Тақырыбы: Әйелдер көйлегін дайындау. Өндірістік тақырыбы



жүктеу 88.29 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі88.29 Kb.

Күні :.....................................................

Тақырыбы: Әйелдер көйлегін дайындау.

Өндірістік тақырыбы: Жағасыз бұйымдардың мойын ойындысын өңдеу.

Сабактың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мойын ойындысын өңдеу

әдісінін технологиялық шарттарын сақтай

отырып, мойын ойындысын өңдеуді үйрету. Нұсқау картасымен өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін тереңдету.

Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,

оны қайта жаңғыртуға машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, әсемдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұжымдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрал-жабдығы: тігін машинасы, үтік, сызба нұсқа, нұсқау карталар, әдіпті өңдеу технологиясын плакаты, интерактивтік тақта, тігін құрал-жабдықтар.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі:


  1. Сәлемдесу;

  2. ҚР әнұранын орындау;

  3. Оқушылардың сырт көрінісін тексеру;

  4. Оқушыларды түгелдеу;

  5. Оқушылардың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруын бақылау;


IІ. Арнайы технология бойынша сұрақтар:

Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақты қайталай, жаңа сабақпен

байланыстыру:
1-сұрақ: Сызба қандай бөлшектерден тұрады?

Жауабы:

1. Базистік тор.


2. Артқы бой.
3. Алдыңғы бой.
4. Жең.
5. Жаға
2-сұрақ: Жең конструкциясын орындау үшін қандай өлшемдер алу керек?

Жауабы:

1. Білек орамы.


2. Білезік орамы.
3. Жең ұзындығы.
3-сұрақ: Силуэт дегеніміз не?

Жауабы: Силуэт – тік, қынама және жартылай қынама.
4-сұрақ: Стиль дегеніміз не? Стиль нешеге бөлінеді?

Жауабы: Стиль дегеніміз – мәнер, сипат, ерекшеліктік.
Стиль 4 бөлінеді:

1. Классикалық стиль.


2. Спорттық стиль.
3. Романтикалық стиль.
4. Фольклорлық стиль.
5-сұрақ: Өлшемді адам денесінің қай жағында тұрып өлшейді?
Жауабы: Өлшемдерді адамның денесінің оң жағында тұрып өлшейді.
6-сұрақ: Ашық мойындықты жағаларды ата?

Жауабы:

1. Шәлі жаға.

2. Костюм жаға.
3. Апаш жаға.

4. Жазық.



7-сұрақ: Жабық мойындықты жағалар?

Жауабы:

1. Тік жаға.

2. Қайырма жаға.

3. Жартылай тік жаға.


8-сұрақ: Жаға бөліктерін ата?

Жауабы:

1. Жаға қыры.

2. Жаға тіліктемесі
Оқушыларға жауаптары үшін тиісті бағасын қою, ол бағалар сабақ соңында қорытынды бағасына өз әсерін тигізеді.


IІI. Кіріс нұсқауы:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақырыбы: «Жағасыз бұйымдардың мойын ойындысын өңдеу.»
Қызығушылықты ояту .

Интерактивті тақта ішінен бip көйлек үлгісі шығарылады. Көйлек бөліктеріне жұмбақ жасырылады. Сонымен тақырыпты ашып аламыз.



  1. Суык күні мен болмасам егерде, тоңып қалар екі қолын
    тегінде «жең»

  2. Екі жартыны қосады, бір бүтінді шығарады. «түйме,тілме»

  3. Қоймам көп, қулпым жоқ «қалта»

  4. Өзi кішкентай тығылысып тұрар ішінде, салып қойсаң затыңды, өкінбейсін тегінді «төс қалта»

  5. Сән беремін, нәр бepeмін көйлекке, әдемі болып тұрар мойның әлбетте «МОЙЫН ОЙЫНДЫСЫ»


Мойын ойындылары әр түрлі болады

  1. Домалақ , лодка, төртбұрыш, үшбұрыш, фигурный, трапециялы болады.

  2. Мойын ойындылары 2 түрлы әдіппен әдіптеледі; бейке мен және матадан пішілген әдіп.





«Жағасыз бұйымдардың мойын ойындысын өңдеу.»


а ә
а-түймесіз бұйымға арналған әдіп; ә- түймелі бұйымға арналған әдіп;
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЙІНДЕР СЫЗБАСЫ



Әдіппен өңдеу

450 бұрышпен қиғаш пішілген пішімдік әдіппен өңдеу






шеттікпен









Шеттіктеу тігісімен өңдеу



Ашық


қиықты



Жабық


қиықты




Желбір, шектіктеу тігісімен

Шілтер


және

әдіппен




Әрлеу бөлшектерімен өңдеу









  1. Артқы және алдынғы бөлшектерді қағаз бетіне инешелермен қыстырып бекіт. Артқы және алдыңғы бөлшектердің мойын ойындыларын қағазға бастырып, сызып ал.

  2. Бөлшектерді қағаздан бөлек ал. Қағаздағы үлгі мойын ойындысының әдебі. Әдіптің жалпақтығын 3,5-5см етіп сызып, қиып ал. Әдіпті бүйымға байланысты әр түрлі пішімде алады.

  3. Матаны негізгі жібі бойынша екіге бүктеп, оның бетіне әдіптерді жайғастырып, инешелермен қыстырып қой. Иыққа берілетін тігісті алүды ұмытпа. Үлгіні бормен немесе қаламмен сызып,қиып ал.

  4. Әдіптерді желімді астар мен оңде. Ол үшін матаның теріс бетіне қатырма қойып, үтікпен бастырып біріктіріп ал. Әдіпке астарды жапсырарда оны қолмен тартынқырап үтікте, өйткені әдіптің бастапқы пішіні өзгеріп кетеді.

  5. Әдіптің ашық кесіндісін торлап, оң беттермен қосып, иық кесінділерін біріктір.

  6. Дайын әдіпті бұйымның оң жақ беті арқылы жайғастыра орналастырып, қиықтарын түзетіп,иық тігістерін беттестір. Әдіп дәл келген соң, мойын кесіндісі бойынша бұйымға айналдыра тігіп шық.

  7. Әдіптің оң жағына аударып, тігісті дұрыстап, әдіпке қалдыра отырып,

көктеп қой.үстін бастыра үтіктеп шық.
IV. Бекемдеу үшін сұрақтар:

Жаңа сабақ түсінікті болса, онда сұрақ қою арқылы жаңа сабақты бекітейік:

1-сұрақ. Мойын ойындыларының түрлері?

2-сұрақ. Мойын ойындылары неше түрлі әдіппен әдіптеленеді?

3-сұрақ. Әдіп қалай пішіледі?

4-сұрақ. Әдіпке не үшін желім қатырма жапыстырылады?

5-сұрақ. Мойын ойындысын жиектеп өңдеу әдістерін түсінтір?
V. Практикалық және өзіндік жұмыстарды тапсыру.
«Жағасыз бұйымдардың мойын ойындысын өңдеу.»
Жұмысқа кіресер алдында техника қауіпсіздік ережелерін қайталайық:


Машинаға отырдық

Ережені оқыдық.

Саусақтарды ептеп біз -

Инеден алыс ұстадық.


Шашымызды буайық,

Орамалмен орайық.

Арқамызды түзу ұстап

Ап, тігісті бастайық!


Тісіңізбен ішіңіз

Ауырмасын десеңіз -

Түйреуіш пен инені

Ауызға салуға

Болмайтынын біліңіз!

Үстелге қоям қайшыны

Сабын бері қаратып,

Саған берем қайшыны

Сабын саған қаратып,
Үстел күйсін демесең-

Үтікті қой орнына

Сымы астында қалмасын –

Оны да бір абайла


Сымы күйіп қалмасын

Киім күйіп тозбасын.

Тоққа жалғап үтігің

Таңға дейін қалмасын!




VI. Ағымдағы нұсқау.Оқушылардың еңбек тәсілдерін көрсету
1- ші айналым: Мойын әдібін пішу.

2- ші айналым: Мойын әдібінің қиығын өңдеу,мойын әдібін қосып көктеу.

3- ші айналым: Мойын әдібін жөрмеп тігу,көктеу жібін сөгу.

4- ші айналым: Мойын әдібі бұрышын қырқу,мойын әдібін аудару,мойын әдібін үтіктеу.

5- ші айналым: Тігісті бастыра тігу,мойын әдібін бекіту.

6- ші айналым: Мойын әдібін баса үтектеу, тігіс сапасын тексеру.
VІІ. Жұмыстарды қабылдау және бағалау:

1. Күн бойы оқушылардың орындаған жұмыстарын шебер бағалайды. Жасаған жұмыстың сапасын, тазалығын, оқушының тәртібін, білімін ескере әділ бағасын қояды. Бағаны өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық деп бағалайды.


2. Әр жұмысқа жасаған қателіктерін ескере бағасы қойылады:

  1. «өте жақсы» деген бағаға ешбір қатесі жоқ, технологиялық шарттарға сай үлгі;

  2. «жақсы» деген бағаға бір-екі қателіктері бар үлгі сай;

  3. «қанағаттанарлық» деген бағаға бір емес бірнеше қателіктері бар жұмыс болып саналады.

3.Ортақ қателіктерді, ақауларды атап, шешу;
VIІІ. Қорытынды нұсқау шаралары: «Ғажайып үштік» ойыны.
Технология пәні бойынша.

1. Жағаның ұзындығын қалай табамыз?

Жауабы: Артқы және алдыңғы бойдық мойын ойындысын өлшеу арқылы табамыз.
2. Ашық мойындықты жағаларды ата.

Жауабы: Ашық мойындықты жағалар. 1. Шәлі жаға. 2. Костюм жаға.

3. Апаш жаға. 4. Жазық.
3. Жабық мойындықты жағалар.

Жауабы: 1. Тік жаға. 2. Қайырма жаға. 3. Жартылай тік жаға.


Сызу пәні бойынша.

1. Жаға бөліктерін ата.

Жауабы: 1. Жаға қыры. 2. Жаға тіліктемесі.
2. Жаға қандай бұрыштық сызбада сызылады?

Жауабы: Жаға көбіне тік бұрышты сызбада сызылады.


3. Жаға сызықтарын ата.

Жауабы: 1. Бүгілу сызығы. 2. Қондырып тігу сызығы. 3. Жиек сызығы.


Математика пәні бойынша.

1. Жағаның бүгу сызығының ортасын қалай табады?

Жауабы: Жағаның ұзындығын 2 - ге бөледі.
2. Тік жаға сызбасының қондырып тігу сызығы неше см есебімен алынады?

Жауабы: Қондырып тігу сызығы 3 см көлемінде алынады.


3. Жартылай тік жаға сызбасының көтеру мөлшерінің биіктігі неше см есебімен алынады?

Жауабы: Жартылай тік жағаның көтеру мөлшері 2-4см аралығында алынады


ІХ. Үйге тапсырма беру: «Жағасыз бұйымдардың мойын ойындысын өңдеу.»
Х. Жұмыс орнын тазалау: Шеберхананы жинастыру.
Ө/о.шебері : Сайитханова К.С.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет