Талдықорған қаласының тарихы Мекені асылдардың



жүктеу 19.02 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі19.02 Kb.

Талдықорған қаласының тарихы

Мекені асылдардың,

Әулие батырлардың.

Кең байтақ жерұйығым,

Үнісің ғасырлардың...

А.Кәлімханұлы


...Талдықорған қаласының тарихы жайлы сөз қозғаған ғалым, журналист, тарихшылардың еңбектері сан алуан. Талдықорған мемлекеттік архивінен біраз мәлімет алып, «Тарихы терең Талдықорған» атты кітап-альбомды жарыққа шығарған қалалық Ардагерлер кеңесі мен журналистер қауымы еді. Архив құжаттары мен «Тарихы терең Талдықорған» атты кітап-альбомды негізге ала отырып, Талдықорған қаласының іргесі ерте дәуірде қаланғанын, бүгінге дейін өркендеу жолы сан ғасырларды қамтығаны белгілі.

Архив құжаттарының тек бір-екі көшірмесіне көз жүгіртейік:



Негізі: ТМА, 7қ., 1т., 7і., 40б.


ХАЛЫҚ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСТЫҚ КЕҢЕСІ

ҚАУЛЫ


1992 жылғы 10 шілде №9-138

Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласы мен

Талдықорған облыстарының

аттарының орыс тілінде

транскрибциялауын

өзгерту туралы

Талдықорған қаласы әкімінің жанындағы ономастикалық комиссия, халық депутаттары Талдықорған қалалық Кеңесінің сессиясы ұсынған материалдарды қарай келіп, облыс әкімінің жанындағы ономастикалық комиссияның Тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып халық депутаттарының облыстық Кеңесі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


  1. Талдықорған қаласының орыс тілінде транскрибциялануын өзгерту жөніндегі ұсыныс қолдансын және бұдан былай қала Талдықорған болып, ал облыс Талдықорған облысы болып аталсын.

  2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиумынан осы қаулыны бекіту сұралсын.

Облыстық Кеңестің төрағасы /қолы/ Б.Ә. Әмірханов

Негізі:1152қ., 4т., 321і., 45б.


Архив қоймаларында қала тарихына қатысты 685 қорды құрайтын 245133 сақтау бірлігі, оның ішінде айқындалғаны (8000-ға жуық – аса құнды) есепке алынып, құжаттар мемлекеттік сақтауда.

Атап айтатын болсақ басшылық құжаттамалары, ғылыми-техникалық құжаттама (1 қор, 1306 с.б.), облыс және қалаға танымал атақты азаматтардың жеке тектік құжаттары (36 қор – 872 с.б.), қала өмірінің әлеуметтік мәдени өмірін көрсететін, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының даму үрдісі жайлы қызықты деректері бар фото және фоноқұжаттар.



Тарихи құжаттарды және ғылыми зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып, Екі Оғыз – Талды – Талдықорған мекендері біртұтас, үздіксіз жалғасып келе жатқандықтан Талдықорған қаласының іргесі шамамен тоғызыншы ғасырда – 850 жылдарында қаланған деп жариялауға толық негіз бар.
Талдықорған мемлекеттік архивінің бөлім басшысы

Канапиянова Кенже Саубановна


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет