Тақырыбы: Биологиялық мембрананың өткізгіштік механизмі. Иондық каналдар және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы. Электрогенез механизмі. Орындаған: Абдикан Ж. Тобы: 103 б жм қабылдаған: Махамбетова М



жүктеу 108.8 Kb.
Дата24.07.2018
өлшемі108.8 Kb.
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы.

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Биологиялық мембрананың өткізгіштік механизмі. Иондық каналдар және тасымалдаушылардың құрылысы мен функциясы. Электрогенез механизмі.


Орындаған: Абдикан Ж.

Тобы: 103 Б ЖМ

Қабылдаған: Махамбетова М.А.


Шымкент 2017 ж




Жоспар


I . Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1.Биомембраналар құрылысының, қызметтерінің жалпы сипаттамасы;

Мембрана липидтері,мембрана ақуыздары.

Мембрана арқылы (трансмембраналық) заттардың өткізілуі.

2.Жасушадағы заттар ағыны туралы түсінік.

-жасуша ішілік везикулалық тасымалдау;

-трансмембраналық тасымалдау;

3.Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі:

-жай диффузия;

-жеңілдетілген диффузия;

-белсенді тасымалдау;


III. Қорытынды.

Биомембраналардың бәрінің құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба күйінде.



Биомембраналардың негізгі қызеттері мен қасиеттері.

1.Биомембраналар–тұйық құрылымдар, яғни олардың ұштары ешуақытта да ашық болмайды, липидтік қосқабат өздігінен тұйықталып дербес, шектелген қуыстар (компортменттер) пайда етеді. Тек осы жағдайда ғана липидтердің гидрофобтық ұштары сулы ортадан оқшауланған болады.

2. Биомембраналар заттарды таңдамалы өткізу қасиетіне ие, яғни олар заттарды жасушаға не жасушадан сыртқы ортаға түрліше өткізіп, цитоплазманың және органеллалардың ерекше биохимиялық құрылымдарымен қасиеттерін қалыптастырады.

3. Биомембраналар ақпараттардың (сигналдың) жасуша аралық және жасуша ішілік берілуін жеңілдетеді және қамтамасыз етеді. Мембраналар молекулалық ақпараттарды қабылдайтын, оларды өңдеп сыртқа беретін орын болып табылады.

4. Мембраналар түрліше жасуша аралық байланысу арқылы ұлпалардың түзілуін қамтамасыз етеді.

Гликопротеиндер мен гликолипидтердің көмірсу қалдықтары жасушалардың арнайы мембраналық антигендерін қалыптастырады (мыс. қан топтарының антигендері, гистоүйлесімділік антигендері) және мембрана беттерін өте жоғары иммунногенді етеді.

5. Биомембрана қабаттарының қозғалғыштығы.

Биомембраналар тұйық болуына қарамастан қатып қалған құрылымдар емес, динамикалық болып табылады. Мембрана компоненттері (липидтер, ақуыздар) өз қабаттары жазықтығына да белсенді түрде латериалды (бүйірлі) қозғалады, әсіресе липидтер. Мысалы, массасы 100 000 Да болатын ірі ақуыз молекуласы 10 секундта 2,5 мкм қашықтыққа, ал липидтер осы уақыт ішінде 5,5мкм ге дейін жылжып қозғалады. Молекула өлшемдерімен салыстырғанда бұл өте үлкен қашықтық болып табылады. Бір қабат жазықтықта латериалды (бүйір) қозғалу мен бірге, кейбір мембрана ақуыздары мембрана беттеріндегі орналасу бағыттарын өзгертіп, айналмалы қозғалыста жасайды. Мысалы, кейбір мембраналық тасымалдаушылар мембрананың бір бетінен (гиалоплазма бетінен не сыртқы бетінен) заттарды байланыстырып, 1800 айналып, екінші бетінде сол заттарды босатып шығарады. Көмірсу компоненттері бар ақуыздар(гликопротеиндер), олигосахаридтердің өте жоғары дәрежеде гидрофильді болуына байланысты, мұндай айналмалы қозғалыс жасай алмайды.

6. Ассиметриялығы. Биомембраналардың сыртқы және ішкі беттері құрамы бойынша ерекше болады:

а) ақуыздардың және липидтердің көмірсу компоненттері әдетте, плазмолемманың (цитоплазма мембранасының) сыртқы бетінде орналасады;

б) көптеген ақыздар барлық уақытта мембрананың тек сыртқы бетінде, ал екіншілері тек ішкі бетінде орналасады;

в) әдетте липидтік қосқабат та бір бірінен ерекше болады.



Мембрана липидтері.

Мембрана липидтерінің негізінен 4 түрі белгілі:



1)фосфолипидтер (ФЛ);

2)сфинголипидтер (СЛ);

3)гликолипидтер (ГЛ);

4)стероидтар–холестерин (ХЛ).
Фосфолипидтің, сфинголипидтің және гликолипидтің схемалық құрылысы.



Фосфолипидтер.
Фосфолипидтердің (ФЛ) «бас» бөліміне бір бірімен байланысқан азоттық негіз қалдығы (холин не серин), фосфат тобы және глицериннің 3 атомдық спиртінің қалдықтары кіреді. Бұлардың бәрі полярлы топтар, сондықтан да олар гидрофильді болады.

Гидрофобты «құйрықтардың» құрамына кіретін май қышқылдарының (МҚ) қалдықтары глицеринмен байланысқан. Қаныққан май қышқылы ретінде пальметин қышқылы, ал қанықпаған май қышқылы ретінде –олеин қышқылы кездеседі.

Кейбір мембраналар құрамында құрылысы жоғарыдағыдан өзгеше фосфолипидтер де (ФЛ) кездеседі, мысалы, кардиолипиндер –бұлар бір бірімен глицерин арқылы байланысқан 2 фосфатид қышқылы болып табылады. Бұл молекулалардың 4 көмірсутек «құйрығы» және үлкен гидрофильді «басы» болады. Плазмалогендерде бір май қышқылының орнына май қышқылының альдегидінің қалдығы кездеседі.



Сфинголипидтер.

Сфинголипидтердің (СФ) фосфолипидтерден (ФЛ) ерекшелігі глицеринмен бір май қышқылының орнына сфингозин –18С атомды бір қосарланған байланысы бар қосатомды аминоспирт кездеседі, сондықтан да сфингозиннің бастапқы бөлімдері сфинголипидтердің (СЛ) гидрофильді «басының» құрамына кіреді. Сфинголипидтердің (СЛ) маңызды өкілі–сфингомиелин, мұнда азоттық негіз ретінде холин болады.
Гликолипидтер және холестериндер.

Гликолипидтер (ГЛ) құрамында-да сфингозин болады, бірақ гидрофильді «басының» құрамына азоттық негіз және фосфат тобы емес бір көмірсу кіреді.Гликолипидтердің екі тобы белгілі: цероброзидтар (көмірсу ретінде галактоза не глюкоза болады) және ганглиозидтер –көмірсу ретінде бұтақталған олигосахарид болады.

Холестериннің (ХС) құрылысы алдыңғы үшеуінен ерекшелеу болады. Холестерин ұзынынан созылған 4 көмірсутекті циклдардан және көмірсутекті бүйір тізбегінен тұрады. Холестерин (ХС) жалғыз гидрокси тобынан (ОН) бөлек, гидрофобты қосылыс болып табылады.

Гидрофобты болуына байланысты холестерин липидтік қосқабаттың ортасында орналасады, тек гидрокси тобы (ОН) амфифильдік липидтердің «бас» бөлігімен байланысқан.



Амфифильдік қасиеті.

Амфифильдік липидтердің «жинақталу» әдістері мембрана липидтерінің сулы ортада өздігінен табиғи «жинақталу» нәтижесі екендігі белгілі. Тәжірибе жағдайында осындай қосқабаттың қалыптасуы нәтижесінде липосома деп аталатын құрылымдар пайда болады.



Липисомалар.

Липисомалар – қабырғасы липидтік қосқабаттан тұратын дөңгелек көпіршіктер. Липосомалардың ішкі және сыртқы беттері полярлы болып, ішкі ортасы сулы болады.Амфифильдік липидтер, кейде мицеллаларды да пайда етеді. Мицеллалар-да дөңгелек түйіршіктер, бірақ липосомалардан ерекшелігі бұлардың қабырғасы бір қабат липидтерден тұрады. Липидтердің гидрофильдік «бастары» сыртқа, ал гидрофобтық «құйрықтары» ішке, яғни мицелланың ортасына қарай бағытталған. Сондықтан да мицеллалардың ішкі ортасы сулы емес, гидрофобты, яғни майлы болып келеді. 2 «құйрықтары» бар липидтер (ФЛ,СЛ,ГЛ) формасы цилиндрге ұқсас, яғни олардың «бас» және «құйрық» бөлімдерінің көлденең кесіндісі бірдей болады, сондықтан да мұндай молекулалардың ең тиімді жинақталуы –жалпақ қосқабатты пайда ету болып табылады. Осының салдарынан тәжірибе жағдайларында липосома түзіледі.

Мицеллалар.

Ал егер амфифильдік липид молекуласының бір ғана «құйрығы» болатын болса, онда молекуланың «бас» бөлімі «құйрығына» қарағанда едәуір кең болады. Бұл кезде липидтердің жинақталуы – мицелланың түзілуіне алып келеді. Бір мицеллада шамамен 90–100 липид молекулалары кездеседі, оның диаметрі 5нм ге тең.

Липосомалар және мицеллалар-жасушада заттарды тасымалдауға ең ыңғайлы тасымалдау формалары болып табылады, липосомалар арқылы суда еріген заттар, ал мицеллалар арқылы майда еріген заттар тасымалданады. ЭПТ дан, Гольджи аппаратынан үзіліп шығатын көпіршіктер және секреторлық, пиноцитоздық көпіршіктердің бәрі липисома тәрізді құрылымдар болып табылады.

Мицеллалар біріншіден, ішектерде түзілетін май алмасуының өнімдері сорылатын, екіншіден, бейтарап майларды, майда еріген витаминдерді және липидтерді қанға жеткізетін формалар болып табылады.

Тасымалдаушы ақуыздар.

Аниондық арна (канал) пайда етуші ақуыз массасы 95 000 Да, гликофорин сияқты 2 бөлшектен тұратын интегралдық гликопротеин. Арна анал) дегеніміз ақуыздың екі бөлшектері арасында болатын өте жіңішке пора, оның «қабырғалары» гидрофилді радикалдары бар аминқышқылдарымен қапталған. Осы канал арқылы екі бағытта (жасушаға және жасушадан сыртқа) аниондар (Cl-, HCO3- , OH-) кейде глюкоза өте алады.

Na + , K+ –сорғышы (насос) ( Na + , K+ тәуелді АТФаза)-аниондық арналар (каналдар) ақуызына қарағанда өте аз мөлшерде, бірнеше жүз молекула күйінде кездеседі.

Na + , K+ тәуелді АТФаза 4 бөлшектен (2α ширатпа массалары 95 000 Да, 2 β құрылымнан-массалары 40 00О Да) тұрады. β құрылымдар мембрананың сыртқы жағында орналасқан және олармен олигосахаридтік тізбектер байланысқан. Na + , K+ насос АТФ энергиясын пайдаланып эритроциттерден Νа+ ионын сыртқа айдап, К+, Н+ иондарын эритроциттерге енгізеді.

Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі.

Ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы белгілі:



а) жай диффузия;

б) жеңілдетілген диффузия;

в) белсенді тасымалдану;
Жай диффузия-өздігінен, ешбір көмексіз, концентрация градиенті (жоғары концентрациядан төменгі концентрация) бағытында заттардың мембрана арқылы өтуі.

Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар (май қышқылдары, зәр қышқылдары) және ұсақ, бейтарап молекулалар (Н2О, СО2, О2) өтеді.Мембрана арқылы шектелген қуыстардың (органеллалар) концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.



Жеңілдетілген диффузия - арнаулы тасымалдаушылардың немесе арнаулы иондық каналдар арқылы. Мембраналарда арнаулы тасымалдаушы белоктар тасымалданатын заттардың молекулаларымен байланысқа түсіп, градиент концентрациясы бойынша өткізеді. Осы жағдайда энергия шығындалмайды, ал мембрана арқылы өту жеңілдеп оңай өтеді.

Белсенді тасымалдау-мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар олардың концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта, яғни концентрациясы аз ортадан концентрациясы жоғары ортаға, өткізіледі.Заттардың бұлайша өткізілуі белгілі бір мөлшерде энергия жұмсауды қажет етеді. Ал энергия көзі болып АТФ гидролизі (Nа+, К+ сорғышы, Са2+-сорғышы), не тотығу-тотықсыздану үдерісі (митохондрияларда) саналады.Белсенді тасымалдауды энергиямен қамтамасыз етудің тағы бір тетігі-концентрация градиенті бағытында өткізілетін бір заттың-У концентрация градиентіне қарама-қарсы бағытта өткізілетін екінші бір затпен-Х, қабаттасып өткізілуі. Бұл жағдайда, У өткізілуінде бөлінетін энергия мөлшері Х-өткізуге жұмсалатын энергиядан артық болуы қажет.

Бұл құбылыстың 2 варианты белгілі: симпорт және антипорт.



Симпорт кезінде транслоказа екі затты (У,Х) бір бағытта өткізеді, оның біреуі-У концентрация градиенті бағытында диффузияланып екінші затты-Х, өзімен бірге ілестіріп өткізеді. Мысалы, бүйрек арнашықтарынан глюкозаның реабсорбциялануы (кері сорылуы) осындай тетік (механизм) арқылы Nа+ ионымен бірге симпортталынады. Егер симпортқа қатынасатын заттардың екеуі де иондар болатын болса, олар түрліше зарядталған болуы қажет.

Антипорт-транслоказа арқылы заттардың (У,Х) қарама қарсы бағыттарға өткізілуі, яғни У молекуласы Х-молекуласымен алмастырылады.

Эукариотарда антипорт өте сирек кездеседі



Ұсақ молекулалы заттардың өткізілу жүйелері.

Nа+, К+-сорғышы немесе Nа+, К+-тәуелді АТФаза-2 альфа-ширатпадан, 2β-құрылымнан тұратын интегралдық ақуыз. Ол АТФ энергиясын пайдаланып Nа+ және К+ иондарын олардың концентрация градиентіне қарсы бағытқа өткізеді, яғни Nа+ ионын-жасушадан сыртқа, ал К+ ионын-жасушаға. Осы сорғыш қызметінің арқасында Nа+ ионының концентрациясы жасуша сыртында, ал К+ ионының концентрациясы жасуша ішінде айтарлықтай жоғары болады, яғни иондардың жасушаішілік және жасушааралық ассиметриялық үлестірілуі орын алады Nа+, К+-сорғышы (насос) қызметінің ерекшелігі АТФ бір молекуласының ыдырауы нәтижесінде 3 Nа+ ионын жасушадан шығарып, 2 К+ ионын жасушаға ендіреді.Nа+, К+ сорғышының қызметінің тетіктері (механизмі) төмендегідей болуы мүмкін:

Nа+, К+ - сорғыштың белгілі бір қуысы (арнасы) болады, кезекті циклдің басында мембрананың ішкі беті жағында ол ашық болады және оған 3 Nа+ ионы толтырылады. АТФ гидролизі нәтижесінде бөлінетін энергия иондар арасындағы электірлік кері серпілу кедергісінен өтуге жұмсалады және ол келесі сатының басталуын иницияциялайды. Потенциалдар айырмашылығының төмендеуі одан әрі жалғасады, ал бұл әлі жабық Nа+ арналарының ашылуын индукциялайды .
Катиондық арналар және Н- холинорецепторлар.

Катиондық араналар Н-холинорецепторлары бар холинэргиялық синапстардың постсинаптикалық мембраналарында кездеседі. Олар екі қызмет атқарады: 1) тек ацетохолин рецепторлары болып қоймай, сол сияқты; 2) бір валентті катиондар (Nа+, К+) арналары қызметтерінде қоса атқарады.Мұндай синапстар вегетативтік ганглялардың –парасимпатикалық және симпатикалық нервтерінің, сол сияқты қаңқа бұлшықеттерінің қозғалу нервтерінің ұштарында кездеседі.Бұлардың Н-холинорецепторлар деп аталу себебі: олар тек қана ацетил холин арқылы қозып қоймай, никотин әсерінен де қозуға қабілетті.Көлденең жолақ бұлшықет ұлпасында Са2+ иондарының тасымалдану жүйесі.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, бұлшықет жасушасының цитоплазмасында еркін Са2+ ионының концентрациясы өте төмен болады. Қаңқа және жүрек бұлшықеттерінде ол 2 сорғыштың қызметі арқылы жүзеге асады.



Біріншісі- Nа+ -тәуелді Са2+ сорғышы-плазмолеммада орналасып Са2+ иондарын жасушадан сыртқы ортаға сорып шығарады. Бұл кезде әрбір Са2+ ионы жасушаға концентрация градиенті бағытында өтетін 2 Nа+ ионына алмастырылады (антипорт).

Екіншісі- Са2+ -сорғышы. Ол саркоплазмалық ретикулум мембранасында 1мкм2-та 15000-200 000 тығыздығымен орналасқан және осы мембрананың ақуыздар массасының 90% құрайды.

Биомембраналық тасымалдаудың маңызы және оның атқаратын функциясы өте жоғары. Өйткені организмде өтетін негізгі ассимиляция және диссимиляция үрдістері және көптеген бақса үрдістер осы мембрананың өткізгіштік қасиетіне тікелей байланысты. Ол, әсіресе медицина қызметкерлеріне өте қажет. Мысалға, дәрілік препараттардың организмге әсер етуі және т.б. мәселелер.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қуандықов.Е.Ө. Әбілаев.С.А. “Медициналық биология және генетика” Алматы 2006ж.
2.Стамбеков.С.Ж. Петухов.В.Л. “Молекулалық биология” Новосибирск 2003ж.
3.Стамбеков.С.Ж. “Генетика” Новосибирс 2003ж.

www.google.ru.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет