Тақырыбы: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг Мақсаты



жүктеу 45.33 Kb.
Дата01.03.2018
өлшемі45.33 Kb.

Тақырыбы: «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тренинг

Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Топта жұмыс істеу ережесі:

  1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
    2. Болып жатқанға белсенді қатысу.
    3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
    4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
    5. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.

«Кел, амандасайық » ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар иықтарыңмен амандасады.

«Жалғыз аяқ жол». Тыңдаушылар шеңберде тұрып, музыкамен қимыл жасауды бастайды.

«Төбе» деген бұйрық бойынша барлық тыңдаушылар шеңбер ортасына қарай қолдарын көтереді, ал «шұңқыр» деген бұйрық бойынша қолдарын бастарына қойып, шеңбер ортасына қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ жол» деген бұйрық бойынша, бірінің артына бірі тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына қойып, музыка ырғағымен жүреді.

Кіріспе
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп атауға болады.

  • Зорлықтың түрлері.

  • Эмоциялық зорлық. Балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу

  • Физикалық зорлық. Соққылар, түрткілер,шымшымшулар,тепкілер,ұрулар,заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, адамның жеке меншігін бұзу.

  • Қауіп –қатер. Отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру .

Сұрақтар.

1. Сізге жақын адам әдейі сізбен сөйлеспесе, бұл зорлыққа жата ма?

2. Біреуге ызалану-бұл зорлық па?

3. Үнемі бақылау-махаббат па зорлық па?

4. Егерде сен зорлыққа ұрынсаң, қайда кімге бару керек?

5. Жалғыздыққа мәжбүрлеу-зорлық болып табыла ма?

6. Дауысты көтеру,айқайлау,ұрсу, лақап атпен атау, сөзін бөлу зорлыққа жата ма?

7. Зорлықтың себебі не болып табылады?

8. Қорқыту –ол…

9. Физикалық зорлық –зомбылық  -ол



  1. Зорлық –зомбылық –ол….

  2. Сіздердің араларыңда зорлық зомбылық жағдай болып көрдіме?

  3. Зорлық зомбылықты көбіне кімге көрсетіледі.

  4. Мен көбіне неден қорқамын.

  5. Кімді көп ренжітеді?

  6. Адамға қандай мінез–құлық ең тиімді?

  7. Мен өміріме жауаптымын себебі..............

  8. Біздің мектепте зорлық- зомбылық байқала ма?

Топпен талқылау

1.                 Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ ? (Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.)

2.                 Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді)

3.                 Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.)

4.                 Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді)

5.                 Жәбірленушігі көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу)

6.                 Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен)

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету)

«Ойланып көрейік» жаттығуы. Уақыты 5 минут

Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту.



Адам не үшін өмір сүреді.

Мыс: білім алу үшін, адамдармен , тіл табысу үшін, әділ болу үшін, еңбекқор, адал, дарынды болу үшін.



Cауалнама.

«Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы. Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, жер шарына ілу.

«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы тренингті былай қорытындылағым келеді.

Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.


Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы

Кеңсахара орта мектебі

Тақырыбы: 



Өткізген: Калжанова Л.Ж



2017-2018 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет