Күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған. Жалған көмек сұраушыларға 660 мыңнан астам қазақстандық ақша жолдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото:  МТРК "Мир"

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі алаңында Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) алдын алу және терроризмді қаржыландыру мен жаппай қырып-жою қаруын тарату мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің кезекті отырысы барысында белгілі болды.

“Жалпы жиналған қаржы сомасы – 6 млрд теңге, оның 33%-нің (2 млрд) алаяқтық белгілері бар. Әлеуметтік желілерде халықтан қаражат жинап, оны одан әрі мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды”, – деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Қаржылық мониторинг агенттігі басшысы Д. Малахов жосықсыз азаматтар "ем" және "жағдайы төмен адамдарға көмек көрсету" үшін қайырымдылық және көмек көрсету мақсатында қаражат жинауды кедергісіз және бақылаусыз жүзеге асыратынын атап өтті. Қаскөйлер ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға, тұрмыстық шығындарға, букмекерлік кеңселерде бәс тігуге және шетелдегі қымбат пәтерлерді жалға алуға жұмсайды. Жанашыр азаматтардың жақсы ниеті, жалған мұқтаждар үшін оңай табысқа айналуы мүмкін.

Отырысқа қатысқан “Астана” халықаралық қаржы орталығы, қаржы реттеушілері және екінші деңгейлі банк өкілдері краудфандинг қызметін реттеу бойынша заңнамалық шараларды әзірлеу қажетін атап өтті.

Бұған дейін БАӘ-де аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталғанын хабарладық. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.