Тақырыбы: Балықтар



жүктеу 56.44 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі56.44 Kb.
түріСабақ

№ 4 «Шұғыла» балабақшасы


Дене тәрбие жетекшісі: Төлегенова Рыскүл

Әйтеке би кенті

2015-2016 оқу жылы

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Мүсіндеу

Тақырыбы: Балықтар.

Мақсаты: Балаларды мүсіндеумен таныстыра отырып,балықтар-

-дың әр түрлі көлемдегі түрлерін жасау әдістеріне баулу.

Басқа сабақтармен байланыстыру,тақпақтар айту.Қол

қимылын жаттықтыру.балықтарға деген қамқорлық

сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Слайдтық көрсетілім,кардоннан жасалған балықтар

аквариумдағы балықтар,қармақ,



Құралдар:Түрлі-түсті ермексаздар,тақтайшалар,кескіш,қол сүлгісі

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Іс-әрекет кезені

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ұйымдастыру-

Іздестіру

Рефлексивті-

түзетушілік

Балалар,бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін бізге қонаққа апайлар келіпті,олай болса қонақтармен амандасайық.

Армысың қайырымды Аспан ата!

Армысың мейірімді Жер ана!

Армысың шуағын төккен Алтын күн!

Күндей жадырап,айдай арайлап жұлдыздай жарқырап,

судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді

бастаймыз.Балалар ойын ойнағыларың келе ме?

Онда біз «Тамаша» ойынын ойнайық

Ойынның шарты:Мен сұрақ қоямын сендер бас бармақтарыңды көтеріп, «Тамаша» деп жауап бересіңдер

-Көктемнің келгені қандай?

-Күнің жылынғаны қандай?

-Балаусаның күлгені қандай?

-Балалардың көңіл күйі қандай?

Балалар жарайсыңдар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын жұмбақтың шешуін тапсаңдар,

бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы ашылады

Жұмбақ


Аузы бар,тілі жоқ

Терісі бар,жүні жоқ

Жүрегі бар,ізі жоқ

Қанаты бар ұшпайды

Су астында қыстайды.

Ол не?


-Балық сөзін буынға бөліп көрейікші?

-Балықта «Б» әрпі дауыстыма, дауыссыз ба?

-Қандай текшемен белгілейміз?

-Балалар қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар

Өте жақсы.Балықтар туралы кім бізге тақпақ айтып береді?

-Балықтар қайда тіршілік етеді?


-Олар немен қоректенеді?
-Балықтарды тағам ретінде қолданамыз

Балықта А,В,Е,дәрумендері бар,майын ем ретінде пайдаланамыз.

«Тәккәппар балық» туралы әңгіме айтып берейін

«Тәкәппар балық»

Жөнімді өзім білем –деп

Сусыз-ақ өмір сүрем-деп

Құрлықты балық мақтапты

Теңізін туған даттапты

Бір күні күшті жел тұрып

Тулады теңіз жұлқынып

Тәкаппар әлгі балықты

Құшаққа құрлық алыпты

Жел кептіріп денесін

Күн құрғатып өңешін

Желбезегі желпілдеп

Аузын ашып су тілеп

Жылапты зарлап «уһілеп»:

-Мөлдір суым,мекенім

-Енді қайтсем,жетемін?

Қадіріңді білмедім

Неге шалқып жүрмедім?

Тыңдамап едім ешкімді

Қателігімді кеш білдім,-деп тәкәппар балық құрлықта жатып өліпті.

-Балалар,біз туған жерімізді,бір-бірімізді жамандауға бола ма?

-Тәкәппар балық өзінің қателескенін кеш біліпті


-Балықтарды аквариумда ұстаймыз

-Олар өзара ұқсас болады

-Барлығының денесі,басы,аузы,құйрығы,жүзбеқанаттары бір-біріне ұқсас болады

-Олардың айырмашылықтары бар?

-Балықтардың пішіні қандай?

-Түстері қандай?

-Бүгін біз балалар әдемі балықтарды мүсіндейміз

-Балық мүсінін неден бастаймыз?

-Денесін қалай мүсіндейміз?

-Жұмыртқа тәрізді сопақша етіп, саусағымыз арқылы ермек саздан домалатып көзін,құйрығын сосын жүзбе қанаттарын біріктіреміз



Сергіту сәті.

Тұп-тұнық мөлдір суда

Сазан балық жүзіп жүр екен

Біресе керіледі,біресе созылады

Оңайлықпен ұстатпайды

Тұмсығымен құмға барып тығылады Ойын: «Не қайда болады?

Балықтар,аққу,бақа,қоңыз,көбелек,су,жасыл шөп,гүл

Суда-балықтар,аққу, Шөпте-қоңыз,көбелек-гүл




Сабақты қортындылау:

Балықтардың артында сұрақтар жазылған

-Қармақпен балықтарды аулай отырып,сұрақтарға жауап беру.

Балалар сендер не жасадыңдар?

Балықтар қайда тіршілік етеді?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Балаларды мақтау,мадақтау.


Өлең жолдарын іс қимыл арқылы жасайды


Балалар «тамаша» деп бас бармақтарын көтереді

-Балық


-ба-лық

-дауыссыз

-көк

Балықтардың суреті


-балықтар суда тіршілік етеді


-суда өсетін өсімдіктермен

Балалар қызығушылықпен тыңдайды


Балалардың жауабы:

Балалардың жауабы:

Іс-қимыл арқылы жасайды


Балалардың жауабы:














Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Балықты мүсіндей отырып,әр түрлі көлемдерді топтастыра білді

Түсінді: Мүсіндеудің әдіс-тәсілін түсінді

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет