Нұрқанат Серікбаев Грузияда өтіп жатқан Grand Slam турнирінде чемпион атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұрқанат Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде 60 келі салмақта алтыннан алқа тағып, жарыс жеңімпазы атанды. Ол алғашқы айналымда колумбиялық Иохан Роджасты ұтса, екінші белдесуінде израилдік Йехонатан Векслерді айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалда украинлақы Дилшот Халматовты, жартылай финалда әзірбайжан Балабай Агаевты иппонмен ұтып, финалда Иам Волчакты да таза жеңді. Осылайша, Нұрқанат алғаш рет Grand Slam турнирінде топ жарды.

Айта кетейік, қыздар арасында сынға түскен 48 келідегі Ғалия Тынбаев та жарыстың қола жүлдегері атанды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.