Таќырыбы: ¦лттыќ аспап домбыра



жүктеу 146.41 Kb.
Дата17.01.2018
өлшемі146.41 Kb.




Оңүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің 11- сынып оқушысы: Кукиева Айдана Сапарғалиқызы
Тақырыбы: «Ұлттық аспап – домбыра»

Жетекшісі: Ирсинбетова Гүлжаһан Жетпісбайқызы


Аннотация

Бұл зерттеу жұмысы арқылы балалар мен ата – аналар домбыра аспабының қасиеті, пайдасымен жақын танысады.

Домбыра – қазақ халқының ең сүйікті аспабы. Осы зерттеу жұмысы арқылы домбыраның тарихын, көптеген деректерін, ежелгі қытайлықтар сақтарды «сәжүн», «жижұң», «шимо», «шижа» деп гректер – скифтер, ал парсылар – сақтар деп атаған. Сақтар кезінде әсіресе сыбызғы мен домбыра кең таралған болатын. Біздің домбыра қазіргі заманда күйді күмбірлете тартып, өлең айтылып, бесік жырлардан басталып екі ішекті домбыраның құрылысымен адам өміріне қажеттілігін түсініп алуға негізделген. Ата – бабамыздың сол ізгі дәстүрлі ұлттық аспабын ұмытпай, әр мерекеде үніне – үн қосылса, күй тартылып, ән айтылса өміріміз гүлденген үстіне гүлденеді - деп ойлаймын.

Мазмұны:
І. Кіріспе:................................................................................................................ 2

ІІ. Негізгі бөлім:................................................................................................ 3

2.1 Домбыраның шығу тарихы

Ұлттық аспап - Домбыра



2.2 Домбыраның құрылысы............................................................................. 9

2.3. Домбыраның құрылымы - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - -- -- - - -- - - -- - - - 11

2.4 Адам өміріндегі рөлі -- - - - -- - - - - - - - - -- - - - -- -- - - - - -- - -- - - - - -- 11

ІІІ. Қорытынды............................................................................................... 13

3.1 Ұсыныс -- - - -- - - - - - - - -- -- - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - -- -- - - - - 14

Домбыраның жасөспірімдерге тәрбиелік қасиеті



IV Қолданылған әдебиет- - - - --- - - - - - -- - - - - - - - - - -- - - - - -- - - - - -- - 15

I. Кіріспе:
I. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарыхалқымыздың тұмысы мен тіршілік қамқар әрекетіндегі салт – дәстүрімен бөлек дүние танымындағы тарихы мен өнеріндегі бірегей заттық мұрасы, рухани - мәдени байлығы болып табылады.

Күллі тәрбиенің кілті – отбасы ошақ қасы деп ата – бабаларымыз дәл басып айтқандай, айналадағы табиғатпен жаратылыс сырларына мән бере білген адамдар дыбыстық құралдардың небір түрлерін жасап ала білген. Мәселен, қазақ үшін домбыра заттық және әуездік төл мұра болуымен бірге оның ұлы үшін рәмірдік (символикалық) нышаныда айрықша.

Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары дыбыс ерекшеліктері қарай 4 – топқа жіктеледі олар: соқпалы – шулы, сылдырлы; үрлемелі; ыспалы;

ішекті – шертпелі.

Бұрын шекті – шертпелі аспаптардан жалғыз деп саналып келген домбыра қатарына шертер, жетіген, адырна, керуіш секілді этнографиялық аспаптар қосылды. Олардың қолданылуы, жасалуы аңыз, әңгімелері, жосың – жоралары, наным – сенімдері мен салт – дәстүр арналары бірге қалыптасты. Шертпелі аспаптар ішіндегі жаратылыс пен тіршілік әлемінде болатын құндылықтар мен дыбыстар әлемі тоғысқандықтан негізінен әлеуметтік – рухани қажеттілікке негізделген аспап саналады.

Қазақ дүние танымы бойынша домбыра бойында қол өнер, орындаушылық, күйшілік секілді танымдық құндылықтар жинақталған.




2.1, Негізгі бөлім. Домбыраның шығу тарихы.

Ұлттық аспап - Домбыра.


Домбыра – қазақ халқының ең сүйікті аспабы. Домбыра музыкасы тарихи халықтың тарихымен тығыз байланыста дамыды. Олар табиғат, адам туралы өмірлік тәжірибені жеткізе отырып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп отырған.

Жазба ескерткіштеріне және зтнографтар мен музыкатанушылардың еңбектеріне қарағанда , домбыра мен басқа ұлттардың осы домбыраға ұқсас аспаптары ежелгі уақыттан жақсы белгілі болған. Көне салттың жөн – жоралғысымен және рәсімімен біте қайнаған замандар қойнауынан жеткен қазақтың киелі домбырасы көшпенділер тарихының алғашқы парақтарының естеліктерін өзімен бірге ала келеді. "Домбыра – көшпелі тайпалардың өзінше ерекше және жарқын үнді тарихы. Оның ішектері жүз жылдықтардың музыкалық даналықтарын сақтауда"

Сақ тайпалары. Қазақстан территориясында б.д.д. VII-IV ғғ. өзінің артынан рухани, әсіресе қолданбалы өнер, ауызша және музыкалық творчествосында бай мұра қалдырған сақ тайпалары өмір сүрген.

Қазақтың көптеген музыкалық аспаптарының түп – төркіні сақтарда. Сақтар кезінде, әсіресе, сыбызғы мен домбыра кең таралған болатын. Олардан біздің дәуірімізге дейін жеткен және халық арасында әлі күнге дейін танымал ежелгі күйлер ішінен "Шыңырау", "Аққу" және т.б. атауға болады.



Ғұндар. Б.з.д. III-II ғғ. Ғұндар әлемдегі қуатты мемлекеттердің бірін құрған. Ғұндарда да қазақтардағы сияқты әндер сыбызғыда, домбырады, қобызда ойнаумен сүйемелденген. Біздің уақытымызға дейін жеткен ғұндардың күйлері: "Кеңес", "Сары өзен", "Шұбар ат". Б.д.д. II-I ғғ. әлі күнге дейін аты ұмытылмай келе жатқан ұлы күйші, сыбызғышы Саймақ өмір сүрген. Қазақтар қазірде оның "Сары өзен" күйін ( "Сары өзен" - "Желтая река" немесе қытайша "Хуанхе" дегенді білдіреді) орындайды.

Қимақ қағанаты. Б.д. VI-XI ғғ. Ертіс жағалауларында қимақ тайпалары өмір сүрген. VII ғ. Қимақтар Ертістен Алтай тауларына дейінгі территорияны жайлаған. Қыс уақытында олардың бір бөлігі солардың ішінде қазақ тайпалары болған. Олар қағанға бағынған. Бекіністер мен қалалар салған (қимақтардың 16 қаласы белгілі). Қағанаттың астанасы Ертіс жағасындағы бекініс қала Қимақия болды.

Домбыра қимақтардың музыкалық аспабы болған. Бізге олардың келесі сүйікті әуендері мен күйлері жеткен: "Ертіс толқындары", "Мұңлы қыз", "Тепең көк", "Ақсақ қыз", "Боз інген", "Желмая", "Құланның тарпуы", "Көкейкесті" және т.б.

Домбыра деп аталатын аспап мәдениеті, тұрмысы және тарихы бойынша қазақтарға туысқан, жақын халықтардың көбінде сақталған. Тәжіктің думрак, өзбектің думбыра, думбрак, қырғыздың комуз, түркменнің дутар, баш, думбырасын салыстырыңыз. XIV ғасырдағы жазбаларда көрсетілген орыстың музыкалық аспабы домраның алғашқы түрі қазақтың дамбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының ұқсастығы және пайда болуы бірдей екендігі де атап көрсетілген.

Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар:

1. Батыстық

2. Шығыстық

Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төпке күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төпке күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйдің, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар.

Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Өткен кезде үш шекті домбыра Қазақстанның әр түрлі аймақтарында кездескен, қазіргі кезде бұл аспап түрі тек Семей облысында сақталған.



Күй және күйшілер


Музыка - өмірдің, адам жанының айнасы. Ол адамзатпен ғасырлар бойы бірге жасасып, дамып, өркендеп келеді. Сол музыканың бір саласы – күй өнері. Ол – қазақ халқының аспаптық музыкасының бір түрі. Күй - өзінің құрылысы, стилі, әукені жағынан өте бай музыка. Күйдің ойлы да сырлы, әуезді де сазды үні естілсе, құлақ түріп тыңдамайтын қазақ кемде – кем. Өйткені, біз күй тарихынан, күй үнінен, күй сырынан халқымыздың өмірі мен тұрмысын, салт-санасы мен әдет-ғұрпын ұғып, қуанышы мен қайғысын, арманы мен мақсатын айқын сезінеміз. Қазақ халқының басынан кешкен қилы дәуірі, тарихы мен тағдыры домбыра мен қобыз үнінде, сырнайы мен сыбызғы сарынында сақталған.

Күй - өмір құбылысы, тарих шежіресі. Әрбір күй – шежіре, дастан, жеке-жеке энциклопедия десе де болады. Күй сазынан, күй ырғағынан, күй мазмұнынан тыңдаушы көп нәрсе ұғып, өз топшылауын жасаған.

Халық арасына кең тараған, өте ертеден келе жатқан күйлердің бірі - "Ақсақ құлан". Оның шығуы жайында ел аузында мынадай аңыз сақталған.

Шыңғыс ханның ұлы Жошы өзінің баласын өте жақсы көрген екен. Ол аң аулап жүріп, қайғылы қазаға ұшырағанда, өлімін естіртуге ешбір жанның батылы бармаған. Өйткені хан: "Баланың қайғылы хабарын естірткен адамның көмейіне балқыған қорғасын құйылады!" – деп жария етеді. Әрине, ханның мұндай қаһарына ешкімнің де ұшырағысы келмейді. Сол кезде ел арасындағы құлақ түргізген шебер күйші көпшілікті бұл азаптан құтқаруға бел байлайды. Жошының ұлының құлан тұяғынан мерт болғанын жеткізу үшін домбыраға сөз беріп, "Ақсақ құлан" күйін аңыратады. Төменгі пернеден жоғары қарай өрлей күңіреген күй сарынынан өмір ләззатын татып үлгермей,

жарық дүниемен ерте қоштасқан хан ұлының зар-мұңы бебеулейді. Одан соң домбыра үні адамша өксіп, шерлі сазға ұласа бастағанда, болған жайдың бәрін осы күйден аңғарған ханның өзі де еңіреп қоя береді.

Өктем хан айтқан сертін екі етпес үшін қайғылы хабарды естірткен домбыра үнін өшірмек болып, тиек алдындағы ойыққа қайнап тұрған қорғасын құяды. Бірақ, халық үні, домбыра дауысы, музыка сазы өшпей, ғасырлар бойы жасап келеді, ол жасай бермек!

Ал, "Ақсақ құлан" күйін қазақ музыкасының зерттеушісі, музыкант-этнограф А.В. Затаевич тұңғыш рет нотаға түсірген.

- Біздің көктегі тәңір – ер, ал жердегі Ұмай ана - әйел. Домбыраны оң қолға алып тартқан кезде үстінгі ішек аспанмен тілдессе, астынғы ішек жермен тілдеседі. Екеуі бірігіп Тәңір мен Ұмай ананың ұрпағындай нұрын шашып сиқырлы әуен тудырады. Оны ұрпақ деп бейнелеуге болады.

Безендірген жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер, -

Дейді Абай "Жазғы тұры" – атты өлеңінде.

Ұлы ақынның космостан хабар алып отырғанын өлеңдерінен ұғуға болады. Абай екі алып күшті тең ұстаған: бірі – көк болса, екіншісі – жер. Абай бәйтерек секілді аспан мен жерден тең дәрежеде нәр алып, шығармаларды туғызған.

Домбыра – қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негіз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне жан бітіріп, оның құнды қалпын сақтауға негіз болғанын көреміз.

Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткізді. Күй мен оның әңгімесі қоса өріліп, домбыра мен аңыз қатар өрбіді.

Домбыра бар жерде қазақ халқының тілі, өнері, тарихы бірге жүреді. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгімелердің желісіне сүйенуге болады.

"Ертеде бір хан қызының кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да, жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағашта қуарады. Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген қыз егізін іздеп, жолға шығады. Жолдан шаршаған қыз бала ағаш түбіне келіп, демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаш түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басында бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. "Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар" деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен. "Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстінгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын" деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен" дейді аңыз-әңгіме туралы еңбегінде Ө. Жәнібеков.

Мұндай аңыздарда айтылатын бәйтерек ағаш домбыра болмысымен үндес. Домбыра ағаштан жасалынып, одан әуен туады. Адамның қос ішекті соғуы арқылы пайда болатын әуені жел, дауыл әсерінен туатын сылдырлаған дыбыс үндерінен еске салады. Демек екі бағыт негізінде әрекет байқалады. Оның бірінде жел Бәйтерекке әсер етіп, қозғалудан ызың естілсе, екінші бағытта адамның домбыра шектерін тербету арқылы әуендер шығады.

Домбыраны шеберлер түрлі әдістермен құрастырған: құрастырғанда басы, мойны, құлағы, тиегі қатты ағаштардан жасалған. Ағашты әбден кептіріп бұтағы, безі жоқ жерлерден таңдап, шебер жасаған домбырасының қатты сүйкімді дыбыс шығуына үлкен мән берген. Домбыраның құлағы мен басы мойынын тиегінің қатты ағаштан жасалынуы, домбыраны сазына келтіргенде, қалған дыбыстың өзгермей сақталуына қатты әсерін тигізеді.




2.2 Домбыра құрылысы.

Домбыра құрылысы: кеудесі болады, кеудесіне түп тиек, мойны бекітіледі. Кеудесі қақпақпен жабылады, Қақпақта домбыраның аузы және қорғаны болады. Қорғаны қақпағымен бірге жасалады. Ал домбыраның мойнына басы бекітіледі, басына екі арнайы жасалынған екі құлағы орналастырылады. Мойны мен басының жалғасқан жерінде кішкене тиек бекітіледі. Жұп тиекке орап, шек тағады. Шектің екі ұшын домбыраның кішкентай тиегі арқылы басындағы екі құлақтағы арнайы тесікке

кигізіп бекітеді.

Домбыраның мойнына он сегіз перне тағылады. Домбыраның мойнына он сегіз пернені тағып, соңында үлкен тиекті орналастырады. Домбыраның құрылысы осы бөлшектерден құралады. Домбыраның өте құрғақ немесе дымқыл жерде тұруы аспапқа әсер етіп, оның дыбыс сапасын төмендетеді. Сондықтан аспаптың арнайы жасалған қорабы болуы керек. Қорап болмаған жағдайда матадан қап тігіп алған жөн. Пернелер арасын жұмсақ шүберекпен тазартып, оларды ішектермен бірге әлсін-

әлсін ауыстырып тұру қажет.



Қазақ халық аспаптары музыкасының ұлттық стилінің, оның ішінде, әсіресе, домбырада маңызды белгілерінің бірі – диатоникалық пернелерде мажорлық және минорлық, сонымен қатар, кейде пентатоника пернелерінің табиғи мелодиялық күрделі жүйесі.

Домбыраның дыбыс көзі – ішегі. Дәстүрлі қазақ домбырасында екі-ақ ішек бар. Ішек дыбысының жоғырылығы оның ұзындығына және оның физикалық-механикалық параметрлеріне тәуелді. Ішектің тартылуын реттеп отырып шығарылатын дыбыстың биіктігін жоғарылатуға немесе төмендетуге болады. Ішекті аспаптардың құлақ күйін келтіргенде, оның осы қасиетін ертеден пайдаланған. Аспаптың мойнының белгілі бір жеріне ішекті басып, музыкант оның ұзындығын және сол арқылы дыбысын өзгертеді.

Осы мақсатта пернелер пайдаланылады: мойнындағы жіңішке көлденең шайтан тиек көптеген ішікті аспаптардың мойнында (домбыра, балалайка, бандура, мандолин және т.б.) пайдаланылатын бұрауына сәйкес орналасады. Домбыраның пернелері ішек жасалған материалдан байланады. Олар аспаптың музыкалық бұрауын, оның пернелік құрылымын анықтайды.

Ежелгі уақытта музыканттар өздерінің музыкалық аспаптарын, соның ішінде домбыраны тыңдау арқылы, гармониялық дыбысты шығару есебімен құлақ күйін келтірген. Домбыра мойнында пентатоникағасәйкес 5-6 перне байланған. Осындай ежелгі домбыраның кейбір үлгілері ұлттық аспаптар музейінде сақталған (Алматы). Уақыт өте домбыра мойнындағы пернелер саны өсті. Қазіргі домбырады оның саны 22-ге дейін барады. Жоғарғы және төменгі баспалдақты табиғи ладты құруға қолданылатын домбыра музыкасының дыбыс қатарының барлығы өрбитін құрылымдық негіз – алғашқы 3-4 пернелік болып келеді. Домбыра аспабында да үш құрылым бар: Бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ жер қойнына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойнынан құралады, шанақтан шығады.



2.3.Домбыра құрылымы:

Домбыра аспабында да үш құрылым бар: Бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ жер қойнына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойнынан құралады, шанақтан шығады.

Домбыраның басы – Аспан, Домбыраның мойны – Бәйтерек, Домбыраның шанағы – Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек "біз ортада, жер бетінде тұрамыз" деуіне негіз бар. Домбыраның мойны арқылы әуендер шашылады Бәйтеректің бұтақтары жайылып, өнімін шашады. Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашып тұрады. Домбыраның басы ретін қарап тұрады, аспан да өмір ретін қарап тұрады.

Үш әлемді байланыстыран "Бәйтерек", одан пайда болған "Домбыра", адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі – домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек.



2.4. Адам өміріндегі рөлі.

"Қазақ тілінде " тәңір" деп көкті, "теңіз" деп суды айтады. "Тәңір" – көктегі су болса, "теңіз" – жердегі су. Басқаша айтқанда, аспанның өзі әуелде "су" деп түсінілген, оның "көк, "тәңір" болып аталуы содан. Ал, жердегі су да түсі жағынан аспан, яғни тәңір сияқты көк болғандықтан теңіз деп аталған... үш әр түрлі әлем аспан, жер, жер асты..." дейді профессор С. Қасқабасов.

Жердегі судың аспан түстес болып келуі әкенің мейірімділік қасиетінен туған. Адам баласы өмір сүру үшін оған қажетті қорек керек. Ол – судың қасиеті. Ол Жер – Ана Ұмайдың сүті. Ал одан пайда болған сылдыр, сыбдыр дыбыстар әуендердің негізін құрайды. Судың дүрілі, гүрілі, күмбірі, сыңғырлаған үні күйге ұласып, асыл мұра көздеріне айналды. Судың өзі ер-ұрғашы болып өмір сүреді. Судың қатты гүрілдеген дауысы еркектің қасиеті. Біркелкі , жай, ерке қалыпта ағу ақылды ару қылығы ісі. Музыка әлемінде де осы қасиеттер бар. Үш әлем аспан, жер, жер асты байланысы туралы Шоқан былай айтады: "Аспанда ел бар. Ондағы адамдар белдікті тамағынан тартады, біз ортада, жер бетінде тұрамыз, сондықтан белдікті белімізге байлаймыз, ал жердің астындағы адамдар белдігін аяғына орайды, олардың өздерінің күні, айы, жұлдыздары бар".

Адам көкірегіне нұр құятын жамандықтан сақтайтын күшке ие аспап ретінде оған үкі қоңырау тауып, төрге іліп қастерлейді. Басқа аспаптарға қарағанда домбыра «бақсы» ойыны, дуаналық, балгерлік, емшілік секілді діни, ғұрыптық салттарда қолданылмайды.

Көк тәңірі Алла тағала белгілеген заттаың бірі «сана домбыра». Сана домбыраға белгіленген адам Аллаға бас иін, онымен үнемі байланыста болып, бес парызды бұлжытпай орындауы тиіс. Сана домбырамен ән, жыр, терме, күй орындап, адам рухын тазартуға болады.

Домбыраның тек қазақ дүние танымына ғана тән екендігін көрсетсе, екіншіден домбыра болмысында адамдарды өзіне тарту қасиет күші мол. Ол күш (энергия) көзге көрінбейтін алтын арқау жіптер арқылы жоғары әлемдегі (космология( ата – бабалар рухынан тарап жалғасады. Сондықтанда қазақтардың бойындағы домбыраға деген құштарлық, оны киелі санап, ерекше қастерлеуі сана болмысы түйсік астары аян алу арқылы сіңірілген.



Қорытынды
«Ұлттық аспап - домбыра» тақырыбындағы зерттеу жұмысын қорытындылай келе, мен домбыраның құылысын, құрылымын, қаншалықты адамға деген пайдасын зерттеп, көз жеткіздім. Домбыраның жасалу жолдарымен таныстым. Көптеген домбыра жайлы аңыз - әңгімелер, шығу тарихын білдім.

Домбыраның тілсіз әуендері адамның жүрегін жаулайтының түсіндім. Бұл аспаптың адам санасын тәрбиелейтін емдік қасиеті барын ұғындым. Домбыра екі ішекті құр ағаш сияқты болып көрінгенімен (қатпары мол, жұмбақ сыры, табиғи қоңыр) үні бар екенің ұғындым.

Домбыра әуені арқылы тәрбиеленген ұрпақ күй сарынын ұғып, аңыз-әңгіме негізінде оның мазмұнын түсіне алдым.

«Домбырам жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұра сен болмасан,

Өнердің не екенің білмес едім». М. Мақатаев.




Ұсыныс
Мен, Сансызбаева Ақбота Серікқызы қазақтың қасиетті ұлттық аспабы қара домбыраны қазағымыздың әр шаңырағының төрінде ілулі тұрғанын қалар едім. Домбыра – адам ішінде жатқан ойды толғандырады, иманды болуға жол ашады. Домбыра сөз даналығына жетелейді, адамның ішкі жан дүниесін емдейді, қолдайды, көтереді, денсаулықты нығайтады. Домбыра еңбекқорлыққа үйретеді. Домбыра жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды. Сондықтан да балалар бақшасы, мектептерде, жоғарғы оқу орындарында ұлттық аспабымыз домбыраны кеңінен үйретуді ұсыныс етемін.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Байділдаев Өмірбек.Музыка сабағы

2. Педагокикалық ізденіс. А. Рауан

3. Сүлейменов Т. Ұлттық тәрбиеге ден қойсақ!

4. Жанысұлы М. Абайға құлақ салсаңыз

5. Қуантаева К, Халитова І. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары

6. Интернет

7. Айтқали Ж, Бүркітов С, Искаков Б. Домбыра үйрену мектебі

8. Станов Ө. Домбыра үйренейік

9. Өтемұратова Б, Балтабаев М. Байділдаев Ө. Елім-ай

10. Байжұманов С. Халық аспаптар оркестірі



11. Бастауыш мектеп №1 2006 ж.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет