Таќырыбы: «жол тєртібін білейік» 1-класс



жүктеу 49.55 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі49.55 Kb.
түріСабақ

Баймаханова Тынымкул Канаевна
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,

Жабасақ орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Тақырыбы: «ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК»

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру.

2) Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға ,білуге жол ережесін үйрету

3) Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп,жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Жол белгілері,бағдаршам,жол ережесіне арналған суреттер,кітаптар,жол үстіндегі бағдаршам,ойыншық машиналар,машиналар суреттері.

Кіріспе. «Жол тәртібін білейік» атты ашық тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді.Жол тәртібін бұзба,ол қатер тудырады.Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп,доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні,жүріп

бара жатқан машинаға жабысатыны,қалтарыстан жолға шыға келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жол жүру ережесін» мұқият тыңдап,әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті.Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру заңын бұзбайды.




1-оқушы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

2-оқушы:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Сабағымыз басталсын сәлемменен..

3-оқушы: Мектепке барар жолды,не ең қауіпсіз жолды таңдап ал.

4-оқушы: Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.

5-оқушы:Тар тротуармен келе жатқанда алдыңнан қарсы келе жатқан

кісіге жол бер.



Жүргізуші: Балалар, көшеде жүру тәртібін не басқарады?

Оқушылар: -Бағдаршам.

6-оқушы: Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп,тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте пайдаланыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден әлдеқайда асып кетті.Әрі оның кескін келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Оқушылар кезектесіп бағдаршам туралы тақпақ айтады, жүргізуші оның мазмұнына сәйкес қызыл,сары, жасыл түсті көрсетіп тұрады.



7-оқушы:

Үш түсті түсі бар,

Жөн сілтер тілі бар.

Бағдаршам дегенің

Сырын жақсы біліп ал.

8-оқушы:

Қызыл көз жанарда

Тоқтай қал әманда.

Сары түс- ескерту

Дайын бол табанда.

Жүргізуші: Жол бойының қозғалысын не реттейді? (Бағдаршам).

Бағдаршам;

Көрегенмін,қырағымын,

Үш көзім бар, үш сыншым.

Сақтап халық өмірін,

Тәртіпті,мен орнаттым.

Ортаға үш көмекшім, үш сыншымды шақырамын.Қайдасыңдар, достарым?

Ортаға қызыл, сары, жасыл киінген үш оқушы шығады.Қолдарында қызыл,

жасыл, сары шамдары бар.

1.Қызыл көз:

Мен көзімді ашқанда,

Ешқашанда баспа алға.

Орныңда тұр қозғалма

Ереже бұл «Сен тоқта!».

2.Сары көз;

Мен көзімді ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жүруге әлі болмайды,

Дайындықты сақтайды.

3.Жасыл көз:

Мен көзімді ашқанда,

Көліктер саған тоқтайды.

Ережені білгендер,

Өтуге еш қорықпайды.

Үшеуі бірге:

Жолды кесіп өтерде,

Сол жағыңа қарайла,

Жарты ортаға келгенде

Оң жағыңа қарайла.

Білгеніңді басқаға

Үйрете жүр,жарай ма?

ОЙЫН: «Жолаушылар мен жүргізушілер».Үш оқушы бағдаршам ролін атқарады. Ойынға барлығымыз қатысамыз.

МАШИНАЛАРҒА: жасыл-жүреді.

ЖОЛАУШЫЛАРҒА: қызыл-тұрады.

ЖОЛАУШЫЛАРҒА: жасыл жүреді.

МАШИНАЛАРҒА: қызыл тұрады.

Көрініс: Көшеде.



Жүргізуші: Жұмбақ. «Бұл кім?»

-Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. Бұл кім?

-Бағдаршамнан басқа жолда реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен

Тұрады.Реттеуші инспектор көмекшілерімен бірге ортаға шығады.

-Айналайын,абайла,

Жүргізуші, жарай ма?

Жолда өткен кезіңде

Оң,солыңа қарайла!

Реттеуші инспектор ала таяқ ұстап,оқушыларға көрсетіп айтады,жас инспекторлар оған көмектеседі.

1.Егер қызыл шам жанса, инспектор сендерге қарсы тұрады,ала таяғы түсіп тұрады.

2.Егер сары шам жанса,ала таяғын көтереді.

3.Егер жасыл түс жанса,жанынан тұрады,таяғы төмен түсіп тұрады.



Инспектор:

Кел, достарым,ойнайық,

Ойнайық та,ойлайық.

Босқа бекер тұрмайық,

«Қызыл,сары,жасыл» ойынын ойнайық!

ОЙЫН: «ҚЫЗЫЛ,САРЫ,ЖАСЫЛ».

Үш оқушы бағдаршам болып тұрады.Оқушылар мектептен шығып жолдан қалай өту керектігін көрсетеді.



Қызыл жанады, қозғалмай тұрады.

Сары жанады, қол шапалақтайды.

Жасыл жанады,жолдан өтеді. /3 рет қайталау/

Жүргізуші: Балалар,жол белгілерін «ҚАЛА ӘЛІППЕСІ»деп атайды.

(Белгілер ұстаған оқушылар шығады.)



1,Сақтандыру белгісі:

Қып-қызыл үшбұрыш

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп

Сәт-сапар жолдаған.

2.Тыйым салу белісі:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жаққа.

3.Міндеттеу белгісі:

Белгілік көрсетер,жылдамдық бағытты

Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол,шартымды міндетті орында!

4.Нұсқау белгісі;

Баратын жерінің бағыты тұрағын

Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Бағдаршам мен Инспектор қызметкері ортаға шығады.



Бағдаршам:

Үлкен-кіші қала бар,

Ой жүгіртіп қарап ал.

Көше заңы тым қатты

Сақ болыңдар, балалар.

Инспектор:

Қай көше,қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп

Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

Бірге:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік!

БИ: Қазақ биі-қыздар тобы.



Қорытындылау.

1.Тақтадағы сурет бойынша сөйлемдер құрау.

Мұғалім: -Ал балалар ,біз бүгін не үйрендік?

Оқушы: -Жолда жүру ережесін, көше тәртібін ,бағдаршаммен.

Мұғалім: -Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?

Оқушы: -Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.

Мұғалім: -Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?



Оқушы: -Тілін алуымыз ке

Ақтөбе облысы,

Әйтеке би ауданы.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет