Танымал актриса, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіден кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: “Жұлдызды weekend” бағдарламасынан скриншот

Өнер иесі парақшасын қайын інісіне тапсырған. 

“Ал сіздермен қоштасатын уақыт жетті. Сені сағынсаңыздар, теледидардан үзбей қарап отырсаңыздар болады. Парақшаны қайын ініме тапсырдым. Мені қуанышыңызда көргіңіз келсе, қайын ініме хабарласыңыздар. Айына екі-ақ қуанышты бөлісуге дайынмын. Бәріңізді жақсы көремін. Мен де өздеріңізді сағынатын боламын", – деп жазды актриса. 

Бір күн өтпей жатып, актриса парақшасына ауруханадан сурет жүктеп, денсаулығының сыр бергенін айтты. 

“Денсаулығыма байланысты уақытша деп ойлаймын. Парақшаға қайта оралармын. Маған сіздердің бата, қолдауыңыз керек. Тілеулес болыңыздаршы! Жағдайымды парақшамнан біліп тұрсаңыздар болады “, – деп жазды өнер иесі. 

 Фото актрисаның stories-і

Еске салайық, Жұлдызай отбасы туралы ашық сұхбат беріп, ажырасуға қатысты ойын айтқан еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.