Тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман. Мақсаты



жүктеу 28.92 Kb.
Дата29.04.2019
өлшемі28.92 Kb.
түріСабақ

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жарық жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майбасова Ляззат Боранкуловна. 3 сынып дүниетану

Тақырыбы: Табиғаттағы су. Бұлт және тұман.

Мақсаты:

  • Топпен сайысу арқылы табиғаттағы су, бұлт және тұман тақырыбын қайталау, бекітуге арналған ойындар мен тәжірибе жасау;

  • Жұмбақ шешу арқылы оқушылардың логикасын дамыту; слайдтармен сабаққа деген қызығушылығын, стикерлермен марапаттау арқылы белсенділіктерін арттыру;

  • Суды үнемдеуге, қорғауға тәрбиелеу.


Түрі: қайталау

Әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, топтастыру, т.б.

Көрнекілігі: слайдтар
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну.

- Сабақтың мақсатын айту.

ІІ. Психологиялық дайындық


  • Топтардың амандасуы.

ІІІ. Өтілгенді қайталау. Жұмбақтар:

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

(Су)


Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады?

(Мұз)

ІІІ. Бақылау күнделігімен жұмыс.

ІV. Топтық жұмыс. Түсінік айту.

І топ – су туралы

ІІ топ – бұлт туралы

ІІІ топ – тұман туралы



V. Сергіту сәті

VІ. Жорға

  1. Жер бетінде ең көп таралған зат

  2. Жердің қандай бөлігін су алып жатыр?

  3. Су неше градуста қатады?

  4. Табиғат байлығы не?

  5. Адам ағзасының бүкіл салмағының қанша бөлігі су?

  6. Ол ненің құрамында?

  7. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды не арқылы сіңіреді?

  8. Судың буланған мөлшері неге байланысты?

  9. Буланған су қайда барады?

VІІ. Дәптермен жұмыс. Сәйкестендіру

Судың булануы – судан буға

Судың қатуы – судан мұзға

Судың еруі – мұздан суға

Судың алмасуы – будан суға

VІІІ.Сергіту сәті

ІХ. Ертегі

Мұғалім оқушылармен саяхатқа шығыпты. Бір кезде мұғалім балаларға үлкен бұлтты көрсетті. Жаңбыр жауайын деп тұр деді.

Бұл уақытта тау үстінде жылы жел демалып жатты. Ол жеңіл, нәзік. Ал орман жақта салқын жел аңдып тұрды. Ол үлкен, суық.

Күн ысыған сайын жылы жел жеңілдей береді. Қатты ыстықтан ұшып кетеді. Осыны тосып жатқан салқын жел атқып шығады.

У-у-у-у-у-у-у! Деп салқын жел жылы жел жатқан жерге жайғасады. Бұл әдеттегі жағдай. Бір жел кетсе, екіншісі орнын басады екен.

Қараңдар, суық жел бұлтты құшақтап алып аспанда ұшып жүр.

Ол бұлтты құшақтаған бетте бұлт қоюлана түсті де, көбейе бастады.

Бұлтты құрайтын тамшылар суық желден қорқып, екі екіден құшақтаса бастады, одан сайын тоңып олар тағы қосылды, қатты қорыққандықтан олар қосыла берді. Ауырланған тамшылар жерге түсті.

Сөйтіп, жаңбыр жауды. Балалар үйшіктің астына тығылды.

Ыстықтан әбден шөлдеген гүлдер жаңбырға қатты қуанды.

Жаңбырменен жер көгерер деген.

Х. Оқулықпен жұмыс. Тәжірибе

- бір бет парақты домалатып орап стаканға сал. Оралған қағаз түбіне қант немесе мақта сал. Оған лайланған суды құй. Енді стаканға қандай су құйылатынын бақылайық. Қорытындысын жасайық.



- Қазіргі су тазарту құралымен таныстыру.

ХІ. Ой қозғау

  • Әлемді гүлдендіру үшін не қажет?

  • Суды қалай үнемдейміз?

ХІІ. Қорытынды.

  • Судың да сұрауы бар.

  • Су ішер құдығына түкірме.

  • Ағын су арнасын табады.

  • Бұлақ көрсең көзің аш.

  • Ақ қар көп болса – ақ нан көп.

ХІІІ. Бағалау

ХVІ. Үйге: дәптердің 36-37бетіндегі тапсырмаларды орындау.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет