Таќырыбы: Даярлыќ топпен ќоштасып



жүктеу 193.27 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі193.27 Kb.


«Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ

Мектепалды даярлық тобының балаларын

тәрбиелеу мен оқытуда қолданылатын

сергіту сәттері.

(Әдістемелік құрал)




Дайындаған: Мектепалды даярлық тобының жетекшісі

Беркимбаева Айман Зейнабиловна
Жезкент 2015-2016 ж.


Алғы сөз
Адамның ең маңызды қасиеттеріне рухани байлық, моральдық

тазалық және мықты денсаулықты дұрыс дене бітімін, маңызды қозғалыс машығын меңгеруді жұмыс қаблеттілігін көрсететін

дене жетістіктері жатады.

Балалардың дендерінің саулығы,дене мәдениеті мектептегі

барлық оқу-тәрбиелік жұмысының маңзды бөлігі болып табылады

және балаларды өмірге дайындауда, гуманистік тәрбиесін қалыптастыруда манызды орын алады. Сондықтан да мектептің мақсаты оларға тиімді санитарлық жағдайлар туғызу, денсаулығын сақтауға ықпал ету, балалардың қозғалыс тиімділігін қамтамасыз ету,дене және сана сезім мүмкіндіктерін толық дамыту болып табылады. Мектептегі балалардың дендерінің саулығын сақтаудың бір түрі, бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткізілетін сергіту сәттері физиолог-ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті мен қабілеттілігі 10-15-20 минут аралығында сақталады. Бұдан әрі балалар шаршап, көңілі басқа жаққа ауа бастайды. Баланың көп уақыт қозғалыссыз отыруы, дененің төменгі жақ бөлігіне, ішкі құрлыс, бел, аяққа зиянын тигізеді. Бұл балалардың есте, сақтау қаблетін нашарлатады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде есту, көру мүшелеріне, дене бұлшық

еттеріне, арқаға қол шыбықтарына көп ауырлық түcеді. Шаршап шалдығудың алдың алу үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сергіту сәттерін өткізу қажет. Олар дене мүшелеріне және қол шыбықтарына түсетін статистикалық жүктемені азайтып, жақсы көңіл-күй туғызады .Сергіту сәттері жетекшілігімен орындалады және әуенмен жасалса тіпті жақсы.

Сегіту сәттерін өткізу әдістемесі әртүлі. Соңғы уақытта ырғақ гимнастикасы ретінде өткізу кеңінен қолданып жүр. Жаттығуларды орындау 1-2 минут. Сонымен қатар ойын түрінде өткізілетін сергіту сәттеріде қызықты өтеді. Ойын түрінде балалар сөздің ырғағын, дәлдігін

жақсы меңгереді. Қозғалыстар тақпақтың мазмұнына байланысты жасалады.Тақпақтарды алдын ала жаттатудың қажеті жоқ өйткені

оларды жаттығу барысында тез жаттап алады.

«1»




Біз кішкентай баламыз,

Өсіп өніп толамыз.

Күнге қарап, табынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

Бір отырып,бір тұрып,

Достар тату-тәтіміз,

Болса қолда тәтіміз.

Біз бөлісіп жатамыз,

Бәріміз дәм татамыз


«2»





Кел,балалар,тұрамыз,

Үлкен шеңбер құрамыз.

Отырамыз,тұрамыз,

Жүгіреміз,жүреміз.

Отырамыз,тұрамыз,

Орнымызды табамыз.


Мысық,мысық ұйықтайды,

Тышқан,тышқан жорғалайды.

Сезіп қалса тышқанды,

Шап беріп ол ұстайды.

«3»



Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды жайайық.

Құс боп қанат қағайық,

Иілейік оңға бір,

Иілейік солға бір,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.



Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды.

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.

Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.

Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.


«4»


Тербеледі ағаштар.

Алдымнан жел еседі,

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.



Қане сапты түзейік, Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік, Ыршып артқа түсейік

Қарлығаштай ұшамыз, Қағып қанат қонамыз

Отырамыз тұрамыз, Сергітуге мың алғыс.



«5»


Жапырақтар тербеледі,

Желмен ұшып теңселеді.

Дөңгеленіп,айналып,

Жерге қонар кез келді.



Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

«5»


Қағаз кеспек болайық

Бір, екі ,үш,төрт,

Енді еркін тыныстап,

Демалайық дұрыстап.






Жаза-жаза саусағым

Әлсіредім шаршадым

Оңға, солға бұрылып.

Сосын қайта жазамын.

«6»



Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Сағатқа қарап-ақ

Жаттығу қызық-ақ.


Күн болып жайнайық,

Су болып ағайық.

