Тақырыптың өзектілігі



жүктеу 1.05 Mb.
бет3/4
Дата09.09.2017
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4

1.2. 1916 жылғы Түркістандағы ұлт-азаттық көтерілістері.
... Тарих тоқсан торау, мың бұрыш. Тарихтың нысанасы адам, ел, жер. Тарихты жасаушы-халық. Кез келген нәрсенің тарихы болады1.

Мысалы ел тарихы сол елдің әрбір отбасынан құрамдалып сандалады. Сондықтан да біз өз тарихымызды өзіміз жасауға тиіспіз.

...1916 жыл.

Бұл Түркістан халықының тарихында ерекше орны бар, елдің елдігін танытар, құдіретті күші бар құбылыс жылы ретінде өмірбақи қала бермек Өйткені, ол қазақтың ұлт бостандығы үшін бірігіп, ер - азаматтардың басын өлімге байлап, қандыбалық күреске шыққан жылы.

Заман талабы халықтың нағыз көсемдерін тудыратыны белгілі. Бір емес түздеген ел басшылары қара қазан, сары бала қамы үшін басн бәйгеге тігіп, елін күреске бастаған.

Куропаткин Ташкентке келгеннен кейін тамыздың 23-інде Түркістан өлкесінің еліне белгілі жарлығын шығарды.

Онда ол патшаның әмірі бойынша жер-жердс жұмысқа адам алудың тәртібін жариялады. Бұл жарлық бойынша Түркістан өлкесінен алынатын 200 мың адам жеке облыстарға мына түрде бөлінген: Сырдария облысынан 60 мың, Самарқанд облысынан 32 мың, Ферғана облысынан 51 мың 233, Жетісу облысынан 43 мың, Ташкент облысынан 13 мың 830. Сондай-ақ аталмыш жарлықта «мақта егетін аймақтарға жеңілдік» үшін Ферғана, Сырдария облыстарынан алынатын тиесілі адамның 40 мыңы кемітілгені және көрсетілген. Бірақ ол 40 мың адам соның артынша «мақта екпейтін» көшпелі ауылдарға үстеп бөліп салынды да, көтерілістің көбі, күштісі көшпелі аудандарда бұрқ ете түсті.

Бұйрықтың аяғындағы арнаулы қосымша нұсқауда Куропаткин соғыс майданындағы қара жұмыстың қандай болатынын, онда еңбек еткендерге қандай ақы берілетінін айта келіп, Теке түрікпендерінің айбынды полкі (әскер) бұрын соғысқа қатысып жүргендіктен, тәртіп сақтау жұмысын атқарғандықтан, Памир ауданының Қоджент уезінің Матшы болысынан, Самарқанд уезінің Парғар, Ескендір болыстарынан қара жұмысқа адам алынбайтындар мынадай адамдар болды:



  1. Жергілікті ауылдық-болыстык мекемелердегі іс басындағы адамдар.

  2. Бұратана елден қойылған кіші дәрежелі полицейлер.

  3. Имамдар, молдалар, мүдариетер.

  4. Мемлекет жұмысындағы тұрғын елдің адамдары,

  5. Дворяндар, құрметті, азиат шеніндегі адамдар.

Теке түрікпендерінің полкіндегі немесе бұратана елдерінің әскеріндегі бір адам үшін, оның жақындары аға-інілерінен ұлдарынан, немерелерінен 3 адам қара жұмысқа алудан босатылған. Бұратана елдер арасында қара жұмысқа өзі үшін басқа біреулерді жалдап жіберу әрекеті етек ала бастаған соң, оларға тек Ресейге қарайтын тұрғын елдердің адамын ғана жалдауға ерік берілген.

Ал империлға толық бағынбайтын бұқаралықтарды, қызылбастыларды,

ауған адамдарын, сол сықылды орыстарды өз орнына қара жұмысқа жалдап жіберуге рұқсат болмаған...

Қара жұмысқа адам жинау басталды. Ал жоғарыда айтылған бұйрықтарды, нұсқауларды әр ел өзінше түсінді. Мәселен, өзі басқа біреуді жалдап жіберуге еркі болған соң, байлар елдің әкімдеріне параны беріп, өз орындарына жапатармағай кедейлерді жалдап жіберуге кірісе бастады. Қара жұмысқа барған көп азаматтың бірсыпырасы суықтан, аурудан қырылса, бірсыпырасы қан майданның өтінде окоп қазып жүріп оққа ұшты. Сондықтан қара жұмысқа адам алуға байланысты бұратана елдердің патшаға қарсылығы 1916 жылдың көтерілісін туғызды.

Самарқанд облысынан қара жұмысқа 38 мың адам алынуы тиіс екен. Мұның үстіне, жарамайтындарының орнына тағы да 10 процент қосылған. Ақыры олар мақталы аудандарға жеңілдік берілгендермен есептегенде мына түрде бөлінген: Самарқанд қаласы — 6.700 адам, Самарқанд уезі — 8.700 адам, Кәттеқорған уезі - 700 адам, Жизақ уезі -10.600 адам, Қобдент уезі - 9000 адам, барлығы 42 мың адам.

Самарқанд облысындағы көтерілістің күштісі Жизак уезінде болды. 1916 жылғы көтерілісте патша өкіметінің елдің қанын төгіп, қырғынды көп жасаған жері де осы. Жизақ уезінің елі қара жұмысқа адам алу бұйрығына бірден қарсы болды. Әр жерде жиналыстар жасалып, онда қара жұмысқа адам бермеу туралы қаулылар шығарылды. Ел бірнеше рет әкімдерден қара жұмысқа адам алынбауын, ол туралы бұйрықтың күшінің жойылуын талап етті. Бірақ өкімдер оны тыңдамады, тезінен елге бөлінетін адамды толық жиып беруге бұйрық етті. Ескі Жизақ қаласының халқы көптеп бас көтерді. Куропаткиннің осы өңірдегі «бейбастық жасаушыларды» согыс сотына тартуға шақырған бұйрығында былай делінген: «1916 жылғы шілденің 13-17-сінде Жизақ қаласында, онын теңірегінде алтыатар мылтық, найза, балта, пышақ, таяқпен қаруланған көп адам қара жұмысқа адам алу туралы шығарылған бұйрықтың орындалуына кедергі жасау үшін әскер бөлімдеріне, әскер қызметтеріне, жай орыс халқына қайта-қайта шабуыл жасады. Олар көп жерлерде темір жолды бұзды, үйлерді, көпірлерді өртеді, телеграф сымдарын үзді, темір жол казармаларын, темір жол үйлерін қиратты».

Қара жұмысқа адам алу бұйрығы Жизак уезінде 1916 жылы шілденің 1-інде жарияланды. Тұрған ел Жизақ уезінің әр тұсына қарайтындығы туралы ақпар жинады. Көтеріліске айналадағы қыстақтардын адамдары түгел қатысты. Заамин ауданында болған көтерілісте оның бастығы Қасым қожа сол жердің мешітіне орналасты. Жиналған топ Қасым қожаны Заамин ауданының бегі (ханы) етіп сайлады. Қасым қожа патша үкіметіне ғазауат діні атынан соғыс жариялап, көтеріліске қатысушыларға ораза ұстамауға рұқсат етті. Жизақ уезіне көтерілісшілерді жазалау үшін әскер жіберілді. Бұл әскердің бастығы Иванов еді. Әскердің «қайтара әрекетінен» кейін шілденің 25-інде бұл уездегі көтеріліс жайғастырылды». Жизақ уезі көтерілісінің ісі туралы соғыс соты тұрғын елден 48 адамды дарға, 2 адамды кесімді уақытсыз каторгаға жіберуге, 48 адамды 12 жылдан каторгаға жіберуге, 49 адамды ақтауға үкім шығарды2.

Генерал Куропаткиннің патшаға жіберген баяндамасында: «Жизақ уезінің еліне, Жизақ уезінде орыс қаны төгілген жерден 2000 десятина жер қазынаға алынатынын жарияладым. Оның ішінде 800 десятина орыс халқы тұратын жаңа қала мен тұрғын ел мекендейтін ескі уездік қаланың арасындағы ешкім орналаспаған жер. Бұл өңірде Жизақтың уездік бастығы полковник Руквин мен Зотоглонин өлтірілген. Қазынаға алынатын жердің қалған 1200 десятинасы бірнеше учаскеден құралады, онда 73 орыс өлтірілген. Бүкіл уездің еліне жаңадан қарулы көтеріліс бола қалса, айыптылардың қатты жазаға бұйырылып, орыс қаны төгілген барлық жердің қазынаға алынатынын жарияладым», — делінген.

Көтерілістің бұдан кейін күштірек болған жері -.Қоже-кент уезі мен Қожекент қаласы. Осы өңір приставының баяндамасына қарағанда, Қожекент қаласындағы көтерілісті басуға әкелінген әскер көтерілісшілермен қақтығысып қалып жүрді. Көп адам қырғынға ұшырады. Сондай-ақ полковник Иванов Самарқанд облысындағы көтерілісті басқанда, оларға қатысы барларды да шектен тыс қанішерлікпен атып тастады.

Жергілікті халықтан майдандарға қара жұмысқа адам алу бұйрығы Әндіжан, Ферғана облысында шілденің алғашқы күнінен басталды. Тұрғын ел бұйрыққа бірден наразылық көрсетті. Әндіжан уезінің бастығы полковник Прожиткий адам алынатынын жариялағаннан кейін, шілдснің 9-ында Жамиға мешітінде тұрғын елдің басты адамдарының жиылысы болды. Қара жұмысқа адам алу қаралды. Халық бұған қарсы болды. Көпшілік уездік бастықтан жұмыстан адам алуға қолынан қағаз беруді өтінді, қағаз бермесс соғыс ашамыз деді. Соғыс басталып кетті. Ұрыста 14 адам жараланды, 4 адам өлді. Мұндай көтеріліс басқа да жерлерде болды3.

Далберзин қыстағындағы көтерілістен кейін уездік бастық, полковник Бриюжевинский Ферғана облысынын соғыс губернаторына рапорт берді, Далберзин қыстағының халқын Түркістан өлкесінен қуып, олардың жерінің бірсыпырасына көтерітістс өлтірілген орыстардың үйлеріи, қалғанына орыстың келімсектерін орналастырды.

Ал Ізбаскент ауданының елі, басы Ташкент болып, қалалар адам бергенде ғана беретінін білдірді. Балықшы болысына қарайтын Қожабад, Қостөпесарай ауылдарында жиналған халық, старшындардың қолыңдағы халықтың тізімін тартып алып, жағып жіберді, көбісі жер ауып кетті.

Әндіжан уезінің бастығы Биржевинский Ферғана облысының соғыс губернаторына жіберген рапортында, облыстан барлық ишандарды қуып жіберуге, әр жерде соғыс сотын құруға, жұмысқа адам бермеген қыстақтарды жермен-жексен етуге кеңес берді.

Қоқанд уезінде көтеріліс шілденің 8-інде Рауан болысынан басталды. Жергілікті күзет мекемесінің мағлұматына қарағанда, елдегі болыстар пара алып, бірсыпыра адамдарды қара жұмысқа барудан босатып, олардың орнына басқаларды жазған. Болыстардың мұндай қылығы қалын бұқараның ашуын арттырды3.

Шідденің 9—10 күндері Жаңақорған болысы, Шайқалар ауданының имамы киім киіп, ақ боз атқа мініп, Башқар болысына қарайтын қыстақтарды аралап жүріп, елді старшынды өлтіруге немесе тірідей әкеліп беруге үгіттеген. Онан кейін осы имам болып, жиналған көпшілік болыс мекемесін талап, барлық істерді, қағаздарды жыртқан.

Ферғана уезіңде көтеріліс ескі Марғұлан қаласынан басталды. Ескі Марғұлан қаласында әйелдер де болған. 10 мыңға жуық адам жиналып, қара жұмысқа адам алуға наразылық білдірген, бірнеше полицейді өлтірген.

Наманған уезінің бастығы полковник Крючков шілденін 6-ында осындағы қадірлі адамдарды жинап, жұмысқа адам алудың рет-жөнін түсіндірген. Бірақ жиналған көпшілік риза болмай, тарап кеткен. Шілденің 11-інде наманған қаласындағы тұрғын елдің адамдары жиналып, қара жұмысқа адам бермейтіндігін білдірді. Полицеймен екі арадағы ұрыс қағыстан 12 кісі өлді, 38 кісі жараланды. Бұл іс бойынша 16 адам соғыс сотына тартылды. Басқа жерлердс болған көтерілістерде де өлген, жараланған адамдар болған.

Жизақ оқиғаларынан кейін соғыс соттары да қаталдыққа мініп, «рақымдылықты қойды», Ферғана көтерілісінің ісі бойынша көп адам өлтіріліп, көп адам Сібірге айдалды, түрмеге жабылды.

1916 жылы шілденіц 11-інде көтерілістіц бірі ескі Ташкент қаласында басталды. Мыңнан астам халық осындағы полиция мекемесінің қасына жиншіып, жұмысқа адам алу туралы бұйрықтың орындалуына қарсылық көрсетті. Ақырыңда Ташкенттегі прапорщиктер даярлайтын мектептен бір рота әскер келіп, жиналған топты ыдыратқаннан кейін, полиция мекемесінің төңірегінде 6 өлік қалды. Қаза тапқандардың бәрі де тұрғын елдің азаматтары еді. Оның біреуін полицияның қарауылы, екіншісін полицияның бастығы атып өлтірген де, қалған төртеуін жай қатардағы полицейлср атқан болды.

Ескі Ташкенттен разверстка бойынша 8 мың адам алынбақ екен. Жергілікті әкімдерге қарсы шығушылар көбінесе осындағы Көкші, Сибзар ауданыныц жұмыскерлері еді. Кейін ескі Ташкенттегі көтеріліс жасағандардың ісі округтық соғыс сотында қаралып, айыпталған 35 адамның 5-еуінің мүліктері қазынаға алынады да, 20-сы дарға асуға үкім етілді. Ташкент уезіндс қатты көтеріліс Тойтөбе қыртысында болды. Бұл істе айыпталып, сотқа тартылған 18 адамның 8-і дарға асуға үкім етілді де, соңынан Куропаткин сот үкімін өзгертіп, олардың әрқайсысын 20 жылға Сібірге айдады.

Ақмешіт уезінде де көтеріліс болады. Ішінде Құлман, Кенжеғұл, Жақай ұлдары бар. 70-тей адам сотқа тартылды4.

Басқаға қарағанда күштірек көтеріліс Әулиеата уезінің Мерке ауданындағы қазақ елінің көтерліс болды, Әулиеата уезінен қара жұмысқа 22 мың 675 адам алынбақ екен. Сонан тамыздыц ақырына дейін бар болғаны 3 мың адам жиналған, қалғанын қазақ елі беруге риза болмады. Сөйтіп, бұл уезде көтеріліс Көкшей болысынан басталды да, олар жергілікті әкімдерге қарсылық көрсетті. Сол кезде Пішпек, Әулисата уездеріне қарайтын қазақ елінің жайлауы Сусамыр елінде де көтеріліс бұрқ ете түсті. Бұл жердің елі Беловодский поселкесінің қасында бас қосып, Пішпек, Перовский деген орыс поселкілерінс шабуыл жасады.

Сол кездерде Ташкент, Әулиеата, Пішпек арасына едәуір әскер жіберілді. Бірақ ол әскер келіп жеткенше көтеріліс үдеуге айналды Уезд бастығының бұйрығымен орыс мұжықтарына құрал беріледі. Бас көтерген қазақтар

Шәуілдір мен Мерке арасындағы телеграф сымдарын үзіп, көп жерде ұрыс жасайды. Тамыздың 25-інде Меркс ауданында соғыс үдеп кетеді. Қазақтар Мерке мен Пішпек арасындағы телеграф бағаналарын құлатып, бірсыпыра орыс ауылдарын қиратады. Бірнеше мың адам Мерке қаласына шабуыл жасайды. Бұлардың арасында әсіресе бас болып атағы шыққан Ақкөз деген бір ақсақал болды. Ол соңынан қолға түсіп, өлтірідді. Меркенің қазақтары бірнеше жиналыстар жасап, орыстың әскерін мың-мыңдаған жылқымен-ақ таптап кетпейміз бе деп ақылдасқан. Дұрысында, келе жатқан әскерді састыру үшін, олар үйір-үйір жылқыны әскерге қарсы қуып, пәрменімен қаптатып жіберген реттері де болған. Тамыздың 23—30-ында найзалы, ішінара мылтығы бар бір жарым, екі мың қазақ Меркеге қайтадан шабуыл жасаса да қаланы бір рота әскер күзетіп тұрып, көтерілісшілерді ішке кіргізбеген. Бұл шабуылда қазақтан көп адам оққа ұшқан. Бондаревтің отрядымен қазақтар арасында болған шайқаста тұтқынға түскен 150 қазақтың бәрін де жолшыбай атып өлтірген. Мұнан басқа осы отряд қазақ ауылдарынан 4340 қой, 23 түйе, 225 сиыр малын тартып алған. Новотройцк ауданының бас көтерген қазақтарының соңынан Шу қазақтарының көтерілісін басушы Виноградов деген пристав болды. Бас көтерудің соңында Мерке ауданында 30 мың адам тұтқынға алынып, әр түрлі жазамен сотталды. Патша өкіметінің қарулы күштерінің елеулі бөлігі Сырдария облысы шаруаларының көтерілісін басуға аттандырылды. Бұл облыс қазіргі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарының, Өзбекстанның бірсыпыра аудандарының территориясын қамтитын еді. Мұнда азаттық жолындағы шаруалар көтерілісінің кең қанат жаюына осы облысты басып өтетін темір жол станциялары, Ташкент халқының көтерілісі елеулі ықпал жасады. Көтеріліс облыстың барлық уездерін, ауылдарын кең қамтыды. Оған қатысушылар патша әкімшілігінің өкілдерін жазалады, олардың мал-мүлкін тартып әкетті. Кеңселерді, почта, телеграф жүйелерін талқандады. «Көтерілісшілер тылдағы жұмысқа алынатын жұмысшылардың тізімдерін жасауға қарсылық көрсетумен көрінді. Әкімшіліктің шені бар алты адамы өлтірілді», — деп хабарлады Түркістан генерал - губернаторы патшаға. Орынбор - Ташкент темір жолы жандарм басқармасының бастығы Түркістан генерал-губернаторына мынадай телеграмма жіберді: «№84 разъезде (Сексеуіл станциясына таяу жерде)... 5 мыңға тарта қазақ үйлері шоғырланды. Жұмысқа шақырылуға байланысты қазақтардың көңіл күйлері өрекпулі. Сырдария облысы ауданындағы станция мен жол бойы қауіпті жағдайда». Енді бір хабарламада былай делінген: «Болат болысында бес мыңға тарта адамы бар тобыр жиналып жатыр: Шымкент жолы бойында 7-8 мың адамнан құралған тобырдың жиналып жатқаны байқалады». Перовск уезінің Маслов болысында мылтықпен және қанжармен қаруланған жетпіске тарта адам болыстың міндетін атқарушыны және писарьді өлтірген. Мұндай әкімшілік өкілдерін өлтіру, ереуілге шыққан көптеген уездерде де болып отырды4.

Патша жарлығы туралы хабарды алысымен Қазалы уезінің шаруалары да патша әкімшілігіне тойтарыс беруге әзірленді. Тоқмақ аралының жұмысшылары жұмысты тастап, көтеріліс қамына кірісті. Оларға Арал поселкесінің тұрғындары қосылды. Әулиеата уезінің Алматы, Арын, Аспара және Ботамойнақ-Алматы болыстарында, Шымкент уезінің, ақсу, қаракөл болысында көтерілісшілер жергілікті әкімшіліктен билікті тартып алып, өз тәртіптерін орната бастады.

Сырдария облысындағы шаруалар көтерілісі патша өкіметін қатты қорқытты. Көтерілісті басуға Ташкенттен, Орынбордан әскер күштері келтірілді. Ондаған зеңбірекпен, пулеметпен қаруланған, жалпы саны 5 мыңға жуық патша әскері қыркүйек айының басынан аяғына дейін көтерілісшілермен ұрыс жүргізіп, оны аяусыз басып-жанышты. Новотройцк ауданында прапорщик Бондаркенконың отряды көтерілісті басып, қолға түскен 150 адамды түгелдей атты. Қазақ ауылдарын айуандықпен өртеп, малдарын айдап кетті. Қазақтардың Меркеге келуіне тыйым салынды. Олардың мұны білмей, Меркеге келгендері атылып тасталды. Көтерілісте жеңіліске ұшыраған көптеген отбасы Амангелді Имановтың отрядына қосылып, патша өкіметіне қарсылықты жалғастыру үшін Торғай облысына ауа көшті.

Көтеріліс Сырдария облысының Әулиеата уезінде, әсіресе Мерке ауданында кең ауқым алды. Жоспар бойынша Әулиеата
уезі майданға 22675 жұмысшы жіберу керек еді, тамыздың аяғында 3 мың адам ғана жиналды. 25 тамызда көтерілісшілер Мерке-
Пішпек телеграф желісін үзіп, Меркеге шабуыл жасады. Оған
мыңдаған адам қатысты. Олар ұрыстын жаңа тәсіліне көшті
Қазақтар жазалаушы әскерлерге қарсы көп жылқыны алғасалып екпіндетіп алдап өткенде, олар бас сауғалап бет-бетіне ыдырады. Сол кезде оларға бас салуға шықты. 29, 30 тамыз күндері Меркеге екінші шабуыл ұйымдастырылды. Бірақ ондағы солдаттар ротасы боратып оқ жаудырып, қазақтарды кейін шегіндірді. Біраз адам қаза тапты. 30 қазақ қолға түсті, олар кейін әскери сотқа берілді.

Қарайтын Құрғаты өңірінде жасы егде тартқан Ақкөз Қосанұлы көтерілісшілердің ірі жасағын басқарды. Әулиеата уезіндегі көтерілістің бастапқы кезінде оған Ташкент мұғалімдер институтындағы


оқуын үзіп Меркіге келген Тұрар Рысқұлов қатысты.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жаншылды5.

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Бірінші жаһандық соғыс жағдайында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары — Ә.Жанбосынов. А. Иманов, Ж. Мәмбетов, Ү. Саурықов, Б. Әшекеев, Ә.Жүнісов, К. Көкембаев, Ж. Мыңбаев, Ә. Майкөтов, С. Ниязбеков, И. Құрманов, Т. Орысов, А. Қосанұлы, Ж. Құдайбергенов, С. Қанаев, М. Ұзақбаев, Ә. Солтанбеков және басқалар, көтерілісшілердің саяси ақылгөйлері – Т. Бокин, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Ә. Жангелдин, Б. Алманов, т.б. кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кенесары және Наурызбай Қасымовтар, Байзақ Мәмбетов және басқалар жүргізген күресті жалғастырды.

Генерал-губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде өлім жазасына — 347 адам, каторгалық жұмыстарға — 168, түрмеде тұтқындауға — 129 адам кесілді. Өлім жазасына кесілгендер қатарында Верный (Алматы) уезіндегі көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев және оның үзеңгілес серіктері Аманжолов, Бекбатыров, Сатыханов, Нұрбаев, Аманбаев, Екейбаев, т.б., Жаркент уезіндегі көтеріліс жетекшілері Ұзақ Саурықов, Серікбай Қанаев, Қазбек Шорманов, Кәрбоз Қанатаров, Біләл Разақов, Әбдіқалық Байсүгіров, Құсайын Ниязбеков, т.б. болды. Қарқара көтерілісінің басшысы жетпістен асқан ақсақал Жәмеңке Мәмбетовті патша жендеттері ЬІстықкөл жағалауындағы Қарақол қаласындағы түрмеде у беріп өлтірді...

Жетісу облысы, Верный (Алматы) уезінің ізінше Сырдария облысының Жетісумен көршілес Әулиеата уезінде көтеріліс басталды. Әулиеата уезінің Меркі аймағы кеңбайтақ Сырдария облысы қазақтарының айтулы көтеріліс ошақтарының бірі болды. Патшаның 25 маусымдағы жарлығы бойынша Әулиеата уезінен майданның қара жұмыстарына 22,675 адам алынуға тиіс болатын. Ал 1916 жылғы тамыздың аяғына қарай шақыру бекеттеріне (призывной пункт) небәрі 3 мыңдай адам келді. Бұл патша жарлығына деген наразылықтың көрінісі еді. Көп кешікпей осы наразылық қарулы көтеріліске ұласты. 1916 жылғы 20 тамыздағы мәліметтер бойынша көтерілісшілер Меркі-Пішпек (қазіргі Бішкек), Меркі-Әулиеата (қазіргі Тараз) телеграф қатынасын үзіп тастады. Олар Меркі станицасына үш жағынан өрт қойды, көтерілісшілердің екінші бір тобы Луговой селосын қоршап алды. 20 тамызға қараған түні көтерілісшілер прапорщик Дутко командалық ететін жазалау отрядына шабуыл жасады6.

Қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де болса жан-жақты әрі терең зерттелген жоқ. Атап айтқанда, біріншіден, 1916 жылғы июнь жарлығына сәйкес майданның тыл жұмысына алынған мыңдаған адамдардың майдан шебіндегі атқарған жұмыстары, оларға жан-жақты көмек беруге ұмтылған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің іс - әрекеттері, майдан шебінен 1917 жылғы көктем-жаз айларында елге оралған тыл жұмысында болғандардың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне қандай деңгейде араласқандығы сынды мәселелер арнайы зерттеуді қажет етеді.

Екіншіден, көтерілісті аяусыз басып-жаншу кезінде Қытай ауып кеткен босқындар тарихы жөнінде де осыны айтуға болады. Бір ғана Жетісудан 1916 жылы 300 мыңдай қазақ және қырғыз халықтарының өкілдері Қытай ауып кетті деп жүрміз. Олардың қаншасы Қытайдың батыс өңірін мекендеп қалды? Жат жердегі олардың жағдайы қандай болды, қаншасы 1917 жылдан кейін елге оралды деген сұрақтарға әлі де толық жауап берілген жоқ Ғылыми әдебиетте бұл жөнінде әр түрлі мәліметтер келтіріледі. Мұхаметжан Тынышпаевтың бұл сұрақтарға берген жауабы шындыққа жақын болғанымен, олар кей жағдайда осы тақырыпқа қалам тартқан Ә. Бөкейханов, О. Жандосов, т.б. авторлар мәліметтеріне дәл келе бермейді7.

Үшіншіден, осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған. Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған жөн деп білеміз.

Төртіншіден, 1916 жылғы Қазақстан мен Орта Азияның түрік тілдес, мұсылман діндес халықтарының патшалық Ресей озбырлығына қарсы көтерілісінің XX ғасырдың бас кезінде көптеген шығыс елдерінің тұрғылықты халықтарының (Иранның, Үндістанның, Қытайдың, т.б.) жатжұрттық империалистік езгіге қарсы көтерілген ұлт - азаттық қозғалысымен сабақтас болғандығын арнайы зерттеу нысанына айналдыру қажет.

ІІ тарау Қазан, ақпан төңкерісінен кейінгі Түркістандағы жалпы ахуал.
1917 жылғы Ақпан Төңкерісінен кейін Түркістанда, құрамына Жетісу, Сырдария, Закаспий (Каспий сырты) облыстары кірген Түркістан өлкесінде, 1917 жылы 7—20 сәуірде, уақытша әкімет өлкені басқару жөнінде туатын мәселелердің барлығын жергілікті жерде шешу үшін өзінің өлкелік органы ретінде ерекше Түркістан өкіметін құрды. Қалаларда, болыстарда және көптеген поселкелерде «атқару комитеттері немесе азаматтық комитеттері» құрылды1.

Сол кезде Петербургте жүрген Мүстафа Шоқай: «Біз Түркістанның автономиялы болғанын қалаймыз. Сондықтан автономияға әзірлік жасап жатырмыз», — деп Николай Семенович Чхеидзеге айтады. Ол сол кезде Петербург жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің төрағасы еді. Мұстафа кейіннен Түркістан (Қоқанд) автономиясын құрды және оның торағасы болды. Осы кезде Қолдандыстанда Алаш автономиясы құрылды. 25 қазанда ( жаңа стильмен 7 қарашада) большевиктер өкімет басына келді, Кеңес өкіметі орнады. Кеңес мемлекеті бірден Ресей халықтарының тең құқықтарын жариялады. 1917 жылғы 7 қарашада-ақ (25 қазан) Бүкіл ресейлік II съезде В.И Ленин өз қолымен жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» атты үндеуінде жаңа өкімет, Кеңес өкіметі, Ресейді мекендеген барлық ұлттардың өзін-өзі билеуіне шын мәніндегі құқық беретіндігі көрсетілді. Империалистік ұлттық езгі саясаты 1917 жылы 8 қарашада (26 қазан) қабылдаған декретте қатаң айыпталды. «Қолданды соғысты күшті әрі бай ұлттардың өздері жаулап алған әлсіз халықтарды өзара бөлісу үшін жалғастыруын үкімет адамзатқа қарсы теңдесі жоқ қылмыс деп есептейді» — делінген ол Декретте. Кеңес өкіметі өз қызметінде ұлт мәселесі жөнінде мынандай принциптерді ұстанатынын танытты:



  1. Ресей халықтарының теңдігі мен суверенитеті.

  2. Ресей халықтарының бөлініп шығып, дербес мемлекет құруға дейін барып, ерікті түрде өзін-өзі билеу құқы.

  3. Ұлттық артықшылықтар мен шектеулердің қандайын болса да бәрін түгел жою.

  4. Ресей территориясын мекендейтін аз ұлттар мен этнографиялық топтардың еркін дамуы.

Алайда 1917 жылы қарашада болған Түркістандағы большевиктік Кеңестердің III съезінің шешімдері тұрғылықты халықтың өкіметке қатысу құқын үзілді-кесілді теріске шығарудан басталды. Демек, мүнда Кеңес өкіметі жеңді деу бос сөз. Отаршылдық өзінің түрін ғана өзгертті. «Ташкенттегі орыс қауымы тек Түркістанда автономиялық басқару мекемесінің ашылуына қарсы болып қоймастан, барлық түркістандықтардың орыстармен құқы тең болуына қарсы еді». Өлкенің 90 процентін құрайтындар мұсылмандар еді.

Осы қателіктерге жауап ретінде 1917 жылы 26 қарашада Қоқанда саны жағынан төртінші болып табылатын жалпы мұсылмандар съезі шақырылды, ал 27 қарашада Түркістанға автономия беру туралы қарар қабылдап, мынаны паш етті: Ұлы Ресей революциясы жарияланған негізде Түркістанды мекендейтін халықтардың өзін-өзі билеу еркін білдіре отырып, Түркістанды Федеративті Демократиялық Ресей республикасына біріккен территориялық автономия деп жариялады. Автономия формасын беру таяу мерзімде шақырылуы тиіс. Түркістанның Құрылтай жиналысында беріледі және салтанатты түрде Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқы жан-жақты қорғалатын болады», — деп мәлімдейді. Осылайша, Ташкентте халық комиссарына балама автономиялық жаңа үкімет сайланды. Мұнда қолданды интеллигенциясы белсенді рол атқарғанын айтпауға болмас. Өзін жария ету үшін күресте автономиялық үкімет Орталық Атқару Комитетінен халықтардың өзін-өзі басқару декларациясының негізінде күллі Түркістанның толық құқықты үкіметі деп тануды өтінді. Бірақ қолданды өтініш жауапсыз қалды2.

1917 жылы 6 желтоқсанда түркістандықтардың сан мындаған адамдар қатынасқан жиналыстары болды. Онда Түркістанға автономия беру туралы мәселе де қаралды.

1917 жылы 7 желтоқсанда Қоқан қаласында, Сырдария, Ферғана, Самарқанд, Жетісу облыстық комитеттерінің делегаттары жиналып, құрылтайда екі мәселе қаралды:

1. Түркістанның Ресейден біржолата бөлініп, дербес мемлекет құруы.

2. Ресейдің құрамында қалып, Түркістан автономиясын дереу жариялауы.

Көпшілік делегаттар Түркістанның Ресей құрамында қалып, Түркістан автономиясын жариялауды жақтады. 1917 жылы 10 желтоқсанда Түркістан автономиясы жарияланды. Құрылтай жиналысы автономиясының міндеті: «Түркістанда дербес ел басқаратын мекемелері мен атқару органдарын сайлау, яғни заң шығаратын парламент және іс жүргізетін өкіметті сайлау болды. Сыртқы саясат, қаражат, жол, әскери істер, бүкіл Ресей федерациясы өкіметінің ісі деп есептелінді». Ташкентте митинг болып, қарар қабылдады, қарарда мынандай мәселелер атап көрсетілді: Біздер Түркістанның автономия болып жариялануын құттықтаймыз және Қоқандағы төтенше съезде ұсынған Түркістан халық үкіметін құру туралы қарарға толық қосыламыз. Ұлы Рессй революциясы паш еткен халықтың басқару принциптерінің салтанаты үшін ұйымдасқан ресейлік демократия Түркістан өлкесінің барлық мұсылман халықтарының еркін үніне бірауыздан қолдау жасайды және мұсылмандардын тәуелсіздік пен өзін-өзі басқару жолына түсулеріне көмектеседі деп берік сенеміз. Осындай сеніммен барлық мұсылмандарды автономиялық Түркістан үкіметінің айналасында тығыз топтасуға және азамат соғысының, сондай-ақ қазіргі азат Түркістанның жазықсыз қандары төгілуінің алдын алу үшін барлық қолайлы бейбіт әдістермен өлкені автономияландыруды нақты жедел жүзеге асыруға шақырамыз.

1918 жылы 22 қаңтарда Ташкенттегі «Совнарком» және большевиктер комитеті «біз де Түркістан автономиясын қолдаймыз» деді де, бір айдан соң Қоқан қаласын жан-жақтан қоршап алды. Самарқанд, Ташкент және Ферғанадан большевиктердің әскерлері топтастырылды. Олар Түркістан автономиясы өкіметінің торағасы Мұстафа Шоқайға ультиматум қойды:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет