Тақырыбы: «Достық – татулық кепілі» спорттық жарыс



жүктеу 43.59 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі43.59 Kb.

Тақырыбы: «Достық – татулық кепілі» спорттық жарыс

Мақсаты: Балаларға «татаулық» туралы түсінік беру. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Доп, кегли, құрсаулар, камаз көлігі, арқан.

Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар, балалар, балабақша қызметкерлері!



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, “Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Достық – татулық кепілі” атты спорттық жарысымызға кош келдініздер.

Бүгінгі сайысқа “Достық” және ”Татулық” тобы балалары арасынан екі топ қатысқалы отыр.

«Достық» тобы мен «Татулық» тобын ортаға шақырамыз.

Жан-жақты дамыту жаттығулар

Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру,

Мұнан соң балалар шеңбер жасап тұрып негізгі жаттығуларды жасайды.

Негізгі жаттығулар

1. Басқа, иыққа, қолға, белге, тізеге, аяқтың басына.

2. Шеңбер жасап жай жүру

3. Екі қатарға бөліну



Жүргізуші:

Еріншектен салақтық 
Салақтықтан надандық, 
Бірінен –бірі туады 
Жоғалар сүйтіп адамдық 
Еріншек таза жүре алмас, 
Кір қолында жуа алмас. 
Қарекет жоқ, ғалым жоқ 
Өз бойынан ұялмас- деп 
Шәкәрім атамыз айтқандай бүгінгі «Достық –татулық кепілі» -деп аталатын спорттық жарысымызды бастаймыз. 

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.



1. «Доппен жүгіріп қайту» жарысы

2. «Құрсаумен секіріп қайту» жарысы

3.«Көлікпен қарбыз жинау» жарысы

4. «Қаппен секіру» жарысы

5. «Арқан тартыс» жарысы
Жүргізуші:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.

Балабақша тәрбиешісі: Самбаева Гүлнар

Орыс-тіл пәні мұғалімі: Бердиева Жаңылсын
1. «Доппен жүгіріп қайту» жарысы

Шарты: Допты ұстап кеглиден айналып жүгіріп қайту, кім шапшаң болып келсе, сол топ жеңіске жетеді.

2. «Қаппен секіріп шарларды жинау» жарысы



Шарты:  Қапты киіп алып ортаға дейін секіріп келіп, шарларды қапқа салып орнына қайта секіріп келеді. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

3. «Құрсаудың ішінде тұрған қарбыздарды машинаға салып екінші құрсауға жеткізу» жарысы



Шарты: Топтар машинамен құрсауға дейін барып 1 қарбыздан салып, екіншші құрсауға апару. Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

4. «Құрсаумен секіру» жарысы



Шарты: Топтар екі құрсаумен кеглиден айналып келу кім шапшаң болып бітірсе, сол топ жеңіске жетеді.

5. «Арқан тарту» жарысы



Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан белгісі бар. Екі топ 

арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне

қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Топты жарған түлектерміз

Жаралдық ақ тілектен біз.



«Татулық табылмас бақыт», «Достық татулықтан басталады», деп «Достық», «Татулық» топтарымен таныс болыңыздар.
«Достық» тобының ұраны

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

«Достық» тобы

Жандосұлы Қайсар

Ерік Асылназ

Оңайбай Айша

Темірғали Сандуғаш

Ерболатұлы Ернұр

Айтжан Алихан

Мақсатұлы Мейіржан




«Татулық» тобының ұраны

Татулық - бірлік бастауы
«Татулық» тобы

Үсенбай Айдын

Жексембек Ақарыс

Батырбек Кәусар

Сапа Даяна

Сапа Диана

Қыдырбай Аслан

Ажаров Даулет

Жарыс соңында тыныс алу жаттығулары орындалады.

Тәрбиеші:
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.

Әділқазылар алқасы жарыс соңында «Достық», «Татулық» тобының жинаған ұпай сандарын айтып марапаттайды.


Әділ қазылардың бағасы, марапаттау, қортынды сөзі.

Жүргізуші:
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден! деп

Сайысқа қатысып, атсалысқандарың үшін көптен  көп рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет