16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында "Ұлт аспаптар әлеміне саяхат" атты іс-шара өтті.

Іс-шарада "Сарыарқа" халық музыкалық ансамблі және оның көркемдік жетекшісі мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин оқушыларға шеберлік сабағын өткізіп, әртүрлі фольклорлық аспаптар туралы мәлімет берді. Мәселен жиі тыңдай бермейтін адырна, жетіген, саз сырнай, сырнайдың түрлері, қобыз және нар қобыз, домбыра және оның түрлерімен танысты.

"Бүгін – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Ал жас ұрпақ мәдениетті бала күнінен бастап бойына сіңіреді. Сондықтан біз екі жылдан бері мектептермен тығыз байланыс орнатып, оқушыларға қазақтың ұлттық аспаптарын таныстырып келеміз. Міне, бүгін де филармониямызда "Сарыарқа" халық музыкалық ансамблі мектеп оқушыларына түрлі саз аспаптарының үнін естіртіп, паш етіп отыр", – дейді Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның директоры Ерлан Дәкенов.

Іс-шарада оқушылар қазақ халқының халық музыкасы туралы көп мәлімет алумен қатар, көптеген шығармаларды кәсіби сазгерлердің орындауында тыңдады.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.