Тақырыбы: «Шуақты көктем» Білімділік мақсаты



Дата16.12.2018
өлшемі48 Kb.

Жалгасбаева Тилекши Нурсултановна

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қопа ауылы,

«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі
Білім саласы: « Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: « Шуақты көктем»

Білімділік мақсаты: Көктем мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, сұраққа қысқаша жауап беруді үйрету

Дамытушылық: Жұмбақ шешу, ойындар, тақпақ айтқызу арқылы тілдік қорын дамыту

Тәрбиелеушілік: Табиғатты аялауға, қамқор болуға, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Көктем мезгіліне байланысты слайдтар, қызғалдақ.



Іс-әрекет

кезеңдер

Тәрбиешінің

Іс-әрекеттері


Балалардың

Іс-әрекеті

Ескерту


Дәлелдеу

ояту


Психологиялық сәт
Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанеки бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

Саламатсыздар ма Апайлар!


Балалар шеңберге тұрып

Таңмен

апайлармен



амандасты









Жұмбақ жасыру:

Ақ қар еріп ,су көбейіп

Сай салаға толады

Ағаштар да бүршік атып

Гүл, бәйшешек шығады

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады?

Шешуі:

« көктем мезгілі»


Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Жарайсыңдар!

Көктем мезгілінің айларын атайықшы:
.Көктем мезгіліне байланысты тақпақты кайталап айтқызып жаттату:
Тырна келді тыраулап

Көктем қандай көңілді

Көктем жаңбыр төгеді

Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қар еріді,су ақты

Күндер келді шуақты

Көктем мезгілі туралы түсінік беру. Слайд арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктерін, суреттерін көрсету, айтып түсіндіру.

Көктемде жыл құстары келеді:

Саршымшық, тырна, қарлығаш т.б.

Күн жылынады, қар еріп суға айналып жылғалардан су ағады. Балалар ағыс суға қайық жіберіп ойнайды, ағаштар егеді. Ағаштар бүршік жарып, жеміс ағаштары гүлдейді. Адамдар ағаштарды түптерін қопсытып жиектерін әктеп қояды,

құрт-құмырсқалардан

қорғайды. Құстарға ұя жасап ағашқа іліп қояды. Егіншілер жер жыртып егін егеді. Көктем мезгілінің алғашқы гүлдері: Бәйшешек, қызғалдақ, бақ-бақ.
Жұмбақ шешу;

Көздің жауын алардай

Қырға қызыл кілем жайдым

Шешуі:

« қызғалдақ »
Тосын сәт:

Есік қағылып топқа жайқалып «Қызғалдақ» келеді, балалармен амандасады. Мен көктем мезгілінің алғашқы гүлдерінің бірі қызғалдақпын, мен сіздерге тапсырма ала келдім орындайсыздарма?


Сергіту сәті:

Отырайық жүрелеп

Гүлді үзіп алайық

Орнымыздан тұрайық

Басқа гүлге барайық
Балалар екі топқа бөлініп, жапсыру тәсілімен танысып, түсініп тапсырманы орындауға кірісті.
1ші топ:

Плакатқа ағаш суреті салын:

ағашқа құстың ұялары мен жапырақтарын жапсыруы керек.
2ші топ:

Плакатқа гүлдердің сабагы мен жапырағы салынған:

Гүлдердің сабақтарына түрлі-түсті күлтешелерін жапсырулары керек.

Қызғалдақ:

Балалар тапсырманы дұрыс орындадындар жарайсындар,енді осы жасаған тапсырмаларыңа байланысты тақпақ білесіңдер ме?


Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамаса болмайды

Кіп кішкентай торғайлар

Ағаштарды қорғайды
Ұмытпай күнде, су құям гүлге

Жайнайды гүлім, құлпыртып түрін

Қызыл, жасыл, сары әп-әдемі бәрі

Бірі сондай ірі, ал нәп-нәзік бірі
Ойын:

«Кім қайда мекендейді»


Мақсаты:

Жануарлар мен құстарды өзі тіршілік ететін мекендеріне дұрыс орналастыру:


« Құрлықта, суда »

Қызғалдақпен қоштасу



Жұмбақты мұқият тыңдап,шешуін таба білді.
-Көктем
- Наурыз

- Көкек


- Мамыр

Тақпақты қайталап

айтып жаттай білді

Балалар көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы

толық түсінік алды.

Көктем мезгіліндегі адамдардың еңбегі туралы біліп,оларды айта білді

Жыл құстарын атады, білді

Көктемнің алғашқы гүлдерін білді

Жұмбақтың шешуін таба білді

Тосын сәтке қызығушылықпен таңырқай қарасты

Тапсырманы орындауға келісті
Сергіту сәтін қимылмен көрсетіп орындай білді

Балалар жапсыру тәсілін үйреніп,түсініп тапсырманы мұқияттылықпен орындай білді


Балалар орындаған тапсырмаларына байланысты тақпақтар айта білді


Жануарлар мен құстарды аттарын атап, өз мекендеріне дұрыс орналастырып,

ойынды қызыға ойнады


Қызғалдақпен қоштасты









Рефлекстік

түзету

Балалар бүгін қандай тақырып өттік?
Бізге қонаққа кім келді?

Ойын ұнады ма?


Балаларды мадақтау.


- Көктем мезгілі туралы

- Қызғалдақ гүл



- Ия
Балалар қуанды.






Күтілетін нәтижелер:
Білу : Көктем мезгілі туралы білді,ерекшеліктерін айта білді
Үйрену: Жұмбақтың шешуін тауып,тақпақты қайталап айтып жаттап үйренді

Меңгеру: берілген тапсырманы ұжыммен, ұқыптылықпен орындады
Жалгасбаева Тилекши Нурсултановна 17.03.78.ж. уд. Лич.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет