Таќырып: Деректану пјні



жүктеу 1.51 Mb.
бет7/8
Дата09.09.2017
өлшемі1.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Семинар сабақтарының жоспары:
1-семинар. Тақырыбы:

Қазақстан тарихы бойынша археологиялық деректер.

Жоспар: 1) Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі.

2) Археологиялық ескерткіштер және оларды жинақтау.

3) Сақтардың «аң стилі». «Алтын адам» ескерткіші – көне

мәдениеттің мұралары.
2-семинар. Тақырыбы:

Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері.

Жоспар: 1) Антикалық авторлардың жазбаларындағы Қазақстан

жайлы мәліметтер.

2) Парсы деректері: «Авеста», «Бехистун сына жазбалары».

3) Сыма Цянь және оның еңбегі – «Хань әулетінің тарихы».
3-семинар. Тақырыбы:

Көне түрік руналық жазба ескерткіштері (VI-Х ғғ.).

Жоспар: 1) Орхон-Енисей ескерткіштерінің ашылуы және зерттелуі.

2) Білге қаған, Күл-тегін және Тоныкөк ескерткіштеріндегі

тарихи деректер.

3) Соғды тіліндегі Бугут жазбасы. Талас жазулары.
4-семинар. Тақырыбы:

Тарихи повестер (Х-ХІІ ғғ.)

Жоспар: 1) Махмұд Қашғари және оның «Диуани лұғат ат- түрік»

еңбегі.

2) Жүсіп Баласағұни және оның «Құтадғу білік» еңбегі.



3) Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло

саяхаттарының жазбалары.


5-семинар. Тақырыбы:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы араб деректері

(ІХ-ХІІ ғғ.).

Жоспар: 1) Әл-Хорезмидің «Жер бедері кітабы» еңбегі.

2) Ибн-Хордадбехтің «Елдер мен саяхаттар кітабы» еңбегі.

3) «Худуд әл-алам» анонимі.

4) Ибн әл-Асир, әл-Омари, Ибн Баттута, Ибн Халдун,

Ибн Арабшах шығармалары.


6-семинар. Тақырыбы:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы монғол деректері.

Жоспар: 1) «Монғолдың құпия шежіресі».

2) «Алтан тобчи (Алтын шежіре)» деректері.
7-семинар. Тақырыбы:

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы парсы деректері

(ХІІІ-XVI ғғ.).

Жоспар: 1) Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегі.

2) Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі.

3) Жувейнидің, Натанзидың, Осман Кухистанидың

шығармалары.

8-семинар. Тақырыбы:



Шежіре – тарихи дерек.

Жоспар: 1) Тарихи деректегі шежіренің орны, ерекшелігі және

маңызы.

2) Шежіренің объективтік және субъективтік жақтары.



3) Шежіренің деректік анализі мен синтезі.
9-семинар. Тақырыбы:

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша бұхар және қытай деректері.

Жоспар: 1) Карминаги, Мұхаммед Амин, Данийал би Аталық, Мұхаммед Наки, Молла Ибадаллах, Мұхаммед Шариф, Муин, т. б.

шығармалары XVIII-XIX ғғ Қазақстан тарихы бойынша

тарихи дерек ретінде.

2) Сун Юньнің «Ұлы Цин әулетінің хроникасы», На Яньченнің

«Жоңғарларды бағындыруды суреттеу» шығармалары.

10-семинар. Тақырыбы:

Қазақстанды суреттеудің ресейлік деректанулық дәстүрінің қалыптасуы.

Жоспар: 1) Экспедициялардың материалдары, саяхатшылардың

жазбалары. П.И. Рычковтың, Н.П. Рычковтың,

П. Палластың, П. Фальктің, И. Георгидің шығармалары.

2) ХІХ ғ. Қазақстан тарихы бойынша этнографтардың және

саяхатшылардың шығармалары мен жазбалары.

Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Г. Спасский, А. Левшин,

П. Румянцев және т.б.

11-семинар. Тақырыбы:

XVII-XIX ғғ. заң шығарушылық ескерткіштер Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде.

Жоспар: 1) «Жеті жарғы» – қазақтардың дәстүрлі құқық ережелерінің

жинағы.

2) Шекаралық комиссия мен Орынбор генерал-



губернаторлығының қазақтарды басқару ережелерін енгізу

бойынша материалдары.

3) 1822-1824 жылдардағы Жарғылар ХІХ ғ. 1-ші ширегіндегі

Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы бойынша

дерек ретінде.
12-семинар. Тақырыбы:

Қазақстан тарихы жайлы мұрағаттық және картографиялық деректер.

Жоспар: 1) XVIII-XIX ғғ. Қазақстан жайлы Ресей Сыртқы істер

коллегиясының, ішкі істер министрлігінің, көші-қон

басқармасының құжаттары.

2) Паллас, Фальк, Рыжковтың «Орынбор тарихы», «Орынбор

губерниясының тарихы».

3) XVIII-XIX ғғ. академиялық экспедициялардың

картографиялық материалдары.


13-семинар. Тақырыбы:

Кеңес уақытындағы Қазақстан тарихының деректері.

Жоспар: 1) Кеңес уақытында деректік базаның қалыптасуының

ерекшеліктері.

2) Кино және фото құжаттардың пайда болуы. Олармен

жұмыс істеудің әдістемесі.

3) Партия және қоғамдық ұйымдардың құжаттары – тарихи

деректер.
14-семинар. Тақырыбы:

Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек.

Жоспар: 1) Жеке адамның іс қағаздары. Жеке адамдардың жазбалары.

Күнделіктер. Мемуарлар.

2) Саяси процестердің материалдары – тарихи дерек.

3) Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері

ретіндегі хаттар.

15-семинар. Тақырыбы:

ХХ ғасырдағы Қазақстанның мерзімдік баспасөзі тарихи дерек ретінде.

Жоспар: 1) Мерзімдік баспасөздің құрылу принциптері.

2) Қазақстанның кеңес-партиялық баспасөзіндегі цензура

мәселелері.

3) 1980-жылдары ресми емес мерзімдік баспасөздің пайда

болуы.


4) Қазақстанның ағымдық басылымдарын тарихи дерек

ретінде пайдалану мәселелері.



Глоссарий:
«Алтан тобчи» – орта ғасырлардағы монғол тарихнамасының ескерткіші. Шығарманың толық аты – «Хандардың тегі туралы алтын шежіре».

Алтын адам – Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы ежелгі дәуірден сақталған (б.з.б. V ғ.) қорғаннан табылған алтын киімді жауынгердің мүрдесі.

Араб жазбалары, Араб тіліндегі Қазақстан туралы жазбалар – VIII-XV ғғ. Қазақстан жерін мекендеген халықтар мен тайпалардың тарихын, әсіресе, Шыңғыс хан шапқыншылығы кезеңін зерттеуге қажетті деректері мол араб тіліндегі тарихи-географиялық әдебиет.

Археография – жазбаша тарихи құжаттарды жарыққа шығару әдістерін дайындаумен айналысатын ғылым; көне жазба ескерткіштерін сипаттау және бастыру.

Археология – (грек. archaios – ескі, logos – ілім) – тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

«Бабырнама» – Моғол империясының (XVІ ғ.) негізін қалаған Захир ад-Дин Мұхаммед Бабырдың түркі (шағатай) тілінде жазған тарихи шығармасы.

«Бахр әл-асрар» – Махмұд ибн Уәлидің (XVII ғ.) ортағасырлық парсы тілінде жазған энциклопедиялық шығармасы. Толық атауы – «Бахр әл-асрар фи минақиб әл-ахиар» («Мейірбан адамдардың ізгі қасиеттері жайлы телегей-теңіз құпия сырлар»).

Бесеудің хаты – қазақ зиялыларының 1932-жылы 4-шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты. Хаттың авторлары – Е. Алтынбеков, А. Ғатаулин, М. Дәулетқалиев, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов.

Бехистун сына жазуы – Парсы патшасы І Дарий өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ-Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516-жылы жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуында сақ тайпаларының құрылымы туралы құнды деректер сақталған.

Бонистика – қағаз ақша белгілері мен құнды қағаздарды тарихи құжаттар ретінде зерттейтін ғылым, нумизматикамен тығыз байланысты.

Генеалогия – 1) рулардың, жеке тұлғалар мен отбасылардың пайда болуын, олардың туыстық байланыстарын, негізгі өмірбаяндық фактілерді анықтап, зерттеумен айналысатын ғылым; 2) шежіре, рудың тарихы, шежірелік жазба.

Геральдика – елтаңбаларды құрастыру, түсіндіру және зерттеу; елтаңбаларды ерекше тарихи дерек көздері ретінде қарастыратын ғылым.

«Дала уәлаятының газеті» – 1888-жылдың 1-қаңтарынан 1902-жылдың 12-сәуіріне дейін Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газет.

Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.

Дипломатика – ресми немесе дербес заң актілерінің үлгілері мен мазмұнын зерттеумен айналысатын ғылым.

«Диуани лұғат ат-түрік», Түркі тілдерінің сөздігі – Махмұд Қашғаридың (ХІ ғ.) түрікше-арабша түсіндірме сөздігі.

Енисей жазба ескерткіштері – Енисей өзенінің бойында, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған, жалпы саны 150-ге жуық ескерткіштер.

«Ергенеқон» – ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, көк түріктердің алғашқы мемлекеті – Түрік қағанаты құрылған кезеңге дейінгі 450 жыл ішінде болған оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата тегін тарихи деректер бойынша жыр еткен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі.

«Ескендір анонимі» – Муин ад-Дин Натанзидың (XV ғ.) парсы тілінде жазған, әмір Темір заманындағы тарихи оқиғаларды қамтитын тарихи шығармасы.

«Жамиғ ат-Тауарих» – Рашид ад-Диннің (ХІІІ ғ. 2-ші жартысы – XIV ғ. басы) парсы тілінде жазған шежірелер жинағы.

«Жамиғ ат-Тауарих» – Қадырғали Жалайыридың XVII ғ. басында ертедегі қазақ тілінде жазған, 157 беттен тұратын шежірелік еңбегі.

Жарғы – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі «иар» – әмір беру, билік айту мағынасындағы сөзден шыққан.

Жеті жарғы – Тәуке хан тұсында (1680-1715) қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы.

Жылнама – 1) оқиғаларды болған жылы, күні бойынша баяндайтын маңызды жазба деректер; 2) жылдар есебін баяндап, ай мен күн ретін, мейрам мерзімдерін көрсететін күнтізбе кітапшалары.

«Зафарнаме» (парсыша – «Жеңіс кітабы») – Низам ад-Дин Шамидің (XIV ғ. 2-ші жартысы) парсы тілінде жазған, әмір Темір заманындағы тарихи оқиғаларды қамтитын шығармасы.

«Зафар-наме-ий Тимури» (парсыша – «Темірдің жеңістері туралы кітап») – шығыс жылнамашысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (XV ғ.) әмір Темірдің өмір тарихын баяндайтын шығармасы.

«Зубдат әл-Асар» («Жылнамалар қаймағы») – Абдаллах Балхидың (XVI ғ.) шағатай тілінде, Шайбани әулетінің тарихына қатысты оқиғалар баяндалатын тарихи шығармасы.

«Китаб әл-Масалик уә-л-Мамалик» («Жолдар мен патшалықтар кітабы») – Әбу-л-Қасым Ұбайдоллаһ ибн Хордадбехтің (ІХ ғ.) Орталық Азиядағы тайпалар жөнінде тарихи-географиялық құнды мағлұматтары бар шығармасы.

«Кодекс куманикус», («Қыпшақ тілінің сөздігі») – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, 82 парақтан құралған қолжазба.

Күлтегін жазуы – Монғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерде, Орхон өзенінің бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанында орнатылған, VIII ғ. жататын түркі жазба ескерткіші.

Күміс сандық («Серебряный ящик с книгами и списками на казахском языке») – XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихына қатысты Ресей патшасы мұрағатында сақталған деректер.

«Қазақ» – араб әрпімен қазақ тілінде 1913-жылдың 2-ақпанынан 1918-жылдың 26-қыркүйегі аралығында Орынборда аптасына бір рет (1915-жылдан бастап екі рет) шығып тұрған қоғамдық, саяси және әдеби газет.

Қазақ шежіресі – қазақ халқының шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының тармағы.

Метрология – түрлі елдерде қолданылған және қолдынылатын ұзындық, салмақ, аудан, көлем және т.б. өлшем бірліктері жүйесін зерттейтін ғылым.

Мойын-Шор жазба ескерткіші – көне түркі жазуымен 795-жыл шамасында жазылған ескерткіш. Солтүстік Монғолиядағы Селенга өзені мен Шинэ-усу көлінің аймағынан табылуына байланысты (1909 жылы) ескерткіш «Селенга тасы» деп те аталады.

«Монғолдың құпия шежіресі» – Монғолияны мекендеген түркі тайпаларының (найман, керей, меркіт, қоңырат, жалайыр, ұйғыр) тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік-саяси өмірі суреттелген, сондай-ақ тарихы, тілі, этнографиясына қатысты деректер мол кездесетін ХІІІ-XIV ғғ. жазба мұра.

Мұрағат, Архив (латынша – archivum) – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекеттік арнаулы мекеме.

Нумизматика – монеталарды зерттейтін ғылым, нумизматиканың ішіне дәстүрлі түрде бонистика да кіреді.

«Орынбор қазақтарының жарғысы» – Кіші жүздегі хандық билікті жоюға негіз болған жарғы. Бұл жарғының жобасын Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасады. Эссеннің жобасы Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде 1824-жылы 20-наурызда бекітілді.

Палеография – көне қолжазбаларды олардың пайда болған уақыты мен орнын анықтау мақсатында, сыртқы белгілері бойынша (жазылу тәсілі, әріптердің үлгісі, жазу материалының ерекшелігі, т.б.) зерттейтін ғылым.

Сфрагистика – мөрлерді зерттейтін ғылым; геральдикамен және нумизматикамен байланысты.

«Сібір қазақтарының жарғысы» – 1822-жылы Орта жүзде хандық билікті жоюға бағытталған реформа. Жаңа реформаны Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский әзірледі.

Талас жазулары – Талас өзені бойынан, Қазақстан мен Қырғызстан жерінен табылған, жалпы саны 20-ға жуық көне түркі ескерткіштері (V-VIII ғғ.).

Тарихи антропонимика – тарихи дамудағы жеке есімдер мен олардың жүйесін қоғам тарихының фактілері ретінде зерттейтін және антропонимикалық мәліметтерді тарихи дерек ретінде пайдалану әдістерін дайындайтын ғылым.

Тарихи география – адамзаттың тарихи өткенінің географиясын зерттейтін тарихи ғылым саласы.

Тарихи дерек – адамзат қоғамының дамуын бейнелейтін, оны ғылыми тануға негіз болатынның бәрі, адамзат іс-әрекетінің барысында жасалған және қоғам өмірінің сан-алуан қырлары туралы ақпараттар сақталатынның бәрі.

Тарихи ономастика – жалқы есімдердің тарихын зерттеумен айналысатын ғылым.

«Тарих-и Әбілхайр-хани» – Масуд ибн Осман Кухистанидың (XVI ғ.) Әбілхайыр хан негізін қалаған Көшпелі өзбектер мемлекетінің тарихы баяндалатын, парсы тілінде жазған шығармасы.

«Тарих-и Рашиди» – Мұхаммед Хайдар Дулатидың (XVI ғ.) Моғолстан мен Қашғарияның XIV ғ. 2-ші жартысы мен XVI ғ. аралығындағы тарихы баяндалатын еңбегі.

Топонимика – географиялық атауларды (топоним) зерттейтін ғылым.

Тоныкөк жазуы – Шығыс Түрік қағанатының (VIII ғ.) саяси, қоғамдық және әлеуметтік өмірін ежелгі түркі поэзиясы стилінде бейнелеп көрсеткен, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі биік, 313 өлең жолынан тұратын әдеби ескерткіші.

«Түркістан уәлаятының газеті» – 1870-1882 жылдар аралығында Ташкент қаласында шыққан, қазақ тілінде жарық көрген тұңғыш газет.

Фалеристика – ордендердің, медальдардың, айрықша белгілердің тарихын зерттейтін ғылым.

Хронология – 1) тарихи оқиғалар мен құжаттардың уақытын анықтаумен айналысатын ғылым; 2) тарихи оқиғалардың уақыты бойынша бірізділігі.

Шежіре – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

«Шыңғыснаме» – Хорезм тарихшысы Өтеміс қажының XVI ғ. ортасында түркі тілінде жазған, Жошы әулетінің тарихын баяндайтын тарихи шығармасы.

Эпиграфика – тастарға, жартастарға, металл, қыш және т.б. қатты заттарға жазылған көне жазбаларды зерттеумен айналысатын ғылым.

Этнонимика халықтар мен ұлттардың атауларын (этноним) зерттейтін ғылым.


Реферат тақырыптары:


  1. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен байланысы.

  2. Рим және византиялық авторлардың Қазақстан тарихы жайлы

жазбалары.

  1. Қазақстан тарихындағы ежелгі түрік жазба ескерткіштері.

  2. ІХ-ХІІІ ғғ. Қазақстан тарихы жайындағы араб деректері.

  3. Қазақстан тарихы жайлы монғол деректері.

  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жайлы парсы жазбалары.

  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан жайлы қазақ және түркі жазбалары.

  6. Қазақстан тарихы жайындағы еуропалық деректер.

  7. Қазақстан тарихы жайлы (XVI-XХ ғғ.) орыс деректері.

  8. Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» еңбегі – қазақ халқының

қалыптасу тарихын зерттеудегі негізгі дерек ретінде.

  1. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и Рашиди» еңбегі – Қазақ

хандығының ерте тарихы бойынша маңызды дерек ретінде.

  1. Захир ад-Дин Мұхаммед Бабыр. «Бабыр-наме» еңбегі.

  2. Әбілғазы Баһадүр. «Түрік шежіресі».

  3. Қадырғали би Қосымұлының «Жамиғ ат-Тауарих» еңбегі.

  4. «Шежіре». Шәкәрім Құдайбердіұлы.

  5. А.И. Левшин – Қазақстан тарихы бойынша ірі орыс зерттеушісі.

  6. Мерзімді басылым құралдары – тарихи дерек.

  7. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті.

  8. Қазақ ұлттық зиялы қауымы өкілдерінің шығармалары тарихи

дерек ретінде.

  1. Кино және фото құжаттар Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде.


Әдістемелік нұсқау:
Реферат жазу жұмысы тақырыпқа қатысты әдебиеттерді сұрыптап алудан басталады. Әдебиеттермен танысуды, оқуды және деректерді жүйелерді аяқтағаннан кейін рефераттың жоспарын құру ойластырылады. Жоспар құрастырған кезде оны бөлімдерге бөлудің бірыңғай ұстанымын сақтау маңызды. Әрбір бөлімнің негізгі тақырыпқа қатыстылығы және айтылған мәселенің қайталанбауы ескеріледі. Реферат жазу жұмысы материалды жүйелі түрде мазмұндауды, зерттелуші мәселеге қатысты түрлі көзқарастарға баға беруді, онда өзіндік ой-пікір көрсете білуді қажет етеді.

Реферат кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен құрылуы тиіс. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, оның зерттелу жағдайы қысқаша талданады, қарастырылатын мәселелердің ауқымы анықталады, жұмыстың міндеті қойылады.

Реферат жұмысының негізгі бөлімін екі-үш тарауға, ал тарауларды параграфтарға бөлуге болады. Тараулар мен параграфтардың атаулары олардың мазмұнына сәйкес келуі қажет. Тақырып бір сұрақтан келесісіне логикалық өту арқылы біртіндеп ашылады. Мазмұндаудың дәлелділігіне көңіл аудару маңызды. Әрбір көрсетілген деректің тезисі мен аргументтері болуы керек.

Қорытындыда қысқаша байламдар, теориялық тұжырымдар жасалады. Қорытынды бөлімдегі тұжырымдар мүмкіндігінше қысқаша болғаны дұрыс. Жұмыстың мазмұнында қарастырылмаған нәрселер туралы қорытындыда айтуға болмайды. Рефератта бірінші жақтағы есімдіктер мен етістіктер қолданылмайды. Мысалы: «менің пікірім бойынша», «мен ойлаймын» және т. б. деп жазудың орнына «автордың пікірінше», «автордың есептеуі бойынша» деп қолданған жөн. Аяқталған пікірді екіншісінен азат жол арқылы бөліп көрсетеді. Цитаталар мен сандық мәліметтерді пайдаланған кезде міндетті түрде дереккөздеріне сілтеме жасалады. Рефераттың соңында жұмысты дайындаған кезде пайдаланылған әдебиеттердің, деректердің тізімі беріледі. Олардың атаулары, жарық көрген жері мен уақыты көрсетіледі. Әдебиеттер тізімін жасағанда алдымен деректер, одан кейін оқу құралдары, монографиялар және мақалалар көрсетіледі.



Реферат компьютерде терілген кезде Microsoft Word редакторы, «times» типті шрифт (№ 14) пайдаланылады. А-4 форматты парақтың сол жағынан 30 мм.-ден, оң жағынан 10 мм.-ден, жоғарғы жағынан 15 мм.-ден, төменгі жағынан 20 мм.-ден кем емес орын қалдырыла отырып басылады.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Абусеитова М.Х., Баранова Ю.Г. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в ХІІІ-XVIII вв. Алматы, 2001.

  2. Айдаров Г., Сыздықов С. Орхон жырлары – тарихи дерек. Алматы, 1993.

  3. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или. Алма-Ата, 1963.

  4. Акишев К.А. Курган Иссык: искусство саков Казахстана. Москва, 1978.

  5. Акишев К.А. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.

  6. Алаш Орда. Сборник документов. Алма-Ата, 1992.

  7. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. Алматы, 2000.

  8. Атабаев Қ., Қадыртаева М. Деректанудың теориялық мәселелері. Алматы, 1999.

  9. Балақаев Т. Б., Алдажұманов Х.С., Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы, 1985.

  10. Бартольд В.В. Собрание сочинении. Том 1-9. Москва, 1963-1977.

  11. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в древние времена. Т. 1–3. Москва-Ленинград, 1950.

  12. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы, 1994.

  13. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинении. В 5-и тт. Алма-Ата, 1985.

  14. Дулатов М. Шығармалар. Алматы, 1994.

  15. Ерофеева И. Родословные казахских ханов и кожа XVIII-ХІХ вв.

  16. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках V в. до н.э. – XV в. Алматы, 1997.

  17. История Казахстана в арабских источниках. Алматы, 2005. Том І. Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды.

  18. История Казахстана в персидских источниках. Алматы, 2007. Том V. Извлечения из сочинений ХІІІ-ХІХ вв.

  19. История Казахстана в русских источниках XVI-XX вв. Алматы, 2005. Том І. Посольские материалы Русского государства (XV-XVIІ вв.).

  20. История Казахстана в русских источниках XVI-XX вв. Алматы, 2005. Том ІІ. Русские летописи и официальные материалы XVІ – первой трети XVIІІ вв. о народах Казахстана.

  21. Источниковедение истории СССР. Под. ред. И.Д. Ковальченко. Москва 1973.

  22. Источниковедение. Москва, 2000.

  23. Казахи. Энциклопедия в 9-томах. Алматы, 1995-1999.

  24. Казахстан в Великой Отечественной войне /сб. статей/. Алма-Ата, 1968.

  25. Кляшторный С.Г. Древнетюркские руничесие памятники как источник по истории Средней Азии. Москва, 1964.

  26. Козыбаев И.М. Историческая наука Казахстана. Алматы, 1992.

  27. Көпеев М.Ж. Таңдамалы. Алматы, 1991.

  28. Қазақтан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. І том. Алматы, 1996.

  29. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІ том. Алматы, 1998.

  30. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. ІІІ том. Алматы, 2002.

  31. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Алматы, 2005. І том. Саяхатнамалар мен тарихи-географиялық еңбектердегі таңдамалылар.

  32. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Алматы, 2005. ІІ том. Тарихи-мәдени жәдігерлер.

  33. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Алматы, 2006. ІV том. Әулеттік тарихи жылнамалар.

  34. Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері. Алматы, 2006. ІІІ том. Цин патшалық дәуірінің мұрағат құжаттары.

  35. Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. Алматы, 2006. І том. Монғолдың құпия шежіресі.

  36. Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері. Алматы, 2006. ІІІ том. Деректемелер мен мұрағаттық құжаттар.

  37. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Алматы, 2005. І том. Өтеміс қажы. «Шыңғыс-наме».

  38. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Алматы, 2005. ІІ том. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей,

Талас).


  1. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Алматы, 2006. ІV том. Мұхаммад Садық Қашғари «Тазкира-йи 'азизан».

  2. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Алматы, 2006. V том. XV-ХІХ ғғ. шығармаларынан үзінділер.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.

  4. Қойгелдиев М.К., Омарбеков Т.О. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993.

  5. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, 1988.

  6. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996.

  7. Маданов Х. Кіші жүз шежіресі. Алматы, 1993.

  8. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. Москва-Ленинград, 1951.

  9. Мұстафа Шоқай. Таңдамалаы. 1-2 том. Алматы, 1999.

  10. Мұхаммед Хайдар Дулати. «Тарих-и Рашиди». Алматы, 2003.

  11. Национальная-освободительная борьба казахского народа под предводительством Кенесары Касымова. Сб. документов. Алматы, 1996.

  12. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.

  13. Омарбеков Т.О. 1920-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.

  14. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб. – 1-2. Алматы, 1997.

  15. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане.

Алма-Ата, 1977.

  1. Сулейменов О. АЗ и Я. Москва, 1976.

  2. Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның «Жылнамалар жинағы». Алматы, 1991.

  3. Тарих. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 3-том. Ортағасырлық тарихи ой. Астана, 2005.

  4. Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1993.

  5. Хрестоматия по новейшей истории Казахстана. Т.1. (1917-1939 гг.). Алматы, 2002.

  6. Юдин В.П. Центральная Азия в XIV-XVIII вв. глазами востоковеда. Алматы, 2001.

  7. Ж. Таймағанбетов. Қазақстан палеолит мұражайы // «Қазақ тарихы» журналы. 2003. № 1. 76-78 бб.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет