Таќырыбы: Ежелгі дјуір јдебеті



жүктеу 85.31 Kb.
Дата05.01.2018
өлшемі85.31 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті.

Күлтегін жырлары.


Мақсаты:

Ежелгі дәуір әдебиеті. Күлтегін жырлары туралы түсінік беру.

Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын ескерткіштер мен шығармаларға

шолу жасау.

Ежелгі дәуір әдебиеті Күлтегін жырлары туралы түсінігін дамыту.

Елін жерін, ел тарихын құрметтеуге, бірлікке, ел тәуелсіздігі үшін

күресе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:

Иоллығтегін «Күлтегін жыры» Ежелгі Қазақстан.

(Қазақстан балалар энциклопедиясы. Тарихи

тұлғалар)


Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: аралас әдіс

Сабақтың жүрісі: Тарих бетінен
Қазақ халқының құрылуына негіз болған ру тайпалар

Өзбек Ұйғыр

Қарақалпақ

Қырғыз Хакас

Башқұрт

Әзірбайжан



Түркмен Татар

Құрамына кірген ру тайпаларымен аралас өмір сүреді.

Мекендеген территориясы:


Қазақстан

Орта Азия

Оңтүстік-Шығыс Сібір

Орталық Азия

Еділ, Каспий жағалауы.
Түркі тектес халықтардың әдебиеті ортақ








Құлпытас Мадақтау Жазба

Күмбез әдебиетінің

түріндегі басталуы

жазулар Жоқтау







Көне түркі, шағатай, ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылған.

Шағатай тілі- араб, парсы сөздері араласқан

түркі ру-тайпаларының кітаби тілі.

Күлтегін

Тоныкөк


Қорқыт ата

Аталған ғұла-

Жазба малар түркі

әдебиеті Жүсіп Баласағұни халқынан шыға

тұра араб әде-

Махмуд Қашқари биетін дамыту-

ға үлес қосқан



Ахмет Иассауи

Бақырғани

Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Райхан әл-Бруни



Хорезми

Зерттеген ғалымдар



Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев,

Б.Ысқақов, М. Жолдасбеков т.б.


Қыпшақ тіліндегі шығармалар

«Кодекс куманикус», «Махаббатнама»,

«Жүсіп-Зылиха», «Гүлстан»,

«Домбаул»т.б

Күлтегін жыры
Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын қолданған , ал араб әліпбиін кейінірек қолданған .Х ғасырда Ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған . Көне руналық жазулардың ең көрнектісі –«Орхон-Енесей »ескерткіштері. /Талас/

Орхон жырларының тақырыбы : Тәуелсіздік , ел бірлігі .

Идеясы : Елдің береке бірлігін сақтауға ,тәуелсіздік үшін күреске

үндеу .


Жырдың фабуласы . /қысқаша мазмұны/

Білге қаған таққа отырған соң елінің тағдырын ойлап толғанады . Оның көңіл күйі былайша суреттеледі .

Дәл осы жерде

Тауғаш халқымен табыстым .

Алтынды , күмісті , дақылды , жібекті соншама шексіз беріп жатқан

Тауғаш халқының сөзі тәтті , бұйымы асыл еді

Олар тәтті сөз ,асыл қазынасын беріп ,

Басқа халықты өзіне соншама жақындатар еді .

Бірақ ақылды кісілерді . батыл кісілерді

Тауғаштар қозғай алған жоқ .

Егер олар алданса , онда руы , халқы тұқымына дейін қалмас еді .

Ал тәтті сөз , асыл дүниесіне көп алданып ,

Түркі халқы қырылдың,

Түркі халқы жойылдың .


Білге өзі қаған болғанға дейінгі уақыттарда мұндай жағдайға душар болу себебі :
Соңындағы інісі ағасындай болмады ,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар таққа отырған екен .

Әміршілері де біліксіз екен .

Жалтақ болған екен .

Бектердің халқының ымырасыздығынан

Тауғаш халқының тепкісіне көнгендігінен ,

Арбауына сенгендігінен ,

Ағалы –інілі дауласқандығынан

Бек пен халықтың өз ара жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды .

Қағандығынан айрылды .


Жырда негізінен Білге қаған , Күлтегін батыр , Тонықұқ жырау ерліктері суреттелген .

Басты кейіпкері –Күлтегін батыр . Оның әкесі Елтіріс қаған «Түркі халқы жойылмасын» деп 47 рет жауларымен алысқан « Тізеліні бүктіріп , бастыны еңкейтіп» түркілерді бүтіндеуге күш салады . Күлтегін өзінің ағасы Қапаған қағанмен бірге әке ісін жалғастырады .16 жасынан бастап жауларымен 23 рет соғысады .Сөйтіп түркілер тауғаштарға бағыныштылығынан құтылады .Қапаған қаған өлгеннен кейін Күлтегіннің екінші ағасы таққа отырады .Білге қаған жырда асқан ақыл иесі , батыр ретінде суреттеледі

Әкеміз .ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түнде ұйықтамадым .

Күндіз отырмадым .

Бірікен халықты от-су қылмадым .

Осылай билік басына келген Білге қаған ,әскербасы ретінде Күлтегінді, ақылшы ,кеңесші ретінде дана Тоныкөкті қойды .

Олар Ақылдың Қайраттың Адалдықтың өз ара тіл табысып елін жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды .ТЖұртбаев «Дулыға » 135 бет

Білге қаған болғаннан кейін тарап кеткен халық аш-жалаңаш ,жаяу жалпы қайта орала бастады .Ең біріші Телес тайпасы оралды .Түргештер ,қырғыздар бөрілі байрақтың астына жинала бастады . Терістікте оғуз ,ілгері қидан ,татабы халықтарына қарсы, бербері табғашқа қарсы үлкен әскермен 12 рет соғыс болды . Түркі қағанаты күшеймегенін қалаған «Ұлы Аспан »империясы ұнатпайды .Қытайлар соғысқа дайындалады .Ұлы үштіктің арқасында түркілер 722 жыл қытайларды талқандайды . Елді бейбіт өмірмен қамтамасыз етеді .Күлтегін –Қытай қол астындағы шығыс Түркі қағанатын қалпына келтірген даңқты қолбасшы , алып күш иесі батыр 47 жасында дүниеден өтеді . Түркі қағанаты үшін орны толмас қаза болды .
Жырдан :

Өзім қайғырдым

Тағдырды Тәңірі жасар .

Адам баласы бәрі өлгелі туған .

Қайғырғаным сонша, көзге жас келер .

Көңілге ауыр шер келер .

Шексіз қайғырдым .

Қатты қайғырдым .

Екі шад , бүкіл жеткіншектерім ,

Ұландарым , бектерім , халқым

Көзі –қасы әз болар деп қайғырдым – дейді .

«Күлтегін » жыры қазақтың батырлар жырының алғашқы үлгісі , бастауы деуге болады .

Өйткені олардың көтеретін тақырыптары , мәселелері ұқсас .

/Ұқсастық айырмашылығы жөнінде айтып өту ./


Қорыта айтқанда Күлтегін , Білге қаған , Тоныкөк ескерткіштері –ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем шығармалардың үлгісі болуымен бірге , ол қазақ әдебиетінің асыл қазынасына енетін әдеби мұра .

Мәтінмен жұмыс : Түркі қағанатын күшейту жолындағы күрес .


Сұрақ тапсырмалар : Орхон ескерткішінін ерлік жыры деп аталу себебі неде?
Жырдың басты кейіпкерлеріне баға бер .
Үй тапсырма : Күлтегін батырдың ерлік бейнесі .
Аттестацияланушы туралы мәлімет
( ҚР білім және ғылым министрінің 07.08.2013ж №323 бұйрығымен бекітілген Жалпы ережелер негізінде )
Жаңаөзен қаласы

1. Аты, тегі: Ақмолдаева Назым Жиенбаевна


2. Білім және диплом бойынша мамандығы: жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3. Марапаттары :Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы 2011ж

Қала әкімінің алғыс хаты 2010 ж

4. Лауазымы : Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
5. Педагогикалық өтілі : 28 жыл
6. Категориясы:27сәуір 2011ж қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің жоғары біліктілік санаты берілген
7.Біліктілігін арттыру:Ә. Кекілбаев шығармашылығын оқыту

әдістемесі 2010ж

Білім беру ұйымдарында электронды оқыту жүйесін енгізу негізіндегі педагог қызметкерлердің АҚТ –құзыреттілігі 2014ж
8.Аттестациялау кезеңіндегі оқу-әдістемелік жұмысы :Білім сапасы 2012/2013ж - % ,2013/2014ж -%, 2014/2015ж-%, 2015/2016ж- 94%,

«Менің үздік презентациялық сабағым» Республикалық мұғалімдер сайысы 2- орын 11.01.2016ж

«Күлтегін жырын» оқыту тақырыбындағы сабағы «Қазақстан ұстазы » республикалық әдістемелік журналында жарияланды . 31.13.2015 ж

9. Оқушыларының жетістіктері : 1.«Сүйінғара батыр бейнесі-ұрпаққа өнеге» ғылыми жұмыс. Куватова Г қалалық олимпиада 2016ж

2.«Маңғыстау облысында қолданылатын диалект сөздер »ғылыми жұмыс

Дегениязова С 2-орын 2015 ж , Кіші ғылым Академиясының15-облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциясына қатысып,сертификат алды.

3. «Азаттықты аңсап өткен Алаш арыстары » облыстық байқауында

Есболаев А Ынталандырумен марапатталды.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық олимпиада да Төлегенқызыы Ж 3-орын иеленді

5. «Қазақстан-достық мекенім »көркем сөз байқауында Куватова Г 2-орын ,

6. «Қазақстан-достық мекенім» көркем сөз байқауында Сүлейменов С 3-орын
10. Жергілікті , облыстық, республикалық БАҚ-та мақалалар жариялау:

1.«Балаларға мейірім сыйлаған күн» тақырыбында мақала «Жаңаөзен» газетінде жарияланды .10.09.14ж

2. «Жаңаөзен қаласындағы алғашқы білім ордасына -45 жыл » тақырыбындағы мақала Маңғыстау мұғалімі газетінде жарияланды . 30.01.2015 ж

2011-2016 жылдарға арналған жұмыстың

жоба жоспары





Тақырыбы

Орындау мерзімі

1

Оқушыларды ғылыми шығармашылық жұмысқа баулу

Үнемі

2

Оқушылар біліміне қорытынды –мониторинг жасау

Жоспарлы

3

Пәндік олимпиада , байқауларға дайындау , қатыстыру

жоспарлы

4

Мектепішілік ,қалалық шараларға қатысу

Үнемі


5

Маңғыстау әдебиетінің тіл ерекшелігі тақырыбындағы ізденісімді шығармашылықпен ұштастыра жүргізу

үнемі

6

Ашық сабақ , тәрбие сағаттарын өткіу , тәжірибе алмасу хаңа технологияны күнделікті сабақтарда қолдануға жұмыстану

үнемі



7

Мерзімінде біліктілік курстарынан өту. Қалалық, облыстық семинарларға қатысу теориялық білім мен тәжірибені жетілдіру .

Үнемі

8

Қалалық, облыстық жарыстарға қатысып педагогикалық шеберлікті шыңдау , толықтыру

үнемі


Дайындаған : Н.Ақмолдаева
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет