Талдықорған қаласы, Еркін ауданы, Болашақ көшесі ½, анықтама үшін телефон 8 (7282) 30-51-80, электрондық адрес



жүктеу 59.3 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі59.3 Kb.
түріКонкурс





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-сі «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды
040000, Талдықорған қаласы, Еркін ауданы, Болашақ көшесі ½, анықтама үшін телефон 8 (7282) 30-51-80, электрондық адрес mir.ao@mail/ru, БЖН 141140012186

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: конкурс өткiзу туралы хабарландырудың

соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде



Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына


орналасуға конкурс өткізу қағидасының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 

2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидасының 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; 

5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 

6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі.



Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуге.



Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады



Әңгімелесу өтетін мекен жай: Алматы облысы Талдықорған қаласы Еркін ауылы Болашақ көшесі №1/2

1. Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты 1-бірлік, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің және нұсқаулықтарының орындалуын қадағалау, реттелетін салаларда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қаматамсыз ету, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәләндәруға қатысу, қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, техникалық ғылымдар мен технологиялар (тау- кен ісі; металлургия; қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, көлік құрылысы; геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, пайдалы қалбаларды байыту). Мемлекеттік тілді білу және компютермен жұмыс жасай білу.

2. Мұнай өнімдерін, астық қабылдау кәсіпорындарын және химиялық қауіпті объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы - С-О-5 санаты, 2-бірлік (оның ішінде 1-бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болу кезеңі аралығына 2018 жылғы 4 маусымға дейін уақытша бос орын) қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін .

Функционалдық міндеттері: Қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің және нұсқаулықтарының орындалуын қадағалау, реттелетін салаларда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қаматамсыз ету, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәләндәруға қатысу, қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, техникалық ғылымдар мен технологиялар (мұнай газ ісі; көлік, көліктік техника және технологиялар; органикалық немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі). Мемлекеттік тілді білу және компютермен жұмыс жасай білу.

3. Қазандықтар шаруашылығы объектілерін және көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С-О-5санаты, 1-бірлік, қызметтік айлықақысы еңбек сіңірген жылдарына қарай 83 282 теңгеден 112 431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қауіпсіздік нормалары мен ережелерінің және нұсқаулықтарының орындалуын қадағалау, реттелетін салаларда мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қаматамсыз ету, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәләндәруға қатысу, қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланушы ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Департамент басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, техникалық ғылымдар мен технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар; технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша); көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру жылу энергетикасы; машина жасау; қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі; материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы; көлік құрылысы). Мемлекеттік тілді білу және компютермен жұмыс жасай білу.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті сайты: www.comprom.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет