Тажалды т¦ншыќтырѓан т¦ЛЃА



жүктеу 119.79 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі119.79 Kb.

ТАЖАЛДЫ ТҰНШЫҚТЫРҒАН ТҰЛҒА


Егемен Қазақстан, 23 Сәуір 2010 | Замана

 Загрузка ...

Тарих уақытының күнпарағындағы қазіргі кезең – Жер ананың төсінде Бейбітшілік әлемін орнатуды аңыздай аңсаған тұс. Адамзат зеңгір көкпен таласқан шаттық шаңырағы астында сергек сеніммен тамаша дәстүрді ашық дамытуға бастайтын, тайталастардың орнына төзімділікті ұран ететін көшбасшы Тұлғаға зәру еді.



Таңдау Қазақ елінің перзентіне – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсті.

Оның себебі: төрткүл дүние тұрғындарын тәнті еткен Тұлғалық феномен. Тарихи уақиғалар барысына ықпал ету қабілетін берген тәңір жазуы. Әділ әрекет пен алғыр сананың сындарлы тоғысы. Демек, тұтас Қазақ елінің баянды бағы.

Ол бейне бір Прометейдей қараңғы түнекті сәулелендірер жарық ұсынды. Сөйтіп, мемлекеттер арасындағы сұхбат пен өзара сенім әлсіреген сын сағатта ортақ мүдделестікке бағыттайтын шамшырақ жанды. Әлемді билеген күңгірт күдік сейіліп, ақ шуақ үміт орнықты.

Жуырда Семейде Еуропа Парламенті­нің депутаты, ЕҚЫҰ-ның экология және қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша жеке өкілі Струан Стивенсон біздің шақыруымызбен Шәкәрім атын­да­ғы мемлекеттік университеті студенттері алдында лекция оқыды. Саясаткер: “Қа­зақ­стандық лидер, сөз жоқ, Тұлға. Сон­дық­тан, Қазақстан мемлекетінің төр­аға­лық етуі тек сіздерге ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы үшін зор мәртебе. Өйткені, Нұрсұлтан Назарбаев жасампаз құры­лыс­шы” деген бір пікір айтты. Жасампаз құрылысшы! Тұлғаның әлемдік деңгейде дараланған келбетін еуропалық парламен­тарий­дің аузынан айтылған осы сөздің мағы­налық жүгі ашып тұрғандай.

Небары 20 жылға толар-толмас уақыт­та Орталық Азияда қуатты Қазақстан мем­лекетін құрды. Бабалардан келе жат­қан сан ғасырлық ұлы арман – Тәуел­сіздікті орнатты. Жай орнату емес, түрлі ұлттар өкілдерінің Отаны атанған қазақ жерін бірлік пен берекенің, ынтымақ пен ізгі ниеттің құтты мекеніне айналдырды.

Қайыспас қажырын елдік намыс рухымен қатар ұштап, алмағайып қиын кезеңде егемен елдің көк байрағын жа­лау­латқан Тұлғалық қасиетті неге ұлық­та­масқа?! Осы орайда оқу-ағарту сала­сы­ның қызметкері ретінде ой туындайды. Ертеңді күтпей, дәл бүгіннен бастап ел қорғаны болар ерлікті, отансүйгіштікті жас ұрпақ санасына Елбасының жеке мысалында сіңіре білуіміз қажет. Неге десеңіз, ұлт қамқоршысы бойындағы шы­найы жанашырлықты Президент тұлғасынан көреміз. Әлем ұлтты, халық­ты ұлт тұлғалары арқылы танып біледі. Ал қазақ ұлтын әлемге танытқан – Нұр­сұлтан Назарбаев. Жалпы қоғам тарихи тұлғаның рөлін ешқашан жоққа шы­ғармайды. Біз ұлт басшысын қастерлеп, құрметтеуді әлемдегі өркениетті елдерден үйренсекші. Тіпті, тегі бір туысқан түрік халқының өзінде Анадолыда алғаш жаңа түрік мемлекетінің негізін қалап, құрушы Мұстафа Кемал Ататүрік есімін мәңгілік ұлттық мақтанышқа айналдырған. Олай болса, әлем бейбіт өмірдің сенімді кепілі ретінде танып отырған Президентіміздің өнегелі ісінің, кісілік келбетінің бүгінгі жас­тарымызға үлгі етуге бағытталған тәр­биелік жұмыстардың тетіктерін іске қосу керек. Осы орайда Алаш көсемі Ахмет Бай­тұрсыновтың “Ұлым деген жұрт бол­ма­са, жұртым деген ұл қайдан туады” деген даналық сөзі ойға оралады. Ұлттың көсемін құрметтегеніміз – халықты құр­мет­тегеніміз. Ежелгі дәстүрге сүйенсек, қазақ ел басқарған ханын, дуалы ауыз би­ле­рін, қол бастаған батырларын, ғасырдан ғасырға дәріптеген халық. Жастарымыз­дың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыруды, білімді әрі зиялы азамат етіп тәрбиелеуді осы арнадан бастасақ игі.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның Семей полигоны орнына арнайы атбасын бұрып келген жолында Қазақстан Президентінің орасан сынақ аумағын ғана жауып қоймай, ядролық қарудан ада аймақ құрған батыл әрекетін бүкіл әлемді ядролық қарудан құтқару үшін берік ір­гетас қалап берді деп бағалағаны баршаға мәлім.

Елбасымызға арнайы ізетпен “Жер жаһанға ядролық қарулануды тоқтатуға жар салуға Сізден лайықты лидер жоқ” деген ұсынысы қарама-қайшылықтардың алдын ала білетін дана Тұлғаға тағзымы деп бағалаймыз өз кезегімізде.

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арқылы Қазақстан да әлем жұртшылығы алдында бірегей позицияда айқындалды. Қазіргі заман тарихының аса күрделі кезеңінде ЕҚЫҰ-ға басшылық етуші ел ре­тінде Қазақстанның мәртебесі бұрын­ғыдан бетер жарқырай түсті.

Атап айтсақ, Мемлекет басшысының құрған бейбіт ел үлгісіне басқалар тал­пы­ну­да. Соның бір айғағы – АҚШ Пре­зи­денті Барак Обама мен Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің өз мемлекеттерін­дегі ядролық қару түрлерін анағұрлым шектеу жөніндегі шартқа отыруы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қаһармандық тұлғасы жайлы сөз қозғағанда осыдан жи­ыр­м­а жыл бұрын Семей ядролық полигонын жабудағы орасан еңбегін ұр­пақ­қа насихаттауға тиіспіз. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлттық ақыл-ойдың алып­та­рын өмірге әкелген ұлылар мекені, қазақ руханияты мен мәдениетінің орталығы Семей жері қырық жыл бойына жүргі­зіл­ген сынақтар салдарынан экологиясы бұзылып, халық адам айтқысыз зардап шекті. Бір сәтте ешкімнің келісімінсіз ұлы ақын елі улы атом еліне айналды. 1949 жылдың 29 тамызында КСРО Семей полигонында тұңғыш рет ажал аждаһасы саналған атом бомбасын сынақтан өткізді. Бұл жойқын жарылыс Абралының Де­ге­лең тауын тітірете теңселтті. Көкжиектен тосыннан жарқ етіп пайда болып, демде бұлттанып сейілетін “ғажап” саңырау­құ­лақ сұлбасын қызықтаған ауылдың талай қалқанқұлақ қара баласы айықпас дерт құшты. Сол себептен де, Төлеген досым­ның “Заман-ай” әні ядролық тажалдың құрсауында “мәңгілік бала бейнеде” қалған талай Ләйләлардың өкінішті өмірі­не арналған гимн деп есептеймін. Мек­тепте “Дүние жүзі тарихында” жазылған кішкентай жапон қызының сәуле ауруы­нан жазылуға деген үмітпен қағаздан мың­даған тырналар жасағанын, тиісті сан­ға жетпей өмірінің қиылғанын оқып, Кеңестер Одағы балаларының бақытты болашағына ондай кеселдердің кесір кел­тірмесіне ешбір күмәнсіз болып, ал өз­де­рінің ядролық тажал апанында тұратыны қаперіне де кірмеді. Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің дамуына Қазақ КСР-інің тамаша үлес қосқанын мақтаныш етті…. жалған идеологиямен суарылған саналар.

Семей ядролық сынақ полигонында дерек көздері бойынша 40 жыл ішінде 500-ден астам сынақ жүргізілсе, оның 117-сі жер бетінде іске асырылды. Алғаш­қы ядролық жарылыс бүкіл дүние жүзіне Кеңес Одағының аждаһа қарудың моно­по­лисі екенін дәлелдесе, полигон маңын­дағы Абралы, Абай аудандары тұрғын­дары­ның өмірі мен денсаулығы құрбан­дыққа шалынды. 40 жыл бойы мың Хиросиманың күнін кешті. Алайда, олар оның бәрінен бейхабар еді.

1957 жылдары Алматыдан ғалымдар С.Балмұханов, Б.Атшабаров бастаған топ полигон маңындағы тұрғындардың ден­сау­лығына зерттеу жүргізіп, радиациялық сәуле әсерінен болған ерекше дертке “Қай­нар синдромы” деген атау берілді. Ға­лымдардың болжауы бойынша иммун­дық жүйенің радиация әсерінен дәрменсіз күйге түсуінен қатерлі обыр жасушалары тоқтаусыз өсу қатеріне ие болады. Тағы бір қасірет психикалық тұрғыдағы ауру­лар­дың бой көрсетуі еді. Ақ қан ауруы (лей­коз) Қайнар, Саржал, Қарауыл, До­лон, Знаменка тұрғындары арасында кө­бей­ді. Статистикалық деректерсіз-ақ айтарым, менің балалық шағым Дегелеңге іргелес орналасқан Саржал ауылында өтті. Қаршадайымыздан сол қасіретке куә болдық. Біздің ауылды ядролық жары­лыс­тың эпицентріне орналасқан деп айтсақ та болады. Олай дейтініміз, Саржал жер үсті жарылыстары ұйымдастырылған жер­ден бар-жоғы 25 шақырым қашықтықта, ал жер асты ядролық дүмпулерінен 30-35 шақырым аралықта орналасқан. Осы ретте сол жарылыстардың арғы тарихына тереңдей бойласақ, адам нанғысыз зұлымдыққа тап боласыз.

Өз жерінде мылтықсыз майданның құр­бандарына айналған халықтың денсау­лы­ғына іс жүзінде ешбір жәрдем көрсе­тілмеді. Оны айтасыз, дәрігерлерге радиация әсерінен болған аурулардың дұрыс диагнозын қоюға тыйым салынды.

Менің атамекенімнің маңдайына осындай қасірет таңбасы басылыпты. Бұл зобалаң біздің ауылдың ешбір отбасын айналып өтпеді… Тек алпысыншы жыл­дар­дан бері ғана бір ауылдан 500-ден астам адам ядролық сынақтың кесірінен қыршынынан қиылса, 150-ден астамы онкологиялық емханада жатып, жарық дү­ние­мен қош айтысты. Ал қаншама адам өз-өзіне қол жұмсау қасіретіне ұшырады.

Қырық жылға тарта созылған жойқын алапат барысында 18 мың шаршы шақы­рымнан астам аумақта 470 ядролық және термоядролық жарылыстар жасалды. Оның 352-сі жер астында өткізілсе, 118-і жер үстінде ашық түрде сыналды. Осын­дай сынақтармен қабат Семей полигоны аймағында химиялық жарылғыш заттарды қолдану арқылы 175 жарылыс жасалып, олардың сұрапыл ядролық қуаты тексеру­ден өткізіліп, жергілікті халық денсаулы­ғына адам айтқысыз зардап әкелді.

Семей полигонында жасалған бұл сынақтардың жалпы жиыны Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе артық ядролық қуатты құрады. Кеңес өкіметі келмеске кеткен соң Қазақтан аумағында мұраға қалған уран өндірісі мен ядролық қондырғылардың мол қоры қалғаны белгілі. Нақтылап айтсақ, жаппай қырып-жоюға арналған 1216 құрлықаралық баллистикалық оқтұмсықтар, көп мақсатты стратегиялық “Ту-95МС” бомбалағыш ұшақтары, 1400 ядролық оқтұмсықтармен жабдықталған 104 “СС-18” құрлықаралық баллистика­лық зымырандар болды. Бұл дегеніміз жер шарын бес мәрте жоя алатын әлемде ядролық арсеналы жағынан АҚШ, Ресей, Украинадан кейінгі төртінші орынды иеленгені тарихтан белгілі.

Бұл дегеніміз қатерлі ісікке шалынды­ратын қасірет ошағы қолдан жасалды де­ген сөз. Осындай сұмдықты көріп-біле отыра, КСРО әскери-өнеркәсіптік кешені аталған “құбыжық” темір тордың ар­жа­ғын­дағы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын назардан тыс қалдырды. Ажал аждаһасын ауыздықтауға бел буған қайсар тұлға болмаса, бұл қайғы-қасірет әлі де қаншама буынды шарпуы сөзсіз еді.

Қазақ жеріндегі осындай адам төзгі­сіз алапатты тоқтатып, тажалды тізгіндеуді жоғарыдан талап ету жайлы жан күйзелісі мәрт Тұлғаға бір сәт тыным бермеген.

Менің жазу үстелімнің тартпасында жатқан шағын кітап бар. Ол респуб­ли­ка­ның еңбек сіңірген қайраткері, бұрынғы Семей облысы обкомының 1 хатшысы болған марқұм Кешірім аға Бозтаевтың “Семей полигоны “Қайнар қасіреті” кітабы. Сол кездің шындығын былай деп жазыпты: “1988 жылдың ақпанында облыс­қа республика Министрлер Советінің Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Ол көптеген аудандарда, соның ішін­де шалғайдағы және артта қалған аудан­дарда да болды, жұрттың қандай жағ­дай­да тұрып жатқанын өз көзімен көрді, біз­дің әлеуметтік жайсыздықтарымызға ен­жар қарай алмады. Н.Ә.Назарбаев өз пікі­рін айтты: толық аумағында жұмыс іс­теп тұрған ядролық полигонның бар екен­дігі одақтық үкіметтің аймақ тағдырына араласуына құқық беруі қажет, осыған орай КСРО Министрлер Советінің арнайы қаулысын шығарту керек деді.

Республикалық үкімет басшысының қолдауы мен түсінуі бізді қанаттандыр­ған­дай болды. Біз бірден жұмысқа кірісіп кет­тік те, кешікпей КСРО Министрлер Со­ветінің Төрағасы Н.И.Рыжковтың аты­на хат дайындалды. Н.Ә.Назарбаев оған қол қойып, Н.И.Рыжковпен одақтық үкі­мет­тің арнайы құжат қабылдауы туралы келісті”.

Бұл қаулы шығарылғанға дейінгі Одақ тарапынан жасалған қысымдардың сан түріне төтеп берерлік сындарлы да жүйелі саясат жүргізген тегеурінді Тұлғаның кемеңгерлігімен халық санасы оянды. Сол кезде қайраткер досы Олжас Сүлейменов үлкен қолдау көрсетті.

“Невада-Семей” қозғалысының дү­ние­ге келген күні көз алдымда: 1989 жыл­дың қысында күні қазіргі белгілі қоғам қайраткері, сенатор Ғарифолла Есім бар, біраз жігіттер Алматыда біліктілік жоға­ры­лату курсында оқып жүр едік. 28 ақпан күні Жазушылар одағының залында Олжас Сүлейменов күндей күркіреген айбынды дауысымен әйгілі Үндеуді оқы­ды. Сол кезде оның қасына әлде бір түсі суық адам жақындап барып, микрофонын сұ­рады. Әрине, бізді үрей биледі. Жел­тоқ­саннан кейін ондай сезімнің болуы түсі­нікті гой. Бірақ, жаңағы кісі “осы залда үш жүз адам отырса, сыртта үш мың адам тұр. Сондықтан дыбыс күшейткіш қон­дыр­ғыларды іске қосыңыздар, сыртта­ғы­лар да естісін, – деді. Міне, қуатты ха­лық­тық қозғалыс қанат қақты. Оған сер­пін берген дегдар тұлғаның пәрмені еді. Халықтық толқулар сол жылға жос­пар­ланған 18 жарылыстың он бірінің алдын алуға мүмкіндік туғызды. Жер-жерден по­лигонды жабуды мойнына алған “қай­раткерлер” саясат аренасына ұмтылып, ұпай алғысы келгендер де табылды.

Бірақ, біз бүгін аса маңызды тарихи фак­­тілерді қайталаудан тынбауымыз керек.

1989 жылғы 21 сәуір күні полигонда 50 килотондық жарылыс болды. Сөйтіп әскери-өнеркәсіп кешені нақты қоқан-лоққы көрсетті. Сол кезде “Семей ядро­лық полигоны туралы” Орталық Комитет Саяси Бюросының қаулысының жобасы шығады. Жобаға Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қол қояды. Қазақ КСР Ми­нистр­лер Советінің Төрағасы Н.Ә.На­зар­баев халықтың шеккен зардаптарын жою­ға қатысты мәселе көтерілмеген деп, жо­ба­ға қол қоюдан бас тартады. Қаулыға ха­лықтың денсаулығын зерттейтін шаралар кешенін және арнайы ғылыми-практика­лық конференция өткізу туралы тармақ­тар­дың енгізілуіне тас-түйін табан­ды­лықпен ықпал етеді.

Тәуелсіз Қазақ елінің іргетасы енді қаланып жатқан күрмеулі шақта Нұр­сұл­тан Назарбаевтың 1991 жылғы 29 та­мыз­дағы №409 Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жабуы теңдессіз ерлікке бара-бар еді.

Бұл “Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мем­лекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ”, – деп ағынан жарыла аманат арқалаған мәрт тұлғаның толғанысы.

Осы Жарлыққа дейінгі жолда қан­шалықты ерік-жігер мен мейлінше табандылық жатыр десеңізші! Бүгінде Семей полигонын жабу туралы Президент Жарлығының ядролық қарусыз ел мәртебесінің биігін белгілеген, адамзат дамуындағы бейбіт қоғам үшін жасалған бірден-бір батыл тарихи құжат екендігін төрткүл дүние түгел мойындап отыр.

Полигон зардабын жарты ғасырға жуық тартып, ядролық сынақтан пайда болған қайғы-қасіреттен бір сәт көз ашып, бас көтере алмай келген халық бұл хабарды зор ризашылық сезіммен қабылдады. Бұл шешім жер шарының миллиондаған адамдарына қуаныш сыйлады, адамзат баласының бойына ядролық сынақсыз азат әлем құруға болатындығы туралы сенім ұялатты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың осы қадамы империялық пасық пиғылды күйретіп, ядролық қаруды игеру арқылы жер жаһанға қожалық жасауға ұмтылған аш­көзділікке тоқтам жасауға болатындығын әлем қауымдастығына дәлелдеп берді. Жарты ғасырдан артық адамзат баласын біржолата жер бетінен жойылып құру қаупін төндірген жойқын қатердің алдына тосқауыл қойылды. 1992 жылдың 23 мамы­рында Қазақстан мемлекеті страте­гиялық мақсаттағы жаппай қырып-жою қаруларын шектеу және қысқартуға бағытталған КСРО мен АҚШ арасындағы Келісімге сәйкес Лиссабон хаттамасына қол қойып, өз міндеттемесін қалтқысыз жауапкершілікпен орындады.

Бұл игі бастама әлем жұртшылығы тарапынан да қызу қолдауға ие болып, 1992 жылы Америка халқы АҚШ конгресін ядролық сынақтарды тоқтатуға мәжбүр етті. Осының соңын ала, 1995 жылы Тынық мұхиты аралындағы француз полигоны құрықталды. Ал 1996 жылы Лоб-Нор шөліндегі Қытай ядролық жарылыс алаңы да өз үнін өшіріп, халықаралық мораторий орын алды. Сонымен қоса кешегі КСРО-ның жарты ғасыр ядролық қалдықтармен улаған зардаптарын жою ауыртпалығы тек Қазақстанның ғана мойнына түскен жүк болып қалды. Осы ретте Семей ядролық полигоны зардаптарын толықтай жоюды кешенді түрде шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламасының аясында аймақтың инфрақұрылымын дамытып, шағын және орта бизнесті жетілдіруге баса назар аударылып, ауқымды шаруалар қолға алынып, өз нәтижесін беріп жатқандығын айтуға тиіспіз.

Жұртының тағдырына жан-жүрегімен күйген кемел тұлға ядролық қарусыз әлемді қуаттаған қадамымен жаһан жұрт­шылығын ізгілендіруге бағытталған жақ­сы­лықтың жаршысы болды. Өткен жылы Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың тоқтатылуының 20 жыл­дығына арналған салтанатта сөйлеген сөзінде Елбасымыздың 29 тамыз күнін жаппай қырып-жою қауларын жоюдың Бүкіләлемдік күні деп жариялау туралы мәлімдемесі БҰҰ-да қолдау тауып, бұл күн “Халықаралық ядролық қарусыздану күні” болып белгіленді. Бүкіл әлемді бітімгершілікке шақырған Қазақстан лидерінің бүл әрекеті шартараптан Жер планетасының жарақатына шипа болар дәрумендей бағаланды. Өйткені, қазіргі таңда дүние жүзінде 41 мың 735 ядролық оқтұмсық сақталып отырғанын ескерсек, бұл қатер Жер планетасын жүз мәрте жойып қана қоймай, жалпы Күн галактикасының өзін тұтастай құртып жіберуге толықтай қауқарлы екендігін қазіргі ғылым дәлелдеп отыр.

Елбасы 2005 жылы Семейде Шығыс өңірі тұрғындарымен кездесу жиын өткізгенінде, сөз сөйлеу мәртебесіне ие болып: “Қырық жыл бойы ажал төккен Семей полигоны Сіздің тегеурінді күш-жігеріңізбен жабылды. Бейбітшілік жолындағы бұл еңбегіңізді бүкіл дүние жүзі жақсы біледі, мойындайды, баға­лайды! Әлемде ядролық қаруды қолдап, по­лигон ашқан патшалар көп болғаны­мен, адамзат тарихында полигонды жапқан Президент тек Сіз ғана”, – деген едім. Арада 5 жыл өтер-өтпесте жаһандық қауіпсіздік мәселесіне арналып Вашин­гтонда үстіміздегі жылдың 14 сәуірінде өткен “Ядролық лаңкестік қатерін азайту және ядролық материалдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық шара­лар” Саммитінде беташар сөз Нұрсұлтан Назарбаевқа, яғни адамзат тарихында ядро­лық қарудан бас тартқан тұңғыш елдің басшысына берілуі осы ақиқатты бекіте түскендей.

Осы Саммитте АҚШ Президенті Барак Обама Қазақстанды ядролық қару­сыздану жөніндегі әлемдегі көшбасшы ел деп танитынын мәлімдеді. Бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші мемлекеттің басшысына беріліп отырған лайықты баға.

Ядролық қарусызданудың тұғырнама­сын алғаш жасаған Қазақ елінің жарқын үлгісіне деген ілтипатқа Саммиттегі әлем­дік қауымдастықтың ортақ пікірлері де айғақ.

Тажал түнегін тұншықтырған Нұр Тұлғаның қайраткерлік әрекеті бір ғана Қазақ елінің жарқын келешегі үшін емес, барша жер жаһанның бүтіндігін ойлаған кемел де көреген саясатының жемісі екендігі сөзсіз.



Ерлан СЫДЫҚОВ, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, профессор.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨШБАСШЫСЫСЫЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Павлодар облысындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Мағау Сыздықовтан, Май ауданының Құрметті азаматы, атақты шопан Рақымжан Ыбыраевтан және Май ауданының Құрметті азаматы, жылқышы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Смағұл Құрмановтан жеделхат келіп түсті. Онда былай делінеді:

“Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбіш­ұлы! Біз, Семей ядролық полигонымен шек­тес орналасқан Павлодар облысы Май ауданының тұрғындары, Сіздің 1991 жыл­дың 29 тамызындағы Семей поли­го­нын жабу жөніндегі Жарлығың­ыз­ды зор қуанышпен қарсы алған едік. Осылайша, Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан әлем­дегі бірінші ел болып танылды.

Сынақ аймағында тұрғандықтан, көрген азабымыз аз емес. Сондықтан Ва­шингтонда өткен саммитте атом қа­руын сынаудан зардап шеккен Семей сы­нақ аймағын қалпына келтіруге бай­ла­нысты нақты ұсыныстар айтылуы бо­ла­шаққа сенім берді. Сіздің адамзаттың дамуын қорғаудағы, халқы-ңыздың денсаулығын сақтаудағы қадамдарыңыз көңілге медеу болып отыр. Ядролық атом қаруына қарсы күрестегі дүние­жүзілік қозғалыстың басшысы болып отырсыз. Салиқалы саясатыңыздың және үлкен беделіңіздің арқасында әлем қауымдастығының құрметті мүшесі атандық. Біз Қазақстанның осындай жетістіктерін мақтан етеміз”.



Жеделхаттарының соңында павло­дар­лық соғыс және еңбек ардагерлері Қазақ елі халықаралық деңгейде үлкен абыройға ие бола берсін, әлемде бей­біт­шілік орнату жолындағы істеріңізге зор табыс тілейміз, дейді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет