Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!



жүктеу 117.51 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі117.51 Kb.

Тақырыбы: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да

парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар.



Жүрісі: І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім:

Мұғалім: Тіл-адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы адам баласы ғылым, білім, мәдениетпен танысып, парасаттылыққа ұмтылыс жасайды, болашақтың негізін қалап, таңдаған мамандығын игереді.Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл — ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Біздің еліміз, яғни тәуелсіз Қазақстанда көптеген ұлттардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең бейбітшіл, саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық өркендеу қалыптасқан мемлекет ретінде танылып отыр. Бұл жетістік барша қазақстандықтардың көздің қарашығындай сақтайтын байлығы деп түсінуіміз керек. Осы орайда еліміздегі ұлтаралық келісімге, әлеуметтік –экономикалық даму үрдісіне, азаматтық қоғамның орнығуына кепілдік болып отырған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын ел болып бағалай білуіміз қажет. 
«Ана тілінде еркін сөйлеп, шын жүрегіңмен құрметтесең ғана өзгелерге де ана тіліңді құрметтете аласың», - деп атақты жазушы бабамыз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ана тіліміз өркендеп, асқар шыңдардан көріне берсін! 
Ал енді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды бастайық 



Светлана: Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл — ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз. Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:

Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,
Сұрақтар да шаншу болып тиер кей.
Құтылмайсың барлық тілді білсең де,
Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей…
Ана тілінде ата-баба сыры бар,
Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.
Өсе келе құстың тілін білсең де,
Ана тілсіз оның қандай құны бар, — деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге де басты тірек екенін баяндаған
.
Бақдәулет:Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп, өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан –ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне, жырына құлақ салсаң, небір алуа – шекер балдай татитын нәріне, әрине әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне. Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.
Азамат:

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. 
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. 


Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.


Нұрай:Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар. 
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл. 

Аңсар:

Қазақ тілі – біздің туған тіліміз. Туған тілде сөйлеу әр адамның парызы. Біз өз тіліміз арқылы тәлім – тәрбие аламыз. Адамгершілікке, инабаттылыққа, әдептілікке үйренеміз. Қазақ тілі – ең бай әрі көркем тіл. Біздің туған тіліміз ата – бабаларымыздан қалған – асыл мұра. Туған тілді шұбарламай таза сөйлеу керек. Тілді таза сақтау менің мақсатым.
Даулет: Мен өз тілімді құрметтеймін және қазақ екенімді мақтанышпен айтамын. Қазақ тілі санамнан, жүрегімнен ешқашан өшпейді. Біз ана тіліміз арқылы бір – бірімізбен тілдесеміз. Егер біз ана тілімізді білмесек, туған елімізді сүймегеніміз. Әрбір қазақ баласы туған тілін құрметтеуге міндетті.
Ерасыл:

Ана тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы,

Тілім өссе, мен де бірге өсемін,

Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.

Ана тілін білмеген –ақылы жоқ темірбас,

Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас.

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,

Туған тілім – анам тілі – өз тілім,

Туған тілім – далам тілі – өз тілім

Туған тілім – адам тілі – өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар!
Б.Нұрдәулет: Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.
К.Нұрдаулет: Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй
Ақырыс: Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тақы көңілге.
Элмира: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс, ғұмыр келсін айналасы.

Аягөз: Ана тілі:

Бұлт сейілді, төніп тұрған тіліме,

Шуақ шашсын, күн күлімдеп көгімде,

Қанат жайып қалықтағым келеді,

Баба тілін қастерлеген жерімде

Тіл тұғырын ұмытудың керек пе?

Халық сөзі рух береді жүрекке,

Ана тілді бағаламай өтсеңіз

Өзге тілің ұлтымызға тірек пе?

Сан ғасырдың тарихы бар тілімде

Белестерден өте берсін сүрінбей

Қазақ тілін арнасына толтырып

Шығарайық келек ғасыр төріне.
Қаршыға: Мұхтар Шаханов: «Құдіретті төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала!

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері, түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.

Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,

Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр әрі қасіретті болса да,

Төрт анаға әнін жалғай алмаған,

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған,

Қасиетті бұл төрт ана – тағдырының тынысы

Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.
Рахымжан: Қандай ел десең қазағым,

Ойы – мұхит, тілі – бал.

Көңілі дархан, базарлы,

Жан дүниесін біліп ал.
Мейірбек: Төрт түліктен майысып арқа, белдер,

Тойлап жатыр ой, қырда дарқан ерлер...

Танып жатыр, мойындап Қазақ Елін

Танығысы келмейтін тарпаң елдер...

Қуан, қазақ!

Күн туды қуанатын!

Бекзат: Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземін.
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласұғын.

Қазір біз, балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді, білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

Сайысқа төрелік ететін мұғалімдер:

1.

2.

«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейін.

І. Бәйге.

ІІ. Кім жүйрік.

ІІІ. Тіл - өнер.

ІV. Жорға.

V. Шешендік өнер

«Бәйге» кезеңнің шарты: Сұрақтар тест түрінде беріледі. Сұрақтар экранға көрсетілгеннен кейін төрт жауаптың біреуін таңдап, таңдаған нұсқаның нөмірін қағазға жазамыз және бәрің бірге қағазды көтереміз. /10 сек. уақыт беріледі/. Бастаймыз.


Бәйге . І кезең. тест

1. Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы, қазақ хрестоматиясын жазған.

А) Абай Құнанбаев Ә) Ахмет Байтұрсынов

Б) Ыбырай Алтынсарин * В) Сакен Сейфуллин

2. Күздің үшінші айы

А) Қазан Ә) Қараша * Б) Желтоқсан В) Қаңтар

3. Қандай құс бейбітшілік белгісі, хат тасушысы атанған?

А) қарлығаш Ә) қыран, бүркіт Б) көгершін * В) торғай

4. Жердің ауа қабаты

А) Атмосфера * Ә) Биосфера Б) Гидросфера В) Тропосфера

5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш қалай аталады?

А) үшбұрыш Ә) төртбұрыш Б) шаршы * В) тіктұртбұрыш

6. Процессор мен жады компьютердің қай құрылғысында орналасқан?

А) жүйелік блок * Ә) процессор Б) монитор В) пернетақта

7. Конституция күні

А) 16 желтоқсан Ә) 25 қазан Б) 30 тамыз* В) 1 мамыр

8. 1-10 арасында қанша жұп сан бар?

А) 4 Ә) 10 Б) 5 * В) 6


Бұл кезеңде сендер таңдап алған нөмір бойынша сұраққа жауап бересіңдер. Сұраққа тез, жылдам жауап қайтару керек. Жауабын білмесең «келесі» деп келесі сұраққа көше беруге болады. Әркім өз сұрағына өзі жауап береді. Басқа оқушыларға жауап беруге болмайды. ІІ кезеңді қорытындылап, бір оқушы ойынды аяқтайды.

«Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.» - деп келесі «Кім жүйрік» кезеңін бастаймыз.
Кім жүйрік. ІІ кезең сұрақтары:


1

2

1. Әріптердің рет-ретімен тізілген жиыны / алфавит, әліпби/

2. Республикамыздың рәміздері

(ту, елтаңба, әнұран)

3. Көне заттарды сақтайтын орын

(мұражай)

4. Қасиетті тағам (нан)

5. Мұсылман діні (ислам)

6. Ең үлкен бір таңбалы сан? /9/

7. Қытайдың астанасы (Пекин)



1. Адам алғашқы құралды неден жасады? (тастан)

2. Үш кемеңгер би

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

3. Ең киелі құс (аққу)

4. Оқушы жанының бағбаны (мұғалім)

5. 1 метрде неше сантиметр бар? 100 см

6. Жылдан құр қалған жануар? /түйе/

7. 1 тәулікте неше сағат бар /24 сағат/




3

4

1. Аққудың баласы (көгілдір)

2. Ер қанаты (ат)

3 Алматының алмасы (апорт)

4. Картоптың отаны (Оңтүстік Америка)

5. Қой пірі ( Шопан ата)

6. Асықтың ең үлкені (сақа)

7. Натурал сандар нешеден басталады? 1


1. Республикалық балалар газеті (Ұлан)

2. Екі кісінің сөйлесуі (диалог)

3. 100 жыл (ғасыр)

4. Түйе пірі (Ойсылқара)

5. Ең кішкентай құс (колибри)

6. Тұңғыш қазақ ғарыщкері

(Тоқтар Әубәкіров)

7. Ахмет Яссауи мазары қай қалада?

(Түркістан)


5

6

1. Игерілмеген жер (тың)

2. Сөз өнер жарысы (айтыс)

3. Жылқы пірі (Қамбар ата)

4. Бір килограммда неше грамм бар.

(1000 грамм)

5. Футбол королі (Пеле)

6. Аспан денелерінің ішінде Ай үлкен

бе, Жер үлкен бе? /Жер/

7. 7 күн - …. /апта/


1. Туркияның астанасы (Анкара)

2. Қалталы жауарлар елі (Австралия)

3. Жаңа туған нәрестеге жасалатын той

(шілдехана)

4. Қойдың пірі (Шопан ата)

5. Бір жылда неше күн бар? (365 күн)

6. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

7. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай

жазуға болады? /мысық/


Тіл-өнер. 3 кезең. 3 тілде

«Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда» - дегендей «Тіл-өнер» сайыс деп аталады.

Бұл кезеңде берілген сұрақтардағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшық нөмірін таңдайсыңдар.

1. Жұт . . . ағайынды / Жеті- семь- seven/
2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/
3. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/
4. Кімнің баласы болма,

Адамның баласы бол /атаның – дедушка – grandfather/


5. Өнер алды қандай жол? /қызыл – красный- red/
6. Мысыққа ойын керек,

Неге . . өлім керек /тышқан – мышь – mause/
7. Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен /кітап – книга - book/




  1. Жылт – жылт етеді

Жылғадан өтеді /су – вода – water/


  1. Батыр туса – ел ырысы,

. . . жауса жер ырысы. /жаңбыр – дождь – rain/
Жүргізуші: «Көңілді, тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін аларыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса, егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп соңғы кезеңді бастаймыз.

Бұл кезеңде тақырып және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар, соған жауап бересіңдер. Жауап қате болса , онда келесі ойыншы жауап береді.

Жорға. 5 кезең. Тақырып таңдау.


Ертегілер елінде

20

30

40

50

Ұлы тұлғалар

20

30

40

50

1001 мақал 101 жұмбақ

20

30

40

50

Қызықты математика

20

30

40

50

  1. Ертегілер елінде.

20 ұпай: Мақта қыз бен мысық

30 ұпай: Мыстан кемпір

40 ұпай: Жалғыз көзді дәу

50 ұпай: Тазша бала



  1. Ұлы тұлғалар

20 ұпай: Қадыр Мырзалиев

30 ұпай: Фариза Оңғасынова

40 ұпай: Бауыржан Момышұлы

50 ұпай: Қаныш Сәтбаев



3. 1001 мақал, 101 жұмбақ

20 ұпай: /сызғыш/

30 ұпай: /күнтізбе, календарь/

40 ұпай: /көз қорқақ, қол батыр/

50 ұпай: /дос – дұшпан/.

4. Қызықты математика

20 ұпай: /5/

30 ұпай: 6

40 ұпай: /4/



50 ұпай: /Түйеқұс ұшпайды /

5 кезең. Шешендік өнер
Осы сайыстан кейін жеңімпаз анықталады. Келесі кезекті әділқазыларға береміз. Соңғы кезеңнің ұпай санын және жалпы қорытындыны хабарлау үшін.

Болашақтың іргесін қалайтын , Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер.

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз! – деген ризалық сөзбен сабақ аяқталады.
ІІІ. Қорытындылау. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, ұлттың жан дүниесі.Тілдің құдіреті — ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.Сол себепті,тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге бойға сіңіп, қалыптасатын, атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, елдің ұлттық мақтанышы. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Қазақ ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі- қазақ тілі.  «Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен  мақтаныш сезімі болуы керек.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет