Талас өзен алабының су қорлары және оларды пайдалану ратова Ә., Мұсабеков Қ.Қ



жүктеу 25.53 Kb.
Дата12.04.2019
өлшемі25.53 Kb.

ӘОЖ 631.7
ТАЛАС ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ СУ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ратова Ә., Мұсабеков Қ.Қ.
Талас өзені алабының жер қорлары 71402,6 шаршы км құрайды, оның 20303 шаршы км Қырғыз Республикасының территориясында, ал 51100 шаршы км Қазақстанда орналасқан.

Талас өзен алабы Тараз қаласына дейін таулы, ал одан төменгі бөлігі жазықтық болып екі аймаққа бөлінеді. Өзен алабының жалпы ауданы 52700 шаршы км, оның ішінде 9240 шаршы км таулы аймақта орналасқан. Талас өзені өзінің ағынын негізінен Қырғызстан Республикасы аумағындағы тау аралық Талас ойысында құрайды [3,4,5].

Талас өзені Қырғызстан Республикасындағы Қаракөл және Үлкөл өзен-дерінің бірігуінің нәтижесінде пайда болған, су қорлары да соның нәтижесінде қалыптасады.

Қаракөл және Үлкөл өзендерінің біріккен жерінен Кировка ауылына дейін Талас өзені өзінің барлық салаларының суын жинақтайды. Олардың ішінде ең ірілері Қолба, Бастас, Үрмарал, Күмістақ, Қарабура, Кеңкөл және Нілді секілді шағын өзендер. Қаракөл және Үлкочой өзендерінің су жинау ауданы Талас өзені қалыптасатын жалпы ауданның 32% және өзеннің ағынының 40 %-ын құрайды. Қырғыз Республикасының шекарасындағы Талас өзенінің ағыны қалыптасатын, яғни Қазақстан Республикасының Тараз қаласына дейінгі жалпы су жинау ауданы 1040 шаршы км құрайды, немесе Талас өзенінің ағыны қалыптасатын жалпы ауданының 16 % -ын құрайды. Талас өзенінің көпжылдық орташа су қоры орта есеппен 1,51 км3/жыл құрайды, сонымен қатар Тараз қаласына дейін, атап айтқанда Кировка ауылының маңына дейін, су ағынның 94 % жинақталады. Талас өзенінің көп жылдық орташа су өтімінің ең жоғарғы мәні 24,0 м3/с, орташа мәні 15,7 м3/с және ең кіші мәні 10,2 м3/с құрайды.

Талас өзені су өтімі еріген мұз және қардан құралатын өзендердің тобына жатады. Су өтімінің ең жоғарғы мәні маусым және шілде айларында, ал ең төменгі мәні наурыз айларында байқалады. Қаракөл және Уччокой өзендерінің құйылысындағы Талас өзенінің жылдық орташа су өтімінің шамасы 15,7 м3/с тең.

Талас өңірінің басым бөлігінің ландшафттық жүйелері мал шаруашылығы үшін жайылым ретінде және өсімдік шаруашылығына пайдаланылып келеді. Егістік ретінде пайдаланылған жердің жалпы ауданы 1.0 млн. гектарға жуықтайды. Оның ішінде 208930 гектары суғармалы егістіктер. Суғармалы егістік жерлері өзеннің орта және төменгі ағысындағы, құрғақшылық аймақтардың ландшафттар жүйесіне орналасқан.

Талас өңіріндегі құрғақшылық аймақтарда суғармалы егістік жүйесінің қарқынды дамуы оның табиғи қалыптасқан гидрологиялық жағдайларына өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. Өзеннің гидрологиялық тәртібіне өзгеріс енгізіп қана қоймай, төменгі салада су ағынының азаюына, сонымен қатар улы химикаттармен ластануына әкеп соққан.

Талас өңіріндегі суғармалы егістік жерлердің ауданы қарқынды өсуіне байланысты су қорының тапшылығы байқала бастады. Бұл мәселені шешу үшін Талас өзенінің алабында, Қырғызстан Республикасының аймағында көп жылдық су өтімін реттеуге арналған Киров бөгеті салынып және 1976 жылы өндіріске енгізілген. Киров бөгетін салудың мақсаты, сол кездегі суғармалы егістік жүйесіне пайдаланылып жүрген 80.0 мың га жерді сумен қамтамасыз ету дәрежесін көтеріп және қосымша 55.0 мың га суғармалы егістік жерлерді игеру, оның ішінде 40.0 мың га Қырғызстан территориясында, ал 15.0 мың га Қазақстанға қарасты жерлерде орналасқан.



Киров бөгетіндегі судың жалпы көлемі 550.0 млн. м3, пайдалы көлемі 540.0 млн. м3, беткі ауданы 2650 га және ең жоғарғы тереңдігі 82 м құрайды.

Жалпы алғанда, суғармалы егіншілікте Талас өзені алабының су қорларын пайдалану өзеннің төменгі бөлігіндегі экологиялық тепе-теңдікті сақтауды ескермей жүргізілді, осы себепті суғармалы жерлердің өнімділігі күрт төмендеді және жер қорлары бүлінуге ұшырады. Суғармалау мөлшерлері жобалық және экологиялық мөлшерлерге сәйкес келмеген, соның нәтижесінде су және жер қорларын пайдаланудың тиімділігі барынша төмендеген.
Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> materialy20
materialy20 -> Әож 539. 376 СҰЙЫҚ ортаның шаш талшықтарының жылжу процесіне әсерін зерттеу
materialy20 -> Әож 36. Май өнімдерін өндіру процесін зерттеу
materialy20 -> Оқулық жасау ортасы қожабекова А., Исламова Г. Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған
materialy20 -> Әож 524. 28. Жоғары дәлдікті аспаптар мен гаж-дың байланысы
materialy20 -> Әож 1: 551. 1/. Пайдалы қазбалар статистикасы
materialy20 -> Әож 11. 512. 122: 373. КӨркем шығармалардағы жер-су атаулары
materialy20 -> Әож 5. (5 каз) 32-5я7 Топографиялық түсірулерді электронды тахеометрмен өлшеу
materialy20 -> Адамды кепілге алу, адамның органын, тінін сату, адам саудасы Қайратбекұлы А., Еркебаева А
materialy20 -> Әож 81'276. 5: 378. 18 Жастар арасындағы сленг сипаты
materialy20 -> Желідегі күштік қоректенудің МӘселелері танирбергенов Қ. А, Наметбаев Е. С., Есимбаев О. Ж


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет