Тақырыбы: Білім – білгенге байлық. Мақсаты



жүктеу 31.55 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі31.55 Kb.

Тақырыбы: Білім – білгенге байлық.

Мақсаты: оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін тиянақтау,жинақтау, пысықтау,олардың білімдерін тексеру жолдарын үрлендіре отырып логикалық ойлауларын қалыптастыру;тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа,ұқыптылыққа баулу; өз бетінше тапсырмаларын орындап, нәтижеге жете білуге мүмкіндік жасау.

Барысы.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!

«Білім – білгенге байлық» атты зияткерлік ойынға қош келдіңіздер! Ал келіңдер,келіңдер, Біріңе – бірің еріңдер! Біліміңді тексертіп, Ойынға қатысып көріңдер!

Сайыс кезеңдері

1.Кім шапшаң? 2. Дұрыс па, бұрыс па.3.Өз таңдауыңды жаса. 4.Тапқырлық.5.Логикалық сұрақтар.



1-кезең: Кім шапшаң?

1.Қазақтың батыр қыздарын ата.

2.Отанды сүю неден басталады? (отбасынан)

3.Төрт түлік малға нелер жатады? (қой,сиыр, түйе,жылқы)

4.Адам болам десеңіз. Кімнің өлеңі?(Абай)

5.Орман емшісі.(тоқылдақ)

6. Қазір көктемнің нешінші айы?

7.Кел,балалар оқылық! Кімнің өлеңі?

8.Әліпбиде қанша әріп бар?

9.99 санынан кейін қай сан?

10.Қазақтың ұлттық аспаптары

2-кезең Дұрыс па, бұрыс па?

1.Қымыз – түйенің сүті.

2.Қыз қуу –қазақтың ұлттық ойыны.

3.Наурыз жаз айында басталады.

4.Қазақстанның астанасы – Астана қаласы.

5.Сәукеле – қазақтың ұлттық бас киімі

6.Көмірдің түсі ақ.

7.Тұз тұщщы.

8.Сабақ тоғызда басталады.

9.Тауық ұшады.

10. Я дауысты дыбыс.

3 – кезең Өз таңдауыңды жаса.

Ана тілі

Дауысты дыбыстарды ата.

“Жусанда туған жердің иісі бар” деген мәтінде кім туралы айтылған?

Тасымал дегеніміз не?

Бас әріппен жазылатын сөздер

Заттың қимылын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар.

Шаңырақ сөзін буынға бөл.

Дүниетану

Адамның сезім мүшелерін ата.

Табиғат құбылыстарын ата.

Көкжиектің неше тұсы бар?

Бақшада нелер өседі?

Өсімдік мүшелерін ата.

Қосмекенділер уылдырығын қайда шашады?

Математика

(есептер шығару)



4 – кезең Тапқырлық

1.Ұшарымды жел біледі,

Қонарымды сай біледі. (қаңбақ)

2.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

3.Айналада ақ отау,

Аузы,мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

4. Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылда толасаң,

Төріңдемін үйіңнің. (шырша)

5.Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен оны кім бояп? (кемпірқосақ)

6.Үй бағады, үрмейді,

Аяғы жоқ, жүрмейді. (құлып)

7.Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (сабын)

8. Орманда тұрағы,

Ток-ток соғады. (тоқылдақ)

9.Ти десем тимейді,

Тиме десем тиеді. ( Ерін)

10Әншейінде жекесің,

Қарай қалсаң,екеусің. (айна )

5 – кезең Логикалық сұрақтар

Әр дұрыс жауап 3 ұпай.

1. Мұз айдында 6 бала сырғанап еді.Олардың екеуі түскі тамақ ішуге кетті, ал түстен кейін олар мұз айдынға қайтып оралды.Мұз айдында қанша бала сырғанап жүр?

2.Отбасында төрт бала бар. Қыздар қанша ұлдар да сонша. Отбасында ұлдар қанша,қыздар қанша?

3.Мына сандар қандай тәртіппен орналасқан?

1 2 3 4 5 6 7 8 9 9 8 7 6 5 4 3 2 1

4.Армат тақта шоколадты екіге бөлді,содан соң бөлінген бір бөлігін тағы да екіге бөлді. Сонда Әсет шоколадты неше бөлікке бөлген?

Жүргізуші:Бүгін біздер балаларымыздың білімдерін сынап, өнерлерін тамашаладық.



Балалардың барлығы да білімдерін көрсете білді. «Ақыл,қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда толық боласың елден ерек» деп Абай жырлағандай балаларымыз ақылдылығымен, жүректілігімен, қайраттылығымен алға озып шықты.

Балаларға өмірде сәттілік тілеймін.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет