Тақырыбы: «Қазақстан Мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің ролі»



жүктеу 80.41 Kb.
Дата23.02.2018
өлшемі80.41 Kb.
түріӨмірбаяны


Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

Жарлы ауылы

Байғанин орта мектебінің

Аға Тәлімгері

Абдуова Гулзат Кайратовна


Тақырыбы: «Қазақстан Мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің ролі»
Мақсаты: оқушыларды Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаянымен, еңбек жолымен таныстыру, есімін сыйлап құрметтеу, нақыл сөздерін жаттап, мағынасын түсіндіру, еңбегі мен өмірін өнеге, үлгі тұту.
Өту әдісі: дөңгелек үстел


  1. Ашылуы.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар 1- желтоқсан 2012 жыл Елбасы күнін атап өту мақсатында өткізгелі отырған «Қазақстан Мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің ролі» атты кешке қош келдіңіздер!

Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғанына 20 жылдан асты. Сол жылдардан бері елімізді Н. Назарбаев басқарып келеді. 1990 жылы республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Әрине, ел басқару екінің бірі, егіздің сыңарының қолынан келетін өнер емес. Жалпы өнер атаулының оңайы жоқ. Соның ішінде ел басқару өнері – қиынның киыны. Баланың да, дананың да бабын біліп, жұрттың бәрімен де ортақ тіл тауып, байтақ қауымның көңілінен шығу үшін бірегей білім, бай тәжірибе ғана емес, тума талант, дарабоз дарын керек-ақ!



Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын.

Бүгінгі дөңгелек үстелімізді ашу рәсімін мектеп директорына ұсынамыз

1. Мектеп директоры: Есқазиева Нұрсаяға беріледі.

2. Ауыл әкімі: Бітімбай Сүлейменге сөз беріледі.


Жайна, жасан, құлпыра бер, далам-ау,

Соны көріп таң-тамаша қалам-ау!

Мүмкін емес сондықтан да өзіңді

Азияның барысына баламау!

Кеткен есең түгенделіп басқаға,

Сарарқада салдың жаңа астана,

Сәулеті мен салтанатын бүгінде

Үлгі қылып жатқа және досқа да.



Би: «Астана» биі. Орындаушылар: «Шапағат» бишілер тобы.
Баяндама. «Ел сенімін арқалаған Елбасы»

Оқитын: тарих пәнінің мұғалімі Мир Гүлназат

Елбасының ойлайтыны – ел қамы,

Зиялы елді тебіренту толғамы,

Қазақ деген елге керек әрдайым

Ерен бірлік, ынтымақтың болғаны.
Президентімен тербелісте жер бесік,

Бұл заманда күрес керек бел шешіп.

Елбасының Жолдауында жыл сайын

Бір жаңалық көтереді еңсесін.


Елбасы атын бүгін әлем білген,

Таппадым өр Тұлғаны теңер кіммен?

Қуанып елмен бірге,

Шын жүректен

Жолдадым ойларымды өлең-жырмен!

Ән: «Көк тудың желбірегені.»

Орындайтын: Қалмұрат Медет

Сұрақ – жауап бөлімі

1 – сұрақ . Н.Назарбаев Қазақ КСР – ның президенті болып қашан сайланды?

1990 ж. 24 - сәуірі — Қазақ КСР президенті.
2 – сұрақ. Н.Назарбаев қай жылы, қайда дүниеге келді?

1940 ж. шілденің 6 күні Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
3 – сұрақ. Н.Назарбаев қай оқу орнын бітірді.

1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

4 – сұрақ .1969 – 1973 жылдары Н.Назарбаев қандай қызмет атқарды?

1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

5 – сұрақ

Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы қашан болды?

1992 ж. Қазан-қараша Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы.



6 – сұрақ

Қ.Р рәміздері қашан қабылданды?


1992 ж. 4 маусым Ту, Елтаңба, Әнұран қабылданды.
7 – сұрақ Нұрсұлтан деп кім қойған?

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».



8 – сұрақ Н.Назарбаевтың әкесінің аты кім? Қайда, қай жылы дүниеге келді.

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

9 – сұрақ Н.Назарбаевтың анасы туралы не білеміз.

Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

10 - сұрақ. Қазақстан қай жылы ОБСЕ – ге төраға болды?



2010-2011 жылдар Қазақстан үшін елеулі тарихи оқиғаға толы жыл болды. Бұл жылы біз дамыған әлем мемлекеттерінің қатарында басымызды жоғары көтеріп, аяғымыздан нық тұрып өз күшімізбен қуатымызды әлем алдында көрсете алдық. ОБСЕ-ге төраға етіп көптеген мемлекеттердің арасындағы саяси шиеленістерді шештік. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласындағы самиттің тарихи маңызы өте зор, себебі болашақ – ұрпақтың көкірегінде патриоттық сезімнің алаулап ұшуына үлкен септігін тигізді. 7-ші қысқы Азия ойындары халықтың спортқа деген қызығушылығын, салауатты өмір салтын ұстанатын, рухы таза – бойы әсем, жігері берік ел екендігін көрсетті.
Жүргізуші: Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Елім, Жерім, Отаным, бақ - дәулетім, Сен менің арым, бағым, барымсың,
Болашағым, өнер - білім, өркенім. Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, Қазағымның өркендеді елдігі. Өмір жолы болған қиын бұралаң. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында, Қазағымды жарқын жолға бастады, Ағалардың ұмытылмас ерлігі, Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.. Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Естімейік енді елдің жылағанын,, Астанамен айшықталған ортасы. Қайта құлап, бостандық сұрағанын. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Абылайдың жолымен алға басқан,, Бұның бәрі Елбасының арқасы, Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.. Шықты тарап ой - данадан, Бері қарап жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті Биіктей бер, Нұр аға, Гүлдене бер, Отаным,
Қыран қанат талмасын. Көтерген туын Нұр ағам!
Қадірлемей тұра ма, Көбейткен достың қатарын,
Халық сіздей тұлғасын. Нұр аға – біздің ұлы адам.
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, Бостандық құтты болсын ерікті ел
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Бостандықты аңсаған батырлардың
Ақ ниетті халық деген данам бар. Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Егемен елімнің ертеңі деп, Серпігенде бодандықтың тұманын,
Елбасы баға берді жастарыма Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім.
Оқу оқы білім ал, елің үшін Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма. Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

«Үшқоңыр» әні, орындайтын:.Шауқарбай Айсұлтан....................................................

Жүргізуші: Атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу кез келген адамның қызығушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Президентімізге қатысты. Бұл көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның аспаны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толғандырады. Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған. Ата - анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа кенелтті. Әйтеуір шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамның дауысы естілді.
Жүргізуші: Нұрсұлтан үшін алғашқы мектеп қоңырауы Шамалған ауылында соғылды. Бұл мектепте әртүрлі ұлт пен этнос өкілдері оқыды, сабақ берді. Мүмкін осы жерде білімге деген құштарлық пен шыдамдылық, адамдарға деген ерекше ашықтығы қалыптасқан болар.
Оныншы сыныпты Нұрсұлтан Қаскелеңде алтын медальмен аяқтады.
Жүргізуші: Отбасындағы тұңғыш ұл, сондықтан мойнында аса үлкен жауапкершілік. Ата - анасына көмектесіп, уақытша өз арман - мұратын ұмытуға тура келді. Сондықтан «Ленинская смена» газетінде Бүкілодақтық комсомол құрылысы – металлургиялық комбинаттың жастарды шақыруы туралы оқып, Нұрсұлтан металлург мамандығын алу үшін сонда баруды шешті. Ата - анасы бұл шешімге қарсы болмады, оны қолдады. Алда Днепродзержинскіде болат қорытушы мамандығына оқу, кейін Теміртауда жаңадан салынған металлургиялық комбинатта мамандығы бойынша жұмыс істеу күтіп тұрды. Бұл қала мен комбинат кісілері шынымен болашақ ел президентінің өміріне зор әсерін тигізгені анық.
Жүргізуші: Н. Назарбаев «Сындарлы он жыл» кітабында былай деп жазады: «Әлі тәжірибесіз балаңдау шағымда, көмейінде от пен металл ойнақ салған алып шомбал пештің жанында тұрғанда немесе қаңылтыр қақтау станының құлақ жаратын тарсыл - гүрсілін ести жүріп жұмыс істеген кездерде, мен сайын даланың жанға дауа саумал самалын аңсайтынмын, екіндінің шырт тыныштығында ұйып тұрған жусан иісін құныға сіміргім келетін. Әсіресе мың градуста сарқылдап қайнап жатқан металдың сенен санаулы - ақ метр жерде тұрғанын, мұндайда күрделі металлургиялық процесте бола беретін, сенің аңдаусыз қимылың мен күтпеген техникалық кездейсоқтықтарды елестеткенде, балаң жанның баршасына тән қай - қайдағы үрей мен толқынысты сәттер есімде қалыпты».
Жүргізуші: 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984 - 1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990 - 1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан - сәуір айлары) болып қызмет атқарды.
Жүргізуші: Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.
«Егемен Қазақстан» әні.....................

Орындайтын: Облыстық «Балдәурен» оқушылардың шығармашылық фестивалінің жеңімпазы, аудандық ән байқауларының жүлдегері Болатұлы Рахмет.


Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік - тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.
2 - жүргізуші: Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік - тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н. Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.


«Жаса Қазақстан» әні: Ернар мен Есқуат


Жүргізуші:

Би: «Қазақ биі» Шапағат бишілер тобы

Ел қамын жейтін ерлерді

Қолдайды халқы қашанда.

Отаншыл болсын басшылар

Ел басқару жолында.

ХХІ ғасыр он жылын

Татулықпен өткіздік.

Еліміз тыныш болсыншы,

Желбіресін бейбіт көк туым.

География пәнінің мұғалімі Қайдасов Серікбай ағай сөз сөйледі.



Мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі Абибулла Ақберенге қорытындылау сөз береміз.

Ән: Мектеп гимні Орындайтын: Болатұлы Рахмет
Келесі аптада дөңгелек үстелде жақсы пікір білдірген оқушылар мектеп әкімшілігінің граматаларымен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет