Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық теннисші ширек финалда отандасы, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченкомен шеберлік байқасты.
Бұл қазақстандық теннисшілердің өзара алғашқы кездесуі еді.
Бірінші партияда Шевченко 6:4 есебімен басым түсті. Содан кейін Бублик күш алып кетті — 6:3, 6:4.
Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Шевченко 3 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Бубликтің жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.