Терең-терең дем алып

Жүгіреп-жүгіріп алайық.


«7»


Баққа біздер барамыз

Алманы жұлып аламыз

Хош исімен тыныстап

Мәз- мәйрам боламыз.



Біз орманға барамыз,

Жидектерді табамыз,

Көргендердің барлығын,

Санап, санап аламыз.



«8»


Жайқалады аң бидай,

Басын иіп аңқудай.

Трактор мен комбайн

Жүргізуге мен дайын.

Қарлығаш боп ұшайық

Торғай болып қонайық

Сауысқан болып секіріп

Тоқылдақ боп шұқыйық.



«9»


Таң атты, күн шықты.

Аспанды бұлт шықты,

Жел тұрды, жауды.

Найзағай сарт- сұрт етті,

Біз бұға қалдық.



Таң әлі атқан жоқ,

Маңай әлі қараңғы.

Әтеш ерте оянып,

Жан-жағына қарады.

Шынықтырып денені,

Қанаттарын қағады.

Ку-ку-ре-ку,тұр-тұрлап,

«10»


Қырғауыл боп ұшамыз-ұшамыз.

Түлкі болып қашамыз-қашамыз,

Қырғауылдай тапқыр боп,тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз.


Шынығамыз жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш,

Бойымызға жинап күш,

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш,


«11»



Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз,

Көкке қарап,талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайы



Қолға қалам алайық,

Дәптерімізді ашайық,

Дәптерімізді ашқан соң,

Әдемі етіп жазайық.


«12»


Жаттығу оңай-ақ.

Құс қанатын жаяды.

Үйрек мойнын созады

Жерге аққу қонады.


Орнымыздан тұрамыз

Мойнымызды бұрамыз

Басты төмен бұрамыз

Осылай жаттығу жасап

Үлкен болып шағамыз.



«13»



Қылқаламды алайық

Сәнді өрнек салайық

Қолға ұстап қайшыны

Ою- өрнек қияйық.


Торғай торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ал

Бөтегесін томпайтып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ.



«14»


Ұзын мұрты құмырсқа

Келе жатыр жұмысқа.

Допты алдым қолыма.

Допты қойдым орнына,

Оңға қарады, солға қарады.

Үлкен тау деп ойлайды.



Орманда кірпі келеді,

Құлпынайды тереді.

Кездесті, міне, керегі.

Екеуі ағаш жанынан.

Біреуі терек қасынан.

Тоқылған салса себетте.


«15»


Мазмұны:
Алғы сөз-----------------------------------------1 бет

Сергіту сәттерінің топтамасы--------2 -15 бет

Пайдаланылған әдебиеттер--------------16 бет

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. «Балдырған» балалар журналы 2010 ж.

  2. «Мөлдір бұлақ» балалар журналы 2009 ж.

  3. «Айгөлек» журналы 2013 ж.

  4. «Өзін-өзі тану» методикасы Бөбек 2010 ж.



«16»

«5-6 жасар балалардың ойын арқыл сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау техналогиясы бойынша құзыреттілік меңгерту» тақырыбындағы 2015-2016 оқу жылындағы рефлексивтік есеп.
Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі

Ы. Алтынсарин

Мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады.
Мектепке дейінгі математиканың негізі бастауыш мектептің математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Математика сабағы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллекттісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгеруді, «математикалық сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды. Осыдан қарапайым математиканы оқытудың мынандай мақсаттарға жетуді көздейтіндігі туындайды:

Бағдарлама талаптарына сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;


- баланың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыта түсу;

- меңгерген қарапайым математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру;


Қазақстан Республикасында қазіргі мектепке дейінгі мекемеде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын.

Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер тәрбиешінің «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.


Математика сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды шешуге ерекше мән беріледі. Өйткені мұнда шығармашылық тапсырмалар өзінің мазмұнымен балалардың логикалық ойлауын және сөйлеуін дамытуға ықпал етіп, өз ойларын қысқаша әрі түсінікті етіп жеткізуге тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі балаларды оқытуда балаларың ақыл-ой белсенділігін жан-жақты етіп көрсететін, шығармашылық қабілеттерін дамытып отыруда оларды қызықтыратындай тапсырмалардың алатын орны ерекше.

Қызықты тапсырмаларды орындауда мектепке дейінгі балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін дамыту, танымдық қызығушылығын арттыру қазіргі кезде еліміздегі оқыту әдістерінің ең бір өзекті проблемасына айналды.
Математика сабағында ертегілерді пайдаланып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың маңызы зор. Бұл проблемалардың аспектілері қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің жұмыстары қатарында және мектепке дейінгі балаларды оқыту әдістемесі жұмыстарында зерттеліп жүр. Мектепке дейінгі балаларға өз бетінше қызықты тапсырмаларды орындау үшін жасалған жұмыстардың ғылыми маңыздылығы жоғары болса да, зерттелетін проблеманың бірқатар аспектілерінің әлі де болса әрі қарай зерттеуді қажет ететіндігі көрінеді. Осыған байланысты біз зерттеу тақырыбымызда аталған мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Зерттеу мақсаты:

Мектепке дейінгі балалардың математика сабағында ертегілер арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыруды теориялық тұрғыда негіздеу және практика жүзінде іске асыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. «Қызығушылық», «Танымдық қызығушылық» ұғымдарының қарапайым математикалық ұғымдармен өзара байланысын зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.

2. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының мазмұны мен өзіндік ерекшелігін анықтау.

3. Математика сабағында ертегілер арқылы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін негіздеу


Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік, мазмұнды эмоциялық көзқарас - ертегімен әуестену, тұрақты танымдық қызығушылық - ертегіге деген қызығушылық.

Математика сабағында ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады.


Балалардың математика сабағында танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін:

1) Математика сабағында қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып, ертегілер мазмұнын балалармен бірге талдау;

2) Сюжеттік - рөлдік, дидактикалық ойындар ұйымдастыру;

3) Тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау;

4) Ертегілерді балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып талдау қажет, сонымен қатар ертегілерді математика сабағымен байланыстыра отырып өткізу керек.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығының өзіндік ерекшелігіне психологиялық - педагогикалық тұрғыда мынандай мазмұндық сипаттама береміз.

1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады:

Жағымды эмоциялық көзқарас (ертегіге әуестік) → мазмұнды эмоциялық көзқарас (ертегімен әуестенуі) → тұрақты танымдық қызығушылық (ертегіге деген )

2. Ертегілердің педагогикалық жіктемесі. Бұл біріншіден, мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін анықтауға ықпал етеді; екіншіден, ертегілерді нақты өлшемдер бойынша сұрыптауға көмектеседі; үшіншіден, ертегілер құндылық көзқарасын бағдарлайды.

3. Мектепке дейінгі балалардың ертегіге деген қызығушылығын қалыптастыру моделі және оны жүзеге асыруда ықпал ететін педагогикалық шарттар. Модель құрылымы эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік компоненттер бірлігінде байқалады және нақты көрсеткіштер мен өлшемдер арқылы сипатталады.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиеші ертегі мазмұнын қай сабақпен байланыстырмасын оны саналы оймен түсіне білуге баулау қажет. Балада саналы ой түсінігі болу үшін оның белгілі бір деңгейде ертегілердің кейбір түрлерін білуі тиіс. Ертегіні саналы түсіну үшін:

- Математика сабағында ертегілердің балалардың жас шамасына сай түсіндірілуі керек;

- Математика сабағында ертегілерді қолдану барысында көрнекі құралдарды дұрыс пайдалана білу керек;

Қызығушылық - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Балалардың танымдық қызығушылықтың көмегімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады,, өз күшіне, мүмкіндігіне сенім артады, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Математика сабағындағы балалардың бойына қалыптастырудағы танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқыту – ең көкейкесті проблемаларды , танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Оқу үрдісін белсенді түрде өткізу жолдары балалардың математика сабағына деген қызығушылығын , сол арқылы танымдық қызығушылықты дамытуды көздейді, сабақтың қай түрі болмасын қызығушылық пен уәждемелерге, яғни (МОТИВАЦИЯ) бағытталады. Танымдық қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтардың да назарынан тыс қалмаған. Әл-Фараби: «Баланың рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқып-үйрену нәтижесі шәкірттің ниетіне әсер етеді, көңіл қалауы болмақ» - деген екен.
Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай сабақ түрлерін ұсынамын:





Қызықты математика.

Сабақтың мақсаты: Геометриялық пішіндермен таныстыру.

Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, пішінін тікелей бақылата отырып меңгерту

Дамытушылық: өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігінен талдау жасауға үйрету.

Тәрбиелілік: Ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: «Ертегі еліне саяхат»

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ертегі кейіпкерлерін жандандыру, түсіндіру.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Жылулық шеңбері

Армысыз, мейірімді - Аспан Ата!

Армысыз, қайырымды - Жер Ана!Армысыз, шұғылалы - Нұрлы Күн!

Армысыңдар достар

Армысыздар апайлар!



II.Өткен сабақты қайталау: «Санап үйренейік» тақырыбын еске түсіру.

III.Жаңа сабақ:

Тәрбиеші: Балалар бізде бүгін математика сабағы. Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық. Бүгін қайталау сабағы. Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Бізге қонаққа бауырсақ келіпті. (бауырсақ келеді әуен ойналады)


Бауырсақтың сөзі:

Менің атым - бауырсақ

Мені пышақпен қырып алды

Қанатпен сыпырып алды

Қаймаққа иледі, майға пісірді

Мен атадан кеттім

Мен әжеден кеттім

Тыңдамадым атамды

Тыңдамадым әжемді

Үйімді мен сағындым

Көмектесші балақай
Тәрбиеші:

- Балалар бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар:

- Бауырсақ ертегісінің кейіпкері

Тәрбиеші:

- Бауырсақтың түсі қандай?

Балалар:

- Сары
Тәрбиеші:

- Бауырсақтың пішіні қандай?

Балалар:


- дөңгелек
Тәрбиеші: Балалар біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік. Оған баратын жолды көрсетейік. Олай болса, орманға серуенге аттанайық. (әуен ойналады)

Балалар бір шыршаның түбінде жылап тұрған қоянды көреді.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе қоян. Сен неге жылап тұрсың?

Қоян: Менің тұратын үйім жоқ. Соны маған табуға көмектесіңдерші



IV.Сергіту сәті:

Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды.

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.

Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.

Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.
Тәрбиеші: Біз саған көмектесейік. Ендеше балалар геометриялық пішіндерден қоянға үй құрастырып берейік.

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.

Қоян: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Менің енді баспанам болатын, болды. Рахмет мен енді өз жөніммен кетейін.

Орманда келе жатқанда оларға қасқыр кездеседі.

Қасқыр: Балалар менің қарным ашып тұр. Мен бауырсақты жеймін.

Балалар: Жоқ, сен бауырсақты жемеші, біз бауырсақты атасы мен әжесіне апаруға көмектесейік деп келе жатырмыз.


Қасқыр: Онда сендер мені сиқырлы көпірден өткізуге көмектесіңдер. Жұмбақ есепті шеш.

1. Ағаштағы төрт алмұрт

Піскен екен тимей құрт

Самат алып екеуін

Қалдырған екен нешеуін?
2. Ойнап жүрген аулада

Қанат, Самат, Бақытты

Қара төбет қорқытты

Жан-жаққа қашты бәрі де

Табылмай қалды бірі де.
3. Орындықты төңкердік

Оны енді не дедік?

Балалар тапсырманы орындайды. Қасқыр: балаларға рахметін айтады.

Одан соң балалар аюға кезігеді. Аю көңілсіз отырады. Тәрбиеші: Ай Аюбай сен неге көңілсіз отырсың?

Аю: Мен өз апанымды таба алмай отырмын, анамнан рұқсатсыз шығып кетіп

едім, енді міне адасып қалдым.

Тәрбиеші: балалар аюдың істеген қылығы дұрыс па? (жоқ). Аюбай анаңның рұқсатынсыз ешқайдада кетпе орманның ішінде адасып кетесің, ал біз саған апаныңа жетуге көмектесеміз.

Тапсырма: «Лабиринт» Аюдың өз апанына жетуіне көмектес

Балалар тапсырманы орындайды. Жолда келе жатып алдарынан қу түлкі кездеседі.

Түлкі:Ооо, қайда жол тартып барасыңдар?

Балалар: біз бауырсақты атай мен әжейге алып барамыз. Мен сендерге тапсырма берем егер соны орындасаңдар ғана босатам, ал орындамасаңдар мына бауырсақты маған бересіңдер. Балалар келіседі.

«Өсу ретіне қарай орналастыр»

Ормандағы ағашты өсу ретіне қарай орналастырыңдар. Балалар ол тапсырманы да орындап, әрі қарай жол жүріп бауырсақты атай мен әжейге тапсырады. Әжей оларға ризалығын білдіріп, жолда кездескен қиындықтарды рет-ретімен сұрайды,

V.Бекіту: Әліппе-дәптермен жұмыс.

VI.Қорытындылау:

-Балалар, біз бүгін қандай пішіндермен таныстық?

-Ертегі сендерге ұнады ма?

Балалар менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!



Соңынан тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, аяқтайды.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Геометриялық пішіндерді білді.

Игеруі керек: Геометриялық пішіндерді ажырата білуді игерді.

Меңгеруі керек: берілген тапсырмаларды орындай алу, логикалық есепті шығару, өз бетімен жұмыс жасауды,сұраққа жауап беруді меңгерді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет