Хромтау қаласы мен Қарабұтақ ауылы арасында 30 шақырымдық көлік кептелісі орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазавтожол

"ҚазАвтоЖолдың” мәліметінше, Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жол жөндеушілер тәулік бойы жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Ауыр жүк көлігінің жүргізушілері көліктерін 4 шақырымға екі-үш қатарға қойып қойған. Бұл жол бөлігіндегі қарды тез арада тазалауға кедергі келтіріп, жолшылардың жұмысына кедергі келтіруде.

  • Астанада қатты желден "Рухани жаңғыру" символы құлап қалды
  • "Көктемде көре жатармыз": Төтенше жағдайлар министрі су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды айтты

Кептелісті жою үшін ауыр жүк көліктерінің иелері іздестіріліп жатқаны хабарланды.

Бүгін яғни 11 ақпанда жеңіл көліктер үшін Ақтөбе – Хромтау бағыты ашылды.

Бұған дейін Ақтөбеде ақтүтек бораннан бірнеше ықшамаудан су мен жарықсыз қалғаны хабарланған.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.