасуы спортшының қандай қиындықтарды меңгергендігіне байланысты.



Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

6. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

2. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984


Дәріс № 19

Тақырыбы: Технико-тактикалық дайындық ұйымдастыру сатысында
Мақсаты: Волейбол спорт түрінің технико-тактикалық дайындығын сабақтың ұйымдастыру сатысында өткізу ерекшеліктерін анықтау, үйрету.

Денені шынықтырудың ролі екі бағытта көрінеді. Оқытудың бастапқы кезеңінде қозғалыс дағдысын ойдағыдай игеруге көңіл бөледі. Оқытудың кейінгі кезеңдерінде денені шынықтыру ойын дағдысын жетілдіруге жағдай туғызады.

Волейбол сабақтарында дене шынықтыруға арнаулы орын беріледі. Мұнда волейбол ойынына арнайы шынығуға байланысты жаттығатын даярлық жаттығулары жасалады. Ондай жаттығулардың қатарына тез қозғалу мен бағытты ажырату, орын ауыстыру шапшаңдығы , тез жылдамдық алып, кенеттен тоқтау, ойын әдістерін орындауға қатысатын дене мүшелерінің жылдамдығы, ептілік пен икемділікті дамытатындар жатады.

Арнайы іріктеп алынған қозғалмалы ойындар мен эстафеталық ойындарды да пайдалануға болады. МҰндай жағдайда шапшаңдық, күш, секіргіштік сияқты қасиеттерді дамытып, ойын ойын дағдыларын қалыптастырады.

Волейбол сабағында оқушылардың үлгерімін бағалағанда ойынның орын ауыстыру, допты екі қолмен жоғарыдан беру, допты қабылдау, қайыра ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою сияқты негізгі ойын әдістерін орындау сапасы негізге алынады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақ мақсатының негізінде тиісті талап қояды.

Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984


Дәріс № 20

Тақырыбы: Технико-тактикалық дайындық жарыс сатысында
Мақсаты: Волейбол спорт түрінің технико-тактикалық дайындығының жарыс сатысындағы ерекшеліктерін анықтау, үйрету.
Мектептің мүмкіндігене қарай жарыс алдында жарысқа қатысушыларға арналған теориялық, практикалық семинар өткізу керек. Семинардың теориялық сабақтар программасында, біріншіден, еліміздегі физкультура қозғалысы, осы спорт түріндегі жетістіктер, жасөспірімдер арасында өткізілетін жарыстарға сипаттама беру. Екіншіден теориялық сабақтарда волейбол жарысының ережесі, жарысты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері, ойын календарын жасау, ойын нәтижесін есептеу істердің нақтылы шаралары белгіленеді. Ол үшін жас волейболшылар маман төрешілер толтырған техникалық есепті оқып, танысады, содан соң өздері сыртқы бетін толтыру, команда құрамын дайындау, есеп жүргізу, ойыншыларды орналастыру, алмастыру жұмыстарды өздері жүргізеді. Үшіншіден, балалар ойын ережесін үйренеді. Теориялық-практикалық сабақпен ұштасады.

Ойыншылар жарысқа тек бір түсті киіммен ғана қатысады және әрқайсысының майкасына номері жазылады.

Жарыс кезінде команда құрамы 12 ойыншыдан тұрады. 6 ойыншы негізгі құрамда ғана болады да, әр партиядан ойын бастайды. Қалған артық ойыншылар ойын барысында ауысып отырады. Әр партияда ойыншыларды 6 рет ауыстыруға болады. Мұндағы бір ескеретін жағдай ойыншылар орын ауыстыруға әзір тұрады, әйткенде арнайы уақыт берілмейді. Тек қана команда мүшелерінің бірі жарақаттанып, команда құрамы түгел болмаған жағдайда болмаса, запастағылар бір партияда бірнеше рет ойынға қатыса алмайды.

Негізгі әдебиет

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984



Дәріс № 21

Тақырыбы: Нақтылы жарысқа тактиканы таңдау

Мақсаты: Жарыста тактиканы таңдау әдістерін үйрету.
Әр партия ойыны алдында техникалық есепті жүргізу қағазында ойыншылардың тұратын орнына байланысты 6 ойыншы тіркеледі. Доп беру кезінде шабуылдау шебі-алдыңғы сызықта 4,3,2 номерлер де, екінші сызық-қорғаныс шебінде 1,6,5 номердегі ойыншылар есеп жүргізу қағазына сәйкес орналасады.

Ойыншылардың алдындағы номерлеріне сәйкес тұратын орындары уақытша олардың номерлерінің санына сәйкес алаң дейміз. Айталық, ойынға қатысушы 6 ойыншының 6 алаңы бар, демек, шабуыл шебіндегілер 4,3,2 алаңдағы ойыншылар да, қорғаныс шебіндегілер 1,6,5 алаңдағы ойыншылар болып екіге бөлінеді.

Ойыншылардың қалай орналасқанын екі жағдайда тесеруге болады, біріншіден, қорғаныс шебіндегі ойыншылар алаңдағыларға қарағанда торға жақын тұрады. (А, Б, В коридорда) екіншіден ойыншылар өз орындарын сақтап, яғни 3- аймақ ойыншысы оң жақ сызыққа 2-аймақтағы ойыншыдан, сол сияқты сол жақ сызыққа 4 айиақтағы ойыншыдан жақын тұруға тиіс емес. Бұл тәртіп 6- аймақтағы ойыншының 1,5 аймақтардағы ойынышылармен ара қашықтығына да қатысты. Ойыншылар осы екі талапты сақтаулары тиіс.

Жарыс кезінде жиі кездесетін ойыншылардың орналасуы (ойыншылар кеудесіндегі номері алаң санына сәйкес). Бесінші ойыншы (әсіресе осындай ойын кезінде байланыстырушы) тордан қашық тұрады. Бұл талапты 6,3 сондай-ақ 1,2 алаңдағылар да сақтайды. Алдыңғы сызықтағы 3 ойыншыға қарағанда артқы сызықтағы 5- алаңдағы ойыншы торға жақын тұрады, өйткені олар әртүрлі «коридордікі», сондықтан ойын тәртібі бұзылмайды. Доп берілгеннен кейін ойыншылар жағдайы басқаша болуы мүмкін. Ойыншылардың дұрыс тұрмауы доп беруші жаққа жеңіліс те, доп қабылдаушы жаққа жеңіс береді.



Әдебиеттер:

1. Кофман Л.Г. «Дене шынықтыру мұғалімінің кітапшасы» 1998

2. Виленский М.Я. Савин Р.С. «Дене тәрбиесі студенттерінің кәсіби бағыты» 1989

3. Дене шынықтыру. Загорский Б.И. и др. М. 1984


Дәріс № 22

Тақырыбы: Ойынның шабуыл мен қорғаныстағы тактикасы.

Мақсаты: Шабуыл мен қорғаныс тактикасын меңгерту, әдістерін үйрету.


Шабуылдай соғуда жүгіру, секіру және жерге түсу сәттері ерекше бөлінеді. Жүгірген кезде бір адымнан үш адымға дейін орындалады.

Секірген кезде қолдың қимылын аяқтың жазылуымен сәйкестенділген жөн. Доп секірудің ең жоғарғы нүктесінде соғылады. Жерге жұмсақ түскен жөн (аяқты міндетті түрде бүгеді) (1 сурет)



Шабуылдай соғуды үйрену үшін:



  1. Бітеу допты (1 кг) екі қолмен секіріп барып бастан асыра лақтыру

  2. Гимнастикалық төсеніште тіземен тұрып допты саусақпен еден-қабырғаға сауасқпен соғу.

  3. Серппеге орнатылған допты біо орында тұрып, секіріп барып, жүгіріп келіп шабуылдай соғу.

  4. Іліп қойылған допты шабуылдай соғу. (2 сурет)



  1. Әріптесі соққан допты соғу.

  2. 3-аймақтан берілген допты 4-аймақта соғу.

Оқушылар көп жағдайда допты қаттырақ соғуға құмар болады. Алайда мұның өзі қозғалысты тежеп, дұрыс дағдылануға зиянын тигізеді. Ең бастысы қозғалысты доптың үшу траекториясымен сәйкестендіре білу. Әбден дағдыланған соң барып допты соғу күшін арттыруға болады. Шабуылдай соғу әдісін дұрыс игере алмағандарға тор арқылы әріптесі лақтырған допты соғу сияқты жаттығулар орындалады.

Тосқауыл қою, шабуылдаушы соққыдан қорғанудың сенімді жолы

(3 сурет). Оның мәні доптың келе жатқан бағытына тордың үстіне қолды уақтылы қоя білу. Шабуылдай соғуға доптың берілу бағытына және шабуылшының тұрған қалпына қарай тосқауыл қоюшы секіруге дайындалып, сонымен қатар шабуылшының қозғалысын қалт жібермей бақылайды. Тосқауыл қоюшы қолдары соғылған доппен тордың үстіне кездесетіндей есеппен секіреді және қол мен саусақтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады.

Тосқауыл қоюды игеру үшін:



  1. Бір-екі адыммен немесе екі аяқпен бір орыннан секіріп, іліп қойған бітеу допты алу.

  2. Шабуылдаушы тор арқылы екі қолмен доп лақтырғанда тұғырда тұрып тосқауыл қою.

  3. Іліп қойған допты шабуылдай соққанда бір орыннан секіріп тосқауыл қою.

  4. Тұғырда тұрып шабуылдай соққан допқа тосқауыл қою.


Шабуылдағы және қорғаныстағы әдісті қозғалыстар волейболшылардың ойын кезіндегі әрекетін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Допты ойынға қосу кезінде ойыншы қарсы жақтың оны қабылдауын барынша қиындатуғы тырысады. Көбіне доп нашар ойыншыға, немесе алаңнан бастапқы , немесе бйір сызығына қарай бағытталады. Соңғы шабуылға доп берген ойыншы оған қарсы қарап тұрады.

Оқушылар доптың үшу қашықтығы мен жылдамдығына қарай оны екі қолмен жоғарыдан немесе төменнен қабылдауды игереді. Бір ойыншы жоғарыдан екі қолмен, немесе бір қолмен соғып, түрлі траектория бойынша доп береді. Екіншісі жоғарыдан не төменнен екі қолмен допты қабылдайды, келесіде тордың екі жағынан орындалады.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Дәріс № 23

Тақырыбы: Шабуылшының тұрысы мен қозғалысы

Мақсаты: Шабуылшының ойындағы тұрысы мен қозғалысын үйрету.
Волейбол сабақтарында қорғаныс және шабуыл қозғалыстарын (волейболшы тұрысы) орындар алдындағы бастапқы қалпты, сондай-ақ бастапқы қалыпты қабылдар алдындағы орын алмастыруды және әдістерді орындау дағдысын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Негізінен бұлар өкшелей адымдау (алға, артқа, оңға, солға) қосарлай адымдау, секіру (алға, артқа) секіріп немесе тіркес адымдап барып тоқтау және жүгіру (баскетболдағыдай). Оқушылар орын алмастырудың түрлі әдістерін жетілдіріп, ойын жағдайына сәйкес (допқа дейінгі қашықтық,оның үші траекториясы) орын алмастыру әдістерін таңдап алады.

Орын алмастыру дағдысын жетілдіру және оның ойын үстіндегі тиімділігі қарсы қозғалыстың жылдамдығын дамыту дәрежесіне ойыншылардың ептіліген, олардың орын алмастыру жылдамдығына байланысты. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын орын алмастырумен сәйкестендіріп, олрадың тәсілдерін эстафеталарға, қозғалмалыойындарға пайдаланады. Орын алмастыру кезінде ойын әдістерін бейнелейтін қозғалыстар орындау пайдалы..



  1. ҮІІІ- класқа арналған 1-3 жаттығулар қайталанады.

  2. Алаңның кейбір шектерінде қозғалысты жылдамдатып барып тоқтату.

  3. Жүгіру және орын алмастыру кезінде белгі бойынша қимылды төмендетіп орын алмастыру кезінде белгі бойынша қимылды төмендетіп, орын алмастыру әдісін өзгертіп тоқтату және 180° бұрылу.

  4. 4х9 және 6х6 ерсілі-қарсылы жүгіру. Бұл 4-6 адыммен жарыс ретінде өткізіледі. Мәре бастапқы сызықтан беріліп сонда аяқталады.

  5. Бір және екі аяқпен секіру, кедергілерден өту, бітеу доптардың орын алмастыру сияқты орын алмастырудың түрлі әдістері енгізілген эстафета.

Орын алмасу және негізгі тұрыс жас волейболшының ойын айла-тәсіліне бейімделуі, доппен жасалатын түрлі қозғалыстардың дұрыс орындалуына байланысты болады. ІҮ класта ойын ерекшелігінің шарты бойынша оқушыларды жүріске немесе жүріс кезінде белгі бойынша тоқтауға үйрету басталады.

Тұрыс дегеніміз- волейболшының ойын әдістерін орындауға, яғни допты қабылдап және өз әріптестеріне беруге дағдыланған қалпы.(1 сурет)

Негізгі тұрысқа дағдылануға арналған жаттығулар:


  1. Табиғи жүріс, белгі бойынша тоқтау, солға (оңға) бұрылу

  2. Табиғи жүріс жалғасады, бірақ тоқтап бұрылғаннан кейін отырып- тұру жаттығулары орындалады.

  3. Жүріс кезінде оң аяқты алға жіберіп, секіріп барып тоқтау.

  4. Табиғи жүгіріс, белгі бойынша секіріп барып тоқтау

  5. Оң және сол бүйірмен алдыға қарап аяқты айқастыра басып жүру, одан әрі жүгіру.

  6. Жүріс және жүгіріс кезінде белгі бойынша тоқтай қалып волейболшының тұрысын көрсету.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен» 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет