Тақырыбы: Алтын күз Музыка ойнап, әсем безендірген залға балалар келіп кіреді



жүктеу 39.39 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі39.39 Kb.

Ақтөбе қаласы № 31 «Күншуақ МДҰ тәрбиешісі

Прмағанбетова Айнагул Әлібекқызы.



Тақырыбы: Алтын күз

Музыка ойнап, әсем безендірген залға балалар келіп кіреді.

1 .Жүргізуші : 
Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, асыға күткен күзмерекесі де келіп жетті. Баршаңызды алтын күзмерекесіменқұттықтаймыз! Құттықтай отырып бүгінгі біздің топтың «Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! 
Төңірек толы сары алтын 
Күз келді туған жеріме 
Шуағы нұрлы жайнаған 
Алтын күз әсем айналам 

Мерекесі халықтың 
Алтын күзді бастайық, 
Алтын күзге арналған 
Ертеңгілігімізді бастайық! 
Ортамызға балаларды шақырып қарсы алайық! 
 
2 Жүргізуші : 
Тоңазып атырап, 
Көп жеміс піседі. 
Сарғайыпжапырақ, 
Судыраптүседі. 
Үстінедеегінжай, 
Салқынжелсоғады. 
Гүл,жапырақшөптер де, 
Қуарып солады. 
Айтыңдаршы,балалар?!
Бұлқайкездеболады? 
-Біздің балалар сіздерге арнап «Алтын дала » ән дайындап келіпті. Қошеметпен қарсы алып, тамашалайық!
Ғажайып сәт:Әуенмен залға күз ханшайымы келеді. 
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелерің құтты болсын! 
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан 
Білмеймін тонғаныма, тойғаныма, 
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан – деп Абай атамыз жырлағандай бүгін сендердің мерекелеріңді бірге қарсы алуға менде келдім. Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін! 

Жүргізуші:
- Айтқаныңыз келсін, күз ханшайымы. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге «Алтын күз» дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші? 
Күз ханшайымы: 
-Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. 

«Жапырақтар» биі
Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. «Тәтті тосап » 
Ойыншарты: Көкөніспен жемістер араласып жатады.Балалар жемістерді теріп алып банкага салу керек.

Жүргізуші:
- Күз мезгіліөзінің жомарт бау бақшасымен керемет емес пе?! Күз байлығын атай беретін болсақ шегіне жете алмаспыз. Біздің балалардың жемістер туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

1.Қыдыртып біздерді

Кел жемісті алтын күз.

Өлкемізге күз келді.

Куанышты халқымыз.

2.Сәбізі мол теретін.

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

4. Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп беретін.

Той жасайды халқымыз.

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін жинаймыз.

5.Қыстың жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Желге қонып үлгермей. .
Жүргізуші:
- Балалар, Алтын күз бізге көкөніс пен жеміс байлықтарынан басқа несімен танымал? Әрине өзгешеліктерімен! Ал күз мезгілінде қандай өзгешеліктер болады? (балалар бірінен кейін бірі күз мезгілінің өзгешеліктерін атайды)
• Күн суытады 
• Жапырақтар сарғайып жерге түседі 
Жеміс-жидектер піседі 
• Құстар жылы жаққа ұшып кетеді 
Жаңбыр жауады 
• Егін жиналады 
• Үйлерін ақтайды,сырлайды 

Ән: «Жеміс тердім»
«Саңырауқұлақтар» биі

Күз ханшасы: 

-Жарайсыңдар, балалар! Сендер әрі тапқыр, әрі өнерлі балалар екендеріңді дәлелдедіңдер! Маған сыйлаған әсерлі көңіл күйлерің үшін сендерге сыйлығым бар!
(балаларға әкелген сыйлықтарын беріп, рахметін айтып қоштасып кетеді)
Жүргізуші:
-Рахмет саған Алтын күз! Біздің елге тағы да қош келдің! Өзіңнің керемет табиғатыңмен, астық байлығыңмен бізді қуанта бер!

Осымен «Шаттық» арнайы ересек тобының қатысумен «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Ата-аналар мен ұстаздарға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мың алғыс! Көріскенше қош сау болыңызар! Амандықта жүздесейік!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет