Тақырыбы: Ел тірегі- білімді ұрпақ



жүктеу 102.59 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі102.59 Kb.

Интеллектуалды сайыс

Тақырыбы: Ел тірегі- білімді ұрпақ

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

Сайыстың жүру барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Бүгінгі 4- сыныптың оқушылары арасында өткелі отырған « Ел тірегі – білімді ұрпақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл-тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім-кең, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын-деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды шақырамыз.

( Байқауға қатысушылар ортаға келеді)

Сондықтанда ұстаздардың міндеті елін, жерін сүйетін, отанын қорғайтын, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу болса, шәкірттердің алдында жақсы оқып, тәрбиелі саналы ұрпақ болу міндеті тұр.

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба орта жолда қалыспа.

Әділ қазы бағалайды Сіздерді,

Жеңіс-мәре жақын ба әлде алыс па-демекші, қазылар алқасымен таныстырайық.

(Әділқазылармен таныстыру)
Сонымен: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.

Біздер алдымызда білім сайысына түскелі отырған сыныптың зерек те, білгір, тапқыр, ойшыл оқушылары. Оқушылар: Адам өмірінің 90% жақсылықтан, 10% жаман нәрселерден тұрады екен. Сондықтан бір – бірімізге жақсылық тілеп, мейірім төксек біздің жанымыздан үш жақсы нәрсе табылады екен.

«Ой шақыру» жүргізу.

Оқушылар: Бұл күнде біздің Республикамыз - өз алдына тәуелсіз мемлекет.

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ екенін атап көрсетті.

Сіздер топтарыңыздың атын, төс белгісін кезектесіп таныстырып кетіңіздер

(Сайыстың өтілу барысымен таныстыру)

Сайыс 5 бөлімнен тұрады:

1-бөлім: «Бәйге»

2-бөлім: «Тіл-Өнер» "Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың"

3-бөлім: «Төрт жұмбақ»

4-бөлім: «Кім тапқыр?»

5-бөлім: «Тапқырлық»

6-бөлім: «Жорға».



1-бөлім«Бәйге»

Зерде тобына

1. Біздің облысымызды ата? /Ақтөбе облысы

2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/

3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз

5. Білім күні қай күн? /1 қыркүйек

6. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер

4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев

5. Суда жұбын жазбай жүретін құс?

6. Жұмадан кейінгі күн қалай аталады

7. Аң аулағанда қай құсты пайдаланады

8. Биыл тәуелсіздікке неше жыл ( 22жыл )

9. Жердің қоршап тұрған ауа қабаты? (Атмосфера

10. Ел басымыз (Н. Ә. Назарбаев)

11. Қазақтың ұлы ақыны (А. Құнанбаев)

12. Алғашқы оқулық (Әліппе)

13.Елтаңбаның авторы ( Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)

14.Үш биді ата ( Төле, Қазыбек, Әйтеке)

15. Бірінші маусым қандай мереке? (балаларды қорғау күні)

16.ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана)

17.ҚР - ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж 16 желтоқсан)

18. Т. Әубәкіров кі м? (ғарышкер)

19. 30 тамыз қандай мереке? (Конституция күні)

20. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)

Зерек тобына

1. ҚР - ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі

2. ҚР - ның тәуелсіздік күні (16 желтоқсан 1991ж)

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ата ( бәйге, көкпар, алтыбақан, қыз қуу)

4. Мемлекеттік туда не бейнеленген? (күн, қыран, ою)

5. Көкжиектің тұстарын ата ( оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс

6. Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола)

7. Ата Заң қашан қабылданды? (1995ж 30 тамыз)

8. Рәміздерді ата? (ту, елтаңба, әнұран)

9. . Көкжиектің негізгі неше тұсы бар? (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

10. Тұңғыш рет қазақ тарихындағы ғарышкер кім және қашан ұшты?

(1991. 2 қазан. Тоқтар Әубәкіров)

11.Ел рәміздерін атаңыз? (ту, елтаңба, әнұран)

12. Жүз жасаған жыр алыбы. (Жамбыл)

13. Елтаңбаның негізгі бояуы қандай? (Алтын түстес)

14. Қазақ елінің астанасы? (Астана)

15.Әнұранның авторлары кімдер?(Әнін жазған: Ш. ҚалдаяқовСөзін жазған: Н. Назарбаев Ж. Нәжімеденов)

16. 6 - ның жартысы нешеге тең? (3)

17. Қазақ балаларына алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

18.Сезім мүшелерін ата? (көз, мұрын, құлақ, тері, тіл)

19. Қазақтың ұлттық аспаптары? (Домбыра, қобыз, жетіген)

20. 7. Н. Ә. Назарбаев қай жылы тұңғыш рет елбасы атанды? (1991 жылы 1желтоқсан)



2-бөлім:"Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың" — демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мақалды жалғастырамыз.

(әр топқа бірдей қойылады)

1.Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.


2.Ұяда не көрсең, … ……….. (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің)

3. бәйтерек……………. (Ата - бәйтерек, бала — балжапырақ)

4.Тамшы тас жарады, ….. (Тамшы тас жарады, тас жармаса бас жарады)

5.Өнер алды –……… (Өнер алды қызы тіл)

6.Денсаулық – …….. (Денсаулық зор байлық)

7.Әдепті бала – арлы бала, …………………………(әдепті бала арлы бала,

әдепсіз бала сорлы бала)

8.Білекті бірді жығады, ………………………(Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады)

9.Әдептілік белгісі, ……………………………….(Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені)

10.Ата көрген оқ жонар, ………………………………………….(Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер)

11.Анаға құрмен, ……………………… (Анаға құрмет, балаға міндет)

12.Ер бір өледі, ………………. (Ер бір өледі, қорқақ мың өледі)

13.Мысыққа ойын керек, …………………… (Мысыққа ойын керек, тышқанға өмір керек)

14.Мектеп – кеме, …….-…….. ( Мектеп - кеме, білім - теңіз)

15.Жүздің көркі – көз, ………………- …… (Жүздің көркі көз, ауыз көркі сөз)
16.Көп сөз күміс, ………………….. (Көп сөз күміс, аз сөз алтын)
17.Жақсыдан үйрен, ………………………… (Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен)

18.Күннің шуағы жылы — ………………………… (Күннің шуағы жылы – ананың құшағы жылы)

19.Еңбектің наны тәтті,………………….. (Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті)

20.Өнерлінің қолы алтын, …………………………….. (Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)

21.Өле жегенше, …………… … (Өле жегенше, бөле же)

22.Таяқ еттен өтеді, ……………… (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

23.Жақсы сөз сүйіндіреді ………………. ( Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

24.Жақсы байқап сөйлер, …………………(Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер)

25.Ана сүті бой өсіреді, …………… (Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді)

26.Жақсы алданда жазыласың,………………… (Жақсы алданда жазыласың, жаман алданда тарыласың)

27.Емен ағаштың иілгені — сынғаны, ……………………………. — …..

(Емен ағаштың иілгені - сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені)

28.Жаяудың шаңы шықпас. ……………………………..(Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас)

29.Аттың бәрі тұлпар болмас, ……………………………….

(Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас)

30.Баланың ұяты әкеге,………………………… (Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге)



3-бөлім:Төрт көзіміз түгел болса, келесі бөлім «Төрт жұмбақты» бастайық. «Төрт жұмбақ» бөлімінің шарты: 4 пән бойынша сұрақтар болады, соған жауап беру керек

Әр топқа 3 сұрақтан

Қазақ тілі.

1. Етістіктің дегеніміз не? . (Заттың қимылын білдіретін сөз)

2. Антоним дегеніміз не? (Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер)

3. Сөз таптары нешеу? (9)

4. Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

5. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42)

6. Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөз)

Әдебиет.

1. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? (1804 жылы)

2. Абайдың әжесі кім? (Зере)

3. Фариза Оңғарсынова кім? (ақын)

4. Ахмет Байтұрсынов қай жылы дүниеге келді? (1873 жылы)

5. . «Менің атым Қожа» әңгімесінің авторы кім? (Б.Соқпақбаев)

6. «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

Математика.

1. Ұзындық бірліктері (метр, километр, дициметр, сантиметр)

2. Аудан бірліктері (квадрат метр, квадрат километр)

3. Уақыт бірліктері ( минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл)

4. Ауданды қалай табамыз (Ұзындығын еніне көбейтеміз)

5. Периметрді қалай табамыз. (барлық қабырғасының қосындысы)

6. Масса бірліктері (грамм, килограмм, тонна)
Орыс тілі. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аудару керек.

1. Ең ардақты сөз-Самое важное слово.

2. Зат есім-имя существительное.

3. Сын есім-имя прилогательное.

4. Есімдік-местоимение.

5. Үстеу-наречие.

6. Сан есім-имя числительное.

4- бөлім «Кім тапқыр»

(Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал - мәтел оқи аласыңдар) (дұрыс жауап берген сайыскерге 10 ұпай беріледі)

Аа - 1 Әә - 2 Бб - 3 Вв - 4 Гг - 5 Ғғ - 6 Дд - 7 Ее - 8

Ее - 9 Жж - 10 Зз - 11 Ии - 12 Йй - 13 Кк - 14 Ққ - 15

Лл - 16 Мм - 17 Нн - 18 ң - 19 Оо - 20 Өө - 21

Пп - 22 Рр - 23 Сс - 24 Тт - 25 Уу - 26 Ұұ - 27

Үү - 28 Фф - 29 Хх - 30 һ - 31 Цц - 32 Чч - 33

Шш - 34 Щщ - 35 ъ - 36 Ыы - 37 Іі - 38 ь - 39

Ээ - 40 Юю - 41 Яя - 42

9 14 22 9 13 9 5 38 18 34 37 15 22 1 24,

28 13 23 9 18 3 9 13 3 38 16 38 17 10 27 15 22 1 24.

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

«Қиыннан қиыстырар ер данасы»,- деп, 5-бөлім «Тапқырлықты» бастайық. Бұл бөлімнің шарты берілген ұзын сөзден, қысқа сөздер шығару керек. Екі және үш әріптен тұратын сөз құруға болмайды. Сөз: «Құттықтаймыз». Бұған 2 минут уақыт беріледі. Осы бөлімнен кейін 5-бөлімнің қорытындысы бойынша ойынды ең мықты деген екі көшбасшы ғана жалғастырады.

Енді көрермендерге кезек келіп отыр. «Мақал-сөздің мәйегі». Мақал-мәтелдердің бірінші жолы берілген, мақал-мәтелдерді жалғастыру.

1. Әдепті бала-... (арлы бала)

2. Үлкендерге құрмет, ... (кішілерге ізет)

3. Денсаулық- ... (зор байлық)

4. Ер дәулеті- ... (еңбек)

5. Батыр бір өледі, ... (қорқақ мың өледі)

6. Талабы жоқ жас- ... (қанаты жоқ құс)

7. Досы жоқ адам- ... (тұзы жоқ тағам)

8. Отан-елдің анасы, ... (ел-ердің анасы)

9. Бірлігі жоқ ел тозады, ... (бірлігі күшті ел озады)

10. Дұшпаннан бір сақтан, ... (жаман достан мың сақтан)

11. Білімсіз адамның сөзі білектей, ... (білімді адамның сөзі жібектей)

12. Өнер алды-бірлік, ... (ырыс алды тірлік)


6-бөлім: Ақырғы «Жорға» бөлімін жалғастырайық. Бұл бөлімнің шарты әр оқушыға 25 сұрақтан және 1 минуттан беріледі. Осы уақыт ішінде қанша сұрақты тыңдап және қаншасына дұрыс жауап беретінін көрейік.

1. 1 км неше метр? (1000)

2. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)

3. Автобусты күтетін жер. (аялдама)

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. (қазақ тілі)

5. 3 биді ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке билер)

6. Зат есімнің сұрақтары? (кім? не?)

7. Құлагер кімнің аты? (Ақан Сері)

8. Құстың үйі? (ұя)

9. Мұсылмандардың жаңа жылы қашан? (22.03)

10. Қасиетті сандар? (3,7,9,40)

11. Сенің атың кім?

12. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі. (түбір)

13. Жартылай тұщы, тұйық көл. (Балқаш)

14. «Здание» сөзін қазақшаға аудар. (ғимарат)

15. Конституция күні қашан? (30 тамыз)

16. Қазақ саяхатшысы әрі зерттеушісі. (Шоқан Уәлиханов)

17. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)

18. Қазақстанның астанасы. (Астана)

19. Күрішті аймақ. (Қызылорда)

20. Қарындаш қандай? (Қатты)

21. Пластилин қазақша қалай аталады? (ермек саз)

22. 1 минутта неше секунд? (60 секунд)

23. 16 желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

24. Аспанда қанша жұлдыз бар? (сансыз)

25. Ең үлкен жануар? (піл)


26. Балғожа кімнің атасы? (Ыбырай)

27. Нағашы кімнің туысы? (Ананың)

28. Өнер алды.... (қызыл тіл)

29. Көмірлі аймақты астана. (Қарағанды)

30. Клей қазақша қалай аталады? (желім)

31. Сен қай облыста тұрасың?

32. Сен қай қалада тұрасың?

33. Қ.Р. елбасы кім? (Н.Назарбаев)

34. А.Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45)

35. Қазақстан туы қандай матадан жасалған? (тік бұрышты көгілдір)

36. 1 ғасырда неше жыл бар? (100)

37. Сексен көлді, көгілдір таулы аймақ. (Көкшетау)

38. Тартылып бара жатқан теңіз? (Арал)

39. Наурыз көжеге неше тағам саламыз? (7)

40. Сарамен айтысқан айтыскер. (Біржан)

41. Ойды қалай,немен жеткіземіз? (сөзбен)

42. Қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. (сүйінші)

43. Шетел Аяз атасы. (Санта Клаус)

44. Сенің руың кім?

45. Ұлыстың ұлы күні қашан? (22.03)

46. Түңгі жарық. (Ай)

47. Жер шарының моделі. (Глобус)

48. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

49. Қ.Р-ның рәміздері? (Ту, Елтаңба, Әнұран)

50.Тышқанның жауы? (мысық).

Ж*******Қосымша сұрақ если что М******

1. Кім барлық тілді сөйлейді? Жауабы: жаңғырық

2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? Жауабы: мысық

3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не? Жауабы: Ой - қиял

4. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? Жауабы: Жоқ – бұл түн мезгілі.

5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?

Жауабы: Аспан суреті суға көрінген кезде.

6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Жауабы: Іші толы бөшкеге.

7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Жауап: түйеқұстар ұшпайды.

8. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? Жауап: 12км жол жүреді.

9. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар атайды? Жауабы: сенің есімің.

10. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).

11. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)

12. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз - қорқақ, қол - батыр).

13.Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)

14.Сабақ арасында болатын бос уақыт (үзіліс)
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.



Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!
Каталог: uploads -> doc -> 10d0
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет