Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары (тәрбие сағаты) Мақсаты



жүктеу 69.28 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі69.28 Kb.

Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары (тәрбие сағаты)

Мақсаты: Қазақтың ырым және тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері,
Әдісі: Түсіндіру, баяндау
Барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа балаға, малға, әйел адамға байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі.

IV. Ырым және тыйым сөздер

Сабира: -Ырым - халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ырымның жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы,  "шешен болсын" деп аузына түкіру, "отаншыл болсын" деп туған жерге аунату, "ер жүрек болсын" деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар.

Өмірде, тұрмыста, салтта жасалатын ырымдар саны көп және оны қолайлы сәтінде халық ұмытпай қолданған, әлі де қолданып келеді.

Мысалы, сараң адам жомарттық жасаса, естіген адам "мынау бір шөп басын сындыратын іс екен" деп жерден шөп алып сындырады.

Келін түскенде, келіншек босанғанда, жас отау шаңырағы көтерілгенде жасалатын жақсы ырымдардың бірі - отқа май тамызу.

От - халық зердесінде қасиетті ұғым. "От ана", "отың өшпесін", "ошақтан от кетпесін" деген ұғымдармен қатар "Отпен аластау" да ертеден келе жатқан ырым.



Амина:- Жаңа үйге көшіп кірерде үйдің босағасына май жағады. Бұл - осы үй берекелі, майдай жұғымды, адам көп келетін үй болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек деп ырымдайды.

Ақындарға, әншілерге, палуандарға, тағы да басқа елге белгілі, қадірлі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе сарқытын жегізіп, оның отырған орнына аунатып алады. Бұл - "сәби сол адамдардай өнер қонған белгілі кісі болсын" деген ізгі ниеттен туған жақсы ырым.

Қалы үлкейіп кетпесін деп қалмен туған балаға Қалдыбай, Қалдыгүл деп ат қояды.

Сәбиге көз тимей ержүрек болып өсуі үшін әрі сәби шошымасын деп бесігінің басына пышақ, қайрақ, қамшы қояды, немесе үкінің қауырсынын, тоғыз көз моншақ, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады.



Сабира:

Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, "көз тиеді" деп түкіртеді.



Торға түсіп немесе үйге қамалып қалған құсты ұстаған соң, "бар пәлекет осы құспен бірге ұшып кетсін" деп басыңнан үш мәрте айналдырып, босатып жібереді. Ырымдардың түрлері саналуан . солардың біразын тыңдап көрелік.

Темірлан: - Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп ырымдаған.

  • Көк шөп жұлмайды, ағаш бүрлерін үзбейді, көк шыбықты сындырмайды, жас өндірдің бәрі бақыттың, өмірдің бастамасы, бар тіршіліктің қайнар көзі деп білген.

Ғани: - Нанның қиқымын жесең-бай боласың деген.

  • тұзды бейберекет шашпайды«астың иманы- тұз» деп қарайды. тұз төгілсе ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. жерге төгілеген тұз еріп жоғалғанша со тұзды жерге төккен адам тұздай ашты тұрмыс кешіреді деп ырымдайды.

Аяулым:

  • таңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тюге тиіс, «таңертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама», « тәңертеңгі асты тастасаң жұбайың сені тастайды» деген

  • асты оң қолымен алып жейді, сол қолымен алғанды ерсі көреді. оң қолымен тамақ жеу, оң қолымен амандасу, есіктен оң аяқпен кіру, оң аяқпен шығу- осының бәрі ісім оң болсын деген ақ ниеттің ырымы.

Бекарыс: - қазан-ошақты теппейді, аттамайды, сабаламайды, даңғырлатпайды, далаға қаңсытып тастамайды. олай істесе қазанның қарасы, ошақтың киесі атады деп ырымдайды.

  • сауысқан үйдің төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылықтаса, үйге қонақ келеді, алыстан жолаушы келеді немесе кеткен жолаушылар аман- есен ауылға оралады деп ырымдайды.

Ботагөз: - түн ішінде айғайлауға, дауыс шығарып жылауға болмайды. тек жәугершілік заманда, қораға қасқыр, аю шапқанда ғана сондай айғай-шу болады. жәйшылықта ондай теріс қылықтан аулақ болғаны жөн деп ұйғарады.

  • қонақ болып барған қызды үйдің төріне отырғызады, себебі «қызда қырық көліктік бақыт бар» төрде отырса сол бақыттың жұғыны төрде қалады деп ырымдайды.

Сабира:Начало формы - Қазақ халқының тәрбиесінде тыйым сөздердің алар орны ерекше. Тыйым сөздер тәрбиенің бал бұлағы. Қазақта тыйым сөздер өте көп. Алдыңа ас келгенде тәубе айтып жеу, нанды, қасықты оң  қолыңмен ұстау, асты шашпай жеу, қалай болса солай аузыңа салмай, асықпай шайнап жеу секілді ас ішудің де өзінің керемет тәртібі бар. Осындай ұсақ – түйек тыйымның өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайнар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек.

Амина: - Аяқ киіміңді кигенде оң аяғыңнан бастап кию, тәубе айтып жүру, осының бәрі – үлкен тәрбие. Осындай адамның рухани дүниесін байытатын көп нәрсені жоғалтып алғандаймыз. Қоңыр мінезді қазақ халқының табиғаты басқа халықтарға қарағанда өзінің ерекшелігін байқатады. Тұрмыс – салтымызда ырым мен тыйымға айрықша мән беретін елміз.

Дархан: - Мысалы, жылан үйге кіріп кеткен жағдайда оған ағарған құйып шығару ежелден келе жатқан ырым десек те болады.
    Адам есінегенде аузын міндетті түрде қолымен жабуы керек. Сол қолдың сыртымен, оң алақанның ішкі бөлігімен жапса да болады. Тырнақты тістемейді. Қолды ауызға салмайды. Үйге кіргенде босағаны кермейді. Төгілген күлді баспайды. Ағын суға дәрет сындыруға, түкіруге болмайды.

Ақниет: - Қазақ халқында жер бауырлап жатып жылау – жаман ырым. Түбі жақсылық емес деп түсінеді. Балаға түкірту ырымының мәні зор. Бала енді – енді тілі шығып, ойын баласына айналып келе жатқанда жасалатын ырым. Мұны жасау кез келгенге бұйыра бермейді. Абыройы асқан, ауылдың көпті көрген кісісіне «сендей болсын, елге сыйлы, халқының қамын жейтін азамат болсын» деп баланы түкіртіп алатын болған.

Сабира: - Көбіне қолөнер шебері, күйші, әнші, болмаса көп жасаған абыз қарияларымызға түкіртетін болған. Бұл ырым әлі күнге дейін қазақ салтында қолданылып келеді.

Амина: - Бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған ырымдар қазақта мыңдап саналады. Мысалы, «жолдық» деген сөз бар. Бұл – жолға шыққан адамға берілетін зат. Ол зат ат, түйе, мал, асыл зат, ақша болуы да мүмкін.

Сабира: - «Тоқымқағар» дейтін салт болған. Тұңғыш рет жолға шыққан адамның үйінде қалған туыстары, көрші – қолаң жиылып шәй береді. Мал сояды. Шағын бір тойсымақ  өткізеді. Жолаушыға ақ жол тілеген.

Темірлан:

- Үй төңірегіне келіп сауысқан шықылықтаса алыс – жақыннан хабар келеді деп ырымдаған.

Аяулым:

-Бала үйге кіре беріп жығылса, олжа келді дейді.



Ғани:

- Кесеге құйылған шәйдің ішіндегі самба тік тұрса, үйге қонақ келеді дейді.



Ботагөз:

-«Құтты қонақ қонса, қой егіз табады, құтсыз қонақ қонса, қойға қасқыр шабады» дейді біздің қазақ.



Ақниет:

  • Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, тыныштық болады деп ырымдайды.

Сабира:Начало формы

  • Ант су ішпе; күн батар уақытта ұйықтама; түнде түс жорыма, жорытпа; аяғыңды тұсама; бойыңды өлшеме; құр ерге мінбе; жаяу қамшыланба; қараңғыда суға барма; түнде киіз, алаша қақпа; адам басын санама; жалғыз ағашты кеспе; сыпырғышты тік қойма; ит пен итаяқты теппе; итке ожаумен, қазанмен ас құйма; езуіңді керме; жақыныңа, туысыңа пышақ, үшкір нәрсе сыйлама; бесік бетін ашық тастама; аяқ киімді төрге қойма; кісінің үстінен аттама; кемтар адамға күлме; ертеңгі асты тастама; кешкі асқа қарама; қазанды төңкерме деген секілді басқа да көптеген тыйым сөздеріміз бен ырымдарымыз барекенін білдік.

Амина:

-Ырымдарымыз салт-дәстүрмен астасып жатады.   Сондай ырымдардың бірі- тұсау кесер. Тұсау кесер- бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң аяғын қаз қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп таң тамаша болады. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі.



Сабира:

-Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды. Баланың тұсауын ала жіппен, қылдан ескен шыжыммен немесе ішекпен кескен. Халықтық түсінік бойынша, тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады.Тұсаукесер тойы да сүндет той секілді әрбір қазақ шаңырағында ерекше дайындықпен міндетті түрде аталып өтілетін дәстүрлі қуаныш.



Амина:

-Осы арада «баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ туу мүмкін.

Бұның мәні мынада: қазақ баласының сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептен істейтін кезінен – осы тұсауы кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жамандыққа барма, жолама деп баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдіргі алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Бұл баланың келешегіне жол ашу, ақ жол тілеу.


Сабира:
-Бұдан соң, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектерді айта отырып, екі қолынан екі адам жетектеген баланың тұсауын таңдалып алынған адам кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығады да, тез-тез жүгіреді. Осы кезде«Тұсаукесер» жыры шырқалады:

Қаз-қаз, балам, қаз балам,


Қадам бассаң, мәз болам.
Қаз-қаз, балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін,
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық,
Қаз-қаз, балам, жүре ғой...
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.










Амина:

-Міне, осыдан бастап шынашақтай қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимақтайды, қиындығы мен қызығы мол жаңа өмірі басталады. «Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырымы.



-Осымен, «Қазақтың ырымдары» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет!




Каталог: uploads -> doc -> 0710
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0710 -> Литература и изобразительное искусство Класс : 5


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет