Таќырыбы: Денсаулыќ – салауатты µмір кепілі



жүктеу 39.35 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі39.35 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Денсаулық – салауатты өмір кепілі


Сабақтың мақсаты:
1.Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.

3. Оқушылардың танымдық қабілетін дамыта отырып, психологиялық іс-әрекет арқылы жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі –түсті қағаз, «Аспан әлемі», ракета,суреттер, бейнетаспа,түрлі-түсті шам.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:балаларға түрлі-түсті қағаздарды таңдату, өз есімдерін жаздыру.Мысалы:менің есімім- Венера апай,

төгілсін деп таңдадым.


ІІ Негізгі бөлім.
Балалар, бәрімізде түрлі-түсті қағаз алған екенбіз, яғни бейбітшілікті, ашық аспанды қалайды екенбіз. Олай болса, бүгінгі сабағымызда бәріміз «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін біздер ракета құрастырып алуымыз керек.


  1. Таңертең ұйқыдан тұрған соң не істеу керек?

  2. Балаларды сауықтыру орталығы қалай аталады, оның президенті кім ?

  3. Қар кешіп, салқын суға шомылатын адамдарды кімдер дейді?

Өте жақсы, балалар, ракетаны құрастырдық.Енді, саяхатқа ұшар алдында бізге әдемі тақпақ оқып бере қойсын.

Әрқашан ерлікке құштармыз,

Қажымас дарынды жастармыз.

Жол салды ақ маңдай айға да

Достарды жұлдызға бастармыз.

Ұшамыз жұлдызға біз жерден

Сырласып болашақ күндермен.

Ертең-ақ Марсқа барамыз,

Балалар қырқадан гүл терген.

«Аспан әлеміне»саяхат(музыка ойнайды).

1.«Жаман әдеттер»планетасы.(Осы планетаның тұрғыны болып киінемін).

-Ха-ха-ха... Мынау келген кімдер? Неге сен тап-таза болып отырсың? Мен сендерді өзімнің елімде алып қалып, парта сызуға, суға түспей кір болып жүруге, құстарды атуға үйретемін. Ха-ха-ха

- ...

- (Оқушылар сөзі).



-Жарайды, менің сендерге сұрағым бар.Тырнақ өскен, шашы көптен алынбапты-ау, рахат-ай!

Кім туралы айтылған?

-...

- Қане, олай болса күштеріңді сынайын, кім менімен күш сынасып көреді?



-...

-Ой-ой, ... Қолымды ауырттың ғой!Тез кетіңдер, менің елімнен,мен сендермен дос болмаймын...

(Музыка ойнайды).

2. «Зиянды заттар» планетасы.

Бейнетаспамен жұмыс.


  • Қане, балалар, біз қай планетаға келдік екен, экранға қарайық шы? (Экранда темекі).

  • Балалар, мені танисындар ма? Менің пайдам өте көп. Мені тек қана тәртіпсіз, тентек балалармен дос боламын. Ал менімен кім дос болғысы келеді?

Мұғалім:

-Балалар, қазір иына тәжірибе арқылы ойланып көріндерші, темекі пайдалы ма, әлде зиянды ма?Тәжірибе:баклашка ыдысқа таза мақта салып,қақпағын кесіп,темекіні тұтатып қыстырамын.Сосын баклашканың ішіне темекі түтінін жинаймыз.Сол кезде мақта түсі өзгереді.

(Тәжірибе жасалады).


  • Темекі тартқан адамның өкпесі мына мақтадай болады екен. Олай болса, темекіні тартуға бола ма,жоқ па? Сіздер қалай ойлайсыздар?

Сонымен маған сурет салу арқылы көрсетіңіздер.(Оқушылар сурет салады).

-Өте жақсы, темекінің зиянды екенін жаксы біледі екенсіңдер.Осыдан қандай қорытындыға келуге болады.(Оқушылар өз қорытындыларын айтады).

- Балалар, бұл планета біз үшін зиян екен. Олай болса, ары қарай ұшайыұ.(музыка ойнайды).

3. «Спортландия» планетасы.

Спортландия ханшасы қарсы алады.

-Хош келдіңіздер балалар!Мен Спортландия елінің ханшасымын. Біздің елдің адамдары спортпен айналысқандықтан ұзақ өмір сүреді және денсаулықтары жақсы. Біздің планетада№30 орта мектеп оқушыларыспорттан жақсы жетістіктерге жетуде(мектеп оқушыларының жетістіктерін айтып кету).

-Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме?

-...


-Спорттың қандай түрлерін білесіздер?

-...


-Қандай спорттық үйірмелерге қатысасыздар?

-...


-Өте жақсы. Ал Ақтөбелік спорт жүлдегерлерін білесіздер ме?

-..


- Сидней олимпиадасы қашан өтті?Онда алтын жүлдемен оралған қандай қазақстандықтарды білесіңдер?

-...


-Алда болатын қысқы олимпиада қашан және қай жерде өтеді?

-...


-Өте жақсы, балалар!Спорт туралы көп білуді екенсіздер. Олай болса мен сіздерге «Спортландия» елінің атынан сыйлықтар ұсынамын. (Оқушыларға тәттілер тарату)

-Балалар менімен кездескілерін келе ме?

-...

-Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығу жасасаңдар, денелерінді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, мен әркез сіздердің қастарыңызда боламын. Көріскенше қош-сау болыңыздар! (Музыка ойналады).



Мұғалім:

-Балалар, міне біз сыныбымызға да қайтып келдік.Саяхат ұнады ма? Қай планетаға барған сіздерге ұнады?Несімен ұнады?Осы «Аспан әлеміне» саяхат жасай отырып ойымызға не түйдік?

-...

-Ал енді, балалар, өз бейдждеріңізді мына жер шарына жабыстырып, бәрімізге қонақтарға арнап тілек айтайық.



Мысалы:

-Бақыт.


-Денсаулық.

-Достық...

(Осы кезде бейнетаспадан Роза Рымбаеваның үндеуі жіберіледі).

Мұғалім:


  • Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық!(Оқушылар қол ұстасып, қолдарын жоғары көтереді.Музыка ойнап тұрады). Астанадағы көпұлтты балалар қорының клипі жіберіледі.

Сабақ аяақталды.
Каталог: uploads -> doc -> 052a
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет