Алматы облысында полиция жоғалған баланы бес ай бойы іздемеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі бес ай бойы 6-сынып оқушысының жоғалып кеткені туралы мектеп директорының мәлімдемесіне жауап бермеген полицейлердің әрекетіне прокуратураға шағымданды.

Әкімдіктің мәліметінше, Есік қаласында Райымбек батыр атындағы мектептің 6-сынып оқушысы оқу жылы басталғалы мектепке бармаған.

"Осы оқу орнының директоры полицияға да, аудандық білім бөліміне де хабарласқан. Бірақ мектеп директорының өтінішін ешкім елемеген.

Біз Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасына хабарластық, олар баланың жоғалу фактісін растап, қылмысты жасырғаны үшін ювеналды полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады", – делінген хабарламада. 

Прокуратура ювеналды полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғаған соң тәртіп сақшылары жоғалған баланы бір күнде тапқан. Баланың Алматыда, аудандардың біріндегі қараусыз қалған үйде заңды өкілдерінің қарауынсыз қалғаны белгілі болды.

Қазір бала мен анасы әкімдікке қарасты мекемеге орналастырылды.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.