Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, қазағым елім!» Мақсаты: Білімділігі



жүктеу 187.25 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі187.25 Kb.

Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, қазағым елім!»

Мақсаты:

Білімділігі: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи

мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Елімізде алғаш

рет екі күштің: жаңа басталып, буыны қатпаған

демократияның және ол кезде әлі күшінде тұрған әкімшіл-

Әміршіл жүйенің қақтығысын түсіндіру.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша

білуге және материалдарды диалектикалық

тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға-

апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете

отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге

тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұсаздар, оқушылар! Бүгінгі біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986-ның желтоқсанына арналған: «Жасай бер, жаса, қазағым елім!» атты поэзиялық кешіміз ашық деп жариялаймыз.

Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке. Ол солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, ал батысында Әзірбайжан Республикаларымен шектеседі. Қазақ жері қаншалықты кең байтақ болғанымен, табиғаты әр алуан. Біздің еліміздің табиғатының сұлулығына арнап ақын – жазушыларымыз көптеген өлең-жырлар жазған.

1991 жылы 16 желтоқсанда. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешті. Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткерген қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама!

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумында Дінмұхамед Қонаевтың зейнеткерлікке шығуына байланысты Республика Компартиясы Орталық Комитеттің Бірінші хатшысы міндетінен босатты. Оның орнына Ресейден келген Генадий Васильевич Колбин сайланды. Төтенше өткен пленум 18 минутта аяқталды.асығыс өткен пленум шешімі дүйім қазақ халқын мен санаспаушылық болып табылды. Пленум шешіміне көңілі толмаған халықтың жүрегінде наразылықұшқыны лаулай түсті.

Желтоқсан қаһармандарын бір минут еске алайық

Қазақстан мемлекетінің ән ұраны орындалсын!

Гимн «Менің Қазақстаным»

Қазақстан – қасиетті Отаным

Ғасырлар өткен сиреген халықпыз,

Қиянат дертінен сиреген халықпыз.

Тағдыры еңсесін имеген халықпыз,

Тамұқтың отына күймеген халықпыз.

Ерлікпен елдес тарихы сөнбес,

Ауызбен теңдес, дәстүрі өлмес.

Намысын бермес, елдігі дербес,

Ежелгі қазақ-ертеңгі ғажап.

Жан –жақтан жау қаптап,

Қатер бұлт торлаған,

Жаратқан жар болып, аруақ қолдаған.

Тас қорған қамалдар салмаған алашты,

Жалаңаш төсімен ерлері қорғаған.

Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,

Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен.

Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,

Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.

Мұхтар Шахановтың «Желтоқсанның алаңы»

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылыс өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер..

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,

Қара беттің көбі-бүгін дара тұлға дара бет.

Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.

Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,

Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,

Кемістпекші «Желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.

Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,

Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,

Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,

Сол заңға сай сені бақыт не сор іздеп табады.

...Дүниені мдүр сілкінткен жас толқынның саналы

Даңқын ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады

Желтоқсанның бас алаңы, Қайсар рух алаңы.

Көрініс:Сахнаға екі студент шығады, бірі-жігіт, бірі-қыз. Қолдарында конспекті дәптерлері бар.

Айгүл: Мақсат, сен естідің бе? Кеше Дінмұхамед ағамыз орнынан алыныпты дейді.

Мақсат: Қойшы, рас айтасың ба? Кімнен естідің?

Айгүл:Кеше куратор ағайдан естідім. Бүгін Брежнев алаңында көп адам жиналды.

Мақсат: Неге? Неліктен?

Айгүл: Қонаевтың орнына Ресейден бір орыс келіптідейді. Халық наразылқ білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті.

Мақсат: қой, біздің мұнда тығылып қалғанымыз дұрыс болмас. Жүр кеттік! Тез барайық!

Айгүл Рүстемова «Желтоқсан. Тәуелсіздік.»

Бұл өмірді қайтадан дәл осылай сүрер ме ең?

Қазақ болсаң қасіретімді біле бер.

Ол алаңға шығып кетті сол күні

Отаршылдық авзарынан жүдеген Көңілмен.

Елін сүю ерлер үшін жаман ба,

Түсірер деп кім ойлайды аранға.

Қыз да тұрды кірпік қақпай күзетте

Желтоқсанда, Алматыда алаңда Сеніммен.

Тірлігіңнің кетеуін көр кетілген,

Ұрып-соғып алып жатты шетіңнен,

Отын алмақ көзіндегі ұрпақтың

Махамбеттің жырын оқып жетілген. Бекінген.

Адал сүт емген ардағым,

Мазаққа бермей шаңырағын.

Ауыр да жолды таңдадың.

Мезгілсіз сөнген оттарым,

Көзіне түскен шоқтарым.

Тұрғаның есте топтанып.

Өртенді жағалауларым,

Алаңға қарай алмадым.

Не істесе болады деп

...Өлең арнадым

Сен елді жадындасың,

Ұяты, арындасың.

Ағасы ұмытпайды

Ерлік істеген қарындасын.

Мерекеде шерудесің,

Ел озса-көрудесің.

Әр сәби тілегінде,

Тойлардың төріндесің.

Сен солай адымдайсың,

Далада сағымдайсың.

Алаңда жанып тұрған,

Еліңнің шамындайсың.

Сені айтып тауың, тасың,

Жас ұрпақ жалындасын.

Ел деген ұмытпайды

Ерлік істеген қарындасын.

Мұғалім:Иә, аңғал сеніммен алаңға шыққан бейкүнә қыз-жігіттер «контрреволюционерлер» емес еді. Олардың ойы халықтың құқықтары мен проблемалары туралы сөз жүргізу еді. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай сай әкерлер қарсы алады. Бейбіт шеруге шыққан жавстардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасында быт-шыт болып ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау үшін астыртын «Құйын – 1986» деген оперативті жоспар құрылып жатты. Ал алаңдағы жастар жайбарақат еді, аңғал еді, алаңсыз еді.

Көрініс:алаңда жастар бейбіт, жайбарақат. Қолдарында «Каждому народу-своего вождя», «Ленин идеясы жасасын!», «Қазақстан-қазақтардікі», «Ресейге қайт!» деген транспорантар бар. Оларға Мақсат пен Айгүл қосылды.

Дауыс: Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды!

Дауыс:Қазақстаннан адам табылмады ма?Қазақстанға басқа жерден басшы әкелгені несі?

Дауыс:Талап-тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар.

Осы кезде «Менің Қазақстаным» әні айтылады. Жастар теңселіп тұрып бұл әнді ерекше бір шабытпен тамаша орындайды.

Прокурор: Балалар! Уа, балалар! Мен Республика прокурорымын. Тарқандар! Жатаханаларыңа қайтыңдар! Ұят болды! Мен сендерге күш қолданам! Үйге қайтыңдар!

Осы кезде әскери команда берілді.

Әскери адам:Первая рота! Слушайте мою команду! Производится операция «Құйын». Немедленно разогнать экстремистов и хулиганов! Первая рота, за мной! УРА!

Осы кезде залға сырттан қаруланған әскери адамдар-көктеп кіріп, алаңдағы жастарды ұрып-соға бастайды. Қаралы музыка баяу ойнап тұрады. Қарулы әскер сахнадан жаралы қыздар мен жігіттерді біртіндеп сүйретіп, жұлқылап әкете бастайды. Беаузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді:

Қыз:-Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай! Қосылыңдар біздің қатарға!

Жігіт: Жігіттер, қайдасыңдар? Біз қыздарды қорлата алмаймыз. Аянбаңдар, соқ, ұр!

Қыз:біздің шашымызды жұлатындай не кінәміз бар?!

(Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпарымен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп, есінен танып түседі).

Ән: «Қара бауыр, Қасқалдақ»

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қыраңды қуып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

Адал мен арсыз, аярды,

Айырып халық ұққан күн.

Саф алтындар бәз баяғы

Сары жез болып шыққан күн.

Желтоқсан

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кенудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын жас Қайраттым, жас өркені халқымның.

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,

Намысыңды жықпай өттің нәубет дүлей маусымнан.

Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма,

Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанда мұзда жанған алауы!

Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы!

Желтоқсан

Қыстырмады оны ешкім құлағына,

Қарамады көз жастың бұлауына.

Темір жасақ тепкішін империя

Қантөгітің жол берді лаңына.

Шаштан сүйрер жазықсыз бұрымдарды,

Бет ауыздар бейнесіз жырымдалды.

Көшелерге шығуға орын болмай,

Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды.

Ұмыта алмас қазағым тылсыздарды,

Тәуелсіздік табынар бүршік жарды.

Желтоқсанның ызғары-ай дірдектеткен,

Еске алам мен кешегі қыршындарды.

Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,

Ақша қар бұл қыстың нағыз сәні еді.

Туған жерге қонып жатыр үміттер,

Сол үміттер жырға мені бөледі.

Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,

Ақ ұлпалар бетті аймалап өбеді.

Қойнауына еніп кеткен тарихтың,

Оқиғалар ойға еріксіз келеді.

Жастық деген от дейміз, жалын дейміз,

Жастық дейміз, бөгетсіз арын дейміз.

Қастерлейміз төбеге ту көтеріп,

Шабыт дейміз, тұңғиық дарын дейміз.

Күнге шығып жүреді айға шығып,

Кеудесіне сыймаған арман мұңын.

Болды уақыт ырғағы құбылмалы,

Жағы тынбас «төбеттерә ырылдады.

Құрбандыққа шалынды шыбын жаны,

Шырқыраған шындығың түк болмады.

Күшің менен ісіңе қарамады,

Ала қойдай бөлектеп алалады.

Астауынан ас ішкен жаман иттер,

Артынан көп ойламай абалады.

Аластатып ортадан құран, нанын,

Ашығудан аспадың, тұра алмадың.

Қонаевты қорлаған қозғаушы күш

Бетін бермей қойды ғой «Правданың».

Кестеленбек қалайша жыр тігінен,

Күндер өтті айбынды күркірімен.

Қарапайым қазақты шетке қағып,

Мазақ етті, қорлады ұлтыменен.

Мұғалім:желтоқсан бастауы ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі.

16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы, қасіретті күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді. Сәбира мұхамеджанов 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищесінің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен.

22 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы Орталық әмбебап дүкенінің бұл жерге жастар Алматы оқиғасының шындығын білуге өзерінің ізгі тілек, ниетін білдіруге барған.

26 желтоқсан күні өткен жиналысқа анасымен бірге барған. Сәбираны айыптап, бар кінәні оған үйіп-төгіп, қатқыл сөздер айтып, тәртіпсіз деп бағалаған. Мұның бәрі Сәбираның ашу-ызасын тудырады. Сөйтіп албырт жас өзі тұратын жатақхананың терезесінен секіреді. 1986 жылғы желтоқсан жаңғырығы Өскемен қаласындағы жастарға әсер еткені шындық. Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұхаметжанова мен мұғалімінің арасындағы түсінбеушілік болып, Сәбираның анасын шақырады.

Ән: «Желтоқсан желі»

Көрініс

Мұғалім:Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің ғой. Соны шешеңе қайталап айтшы.

Сәбира: Өзіңіз ауылдың мұғалімі емессіз бе, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне?

Анасы: Менің балам сүт кенжем, өзімнен де ауыр сөз естімеген еді.

Мұғалім: Иә, солай ма? Енді бұлардың оқу оқымауын директор шешеді.

Мұғалім Сәбираны ертіп шығып кетті.

Осы кезде бір бала жүгіріп кіріп келеді де:

Бала:Шолпан апай, бесінші қабаттан құлап, қызыңыз өліп қалды.

Анасы: Не, менің Сәбирам ба?-деп жылаған ана жүгіре шығып кетеді.

Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,

Бұлбұл ьқұсым үнін асқақ сайраттың.

Егеменді ел боп алдың бүгінде,

Рухына бас иемін Қайраттың.

Қан төгілді қара жерге қаншама,

Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа.

Егеменді ел боп алдың бүгінде,

Қуанышым менің мәңгі тарқама!

Желтоқсанды өте алмаймыз айналып,

Тәуелсіздік алдың соны қорғайсың.

Желтоқсанда тұңғыш рет тарихты,

Жеке ел боп президентті сайладың

Қайрат Рысқұлбековтың шығармашылығынан

«Кездесеміз әлі де»

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма, сорыма.

Біріншіден мен анамды сағындым!...

Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?!

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді, міне, абақтыға жабылдым.

Әкетай-ау, Пайғамбардай жасың бар,

Туа бермес сіз секілді асылдар.

Қартайғанда жүрегіңді жаралап,

Кесір болды-ау біз секілді «масылдар».

Айналайын ағалар мен жеңгелер,

Бұл өмірде сіздерге кім тең келер.

Сүмірейіп сот алдында отырған

Бауырыңды енді кімдер ескерер.

Өздеріңе аман-саулық тілеймін,

Өздеріңмен бірге болсын тілегім.

Өздеріңе тіл қата алмай, достарым,

Қайғы-мұңлы өмірімді бастадым.

Айналайын қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы, жаным, қандай жанға баладың?...

Айналайын інішегім, құлыным,

Сен ойласам, үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға, құлыным.

Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де,

Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.

Қараңғылық баста тұрмас қашан да,

Бостандықта кездесеміз әлі де....

Мұхтар Шаханов «Жаркентте Желтоқсан қырандары»

Алау етіп, жалку етіп намысын,

Өз ұлтының тілі, рухы, ары үшін,

Желтоқсанда қаза болған қос қыран,

Қарап жатыр бізгек жердің астынан.

Қарап жатыр уыз бала қалпында,

Ел аңсаған өжеттік бар парқында.

Қарап жатыр екі қайсар асқақ ән,

Жігерсізге намысы өле бастаған,

Рухсыздыққа қоныстана бастаған,

Ұлтын жығып орыстан бастаған,

Мұңы қарын мүддесінен аспаған,

Туған тілін жел өтіне тастаған....

Сатқындықта-басқа мінез, басқа заң.

О, дүние-ай, желтоқсандық қос қыран

Қарап жатыр саған жердің астынан...

«Ұлтың үшін, тілің үшін өр бол,

Өр болмасаң өр болғанға төр бол.

Егер, егер... ұлтты сақтай алмасаң,

Сақтар күшті тіпті жақтай алмасаң,

Бүйтіп тірі жүргеніңше бор бол,

Рухын сатқан ұлтсыздарға қор бол».

Деп тұрғандай Ләззат пенен Ербол.

Жігерсізге намысы өле бастаған,

Рухсыздыққа қоныстана бастаған,

Ұлтын жығып орыстана бастаған,

Мұңы қарын мүдесінен аспаған,

Туған тілін жел өтіне тастаған....

Сатқындықта-басқа мінез, басқа заң.

О, дүние-ай, желтоқсандық қос қыран

Қарап жатыр саған жердің астынан....

Қ.Рысқұловтың шығармашылығынан

«Бостандық туралы сыр»

Бостандыққа сірә қол жетпес,

Түрмеде мәңгі қалдым ба?

Темір тордың ұшып ән де өтпес

Күзетші тұр есік алдында.

Өлер ем жұртты кіргізбей,

Болмаса досым қымбаттым.

Оянып бүгін біз бірдей,

Мен оған шұлғып отырм қақтым,

Болады дейсің кім тірек,

Ортақ ой алар панаға.

Ұқтырған бізді бір тілек,

Қос әйнек, қос тор арада.

Таң атса болды мен жылдам

Телміртіп көзді қадаймын,

Сыр етіп кенет ашылған

Есікке күнде қараймын

Бозарған өңі боз бала,

Күрсініп шыдар қанша айға?

Жасырып ойын, кім білсін,

Бостандықты мендей аңсайма?

«Бостандықты бағалай біл,

Қолдан келсе сақтай біл»

Өмір

Өмірің сенің қиындықпен бастайды,

Әр адамның өзіңдер барп бас қайғы.

Жүре алмасаң бостандықта тып-ыныш,

Сүйреп барып абақтыға қамайды.

Баққайша Қасенова

«Сөзге сыймас, алып тұлғаң, өренім...»

(Ербол Сыпатаевқа)

Сендей ұлды жаратқанға мың тәуба,

«Ербол»атаған ата сөзінде мін бар ма?

Танылдың елден біртуар ұл боп халқыңа,

Желтоқсанның алауы жанған мұз-қарда.

Ұлттық мүдде төңірегінде бас қосып,

Қауымдық мінез көрсеткен үлкен айқаста.

Жас өркенім, Ерболым-ай, айбатым,

Халқыңа аңыз-өрлік пен ерлік, қайратң!

«Ұлтымыздың батыры кім?» деген сұрағын,

Көтеріп кеткен туған елінің ұранын,

«Қайраттың менен Ерболың, қалқам, емес пе?!»-

Деп, шәкірттеріме жауап беріп тұрамын.

Тұтас жатқан дастанымсың, сеземін,

Сөзге сыймас, алып тұлғаң, өренім.

Ерлігіңе, бойыңа сай жыр таппай,

Көкірегімнің көк теңізін кеземін

Қ.Рысқұлбековтың шығармашылығынан:

Ақтық сөз

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген

Арғымақ мінген жаратып,

Ақ сауыт киген темірден,

Алатаудай бабалар,

Аруағыңмен жебей көр!

Ұлы Ленин бабамыз

Қатарға тең деп тартқан соң,

Компартия басқарып,

Достық отын жаққан соң,

Аға дедік орысты,

Әділдігі жаққан соң.

Ал енді қазір неткен күн,

Орыстан ынсап кеткен күн.

Тізесі қатты батқан соң,

Шыдамастан ақыры,

Қарғыс атқыр жеткен күн.

Қаймана қазақ қамы үшін

Қарусыз шықтық Алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейтін

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой

Басты себеп жанжалға.

Екі жүзін қырылып,

Екі жүзін ұрылып,

Екі жүзің сотталып,

Жоқтасыз кетіп барасың!

Қатарым жусап қалғанда,

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам,

Арулап қолдан көмсеңші-ай!

Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма.

Бара қалсаң, сәлем айт

Сырттағы құрбы-досыма.

«Ақтық сөзің не?» деген

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтайын оны халқыма:

Жоқ пиғыл менде жасымақ.

Қорлай да беріп қайтадан,

Титыққа орыс жетпесін.

Туған жердің намысы

Бөтен қолда кетпесін.

Салт-санадан айырылып,

Арақтан ұрпақ азбасын.

Ел көркейтер азамат

Қызғаныштан тозбасын.

Абай туған жерінде

Бомбасын атом жармасын.

Құлыптасты қиратып,

Өлігіңді қазбасын.

Өз ұлтының басшысын

Орнынан сүйреп алмасын.

Үміт еткен Мәскеуден

Қарадай көңілің қалмасын

Ленин салған сара жол.

Қолдаушысыз болмасын.

Барлық ұлтпен тең болып,

Ешкімнен көңілің қалмасын.

Ендігі жерде басыңнан

Бірлік пен бақ таймасын.

Осы айтылған ақтық сөз

Туың болсын әрдайым.

Мойныма алып жаланы,

Мен болайын құрбаның.

Бас-аяғы сол болсын

Басыңа түскен қатердің.

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғадай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

«Еркек тоқты-құрбандық»,

Атам десең, атыңдар.

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген, қош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қош, аман бол, артымда

Ағайын, туған азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұрттым, саған аманат!

Мұғалім:Иә, қылышынан қан тамған осынау Колбин үстемдік қылған заманда-ақ:

Сөйлесең даусың жетпейтін,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға-деп жасқанбай жырлаған Желтоқсанның аққан жұлдызы жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков ең жоғарғы жаза-ату жазасына іліккендердің бірі.Өкінішке орай 1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат Рысқұлбеков 21 мамыр күні таңда бұл өмірімен қоштасады.

оқушы: Жанымыз жомарт қазақпыз,

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Енді қайтіп келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн!

оқушы:

Екі жүзің қырылып,

Екі жүзің ұрылып.

Екі жүзің сотталып,

Жоқтаусыз кетіп барасың!

Қыршынымнан қиылып,

Солармен бірге өлсемші-ай!

Артта қалған ата-анам

Арулап қолдан көмсеші-ай!

Мұғалім:Бірақ тарихи шындық уақыттың өз түлектерінің зор тұлғасын танытты.

Қазақ жастарының үстемдікке қарсыц бас көтеруі мен қозғалысының дүмпуі алып держава КСРО-ның ыдырауына әкеп соқты. Біздің жоғалтқанымыз, ең асылымыз-тәуелсіздік еді. Біз тәуелсіздікті іздеп, соқпақпен де, сүрлеумен де жүрдік. Кейде жолға түскендей болдық, бірақ тығырыққа тіреле бердік. Осындай 20жыл бұрын түскен жолымыз даңғыл болды.

Тәуелсіздік сапары тәуекелді керек етеді. Жол керек, жол серігі керек, жол бастайтын көсем керек. халқымыз үшін аса зор тарихи ұлы оқиға 1991 жылы желтоқсанның 16-да Қазақстанда республиканың мемлекеттік тәуелсіздік жөнінде Конституциялық заңның қабылдануы еді. Заңда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің негізгі принциптері белгіленді. Олар заңның кіріспе бөлімі мен жеті тарауында жан-жақты анықталған.

Ән: «Елім менің»

ТӘУЕЛСІЗДІК – ТІРЕГІМ

Алмагүл Қаржаубаева

Тәуелсіздік – тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды.

Тәуелсіздік – шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысын білмеген алақаннан –

Сусып барып қайтадан табылғансың.

Тәуелсіздік – қырансың, қалықтаған,

Алты алаштың көгіне шарықтаған.

Көптен күткен халқымның сәбиісің,

Әлдилеген құшақта алып далам.

Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,

Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.

Айқара ашқан тұманды ел түндігін,

Азаммықпен арайлы көркім бүгін.

Ынтымағы жарасқан әз халқыммен,

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігі!

Мұғалім: Қазақстанда соңғы жылдар ішінде көптеген ауқымды, әр ұтымды істер атқарылды. Мемлекет нышандары өзгерді. Өз теңгеміз дүниеге келді. Тарихымызды жаңғыртып, үміт қылған оқиғаларды, зиялы есімдерді қалпына келтірдік. Конституциямыз қабылданды. Мемлекеттік оқу орындары ашылды.Қазақстанды, оның президентін бүкіл әлем танитын болды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, мораль қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолына қайта мүмкіндігін берді. Кеңес заманында шетел асқан қандастарымыздың атажұрттарына оралуына жол ашылды. Мемлекеттермен терезесі тең іргелі болды.Қабылдаған аспан көк Туымыз, айшықты Елтаңбамыздың, ән әуеніміз Әнұранымыздың халық көңілінен шығып, егемен еліміздің атынан сөйлейтін ресми белгілерге айналуда. Олардың басты қасиеті-туған халқымыздың өнер тілінен терең сыр шертіп, ізгі пейілімізді кемел жеткізе алуына, көңіл-күйіндегі арайлы асқақ сезімге бөлеп ыстық көрінеді.Б
із қазақ ғасырлар бойы ел болу қам-қарекетінің үстінде тікелей саяси және экономикалық байланыстар нығайып келеді. Желтоқсан оқиғасы барша Қазақстандықтың жүрегінде мәңгілікке орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз. Біздің мақтанышымыз елі үшін, жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз, желтоқсан құрбандары. Олар ел жадында мәңгі сақталмақ. Ұрпағы ұлы елдің ешқашан шаңырағы шайқалмақ емес. Тәуелсіздік таңы арайлай атып, егемендігіміз еңселі бола берсін.

Енді, кезекті оқушылардың шығармашылықтарына тоқталайық.

Шайзанда Айтаныс

Туған жер.

Биік-биік таулары бар,

Жүпар иісті баулары бар.

Жері жәннәт, суы балдай,

Туған жерім- Қазақстан.

Абай менен Ақан туған,

Ахмет пенен Біржан туған.

Осы менің кең даламда,

Дарынды адам көп тараған.

Күш, қайраттан жаратылған,

Бабаларым көп дара туған.

Алашымыз ұран болған

Менің жерім- Қазақстан.

Қазақ.

Біз қазақ нені көріп, нені білген!!

Қандай нәрсе басымыздан өтпеген

Туған жердің бақыты үшін аянбаған біз.

Не көрмедік үлкеніміз, кішіміз.

Біз қазақ қарт батасын тастамадық

Жолға шықсақ тұмарды ала бардық

Ешкімге құл болып көрмегнбіз

Ұлан- қайыр жерлерді сақтап қалдық.

Алланың нұры жаусын деп тіледік

Ешкімге зиянымыз тимей келдік.

Тәуелсіздік жолында қазақ уызы,

Құрбандыққа шалынуға дайын өзі.

Астана.

Есілдің маңында бой көтерген

Сарыарқаға шаттық берген, сән берген.

Әлемдегі бірде қала тең келмей,

Ел басының қиялымен бой көтерген.

Құйылғандай сыйқырланып көгінен,

Ішіне құт-береке, бақыт деген.

Бүгін міне, қанат бітіп шарықтаған,

Қазақстаншуағы боп мәңгі жанған.

Астана нұрлы қала бар әлемге,

Ақындар шырқап келген көп өлеңде.

Астананың көгілдір бір ажары,

Таңқалдырған көркімен ол баршаны.

Күй сандықтай жырланған ғимараты,

Астана елімнің ән жәннәті.

Қазақстан елім менің киелім,

Әнімді саған жырлап мәңгі беремін.

Атамның қаны сіңген бұл дала,

Анамның жасы көп төгілген бұл дала.

Ойнап-күлген, қызығың шашқан әр бала,

Қымбатсын бізге, отаным менің Астана.

Аркалық қаласы

8 негізгі мектебі



Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, қазағым елім!»
Тақырыбы: Кобегенова Сандугаш

Касымхановна

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет