Тақырыбы: «Бейбітшілік кіндігі» Мақсаты



жүктеу 75.5 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі75.5 Kb.

Тақырыбы: «Бейбітшілік кіндігі»

Мақсаты:

Оқушыларға елімізге Тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, сонау 1986 жылы алаңға бейбіт шеруге шыққан жастарға аяусыздық, жауыздық көрсетілгенін тереңірек түсіндіру. Оқушылар Семей полигоны КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық обьектісі туралы екенінен мәлімет алады және көре алады.

Көрнекілік: мемлекеттік рәміздер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, видеоролик.

Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Саша: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Еліміз тәуелсіз алып, нарықты заман орнады. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына аяқ басты. Аспанымыз ашық, елеміз аман болса, бұл мақсатқа да толық жетеміз деп сенеміз. Сәби күлкісі мен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын!

Дариға: Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 3 сынып оқушылары болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландарын, өз өнерлерін көрсетеді. Сіздер кешті қызықтап, ән қанатында қалықтап, шат сезіммен шарықтап көтеріңкі көңіл күймен отырыңыздар!

О, халайық, халайық,

Кезекті балаларға берейік,

Қыздарды билетіп,

Қызығын бір көрейік!

Саша: Сахнаға 3 сынып оқушыларын шақырайық! Қарсы алыңдар!

(Қазақша би).



Дариға: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.



Саша: Сахнаға 3 сынып оқушыларын шақырайық!

(Балалар тақпақтарды айтады).

Бақдаулет: Бұзылмас қамалы,

Батыры уақыттың.

Тербеген самалы,

Бесігін бақыттың.

Өз елім менің -

Өзегім менің.

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

 Ердос: Отаным кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймын, қорғаймын ордамды.



Әнел: Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік – ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар.

Бейбіт елдің біз ұланы.



Адия: Халықтар өмірді қорғайды,

Әділет ұранын қолдайды.

Шырқаңдар, кел достар, әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде!



Алижан: Қорғау үшін өмір көркін –

Бүгіннен де ертең нұрлы.

Болдырмаймыз  соғыс өртін,

Достар берік сапқа тұрды.



Камила: Сыр бойындай баулардан,

Алатаудай таулардан,

Сарыарқадай даламнан,

Теңіз Каспий, Аралдан.

Баян-сұлу, Жібектей,

Төлегендей түлектей,

Ұл-қызы бар елімнен,

Жұлдызы бар жерімнен.

Сәлем саған,туған ел!

Еламан: Келгенде көктемі,

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің –

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.



Қарағөз: Отаным кең далам орманды,

Болаттан соғылған қорғанды.

Бақыттың, шаттықтың мекені,

Қолдаймын, қорғаймын ордамды



Саша: Туған жер – алтын таң,

Кең далам, таулы орман.

Ұл мен қыз қорғаймыз,

Бақытты ұлы Отан.



Дариға: Айдын көл, дархан ел, туған жер,

Жастарың жалынды жауынгер.

Жарқын жаз – үйрек-қаз жүзетін,

Күміс су, кең байтақ жасыл бел.


Саша: 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың бас бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күні сол еді! Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді!

Дариға: Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Саша: 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.
Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды.
Дариға: Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін.
Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды.
Саша: Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

Дариға: Сахнаға 3 сынып қыздарымызды шақырайық!

(«Қазақстан» деген ән орындайды).

Саша: Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.


Дариға: Сіздердің алдарыңызда Видеоролик.

(Семей полигоны туралы мәлімет)

Саша: Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.
Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.
Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.
Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Дариға: Сахнаға 3 сынып оқушыларын шақырайық.

(«Қазақстан» әнін орындайды).

Саша: Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы.
Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.

Хормен:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша- бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Дариға: Келе жатқан «Тәуелсіздік» күнімен құттықтаймыз! Аман –сау боп жүре беріңіз!

Саша: Осымен «Бейбітшілік кіндігі» атты кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше деніміз сау, бауырымыз бүтін болсын!

№ 38 Павлодар қаласының жалпы білім беру мектебі





Павлодар 2011 жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет