Геннадий Головкин ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті болып сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2015 жылдан бері бұл қызметті Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, олигарх Тимур Құлыбаев атқарып келген. Басшылықтағы ауыс-түйіс комитетке қатысты сыни пікірлерден кейін болды.

Оның кандидатурасына Ұлттық олимпиада комитеті кезектен тыс жалпы ассамблеясының отырысында дауыс берген.

ҰОК кейінгі кездері жұртшылықтың сынының нысанасына айналған еді. Қаңтар айында мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи олимпиададағы төмен нәтижелерді Ұлттық олимпиада комитетін (ҰОК) басқаруға – кәсіпкер Тимур Құлыбаевтың келуімен байланыстырған.

  • "Мемлекет араласа алмайды": Ұлттық олимпиада комитеті депутаттардың сынына жауап берді
  • "Кім көрінген басқарып жүр": Депутат спорт федерацияларының басшыларын сынға алды

Құлыбаевтың ірі кәсіпкер екеніне тоқталған депутат “елдің мұнайын сатып қалтасын толтыруды ойлаған ол спортты қайтсін” деген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 1983 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Ол – орта және екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін кәсіпқой боксшы. Әуесқойлар санатында олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2004), әлем чемпионы (2003). Кәсіпқойлар арасында IBF, WBA және IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Бұған дейін Ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылғаны хабарланған.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.