Астанада тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз әйел лифттің ішінде бұзақылық жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: freepik.com

Астана әкмідігінің мәліметінше, құқық бұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылған. 

“Оқиға Жирентаева көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Белгісіз әйел лифтке кіріп, кабинаны жұдырықпен ұрып, теуіп, тырнап, қабырғаларға түкіре бастаған”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Алматы ауданының ПБ полиция қызметкерлері құқық бұзушынің жеке басын анықтады. Ол 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны және қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.