Тақырыбы: Өмірде ана-бұлақ, ана пана, Өмірді өркендетер ана ғана мерекелік концерт Жүру барысы



жүктеу 51.85 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі51.85 Kb.

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей ордасы ауданы

Ұялы ауылы

Ш.Жексенбаев атындағы

жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы

«Жас Ұлан» ұйыымы тәлімгер Шынар Сабирова Қайроллақызы


Тақырыбы: Өмірде ана-бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана мерекелік концерт



Жүру барысы: ("Ана мен сәби" көрініс. Сәбидің жылаған даусы.)

Ана: Ботам.Балапаным... Неге жылайсың...

Бесік жырын айтып, сахнадан шығып кетеді.



1 ж: "Бала, бала , бала-деп,

Түнде қалғып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған,

Қаймақты сүтін қалқытқан,

Бұл кім?"

-Ана (бәрі хормен)

2ж: Әрине, ана! Ар ма ағайын! Қайырлы кеш қадірлі жиналған қауым! Құрметті асыл аналар,қымбатты ұстаздар,қызғалдақ арулар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

1ж: Ендеше, құрметті көрермендер.Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, шырқалатын ән бәрі сіздерге арналады.

Бірге: Өмірде ана-бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана-атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелік кешті мектебіміздің ару қыздары аналарымен бірге өнерлерін көрсетеді.



2 ж: Мерекелік кешімізде

Көз керек-ананың өнерін, парасатын көруге,

Көз керек-арудың, әйелдің, ананың сұлулығын көруге,

Көз керек-ұйқысыз түндер мен уайымды түндер салған,

Әжімдердің сырын ұғуға.

Көз керек-бесік жыры мен ана әлдиінің

Құдіретін толық біліп, ұғынуға.

1-ж.Сөз керек-ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге,

Сөз керек-дүниенің алтын діңгегі

Ана екенін әйгілеуге.

Сөз керек-жылына бір рет болса да,

Ана мен әйелдің көкіректі кернеген

Сезім мен көңіл- күйін білдіруге –деп ортаға Алтын алқа иегерлері, яғни сүйікті әжелер мен ардақты аналарымыз отыр. Осы абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Дана қыздарыңыз анасы Венерамен дуэттік орындауда "Ару ана" әнін қабыл алыңыздар.



2 ж: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

1 ж: Ержеткен ұл, бойжеткен қыздың ешбір жарғымен бекітілмеген халық дананың өзі шығарған заңында аталған парызы "Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қасиет." Осы парызымызды жерге тастамай аналарымызға тек қуаныш сыйлай білейік.

Ендеше ортаға Аружанды анасы Данагүлмен ортаға шақырамыз.



Ән: "Әкешім, анашым" қабыл алыңыздар.

2ж: Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Дүниеде не тәтті?

1ж: Ананың сүті

2ж: Жұмсақта не жұмсақ?

1ж: Ананың қолы жұмсақ . Ия, осы бір құдірет иесіне бәрімізде бас июге тиіспіз.

Ән: "Ертегілер"

Орындайтын: 3ә сынып аруы Айжан анасы Райханмен бірге.

2 ж:

Жасыра алмай өзіңнен ғашықтығын,

Көкжиектен таң сайын асықты Күн.

Келді тағы көктемнің мерекесі

Дидарыңа шуағын шашып бүгін

Мерекелік ән – шашу.

8ә сынып ару қызымыз Бекзадамен анасы Күнсулудың орындауында



Ән: " Қазақ қызы"

1 жүргізуші:

Ең күшті нәрсе не? – десе,

- Ананың әмірі! – дер едім.

Аналардың барлығын

Жердегі Тәңірі! – дер едім.

Өз басым ананы осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - ана, ұлтын көбейтетін - ана, ұрпақты ұластыратын - ана еркекті Ер ететін - ана. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -ана. Махаббаттың асыл нұры - ана. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - ана махаббаты.



2ж: Ана, ана деп жатырмыз.Осы ана туралы мақал-мәтел білесің бе?

1ж: Әрине,Ағайын алтау, ана біреу.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбас.

1ж: Жақсы. жақсы біледі екенсің. Тоқта. тоқта

2ж: Білесің бе? ана, ана деп жатырғанымызда менің ойыма М.Мақатевтың "Шеше сен бақыттысың" өлені орала береді. Осыны оқып берсем болама?

1ж: Әрине.Оқы тыңдайық

2 ж:

Шеше!


Сен бақыттысың, жыламағын,

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын.

Бармын ғой,

Тірімін ғой

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып өз-өзіңмен шашылмағын.

Екі жыр арнап жазсам саған бірін арнап,

"Шеше" деп жаздым ылғи сөз басына,

Тәңірім кеше көрсін, кесірімді,

Аспанға жазам сенің есіміңді,

Шеше!


Сен бақыттысың тербете бер,

Құба талдан иілген бесігімді.



1ж: Сексенбай, өте жақсы өлең екен. Ия,ананы жырламайтын ақын жазушы, жоқ шығар. Ортамызда отырған әжелеріміз бен аналарымызбен пікір алмасып, ой өрбітіп отырсақ.

1.Тілек айтсаңыздар мерекеге

2«Немерені бауырға басу» дегенді қалай түсінесіз?

3. Бесік жырын айтып берсеңіз.

4.Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.

5.Ақырған алмас, иілген қалмас.



2ж: Осындай ақыл- кеңестеріңіз бен өз ойларыңызды айтқандарыңыз үшін сіздерге рахмет айта отырып, мерекелік сый-сияпатымызды ұсынамыз.

9 сынып аруы Оксана анасы Светаның орындауында Ән: "Анаға сый"



Ән: "Балалық шаққа саяхат" 4 сынып аруы Миргүл мен мамасы Жанармен

1ж: Мерейлі сәт мерекеге ұласып,

Сегізінші наурыз келді қыр асып.

Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-

Көктемімнің шапағатын тұр шашып.



2ж: Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,

Мерекеден шуақты бір із қалды.

Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,

Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!

7 сынып аруы Гаухармен анасы Оралғанымның орындауында

Ән "Құстар қайтып барады"

5 сынып аруы Аружанмен анасы Алтынгүлдің орындауында Ән: Мереке



1ж:Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,



Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Ән: "Әриайдай " халық әні 6 сынып аруы Мадина мен анасы Ақжанарды ортаға шақырамыз.

:Тағы да баршаңызды Көктем мерекесімен құттықтаймыз! Кемеңгер, кең жүрек, мол мейірлі асыл әжелер, тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы-Аналар, Қырмызы гүлдер-Арулар мерекелеріңіз құтты болсын! Мағыналы ғұмыр, бақытты болашақ тілеймін. Бәріміз бірге

" Ана туралы жыр" әнін бірге шырқайық.

Ана мейірімімен бар баланың көңіліне көктем орнап, жаздай жайнай түссін деген тілекпен мерекелік кешімізді аяқтайды.
Каталог: uploads -> doc -> 0927
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0927 -> Ґткізілетін кїні: Сыныбы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет