Тамаша көңіл күй әлемінде (балаларға арналған тренинг.) Мақсаты



жүктеу 37.38 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі37.38 Kb.

Аманова Жұлдыз Карақұлқызы,

№32 «Ботақан» балабақшасының тәрбиешісі

Жамбыл облысы,Тараз қаласы

Тамаша көңіл күй әлемінде

(балаларға арналған тренинг.)



Мақсаты: Топта жағымды көңіл күй қалыптастыру. Балаға өзінің көңіл күйін анықтап бағалай отырып өзгелердің көңіл күйіне назар аудара білуге үйрету; «көңіл күй»ұғымын бекіту өзінің көңіл күйін қалыпты ұстай білуге дағдыландыру; Тәрбиелік:-өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу; жағымды көңіл күй тудыру;

Қажетті материалдар: 7 түрлі түстен тұратын карточкалар,ватман,түрлі-түсті карандаштар,фломастер,магнитофон,домалақ жіп.

Шаттық шенбер;

«Кел, балалар күлейік»

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!



Психолог -Біз өздеріңмен көңіл күйдің не екенін жақсы білеміз.Кей кезде қуансақ,кейде мұңайып қаламыз.Кейде ренжісек,кейде шаттанамыз,мұңданатын,қайғыратын да кездеріміз болады.Яғни біздің көңіл күйіміз үнемі өзгеріс үстінде болады.Ал бүгін біз өздеріңмен тамаша көңіл күй әлеміне аттанамыз.

Ойын «Сиқырлы қобдиша»

Психолог; менің қолымдағы бұл не нәрсе кім айтады?

Дұрыс айтасыңдар қобдиша бұл жәй қобдиша емес сыйқырлы қобдиша бұл қобдишаға сендер тіпті менде сыйып кетемін. Балалар шеңбер жасап отырып бір біріне кезек,кезек беріліп өзінің бойындағы бар қасиеттерін айтады.

2.Ойын «Алуан түсті көңіл күй.»

Бір,екі,үш,төрт,бес,алты,

Ойынымыз басталды.-Біз қазір өз көңіл күйіміздің түсін табамыз.Мен сендерге кішкене бір құпияны ашайын,балалар.Біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түсі болады екен.Міне,менде түрлі түстен тұратын карточкалар бар.7түстен тұратын көңіл күй түймедағы.Әр жапырақ –әр түрлі көңіл күй:

Қызыл-сергек,белсенді көңіл күй-секіргіміз,жүгіргіміз,қимылды ойындар ойнағымыз келіп тұрады.

Сары – көңілді көңіл күй:жан-жағымызға қуана қарап,шаттанғымыз келеді.

Жасыл – көпшіл: барлық балалармен достасып,ойнағымыз келеді.

Көк-сабырлы:тыныш ойнап,қызықты кітап тыңдап,терезеге қарап отырғымыз келеді.

Сұр-іш пыстырарлық – немен айналысарыңды білмейсің.

Қоңыр-ашулы көңіл күй:ренжіп,ашуланып тұрмын.

Қара-мұңды:маған ештеңе де қызық емес,көңіл күйім бұзылып тұр.Біз қазір мына домалақ жіпті шеңбер бойынша домалатып,әрқайсымыздың көңіл күйімізді білеміз,барлығымыз өз көңіл күйіміздің түсін айтып шығамыз.Мен бастаймын,сендер жалғастырасыңдар.

-Рахмет,көпшілігіңнің көңіл күйлеріңнің көтеріңкі болғанына мен қуаныштымын. Ал көңіл күйлері орташаларға біз қазір өз көңіл күйлерін көтеруге көмектесеміз.

3.Ойын «Көңілді ән»

Суретпен жұмыс . Суреттегі көңіл-күйлерді атап шығайық.

Психолог; Көңіл күйі, көңіл-күй – адамның психикалық процестерге, барлық қызметіне, соның ішінде оқу материалын меңгеруге әсер ететін эмоционалдық жағдайы. Көңіл күйіне қарап адамдарды: шат, жайдары, көңілді, жылы жүзді, ызбарлы, ызалы, т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі көңіл адамға қуат бітіріп, бойын сергітеді, ал уайым-қайғы жүнжітіп, жабырқатып жібереді.

Кейде адамның Көңіл күйі жалпы өмірге деген қатынасын сипаттайды. Мысалы, адамның қызметі жақсы, жұмыс істейтін ұжымы ынтымақты, отбасы жарасымды болса, мұндайда оның Көңіл күйі де көтеріңкі болады. Адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі ерекшеліктері де көңілге әсер етеді. Тіршілік үшін маңызды да мәнді нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. Егер көптен айналысып жүрген іс оңға басса, орындалса, онда, кісі шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген мақсатына жете алмаса, қиналып мазасызданады. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай, ұстанған идеясына сенімі мол адамдар қандай ауыр жағдайларда да өздерін көтеріңкі, сергек ұстайды. К. к-н меңгере білу кімге болса да аса қажетті қасиет.



4.Би терапиясы. Ән әуені,әсіресе көңіл ән әруақытта біздің көңіл күйімізді көтереді. Қазір біз әннің куплеті айтылған кезде жұптасып тұра қаламыз да алақан соғыстырамыз.Ал қайырмасы айтылған кезде ұйымдасқан түрде шеңбер бойымен жүреміз (би ырғағымен) ән:«Песенка про друзей»

5.Релаксация (Әуен ойналып тұрады)-Ыңғайланып отырыңдар.Денелеріңді бос ұстаңдар.Көзімізді жұмып,басмыздан сипаймыз да ішімізден «Мен өте жақсымын» деп айтамыз.Керемет ,күн шұғыласын шашып шығып келеді.Біз тыныш қана тамаша көлдің жағасында отырмыз.Тыныс алуымыз жай ғана естіледі.Терең дем аламыз,шығарамыз.Күн шуақ шашып тұр.Біз өзімізді өте жақсы сезінудеміз.Күн шуағы денемізді қыздыруда.Таза ауа.Бүкіл денемізбен күн шуағын сезінудеміз.Біз керемет бақыттымыз,тамаша дем алудамыз.Жайлап көзімізді ашамыз.Бір-бірімізге қарап жағымды жымиямыз.Біз керемет демалдық.Күні бойы бізде осылай тамаша көңіл күй қалыптасады.

6. Жаттығу «Құрғақ субұрқақ.» -Қоштасар бізге келді кез,

Қоштасқымыз келмейді-ақ.

Еңсемізді түсірмей,

Қабылдайық субұрқақ.

-Субұрқақтың алуан түрлі тамшылары беттеріңе,қолдарыңа тигенін сезіндіңдер ме?Міне,барлық реніш,мұң,еңсені басқан іш пыстырар ауыр көңіл күйдің барлығы артта қалды.Сендер бұл субұрқақтан қаншама сергектік,өмірге деген құштарлық,шаттық сезім алып

шығасыңдар.Тамаша!Бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталатын болады. Ал әзірше қош-сау болыңдар!




Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: Қобыланды батыр жыры
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақ тақырыбы: «Ана тілі жүрек үні»
sabaktar -> Дуйсенбекова Улбала Сиябековна, №22 жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Тиімді оқыту уақыт талабы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерьлері
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. «Қазақстанның климатын қайталау»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сарматтар қоғамы Сабақтың мақсаты: сарматтар тайпасының тарихы, мәдениеті, қоғамы жайлы мағлұмат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет