«Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша



жүктеу 1.2 Mb.
бет5/7
Дата09.09.2017
өлшемі1.2 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс № 24

Тақырыбы: Екі қолмен жоғарыдан доп беру

Мақсаты: Екі қолмен жоғарыдан доп беру әдісін үйрету, меңгерту.
Жоғарыдан доп беруге үйрету ойын әдістерін меңгерудегі шешуші кезең. Өйткені бұл әдісті үйренген соң волейбол ойнауға (допты ойынға қосусыз) болады. (2 сурет волейболшының жоғарыдан доп беру тұрысы). Ойыншы алдымен доптың «астына» шығуы керек. Мұнсыз допты дұрыс қабылдау мүмкін емес. Міне, сондықтан да тез орын ауыстыры, волейболшы тұрысын өзгертудің маңызы зор.

Бастапқы қалыпта аяқ тізеден, қол шынтақтан бүгіліп, қолдың саусақтары бүгіле жайылып, бастың тұсында допқа орын даярлап тұрады. Қабылдау тізенің жазылуынан бастап, одан қол қимылға келеді. Қол допқа тиген сәтте аяқ тез жазылып саусақтардың белгілі қимылы допқа белгілі бағыт береді. Жоғарыдан доп қабылдағанда негізгі күш сұқ саусаққа және ортаңғы саусаққа түсіп, бас бармақ доптың дұрыс бағытталуына көмектессе, аты жоқ саусақ пен шынашақ допты демейді. Саусақтардың қалай дұрыс жататынын білу үшін серігі ұстап тұрған допқа қол тигізіп байқаған жөн. Допқа тек саусақтар тиюі қажет, алақанның соғылуы-өрескел қте, ойын ережесін бұзу деп есептеледі.

Жоғарыда айтылғандай, доптың «астына» шығу аса маңызды. Дегенмен қолдың допқа тиетін орнын дәл табу да ойыншының негізгі мақсаты. Осының бәрі төменде берілетін жаттығулардың сипатын анықтап, допты екі қолмен жоғарыдан беруді үйренуге жағдай туғызады.


  1. екі адам қарама-қарсы тұрып бітеу допты төбеде ұстаған жағдайдан жоғарыдан қарсыласына беру, яғни лақтыру жаттығуы орындалады.

  2. Қарсыласы бұл допты төбеден, яғни жоғарыдан қабылдау жағдайында қағып алады.

  3. Оқушы волейболшы тұрысы қалпында, қолын төбесіне –допты қабылдайтын нүктеге орналастырады. Серігі осы жайылған саусақтардың ортасына допты салады.

  4. Іліп қойған допты бір орында тұрып, жүгіріп және жүгіріп келіп тоқтаған соң екі қолмен жоғарыдан беру.

  5. Допты төбеге лақтырып екі қолмен жоғарыдан 1,5-2 метр жерге беру.

  6. Допты екі қолмен жоғарыдан қабырғаға соғып, қайталап қайтару.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 25

Тақырыбы: Екі қолмен орнынан допты жоғарыдан беру.

Мақсаты: Екі қолмен орнынан допты жоғарыдан беру әдісін үйрету, меңгерту.


Екі қолмен орнынан допты жоғарыдан беру әдісін қалыптастырып, жетілдіруге үнемі көңіл бөлінеді. Әр түрлі әдіспен орын алмастыру және допты орында тұрып қабылдау волейбол алаңының көлемінде орындалады.

  1. Допты жоғары лақтырып барып беру. ІҮ класқа қарағанда допты жоғары лақтыру және беру қашықтығы арта түседі. Допты бергенде оны белгілі нысанаға бағыттау аса пайдалы.

  2. Екі адамның бір-біріне допты беруі. Серігі биіктік пен қашықтықты өзгерте отырып доп береді. Ойын шарты алдын-ала белгілі болғандықтан допты қабылдаушы ыңғайлы қалыпта тұрады. Егер бұл тапсырманы жұптасып орындауға мүмкіндік болмаса, оқушы доптың санына қарай сапқа тұрады. Әр саптың алдында доп ұстаған оқушы болады. Бірінші тұрған оқушы допты берген соң саптың артына кетеді.

  3. 1-ші және 2-ші жаттығу қайталанады, доп тор арқылы берілеі. (жоғары лақтыру да солай)

  4. Екі адам допты бір-біріне береді. Оқушылар 6-3, 4-3, 2-3 аймақтарға орналасады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990


Дәріс № 26

Тақырыбы: Допты екі қолмен төменнен қабылдау.

Мақсаты: Допты екі қолмен төменнен қабылдау әдісін үйрету, меңгерту.


Қарсы жақ ойынға қосқан шабуылдай және алдап соққан доп екі қолмен төменнен қабылданады.

Суретте волейболшының доп қабылдауындағы негізгі тұрысы көһрсетілген. Тізесі бүгіліп, қолы допты қабылдауға алдын-ала даярланған. Қолы допты тосып алады да, допты қайтару үшін оған қарсы қимыл жасаудың қажеті жоқ.

Доп қол жіліншігімен қабылданады. Саусақтар жұмылып, төмен түсіріледі. Жұдырықпен қабылдау қауіпті, өйткені доп оған дәл тимей қисық ұшып, алаңнан шығып кетуі мүмкін. Допты қайталау үшін және ағынын бәсеңсіту үшін қабылдау кезінде екі қолдың арасы ашық болады. Бірақ оларды барынша жақын ұстау керек. Допты екі қолмен төменнен қабылдау үшін мынадай жаттығуларды пайдалануға болады:



  1. Төменгі қалыпта доп қабылдаудың бастапқы жағдайынан, аяқты жаза отырып ілінген допты соғу.

  2. Домалай түсіп келе жатқан допты төменнен қабылдау. Бұған арналған қондырғыны оңай жасауға болады. Ол үшін екі тақтай бір-біріне науа тәрізді етіліп қағылады. Оны гимнастикалық қабрғаға немесе ағашқа т.б. орнатуға болады. Бұл қондырғы жеке адамға, мысалы үйде жаттығу жасауға аса қолайлы.

  3. Серігі лақтырған немесе жоғарыдан берілген допты бір орында тұрып немесе орын ауыстырған соң қабылдау.

  4. 3-ші жаттығуды қайталай отырып, тор арқылы біріліп допты 4,3,2,6 аймақтарда қабылдау.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 27

Тақырыбы: Допты ойынға төменнен тік қосу

Мақсаты: Допты ойынға төменнен тік қосу әдісін үйрету, меңгерту




Суретте допты ойынға қосудың осы әдісі көрсетілген. Бұл әдіске үйреткенде мұғалім тарапынан оқушыларың қимылы мұқият бақыланады. Сермеген кезде ойыншының қолы артқа, ал допты соққан кезде төменнен алға қарай қозғалып, аяқтарын жазуға асықпауы, жауырынын кері серпілуі және еңкеймеуі (мұндайда доп алға қарай емес, төбеге қарай ұшады). Допты соққан кезде дененің салмағы алдыңғы аяққа түсетінін, соққан соң доптың артынан ілесе жоғары ұмтылып, тізенің жазылатынын, одан арттағы тұрған аяқпен алға бір қадам жасайтынын оқушыға қайталап түсіндірудің маңызы бар.

Допты ойынға төменнен қосуға арналған жаттығулар:



  1. Бітеу допты бір қолмен қабырғаға лақтыру және қағып алу (қашықтық 1,5-2 метр)

  2. Екі адам боп: бітеу допты бір қолмен (оң және сол) лақтыру. Қашықтық біртіндеп 8-9 метрге дейін арттырылады.

  3. Бітеу допты тор арқылы (төменгі жібі бағанаға бекітілмеген) 4-6 метр қашықтықтан лақтыру.

  4. Жіпке іліп серігі ұстап тұрған допты төменнен беру. Соққан кезде жіп жіберіледі де доп берілген бағытта ұшады.

  5. Іліп қойған допты тор арқылы 4 метр қашықтықтан беру.

  6. Төрт метр қашықтықтан допты жоғары лақтырып барып беру.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990



Дәріс № 28

Тақырыбы: Даярлық ойындар

Мақсаты: Әр әдісті меңгерткеннен кейін өткізетін даярлық ойындардың мазмұнымен. әдістерімен таныстырып, үйрету.


Үйренушілер ойынның өзіне бірден тікелей кірісуге құштар болатыны белгілі. Алайда мұғалім оларға тек ойнау әдістерін жақсы игерген адамның ғана ойыннан ләззат алатындығын түсіндіреді. Волейболға барар жолдағы баспалдақтар-даярлық ойындары. Оқушыларды «нағыз» волейболға жақындататын даярлық ойындары өте қызықты да, волейболдың түрі ретінде өткізіледі.
«Пионербол». Әр командада 6-8 оқушы қатысады. Ойын екі доппен өткізіледі. Ойын допты жоғары лақтырып, тордың үстінен беруден басталады. Мақсат- доптардың алаңның бір жағына шығарылуы. Мұндай жағдайда қарсы жаққа ұпай беріледі. Белгілінген ұпай санын бұрын алған команда жеңімпаз атанады.
«Доп әуеде». Ойыншылар 6-8 оқушыдан шеңбер құрып, ортасында доп ұстаған жетекші тұрады. Белгі бойынша әр топтың жетекшісі өз командасының ойыншыларына кезекпен доп береді. Ойыншылар допты жетекшіге екі қолмен жоғарыдан қайтарып тұрады. Доп беру санын өзгелерден бұрын орындап, қатені аз жіберген (доптың түсіп кетуі т.б.) команда жеңімпаз атанады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990

Дәріс № 29

Тақырыбы: Допты әр түрлі әдістер арқылы беру әдісі.

Мақсаты: Допты бір- біріне беру айла-тәсілдерінің түрлі әдістер арқылы үйрету.

Допты бір-біріне беру айла-тәсілі кз келген сабақта өзінің қажетті дәрежесінде үйретіледі. Бұл бітеу доптарды лақтыру мен қағып алу жаттығуларына да байланысты.

Торға параллел бағытта және тор арқылы қарсы саптарда доп беру. Қарсы саптарда доп беруге оқушылар ҮІІ класта дағдылана бастайды. ҮІІІ класта сол дағды ойын жағдайына жақындап жетілдіре түседі. Соған орай өткен кластың бағдарламасын қиындату арқылы ойын дағдысы қалыптасады.



  1. Жұптасып доп беру. Оқушылар 3-4, 3-2 аймақтарға және алаңның ішкі түпкіріне орналасады. Барлық ойыншылар тор жанында болғаннан кейін ғана олар алмастырылады. Бұл жаттығуды қосымша торларда немесе екі алаңда орындалады.

  2. Жұптасып допты тор арқылы беру. Оқушылар 4-2, 3-3, 2-4 алаңдарға орналасады. Орындау дәл 1 жаттығудағыдай.

  3. Оқушылар екі саппен 2 және 4 аймақтарға орналасады. 2-аймақтағы саптың алғашқысы бітеу допты 4-аймаққа лақтырып, өзі саптың соңына барып тұрады. 4-аймақтағы саптың оқушысы допты 2-аймаққа лақтырып, өз сапының соңына кетеді. Бір кезек доп лақтырған соң саптар орын ауыстырады.

  4. Оқушылар 3-жаттығудағыдай орналасады. 2-аймақтағы ойыншы бітеу допты төбесіне лақтырып қағып алады да 4-аймаққа лақтырады, сонсоң қарсы бағыттағы колоннаға қарай жүгіреді. 4-аймақтағы оқушы допты қағып алып, төбесіне лақтырып қайта қағып алған соң 2-аймаққа лақтырады. Мұның кейін қарсы беттегі саптың соңына барып тұрады.

  5. 4- жаттығудағы қозғалыс қайталануы, тек ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен береді.

  6. 5- жаттығудағы қозғалыс қайталанады, тек ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қарсы сапқа береді.

  7. 6-жаттығудағы қозғалыс қайталанады. Бұл жолы доп бірден қарсысапқа беріледі.

  8. Қарсы саптар тордың екі жағына 2-4 аймақтарға орналасады. Допты тор арқылы бергеннен кейін оқушылар өз сапының соңына барып тұрады.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990
Дәріс № 30

Тақырыбы: Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісі

Мақсаты: Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісін үйрету, меңгерту.

Допты негізгі бағытқа арқамен тұрып беру әдісі шабуылдап соғу үшін допты барынша тәсілденген шебер ойыншыға беру үшін пайдаланылады. Немесе қарсы жақтың доптың берілу бағытынан жаңылдыру мақсатында қолданылады.

Суретте бұл әдістің қалай орындалатыны көрсетілген. Бастапқы қалыпта оқушы қолын алға-жоғары қарай доп бергендегіден биігірек, төбесіне ұстайды. Доптың берілуін нақтылы бақылау үшін бас кейін қарай шалқая түседі. Қол мен жауырын кері қарай ығысып аяқ нық тұрады. (көбіне аяқтың бірі-сол аяқ алда). Доп беру жауырынды кері-жоғары серпу, сондай-ақ қолды иық тұсынан (шынтақты бүкпей) кері айналдыру есебінен жүзеге асырылады. Допты бұлайша беру кезінде торға бір бүйірлей тұру қажет, әйтпесе доп торға не жетпей қалады немесе асып кетеді.

Допты негізгі бағытқа теріс қарап тұрып беру тәсіліне үйреткен кезде жаттығулар тура қарап тұрғандағыдай орындалады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі ескеріледі.





  1. Үш адам болып орындайды.(3 сурет). Бірінші ойыншы 2-ге, ол 3-ге арқасып беріп тұрып бітеу допты лақтырады, сонсоң 3- ойыншыға бетімен бұрылады да допты кері бағытта: 3- ойыншы екіншіге, 2-ойыншы – 1 ойыншыға т.б. береді.

  2. Бұл жаттығуды жұптасып орындайды. Допты төбеге секіріп лақтырып, 180 °-бұрылып қағып алу, одан қарсыласына арқасымен тұрып доп лақтыру.

  3. Іліп қойған допты беру.

  4. Жұптасып орындайды. 1-ойыншы 2-ге арқасын беріп тұрып допты төбесінен асыра лақтырады. 2-ойыншы допты қағып алып оған арқасын беріп бұрылады да допты төбесінен асыра лақтырып, қайта береді. Жаттығуды орындау жалғаса береді.

  5. 2-жаттығу қайталанады., бірақ волейбол добыменорындалады. 2-ойыншы допты негізгі бағытқа арқасын беріп тұрып лақтырады.

  6. Бұрын үйретілген –топталып доп беру әдістерінен құрастырылған жаттығулар.

  7. 6-жаттығу қайталанады. Бірақ арқасын беріп тұрып доп берген соң, мысалы, 2-аймақтан допты тор арқылы секіріп беру.

Ойын барысында сәтсіз қабылдаудан, басқа жағдайлардан доп кейде торға соғылады. Егер ол үшінші рет қабылданған болса, әрине ойын ережесі бұзылады.

Егер доп бірінші (допты алғашқы қабылдау) не екінші қабылдау болса, онда жағдайды әлі де түзетуге мүмкіндік бар. Екінші қабылдаудан кейін үшінші рет қабылдаудың өзіндік ерекшелігі бар екенін ұмытпаған жөн. Доп екінші рет қабылданғанда мүмкіндігінше жоғары көтеру жеткілікті, ал үшінші рет алынатын болса, оны қалай да тор арқылы өткізіп, қарсы жақтың осалдау тұсына беріледі.


Қолданылған әдебиеттер:

1. Холодов Ж.к. Кузнецов В.С.- «Теория и методика физического воспитания» - М., 2001.

2. Матвеев Л.П. - «Теория и методика физического воспитания» - М., 1991.

3. «Мектепте волейболды оқыту» - әдістемелік нұсқаулық, Алматы-1990



Тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар

1 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыбы: Волебол сабағындағы арнаулы жаттығулар.

Мақсаты: Волейбол ойынына тән дене қабілетін дамыту.
Жұмыс барысы:

Волейбол сабағында жалпы дамыту жаттығуларын орындағаннан кейін арнаулы дайындық жаттығулары өткізіледі. Оған қозғалыс реакциясының жылдамдығымен бағдарлай білу, тез орын алмастыру, секіргіштік, қол буындарының күші мен ептілігі, статистикалық қалыптан қозғалысқа көшудің жеделдігі сияқты қасиеттер жатады.

Арнаулы дайындық жаттығуларын өткізудің мақсаты- ойынның айла-тәсілдерін дағдыландыру, яғни шабуыл және қорғаныстағы әдістерді жетілдіру. Жеңістің кілті болып есептелетін допты шабуылдап ойынға қосудан, оны өзара беруден, шабуылдай соғудан тұратыны белгілі. Егер ойыншылар түрлі әдістерді жақсы игерген болса, ойын да барынша қызықты болмақ.

Волейболшылар допты ойынға берудің бірнеше түрін (тура, жанама, астынан) игереді.Допты шабуылдап ойынға қосқанда әртүрлі әдіспен беру қарсы жақтың ойынын қиындата түседі. Алайда допты берудің мұндай тәсілдерін игеру үшін иық, шынтақ буындарының қимылдық қабілеті мен күші жеткілікті болуы керек. Өзара беру, шабуылдай соғуда допты қатты ұшыру үшін қолды сілтегенде иық, шынтақ буындары бос болады. Шабуылдың барлық әдістерін игеру – икемділік, күш, секіре білумен қатар координация, кеңістікте бағдарлау, т.б. қасиеттерге дағдылануына байланысты. Ал мұның өзі дененің қозғалыстық қабілетін арттыратын арнаулы жаттығуларды орындау арқасында іске асады. Қорғаныс кезінде алаңдағы, яғни доп түсетін орынды білу-ойыншының ерекше қасиеттері. Доп төмен және шапшаң берілсе, жағдайды шапшаң бағдарлау, тез қозғалып допты ұмтылып, немесе айналып барып қабылдау- жеңіс бастамасы. Бұл әдістерді үйренуде акробатикалық жаттығулардың пайдасы осында керек. Арнаулы дайындық жаттығулары сабақ барысында волейбол ойынының айла-тәсілдерін үйренуде негізгі роль ойнайды.


Үйге тапсырма

Арнаулы дайындық жатығуларының кешенін құрастырып , сабақ жоспарын жасау.


Қорытынды сұрақтар:

  1. Арнаулы дайындық жаттығуларын қандай мақсатпен өткізеді?

  2. Волейбол сабағында қандай қасиеттер дамиды?

  3. Шабуылдық, қорғаныстық әдістердің түрлерін ата?


Әдебиеттер:

  1. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

  2. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.

2 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар



Тақырыбы: Допты ойынға төменнен тік қосу әдісі.

Мақсаты: Допты ойынға тік қосу әдісін қолдануды үйрету әдістемесін меңгерту.

Жұмыс барысы:

Суретте допты ойынға қосудың осы әдісі көрсетілген. Бұл әдіске үйреткенде мұғалім тарапынан оқушылардың қимылы мұқият бақыланады. Сермеген кезде ойыншының қолы артқа, ал допты соққан кезде төменнен алға қарай қозғалып, аяқтарын жазуға асықпауы, жауырынын кері серпілуі және еікеймеуі (мұндайда доп алға қарай емес, төбеге қарай ұшады). Допты соққан кезде дененің салмағы алдыңғы аяққа түсетінін, соққан соң доптың артынан ілесе жоғары ұмтылып, тізенің жазылатынын, одан арттағы тұрған аяқпен алға бір қадам жасайтынын оқушыға қайталап түсіндірудің маңызы бар.

Допты ойынға төменнен қосуға арналған жаттығулар:


  1. Бітеу допты (1 кг) бір қолмен қабырғаға лақтыру және қағып алу (қашықтық 1-2 метр)

  2. Екі адам боп: бітеу допты бір қолмен (оң және сол) лақтыру. Қашықтық біртіндеп 8-9 метрге дейін арттырылады.

  3. Бітеу допты тор арқылы (төменгі жібі бағанаға бекітілмеген) 4-6 метр қашықтықтан лақтыру.

  4. Жіпке іліп серігі ұстап допты төменнен беру. Соққан кезде жіп жіберіледі де доп берілген бағытта ұшады.

  5. Іліп қойған допты тор арқылы 4 метр қашықтықтан беру.

  6. Төрт метр қашықтықтан допты жоғары лақтырып барып беру.


Тарататын тапсырма. 6-7 сыныптарда ұйымдастыратын волейбол ойынына даярлық ойындарын өткізу.

«Тор арқылы екі доп». Ойын «Пионербол» материалына құрылады. Бірақ мынадай ережелер енгізіледі:

А) доп тор арқылыекінші ретте ғана беріледі, яғни қарсыласынан алған допты тор жанында тұрған өз ойыншысына береді;

Ә) торға жақын жерде қарсы жақтан келген допты екі қолмен жоғарыда беру арқылы қайтаруға болады;

Б) қарсыласыңнан допты екі қолмен төменнен қабылдауға болады; Вариант: ойынның басында әр команда екі доптан-4 доп. Барлық төрт доптың алаңның бір жағына шығуына мүмкіндік жасалады. Мұндайда командаға бір ұпай қосылады.

Үйге тапсырма

Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру түрлеріне, спорт түрлерінің классификациясы, түрлерінің сипаттамасы, сабақ және сабақтан тыс түрлеріне әдістемелік талдау.


Қорытынды сұрақтар:

      1. Дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру түрлеріне қандай?

2.Сабақ және сабақтан тыс жұмыс түрлерін ата?

3. Спорт түрлерінің классификациясы мен түрлеріне сипаттама жаса.


Әдебиеттер:

1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001

2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

3.Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.


3 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Жаттығу сабақтарын өткізу.

Мақсаты мен міндеттері.


Мақсаты: Жаттығу сабақтарында өткізетін негізгі жаттығуға сәйкес кіріспе және дайындық жаттығуларын іріктеп алуды қалыптастыру. Әртүрлі ерекшеліктеріне сай дене жаттығуларын топтастыруға үйрету.

Жұмыс барысы:

№1. Таратылатын материалды қолданып, дене жаттығуларының ерекшеліктеріне сай топтастырыңыз.

№2. Таратылатын тапсырма қолданып дене жаттығуларын негізгі, кіріспе және дайындық жаттығуларына топтастырыңыз.

Тапсырма № 1.

Әр түрлі белгілеріне сәйкес дене жаттығуларын топтастырыңыз.


      1. Велосипед тебу.

      2. Бір және екі аяқпен орында секіру, алдыға жылжу, орында тұрып ұзындыққа секіру.

      3. «Пятнашки» қозғалмалы ойыны

      4. Вертикальды бөгетті тіреліп және тірелмей өту, екі жәнебір аяққа түсу.

Тапсырма № 2

Арқаға жатып, екі қол жанда:

1-аяқты түзу көтеріп, түсіру

2- БЖ


Үйге тапсырма

Жаттығу сабағына әдістемелік талдау жасау. Сабақ жоспарын құрастыру.


Қорытынды сұрақтар:

Жаттығу сабағы қандай бөлімдерден тұрады?

Сабақтың әр бөліміне анықтама бер?

Жаттығу түрлеріне сипаттама бер.


Әдебиеттер:

1.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989

2. Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» - М.,1979.

3. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.


4 тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Жүктемені бөлу
Мақсаты: Жүктемені оқушының жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай бөлуді үйрету. Практикалық тапсырмалар арқылы жүктемені реттеу, хронометраж жасауды үйрену.

Жұмыс барысы:

Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты- оқушылардың қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу. Жүктеме дегеніміз-жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз-оның көлемін және қарқындылығын өзгерті. Жүктеме көлемі дегеніміз-орындалған дене қуаты жұмысының саны (өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайталау саны, ауырлық салмағы т.б.)



Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші – жүрек соғу жиілігі.
Тапсырма №1. Дене тәрбиесі сабағының хаттамасы бойынша сабақ тығыздығын анықтаңыз.

Оқушылардың әрекеттерінің мазмұны

Әрекеттің аяқталған уақыты

Мұғалімді тыңдау, кезек тосу

Жаттығуларды орындау

Мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыт

Сапқа тұру, рапорт беру, сабақ міндеттерін түсіндіру

8.02

2







Саптық жаттығулар

8.03.




1




Жүру, жүгіру жаттығулары

8.08.




5




Орнында тұрып орындаған жалпы дамыту жаттығулары

8.15.




7




Сапқа тұрғызу, тапсырманы түсіндіру

8.17.

2







Негізгі жаттығуларды орындау

8.22




5




Қатесін түзету

8.23

1







Тапсырма беру

8.25

2







Жақындататын жаттығуларды орындау

8.35




10




Қателерін түзету, қайталап түсіндіру

8.36.

1







Жылдамдықты дамыту жаттығулары

8.41.




5




Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары

8.43.




2




Қорытынды жасау, үйге тапсырма беру

8.45.

2







Барлық уақыт

45 мин

10 мин

35 мин

00 мин

Ескерту: Әрбір әрекетке жұмасаған уақыт секундомер бойынша 2 бағанада белгіленген алдыңғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3,4 бағаналардағы мақсатқа сәйкес жалпы уақытына бөлу, 100 пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздылығы анықталады.


Жалпы тығыздық = Мақсатқа сәйкес кеткен уақыт х100 %= 100 %

Жалпы сабақ уақыты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет