Прокурорлар Шымкентте баспана алудың қылмыстық схемасын әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Шымкент прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, көші-қон полициясы қызметкері 16 адамға әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізген.
"Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабы 2-1-бөлігі (Қызметтiк жалғандық жасау) негізінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі жүйесіне тіркелді және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды", – делінген хабарламада.
Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол "полиция майоры" шенінен айырыла отырып 1,5 жылға сотталды.
Бұдан бөлек, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
"Қазіргі уақытта кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді саралауға мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді", — делінген хабарламада.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.