Тақырыбы: «Кім болам?» Мақсаты



жүктеу 46.43 Kb.
Дата26.02.2018
өлшемі46.43 Kb.

Тақырыбы: «Кім болам?»
Мақсаты:


  1. Мамандық түрлерімен таныстыру, оқушылардың болашақ мамандыған айқын да сенімді таңдауына бағыт көрсету, сөздік қорын молайту.

  2. Тақырып бойынша әңгімелесе отырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қызыққан мамандықтарын салыстыру арқылы таңдауға баулу.

  3. Үлкендер еңбегін бағалай білуге ,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Кім болам?», суреттер, мамандық түрлерінің киімдері, мекемелер.

Өткізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікір-талас,әңгімелесу, ойындар.

Сабақтың барысы:

  • Еліміздің дамуы мен қалыптасуында ұлы мақсаттар айқындалып отыр. Оның ең бастысы – еліміздің тұғырын берік етіп ұстап тұра алатын, оны одан әрі дамытып, көркейтетін ұрпақ даярлау. Қоғамда дамытушы күш жастар болғаннан кейін, оның бойында ұлы істі жүзеге асыра алатындай күш-қабілет болуы керек. Ол күш-білімде,тәрбиеде, тәжірибеде.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе –білім», -деді белгілі жазушы, ғалым Мұхтар Әуезов.

Бүгінгі сабақ өз арман ниеттеріңді дұрыс бағдарлауға, қалаған кәсіптеріңізбен болашақ мамандықтарыңызды жаңылыспай таңдауға, жұмысқа уақытылы немесе тұрақты орналасу проблемаларыңызды шешуге, өз орныңызға, бәлкім алғашқы кәсіби қызметіңізге «кетігін тауып барып қалануыңызға» көмектеседі деп үміттенемін. Сонымен біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз «Кім болам?» деп аталады

Хормен:

Кім болам?

Келемін,міне,өсіп мен,

Он жетіге де толармын.

Қай жақта, қандай кәсіпке

Сонда мен ие болармын.
Шахтер. (Алишер Е.)

Шахтерді ел біледі,

Оған сарай –жер асты.

Көмір қазып жүреді,

Сорғалатып тер ащы.

Бала оқитын зәулім үй

Қалмауы үшін суынып

Үйіп көмір тауды ылғи

Береді ол жылылық..
Теміржолшы(.Олжас)

Ұланымыз даланың,

Ұрпағымын бабаның.

Есейгенде ертең мен

Теміржолшы боламын.
Мұнайшы.(Әлішер Р.)

Біз –мұнайшы маманбыз

Байлығына ел алаңбыз.

Жерге бұрғы саламыз,

Мұнай көзін табамыз.
Каратэ (Арман мен Ержан)
Дәрігер.(Дана)

-Мен болашақта анам сияқты дәрігер болғым келеді. Ауырған адамдарды емдеймін.

-Балалар ,суық су ішпеңдер!

Тамақтарың ауырады.

-Тәттіні аз жеңдер!

Тістерің ауырады. Тазалықты сақтаңдар!

Іш ауырса,тіс ауырса,

Мамам дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді.



(Арман С.) Инженер жақсы болғанмен,

Дәрігер артық ,тегінде.

Бала емдеуге барар ем,

Үйретсе соған мені де.


Емдеймін бала ауруын,

Пайдасы аз ба ал мұның?

«Сәләмәт па бауырлар,

Қайсың кәне ауырған?»


(Рахим)Ойнаймын мен,

Ойлаймын мен.

Ержеткенде кім болам?

Қолдаймын мен,

Қорғаймын мен.

Ел сүйетін ұл болам.


Мүсінші. (Ақтөре)

Тасқа бедер саламын,

Егеп,қырнап,жонамын.

Шеберлігі шыңдалған

Мен мүсінші боламын.

Суретші.(Тлек)

Салдым асқар тауымды,

Етектегі ауылды.

Мен суретші боламын,

Түрлендіріп бояуды.
Әнші (Дана Н.)

Мен кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір тамшымын.

Гүл ернінен жиналған,

Әндерім бар бал шырын.

Тамсандырып ән салдым

Естігенің тамсандың.

Жүректерге жетсе деп

Айту үшін жан салдым.

Шындықты айтар әншімін

Жайып салар бар шынын

Жүрек тудай желбіреп

Алаулайды жан сырым.
Ән: « Ертегілер » Аружан Аманғалиева

Аспаз. (Жұлдыз Д.)


  • Мен үлкен болғанда аспаз боламын.Дәмді-дәмді тамақтар пісіремін.Тоқаш, бауырсақ, торт, қуырдақ ,әртүрлі салаттар жасаймын. Өзімнің дәмханамды ашамын. Адамдарды тамақтандырамы.



Шаштараз. (Томирис)

-Мен үлкен болғанда шаштараз боламын. Өзім Семейден «Шаштараз» ашып ,бар баланың шаштарын қиып ,сәндеймін. Қыздардың шаштары әдемі болса,сұлу көрінеді.



Шекарашы.(Арман С.)

Жерім –байтақ ,далам кең,

Елге ұнаған жақсы ісі,

Шекарашы болам мен,

Болашақтың сақшысы.


Егінші.(Дәурен)

Бітік егін өсіріп,

Еліне бақ сыйлаған.

Егінші ісін өс біліп,

Ол- халыққа сыйлы адам.

Хат тасушы.(Ержан)

Ол жатқа біледі қаланы,

Ол көше ,бар үйге барады.

Біздің де үйді де табады

Күнде кеп есікті қағады.

Ағама,тәтеме,атама,әжеме

Көкеме,апама

Көп-көп хат келеді алыстан

Достардан ,туыстан ,таныстан.

Заңгер.(Лаура)

Біз-заңгерміз, заңгерміз,

Әділдікті қолдаймыз.

Халықпенен біргеміз,

Адам құқын қорғаймыз.

Би: Шығығыс биі. Орындайты Өмірғалиева Аружан
Инженер. (Жазира)

Біз-жобалаушы –инженер,

Іс басында тұрамыз.

Бағдарламаны игерер

Компьютер де құрамыз.

Ғалым.(Айсана)

Таудай үлкен талабым,

Мен бармақтай баламын.

Көктің жүзін барлайтын,

Үлкен ғалым боламын,

Үлкен ғалым боламын.

Боламын десем ,боламын.

Ғарышкер.(Мирас)

Аспан,аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын.

Мен ғарышкер боламын

Ғарышкер мен де боламын

Боламын десем,боламын.
«Домбыра биі» орындайтын қыздар тобы.

Қорытындылау.

«Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»- деп , біз заман талабына сай мамандықтар жайында айта келіп, бүгінгі тәрбие сағатымыз әркімге өз мамандықтарын таңдауға, оң шешім қабылдауға көмектеседі деп сенемін.

Ақтарып кітап әлі де

Түсініп ал,аңдап ал-



Жұмыстың жақсы бәрі де

Таңдауыңша таңдап! – деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет