Тақырыбы: Оқушылардың білімін инновациялық жүйемен бақылау және бағалау Мақсаты



Дата30.04.2019
өлшемі45 Kb.

Тақырыбы: Оқушылардың білімін инновациялық жүйемен бақылау және бағалау

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылаудың маңызы мен міндеттерін анықтау.

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау -оқыту нәтижелерін бақылау,оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті басқару болып табылады.

Білімді тексеру және бағалау -оқушының білім алуына көмектесіп,оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді.Мұғалім оқушының білім деңейінен хабар алып,оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады. Білім іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға - оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың маңызы бар. Мектептің мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:



  • Әрбір оқушы өзінің білімінің іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады

  • Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. (Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес нұсқау қойып баға қоймайды.)



  • Оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын оқуға әсерін білу.

  • Білім іскерлік дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру. Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі.

  • Мұғалімнің оқушылардың білімдерін бақылап, бағалауға кемшіліктерді жоюдың әдістемесімен тәсілдерін білуге үйретуі.

  • Бағаның әділ қойылуы.

  • Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы.

  • Әр тақырыпты оқудың нәтижесінде мұғалімнің және оқушының баға беруі.

  • Бақылау бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне,көңіл күйінің жақсы болуына көмектесуі. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру керек. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін тәжірбиелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін қызығушылығын, қабілетін білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

  • Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты түсінгенін анықтайды.

  • Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданады. 2-3 сыныптарды жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып жалпы білім беретін мектептің негізгі әдістеріне айналады.

Өзін-өзі бақылау әдістері- оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі.Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері:

Оқулық мәтінін оқып жоспарын құру.Сол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айту, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.

Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөліген оқып үйренуді аяқтаған соң, оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады. Диагностика- оқу - тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностикалық міндеттері:

Оқушылардың даму барысына және нәтижеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі психикасының дамуы)



  • Оқыту процесінің барысын және нәтижерін талдау (білімнің көлемімен және тереңдігін шығармашылық іс әрекет тәсілдерін білу)

  • Тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау ( тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін адамгершілігін білу)

Диагностика арқылы оқушылардың білім іскерліктері тексеріліп бағаланады.Сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып одан арғы жұмыстар болжанады.Динагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы: дәстүрлі тексеру бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын,есті зейінді ақыл-ойды т.б. зерттеу жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қақтығыстар жүйесіндегі оқушыны жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдәстер мен әдістемелердің жиынтығы.

Оқыту нәтижелерін бағалау.

Бақылау -білім іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау.

Тексеру- бақылаудың бір бөлігі. Негізгі дидактикалық қызметі мұғаліммен оқушы арасынағы кері байланысты қамтамасыз ету. Оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы. Білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі тексеру оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудың мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын оқу еңбегінің көлемін анықтау.

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі,тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салуды көздейді.



"№ 3 жалпы білім беру орта мектеп"КММ

Баяндама

"Оқушылардың білімін инновациялық жүйемен бақылау және бағалау"

Дайындаған: Ниязова Қ

Ақтау қаласы

2015-2016 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет