Тақырыбы: Итмұрын өсімдігінің емдік қасиетті. Жұмыстың мақсаты



жүктеу 138.97 Kb.
Дата26.10.2017
өлшемі138.97 Kb.

Алматы облысы Райымбек ауданы

Б.Соқпақбаев атындағы орта мектептің

10 сынып оқушысы Досымжан Анель

ғылыми жетекші Бағдат Роза биология пәні

Тезис.


Тақырыбы: Итмұрын өсімдігінің емдік қасиетті.

Жұмыстың мақсаты: Итмұрынның қасиетін зерттеп, оның шипалық және емдік қасиетін, медицина саласына қатысын анықтау. Сонымен қатар итмұрынның адам өміріндегі маңызын көрсетіп, соны жүзеге асыру.

Жұмыстың міндеті: Итмұрынның пайдасын түбегейлі анықтау, қандай ауруларға ем, адам организіміне қаншалықты итмұрынның пайдасы бар екенін зерттеу. Итмұрын жайлы деректер жинау.

Нәтижеге жету жолдары: Итмұрын туралы жүйелі сипаттау, нақтылы талдау әдіс – тәсілдерін басшылыққа алу.

Итмұрын (Rosa) – раушангүлділер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрі кездеседі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, ормандарда, бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, биіктігі 2 метрге дейін сұр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән. Жапырағы күрделі қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті. Гүлі қос жынысты, тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп, гүлі көлемді, ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Жемісі – ұсақ жаңғақша. Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады. Итмұрын өсімдігі 400 жыл өмір сүреді.



Кіріспе бөлімі:

Итмұрын ( шиповник - rosa)

Сипаттамасы: Раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысына жатады. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен, бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды. Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан. Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп, гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.Итмұрын мамыр – маусым айларында гүлдейді, тамыз – қыркүйек айларында піседі. Таза ыдыста ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал қысқа қалып, аяз ұрса, С дәруменінен айрылып қалады. Оның құрамында қант 18, С дәрумені 6 пайызға дейін болса, бұл 40-50 есе қарақаттан, 100 есе лимоннан артық деген сөз. Адам осының 5-8 данасын ғана күнделікті аспен бойына сіңірсе қажетті дәруменді толық алды деп есептеледі.

Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Итмұрын – ерекше өсімдік, оның құрамында қант, пектиндік және илік заттар, органикалық қышқылдар, каротин, флавонидтер, фосфор, калий, кальций, магний тұздары, темір және басқа микроэлементтер бар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер,қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөлшерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы. Итмұрынды бұтадан тікенекті қоршау жасау үшін жиі қоЛданады. Раушангүл (итмұрын) сәндік гүлдер өсіру шаруашылығында бұрыннан белгілі жөне танымал обьект болып саналады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша бұлардың 12 мыңнан астам сорттары белгілі, ал Қазақстанда да сорты аудандастырыльш сәндік өсімдіктер ретінде өсіріледі. Оның ішіңде тікелей Қазақстан ғалымдары шығарған сорттар да бар. Сақтау мерзімі – 2 жыл. Итмұрын 400 жыл жасайды.



Медицинада: С дәруменіне бай итмұрынның медицина үшін құнды шикізат екені белгілі. Итмұрынның майлы экстракты – жүйке жүйесі, тері мен кілегейлі қабық жарақаттарына бірден-бір ем. Сонымен бірге бұл дәрілік өсімдіктен өт, ішек жолдарын тазартатын, ағзаны нығай­татын, өкпе, бүйрек, бауыр жұмысын жақсартатын препараттар жасалады. Халықтық медицинада итмұрын тамырының қайнатпасы іш құрылысындағы тастар мен безгек сияқты жұқпалы ауруларға қарсы дәрілік сусын бола алады. Итмұрын шырыны гемоглобинді көтереді. Бұған қоса бұл шөптің сығындысы семіз адамдарды жүрек талмасынан қорғайды. Жүрегі ауыратын және қан қысымы жоғары адамдар итмұрын тұнбасын күніне 40 г-нан алты апта бойы ішуі керек.

Ал халық медицинасында (раушан) итмұрын жемістерінен жасалған «шайды» туберкулезге, бауырдың, өттің, бүйректің, қуықтың қабынуына, аттас және бүйректас ауруларына, қан аздыққа, жалпы әлсіздікке, асқазан мен ұлтабар жараларына қолданады. Сонымен қатар халық медицинасында жапырақтары мен тамырларын да емдік мақсатқа пайдаланылады. Мысалы: раушан жапырақтарының қайнатпасын микробтарға қарсы және асқазан ауруын басатын дәру ретінде, соңдай-ақ тамыр қайнатпасын өт айдайтын, антисептикалық және іш өткенде тұтқыр дәру ретінде қолданады. Ғылыми медицинада итмұрын жемістерінің тұндырмасын, сиропы мен ұнтағын «гиповитаминозға» байланысты ауруларға, тұмау ауруларына деген қарсылықты күшейту үшін ұсынады. Жемістерінің қою экстрактысын «холосас» бауыр мен өт жолдарының ауруларына, өт айдайтын дәрі ретінде пайдаланады. Итмұрын жемісінен дәруменді дәрі-дәрмек ретіңде пайдаланатын «құрғақ экстракт» және «таблеткалар» дайындайды. Жемісінен «шырын», «сироп», диеталық және емдік сусын дайындайды. Итмұрын жемісін «қайнатпа» және «поливитаминді» шай дайындау мақсатында,сондай-ақ тамақты витаминдеу үшін пайдаланады. Тәжікстанның халық медицинасында «итмұрынның гүлжапырақшаларының шырыны» көздің керуін жақсарту мақсатында пайдаланылады. Итмұрынның бақ учаскесіне отырғызылған 3-4 түп бұтасы қыста бір отбасын бағалы дәрумеңді азықпен қамтамасыз ете алады. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Бізде кең тараған төрт түрі бар. Қоңыр қара, сопақша қызғылт, тікенді, қара домалақ болып келеді. Осылардың барлығын дәріге қолдануға болады. Бұлар сапасы, дәрілік қуаты жағынан өзара ерекшеліктерге ие. Мәселен, қоңырлары мен қарасы басқа екеуіне қарағанда дәрумендер жағынан 4-5 есеге дейін артық болады. Қызылы мен тікенділерінде 300 бірліктен сәл жоғары болса, қалған екеуінде 1200-1500 бірлік дәрумендер бар. Сондықтан да дәріханалар итмұрын тұнбаларын жасап, түрлі тері сырқаттарына майлар әзірлейді.



Таралу аймағы:

Табиғатта таулы - тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі.



Экологиясы:

Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі.



Қоры:

Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық

жерлерінде өседі. 500 –ге жуық түрі бар. Алматы облысы Райымбек ауданындағы

Байынқол, Көкбел,Текес өзендерінің жағасында топтанып өседі.

Негізгі бөлімі:

Мен өзіміздің еліміздегі кездесетін итмұрын жайлы айтып өтейін,25 түрді кездеседі., өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.Ол өнімдерді өзіміздің елде неге өндірмеске.Дәрі-дәрмекелімізде Шымкент қаласында өндіріледі.Бірақ өндіріс халықтың сұранысын толықтай қамтамасыз етпейді. Ал итмұрын өсімдігі біздің елде көп өседі.Сонымен қатар Байынқол өзенінің бойында 2 түрі кездеседі.Шала бұталы итмұрын және қызыл желекті итмұрын өседі. Сондықтан мен өз бетімше итмұрынан дәрі алу мақсатында зерттеу жүргізгім келеді.Ол маған қиындық тудырған жоқ. Себебі ол өсімдік жергілікті аймақта кездеседі. Зерттеуге кіріскен себебім атамның итмұрынды үйге алып келіп кептіріп қоятынын көріп жүрдім, бірақ себебін түсінбедім. Атамның айтуынша ата-бабаларымыз итмұрынды кептіріп ішкен екен. Адам ауруға шалдыққанда итмұрынды кез-келген адам пайдалануға болады. Бірақ қандай ауруларға ішуге болады деген сұрақ мені мазалады. Сол себептен итмұрының адам ағзасына пайдасын зерттеп білгім келді.Зерттеуге дейін итмұрын өсімдігі жайлы мағұлматтар жинастырдым. Байынқол өзенінің бойынан итмұрынды теріп алып зерттеу барысын бастадым.



Иммунитетті, атеросклерозды емдегенде

Зерттеу барысы

Жемісін кептіріп, қараңғы жерге 1 аптаға қоямыз, кепкен жемісін тостағанша жапырақшасынын айырып тазалаймыз, жуамыз. Итмұрынның жемісінен тосап жасаймыз.

Мамыр – маусым айларында гүлдегенде, гүлін жинап, 2 аптадай кептіреді. Кепкеннен соң гүлдерін шайға қосып, бұқтырып ішеді.



Зерттеу нәтижесі

Тосапты және шайды қыста тұмауға, ағзада дәрумен жетіспегенде, атеросклерозға қарсы қайнатып ішеді.

Сал ауруы мен құяң аурулары кезінде қолданылатын ем

Зерттеу барысы

Итмұрынның тамырынан емдік ванна жасау үшін итмұрынның ұнтақталған тамырыны 50:500 арақатынасындай етіп су құяды. Екі сағат тұндырып қойған соң, суды шамамен 20 минуттай қайнату керек. Тағы да жарты сағаттай тұндырып алған соң, суды сүзіп алу керек. Емдік ваннаны 36-37 градус шамасында қыздырып алып, тәуліктің кез келген уақытында қабылдауға болады.

Зерттеу нәтижесі

Мұндай ванна негізінен сал, құяң, ревматидті полиартрит және ишиас (жамбастың сыздап ісуі) сияқты ауруларда жақсы әсер етеді. Жалпы емді қабылдаудың қысқаша курсы – 15-18 ванна.

Қан қысымы жоғарылағанда қолданылатын ем

Зерттеу барысы

Итмұрынның дәндерімен бірге екі бөлігіне кәдімгі бөріқарақаттың (барбарис) бір бөлігін алу керек. Екі ас қасық қоспаны термосқа салып, үстіне жарты литр қайнаған су құйып, таң атқанша тұндырамыз. Таңертең сүзіп, дәмін келтіру үшін бал қосып пайдалану керек. Ішкен сайын қан қысымын өлшеп, егер төмендеп кетсе, мөлшерін азайтып, ал қан қысымы жоғарылап тұрса, мөлшерін көбейтіп ішу керек.

Зерттеу нәтижесі

Бұл қоспа зәр айдап, қан құрамын тазартуға және қан қысымын тұрақтандыруға көмектеседі.

Ұйқысыздықты және жүйке қозуын емдеуде қолданылатын ем

Зерттеу барысы

Егер ұйқысыздықтың себебі жүйке жұқаруына, қандай да бір оқиғаға күйгелектенуіне байланысты болса, онда балшық итмұрынмен емдеудің көмегі бар. Бұл құрамдағы сусынды дайындау үшін: итмұрынның құрғақ жемістерін еттартқыштан өткізіп, ұнтақталғанша әбден араластырады. Егер құрғақ балшықпен араластыратын болса, оны да ұнтақтап, әбден араластыру керек. Осындай күйінде емдік материал ұзақ уақыт сақталады, пайдалану керек болған кезде оны стаканға салып (бір шай қасық), жылы су құяды. Біраз тұндырып қойып, кешке жұтымдап ішу керек.

Зерттеу нәтижесі

Бұл ұйқысыздықты және жүйке қозуын емдеуде таптырмас ем болып табылады.

Өтті алып тастағанда қолданылатын ем

Зерттеу барысы

10 грамм егіс қырықбуыны (хвощ полевой), 10 грамм спорыш, 20 грамм қалақай, 50 грамм итмұрын. Осылардың әрқайсысынан бір ас қасықтан салып, үстінен қайнаған су құйып, 15 минут су моншасында қайнатып, бір сағат тұндыру керек. Сүзіп тамақ алдында үш уақыт ішу керек. Емделу мерзімі – бір ай. Үш ай үзіліс жасап, осылай екі рет емдік әдісті жүргізген дұрыс.

Зерттеу нәтижесі

Емдік тұнба бауыр жұмысын жақсартып, адамның тамаққа деген тәбетін ашады.

Жатырдан қан кеткен кезде және жатырда өспе болғанда қолданылатын ем

Зерттеу барысы

Итмұрын тамырынан ұнтақталған бір ас қасықты 500 грамм суға 15-20 минут ақырын қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде астан бұрын 150 г - нан ішеді. Күніне үш рет. Жатырда өспе (миома) болған жағдайда ұнтақталған дәнінен 1 шай қасық, 1 ас қасық аюбадам, бір шай қасық бал, талшын ағашының жемісінен бір шай қасық, жұмыртқа қабығынан жарты шай қасық қосып, бәрін араластырып, күнделікті астан соң жеміс шырынымен ішеді.

Зерттеу нәтижесі

Жатырдан қан кеткен кезде және жатырдағы өспе ауруына қарсы қолданылатын жақсы емдік әдіс.



Итмұрынның химиялық құрамы

Жемісті шырынында (мг %):

  • C дәрумені - 200 – ге дейін

  • Каротин – 8,0 – 12,0

  • B1 – 0,25

  • B2 – 0,6

  • B12 – 0,88

  • PP – 1,3

  • E – 0,69

  • K – 0,4

Дәнінде :

  • 12 %-ға дейін майлы қышқылдар:

  • олеин 83,3%,

  • линол 11,4%,

  • линолен 4,6% кездеседі.

Басқа қосындылардан :

Пектин заттары 1,8-2,8%, илік және бояу заттар 0,1-4,7, қант 8,1-11,6, органикалық қышқылдар 0,7-2,6%, темір, эфир майлары бар.



Итмұрын өсімдігінен тұнбалар жасау әдісі

Еске сақтау және жұмыс қабілетін жақсартатын тұнба



Зерттеу барысы

Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп отырса, сергектік сыйлап, жыныс қабілетін көтереді. Ұнтақталған дәнді 5 минут ақырын қайнатып, термоста 30-40 минут ұстап, шектеусіз іше берген жағдайда еске сақтау қабілетін жақсартып, ағзалардың жасаруына септігін тигізеді. Осы орайда ескеретін бір жайт, аталған тұнбаны тістің арасынан өткізіп ішуге болмайды. Өйткені тістің эмалын кетіретін қышқылдар бар.

Адамның жұмыс қабілеті төмендеп, жылдам шаршайтын болса, қан құрамы өзгеріп, өкпеде туберкулез белгілері байқалса, бауыр, өт, қуық жұмыс ырғағы бұзылып, көңіл-күйді бұзатын болса, мына әдістерді қолданған жөн. Бір ас қасық ұнтақталған итмұрын дәнін 400 г қайнап тұрған суға салып, су моншасында 15 минут қайнатады, бір тәулік бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне 2-3 рет ішеді. Балаларға осыған бал қосып береді.



Зерттеу нәтижесі

Осы қоспалар адамның жұмыс қабілетін жақсартып, еске сақтау қабілетін жоғарылатады.



Түрлі ауруларда қолданылатын тұнба

Зерттеу барысы

Күзде итмұрынның дәні ғана емес, жапырақтары мен гүлін де жинайды. Гүлінде эфир майлары көп болады және С дәрумені де бар. Күзде тамырын да жинайды. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10 минут ақырын қайнатып ішеді.

Зерттеу нәтижесі

Бойдағы зат алмасуды реттейді. Жұмыс қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам жазылуына ықпал жасайды. Сонымен қатар, өтті айдайтын, зәрді жүргізетін, сұйық болып өтетін ішті тоқтататын, туберкулездің алдын алатын, тәбетті ашатын дәрі десе де болады.

Несеп жолдары қабынғанда

Зерттеу барысы

Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.

Зерттеу нәтижесі

Осы тұнбадан соң несеп жолдарының жұмысы қалыпқа келеді және ауру белгілері азаяды.



Қорытынды бөлім:

Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдалана Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады. Итмұрын жемістерінен жасалған «шайды» туберкулезге, бауырдың, өттің, бүйректің, қуықтың қабынуына, аттас және бүйректас ауруларына, қан аздыққа, жалпы әлсіздікке, асқазан мен ұлтабар жараларына қолданады.Сонымен қатар жапырақтары мен тамырларын да емдік мақсатқа пайдалынады. Мысалы: раушан жапырақтарының қайнатпасын микробтарға қарсы және асқазан ауруын басатын дәру ретінде, соңдай-ақ тамыр қайнатпасын өт айдайтын, антисептикалық және іш өткенде тұтқыр дәру ретінде қолданады. Ғылыми медицинада итмұрын жемістерінің тұндырмасын,сиропы мен ұнтағын «гиповитаминозға» байланысты ауруларға, тұмау ауруларына деген қарсылықты күшейту үшін ұсынады. Жемістерінің қою экстрактысын «холосас» бауыр мен өт жолдарының ауруларына өт айдайтын дәрі ретінде пайдаланады. Итмұрын жемісін дәруменді дәрі-дәрмек ретіңде пайдалану қажет. Дәріханаларда итмұрын өсімдігінен жасалған дәрілерді пайдалануға әр қашанда әзірміз. Бірақ сіз сатып алған дәрі біздің аймақта өсіп тұр. Өсіп тұрған өсімдікті алып өз бетіңіше дәрі ретінде пайдаланып көрініз.Қиындық тудырмайды теріп алып кептіріп бұқтырып ішіңіз немесе жемісін жеңіз.Жемісінен «шырын», «сироп», диеталық және емдік сусын дайындап ішіңіз. Халық медицинасында «итмұрынның гүлжапырақшаларының шырыны» көздің керуін жақсарту мақсатында пайдаланылады.Итмұрын өсімдігін толықтай зерттеп медицина саласын үлесімді қосқым келеді.



Жабайы раушан дейді екен,
Итмұрынды ел кейде.
Піседі екен жемісі,
Қараша айы келгенде.
Онда аскорбинқышқылы
Сенесің бе?
Көп десе.
Елу есе-
Лимоннан,
Қарақаттан он есе.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет