Танымал әнші Балжан Бидаш әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесінің айтуынша, әкесінің денсаулығы өзінің туған күнінен кейін сыр берген. 

“Әкемнің туған күні көлік сыйладық. Бірақ жарқыратып салуға көңіл-күйіміз болмады. Ол кісі өзі де қаламады”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, Балжан әкесінің денсаулығы сыр беріп, түн ішінде ауруханаға алып келгенін айтты. 

“Туған күн бітіп, қонақтар тарағаннан кейін, әкемде жөтел бастады. Біз күтпеген қан жөтел болды. Бәріміз абыр-сабыр болып, жедел жәрдемді күтпей машинамен ауруханаға алып келдік. Уайымдап жатқандарыңа рақмет!”, – деп алғысын білдірді өнер иесі. 

  • "Үміт пен күдік қатар тұр": Қыдырәлі Болмановтың не үшін Германияға кеткені белгілі болды

  • "Түнде ұйқыдан қалдым": Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді

Алайда әкесінің диагнозын отандық дәрігерлер таппағасын, шетелде ем алуды жоспарлап қойған көрінеді.

“Шүкір, біз үйге келдік. Жөтелді басатын система салып, дәрі жазып берді. Бірақ диагнозын нақты айтпады. Сонда да алғашқы көмек берген дәрігерлерге рақмет! Бірақ әкешім қорқытып жіберді. Бұлай болмайды. Дұрыстап емге кірісу керек. Сондықтан таңертең басқа елге ұшатын болдық”, – дейді әнші. 

   Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Еске салайық, өнер иесінің бұрынғы енесімен араласпайтынын жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.